БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН КЕЙІНГІ МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІ: ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕР
Керимбекова Раушан
Апеновна
«Өрлеу» БАҰО АҚ «Шымкент қаласы бойынша кәсіби даярлау институты» филиалы
Қоғамдық-гуманитарлық бағын
кафедрасының аға оқытушысы
Шымкент қаласы, Қазақстан
e-mail: rau_7@mail.ru
Аңдатпа
Мақалада мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда біліктілік арттыру курстарының маңызы қарастырылады. Автор өзінің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, курстан кейінгі әдістемелік және педагогикалық өзгерістерді сипаттайды. Сонымен қатар, оқыту үрдісіне енгізілген жаңа тәсілдер мен цифрлық технологиялардың тиімділігіне талдау жасалады. Зерттеу нәтижелері курстың мұғалімнің кәсіби дамуындағы рөлін нақты мысалдар арқылы көрсетеді.
Түйін сөздер:
біліктілік арттыру, мұғалім тәжірибесі, кәсіби даму, педагогикалық технологиялар, цифрлық құралдар, саралап оқыту, сыни ойлау, рефлексия.
Abstract
The article explores the importance of professional development courses for teachers in enhancing their competencies. Based on the author’s practical experience, it describes methodological and pedagogical changes after completing such courses. The paper analyzes the effectiveness of new teaching approaches and digital technologies introduced into the learning process. The findings demonstrate the course's significant role in teachers’ continuous professional growth.
Keywords:
professional development, teaching experience, pedagogical skills,
digital tools, differentiated learning, critical thinking,
reflection.
Аннотация
В статье рассматривается значение курсов повышения квалификации в
повышении профессиональной компетентности учителя. Автор, опираясь
на собственный практический опыт, описывает методические и
педагогические изменения, произошедшие после прохождения курса.
Также проводится анализ эффективности новых подходов и цифровых
технологий, внедрённых в учебный процесс. Результаты исследования
на конкретных примерах демонстрируют роль курса в профессиональном
развитии педагога.
Ключевыеслова:
повышение квалификации, опыт учителя, профессиональное развитие,
педагогические технологии, цифровые инструменты, дифференцированное
обучение, критическое мышление, рефлексия.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы мұғалімдерден тек білім беруші ғана емес, жаңашыл ойлайтын, үздіксіз дамуға ұмтылатын кәсіби тұлға болуды талап етеді. Осы бағытта біліктілік арттыру курстары мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған маңызды құралдардың бірі ретінде танылуда. Курстар жаңа педагогикалық тәсілдерді меңгеруге, тәжірибені жаңартуға және заманауи технологияларды оқыту процесіне енгізуге жағдай жасайды.
Бүгінгі күні әлемдік жаһандану мен цифрлық трансформация үдерістері білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Бұл өзгерістер мұғалімнің рөлін түбегейлі қайта қарауды қажет етеді. Енді педагог тек білім беруші немесе ақпарат жеткізуші ғана емес, сонымен қатар, оқушының жеке дамуын бағыттаушы, зерттеуші, жобалаушы және кеңесші рөлдерін де қатар атқаруға тиіс. Осыған орай, мұғалімнен жаңашыл ойлау қабілеті, кәсіби рефлексия жасау, үздіксіз білім алу мен даму дағдылары талап етіледі.
Осындай заманауи талаптарды ескере отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – стратегиялық маңызы бар мәселе ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда біліктілік арттыру курстары мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жаңғыртып, ғылыми-әдістемелік базасын жетілдіруге арналған негізгі құралдардың бірі ретінде ерекше мәнге ие. Аталған курстар педагогтарды жаңа мазмұндағы білім беру стандарттарымен, тиімді оқыту мен бағалау әдістерімен, тұлғалық-бағдарлы тәсілдермен таныстырады. Сонымен қатар, мұғалімдердің заманауи технологияларды меңгеруіне, оларды күнделікті сабақ процесіне тиімді енгізуіне жағдай жасайды.
Біліктілік арттыру курстарының маңызды артықшылығы – мұғалімнің өзіндік педагогикалық ұстанымдарын қайта қарап, кәсіби даму жоспарын түзуіне мүмкіндік беруінде. Жаңартылған бағдарламалар негізінде мұғалім тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық тапсырмалар арқылы нақты әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оларды оқу үдерісінде еркін қолдануға үйренеді. Осы арқылы курстар педагогтың кәсіби өсуін, жаңашылдыққа бейімделуін және білім беру сапасын арттырудағы рөлін күшейтеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Әдебиетік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру», «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» және «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары жүргізілді. Оқу бағдарламалары 5 модульден құралған.
-
Бірінші модуль: Білім беру үдерісінің тұжырымдамалық, нормативтік және құқықтық негіздері тақырыбында. Бұл модульде тыңдаушылар білім берудің нормативтік-құқықтық актілерін тәжірибеде қолданады, пәндік құзыреттілігіне қатысты стандарт туралы ақпаратты еске түсіреді.
-
Екінші модуль: Тәрбие және психо логиялық-педагоги калық жұмыстың аспектілері тақырыбында. Бұл модульде тыңдаушылар оқу-тәрбие процесінің мақсат-міндетін айқындайды, -тәрбиелік іс-шараларды қалыптастырады.
-
Үшінші модуль: Балаларды тәрбие леу мен оқытудың мазмұны мен әдіс терін жетілдіру тақырыбында. Бұл модуль курстың негізгі тақырыбын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы бағдарламасында үшінші модульде тыңдаушылар жобалау/зерттеу қызметі ұғымын түсінеді, жобалардың түрлерін және нәтижелерді ұсыну нысандарын ажыратады, зерттеу/жобалау түрлерін, кезеңдерін, принциптерін білетін болады. Сондай-ақ, тәжірибе сабақтары арқылы зерттеу кезеңдеріне сай іс-әрекеттерді орындайды, жобалау жұмыстарын орындау кезеңдерін талдайды.
-
Төртінші модуль: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және білім беру сапасын арттыру үшін ЦТ пайдалануы. Бұл модульде зерттеу/жобалау жұмысындағы цифрлық құралдардың ықпалын дәлелдей біледі, цифрлық құралдарды оқу мақсатына сай қолданады, цифрлық қоғамдағы ғылыми сауаттылықтың рөлін бағалайды.
-
Бесінші модуль: Педагогтердің зерттеушілік және жобалық құзыреттіліктерін дамыту тақырыбында. Тыңдаушылар іс-әрекетті зерттеу әдістерінің тұжырымдамалық негіздерімен және мақсаттарымен танысады, аction research бағдарламасын жүзеге асырудың кезең-кезеңімен жоспарлауды анықтайды, проблемаларды анықтап, деректерді жинап және түсіндіреді, кәсіби қызметтегі қиындықтарды зерттеу/жобалау жұмыстарын жүргізу кезінде анықтайды, кері байланыс береді.
Педагогтердің біліктілігін арттырудан кейінгі қолдауды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері жүйесінде Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін де жүйелі әдістемелік сүйемелдеу қажет. Осыған байланысты педагогтердің алған білімдері мен дағдыларын оқу-тәрбие үдерісінде сапалы түрде қолдануға мүмкіндік беру үшін, күнтізбелік бір жыл ішінде кемінде 28 академиялық сағат көлемінде курстан кейінгі қолдау көрсетіледі. Бұл қолдау білім беру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған және педагогтердің кәсіби дамуының маңызды компоненті ретінде қарастырылады.
Курстан кейінгі қолдаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметін үздіксіз мониторингтеу арқылы олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл процесс әдістемелік, консультациялық көмек көрсету негізінде ұйымдастырылады және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін жүйелі іс-шаралар кешенін қамтиды.
Курстан кейінгі қолдау шеңберіндегі негізгі міндеттер мыналарды қамтиды:
-
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жеке даму траекториясына сәйкес жетілдіруде әдістемелік қолдау мен консультациялық көмек көрсету;
-
біліктілікті арттыру курстары барысында меңгерілген теориялық білім мен практикалық құзыреттіліктерді педагогикалық қызметте тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін педагогтерге мониторинг және сүйемелдеу жүргізу;
-
сындарлы кері байланыс орнату немесе Action Research (әрекеттегі зерттеу) сияқты заманауи әдістерді қолдана отырып, педагог қызметінің нәтижелілігін бақылау, талдау және тәжірибеге енгізілген білім мен құзыреттерді бағалау;
-
педагогтердің кәсіби дамуына арналған ұлттық платформаларда құрылған виртуалды қауымдастықтар аясында өзара әрекеттесуін ұйымдастыру арқылы педагогтердің кәсіби қоғамдастықпен байланысын нығайту.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру білім беру жүйесінде инновациялық тәсілдерді енгізуге, педагог мәртебесін арттыруға және оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін педагогикалық тәжірибеде бірқатар тиімді өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына және оқыту әдістерінің заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
-
Саралап оқыту – оқушылардың білім деңгейін, қабілетін, оқу қарқынын ескере отырып, жеке оқу траекторияларын құруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Бұл тәсіл арқылы мұғалім әр оқушыға дербес тапсырмалар ұсынып, оқу жетістіктерінің артуына қол жеткізеді. Сараланған тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, оқуға деген уәжін нығайтады. Сонымен қатар, бұл әдіс инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
-
Сабақ барысында логикалық ойлауға, талдау мен салыстыруға негізделген тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану оқушылардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс оқушыларды тек білімді меңгеруге емес, оны саналы түрде түсінуге, дәлелдеп айтуға және өз көзқарасын қорғауға үйретеді. Сыни ойлау – ХХІ ғасыр дағдыларының бірі ретінде оқушылардың тұлғалық дамуында маңызды орын алады.
-
Сабақтың тиімділігін арттыруда кері байланыстың рөлі орасан зор. Оқушылардың оқу барысындағы жетістіктері мен қиындықтарын уақытылы анықтап, түзету енгізу үшін «Бағдаршам», «+ / - / қызықты», «Бір тілек, бір ұсыныс» сияқты әдістер кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдер оқушылардың өзіндік рефлексия жасауына мүмкіндік беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтады.
-
Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану аса маңызды. Google Forms, Kahoot, Quizizz, Padlet, LearningApps.org секілді цифрлық платформалар оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етеді. Мұндай платформалар арқылы жүргізілетін интерактивті тапсырмалар мен ойын элементтері оқытудың мотивациялық және танымдық әлеуетін күшейтеді.
Курстың негізгі жетістіктерінің бірі – мұғалімнің рефлексивтік қабілетінің дамуы. Мұғалім өз әрекетін талдауға, тиімділігін бағалауға және болашақта не жақсарту керектігін жоспарлауға үйренеді. Сонымен қатар, курстың арқасында оқыту үрдісіне деген көзқарас өзгеріп, мұғалім өзінің кәсіби миссиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Біліктілікті арттыру курстары – педагогтің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін, білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістермен танысуға мүмкіндік беретін маңызды кезеңдердің бірі. Бұл курстар мұғалімнің педагогикалық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін жетілдірумен қатар, білім беру мазмұны мен технологияларындағы жаңалықтарды тәжірибеге енгізуге жол ашады.
Курс барысында алынған теориялық білім мен тәжірибеге негізделген практикалық дағдылар мұғалімнің күнделікті педагогикалық қызметіне оң ықпалын тигізеді. Атап айтқанда, сабақтың құрылымы мен мазмұны жаңарып, оқушыға бағытталған оқыту стратегиялары басым қолданыла бастайды. Бұл тәсілдер білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеруге, оның оқу мотивациясын арттыруға және оқыту процесіне белсенді тартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқу үдерісінің тиімділігі артып, білім беру сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.
Сондай-ақ қазіргі заманауи оқыту контекстінде курстардың мазмұнын практикалық-бағдарлы және интерактивті форматта ұйымдастыру – педагогтердің теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыруына ықпал етеді. Мұндай оқыту форматы мұғалімдердің кәсіби рефлексия жасауына, оқу процесін үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасайды.
Осыған орай, алдағы уақытта біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын педагогтердің қажеттілігіне бағытталған, тәжірибеге негізделген, цифрлық технологиялармен интеграцияланған, интерактивті оқыту элементтерімен байытылған түрде жалғастыру – сапалы білім берудің басты кепілі болмақ.
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары. – Астана, 2022.
-
Сейдахметова Ф.М. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мұғалімдердің кәсіби дамуы // Педагогика және психология. – 2021. – №3(48). – Б. 22–26.
-
Fullan, M. (2016). The New Meaning of Educational Change. – New York: Teachers College Press.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз