Білім - өмір шырағы 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім - өмір шырағы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзiмі: 30.09.2020ж Cыныбы: 2

Тақырып: Білім - өмір шырағы

Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығы

Қасиеттер: Ізгілік, жауапкершілік, еңбекқорлық

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік; оқушыларды білімді ізгілікке, жақсылыққа бағыттауға үйрету;

Дамытушылық; оқушылардың жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

ТPicture 2 әрбиелік; оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық ережесімен таңыстыру.

  1. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену: Елесететіп көріңіз: .....

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Жазира Жайлаубекқызының "Бізге сабақ болған бата ..." атты мәтінін оқып келу.

Ескертулер:


  1. Дәйексөз.

«Білім - өмір шырағы»

- деген халық даналығы бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйсіне отырып, өзі қорытынды жасайды.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады.

Мәлімет оқулықта берілген.

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

Оқушылар өз ойымен бөліседі.


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1- тапсырма: Дәптерде орындалады. Ол оқушылардың рухани бай, білімді болуына көмектеседі, құндылықтар мен қасиеттерді жаттап алуына мүмкіндік береді. Мысалы оқулықта; Бастаған ісіңді нәтижелі аяқтауға көмектесетін қасиет? деген сұрақтың бірнеше жауабы бар; табандылық, шыдамдылық, ұқыптылық, бұл жауаптардың үшеуі де дұрыс болады. Сондықтан мұғалім балалардың жауаптарына мұқият болғаны жөн. Оқушы таңдаған әр қасиет немесе құндылықты мұғалім толықтырып отырғаны жөн. Ал дәптерде берілген сөздердің ішінен рухани бай, білімді болу үшін өздеріне қажатті қасиеттерді әр оқушы таңдап алып, ағаштың жапырағына жазады және бояйды

2- тапсырма: Балалардың қандай мазмұндағы кітаптарды оқуы керектігіне назар аудара отырып, кітап оқығанда нені оқу керек екенін, жақсы мен жаманды ажырата білеге үйрету. Себебі, біз ақпараттар ағымының өте көп заманында өмір сүріп отырғандықтан жаман мен жақсыны ажырата алуға үйренуіміз керек. Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде де беруге болады.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.


  1. Топпен ән айту.

"Ерден атайдың әні" Сөзі: Ә. Асылбековтікі Әні: Е. Хасанғалиевтікі


  1. Үй тапсырмасы.

Жазира Жайлаубекқызының "Менің мектебім" атты мәтінін оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі