22.09.17
БІЛІМ АЛАҢЫ![]()
«БІЛІМ АЛАҢЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МАРАФОН САБАҚ
![]()
Тақырыбы: «Білім алаңы»
Мақсаты:
-
Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл қазақ тілінің қолданысаясын кеңейту, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.
-
Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.
Өткізілу формасы: марафон
Көрнекілігі: Слайд
Барысы.
Тәрбиеші:Құрметті, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тілінде «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

Тәрбиеші:
Құрметті сайысқа қатысушылар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді..
Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін жыл сайын біздің мектебімізде дәстүрлі тіл мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты өткелі отырған «Білім алаңы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыз бірнеше турдан тұрады:
Жоспары:
-
Топтардың таныстырылуы.
-
Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің.
-
Шығармашылық айналым.
-
Бір сөзден бірнеше сөздер
-
Кім көп мақал-мәтел біледі?
-
Қорытынды түйін.
І топ: «Тіл маржандары»
ІІ топ: «Сөзмергендер»
ІІІ топ: «Білгірлер»
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
«Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, - дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділқазылар мүшелері: 1. Педагог-психолог: Абдукамалова Гүлжаз
Сонымен сайысымызға кезек берсек:
Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе «таныстыру» әр топ өздерін таныстырып шығады.

Екінші бөлімде «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің»деп аталады. Берілген сұрақтарға жауап беру.
І топ:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін
қай жылы алды?
(1989).
2. Абайдың туған жылы?
(1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы?
(Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі?
(ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?
(А.Байтұрсынов).
6. Тіл туралы заң қай жылы күшке енді? (1997ж)
7. Бес асыл істі ата? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
ІІ топ:
1. Үстеудің неше түрі бар?
(7).
2. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
(Ы.Алтынсарин).
3. Күй атасы кім?
(Құрманғазы).
4. «Орфография» қай елдің сөзі?
(грек).
5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
(түркі
тілдес).
6. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)
7. Төрт түліктің пірі? (Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгі баба, Шопан ата)
ІІІ
топ:
1. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия,
бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек
т.б.).
2. Беташар қашан айтылады? (келін
түскенде).
3. Тұңғыш кемеңгер?
(Ыбырай).
4. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов
«БақытсызЖамал»).
5. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата?
(шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз
ұзату
т.б.).
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
7. «Кел, балалар оқулық» кімнің өлеңі?
(Ыбырай Алтынсарин)
Үшінші бөлімде «Шығармашылық айналым» деп атап қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық.
І топ
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
ІІ топ
Сүйемін туған тілім – ана тілін,
Бесігімде жатқанда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
ІІІ топ
Ана тілім – анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында қалармын.
Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.
Төртінші бөлім «Бір сөзден бірнеше сөздер»
|
“Тіл маржандары”
|
Қуырмаш |
|
“Сөз мергендер”
|
Жапырақ |
|
“Білгірлер” |
Құлпынай |

Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың бесінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналады. «Кімкөп мақал-мәтел біледі?» сайысы және мақал мәтелдегі түсіп қалған сөзді тауып екі тілде баламасын айту.
І топ
1.Құлақтан кірген.... Жүрекке барып мұз болар
(Сөз-слова)
2.Таза мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.
(тас-камень)
3. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
(тіл – язык)
4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.
(су – вода)
5.Ілім – бұлақ... – шырақ!
(білім – знание )
ІІ топ
1. Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын.
(сегіз – восемь )
2.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.
(бас-голова)
3.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.
(Ілім-знание)
4.Қаһарлы сөз ... бұзар.
(Қамал-замок)
5.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.
(Шешен –оратор)

ІІІ топ
1.Айтылған сөз, атылған ... тең.
(Оқ-пуля)
2 ... сөз жарым ырыс.
(Жақсы-хорошее)
3. Тіл қылыштан да- ...
(өткір-)
4. … көңілден азады, тілден жазады.
( Адам-человек)
5. … көтермегенді, тіл көтереді. ( піл-слон)

Тәрбиеші: - Бәрекелді, сайыскерлер өте жақсы! «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім менің- ғасырлардан аманат!» атты сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңызар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім алаңы

шағым қалдыра аласыз