Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы




















Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным

























Астана- 2024

Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2024. – 24 б.







Ұсынылып отырған әдістемелік ұсынымдамада білім алушылардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалаудың талаптары беріледі.

«Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен

5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным» жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналады.









© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2024.

©Национальная академия образования

им. И. Алтынсарина, 2024








«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігі

«___»___________2024 ж.



Білім алушыларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным


Қысқаша сипаттама


Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.

1. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Негіздеме:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

  2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы.















3. Емтиханды өткізу талабы.

Емтихан қазақ тілінде өтеді.

Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).


4. Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы

Білім алушыларды аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелерімен анықталады.

Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10-сыныптарда өткізілетін оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау – негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

1) Тыңдалым.

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып

6. Тыңдалым
материалдары бойынша жауап беру

5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу


2) Айтылым.

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып

5. Сенімді және еркін жауап беру

5.2.5.1
берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

7.2.5.1
диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші →тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану



3) Оқылым.

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып

3.Көркем шығармаларды оқу

5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау


4) Жазылым.

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып

2.Эссе жазу

5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)


4. Тілдік бағдар

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып

1. Сөз таптары

5.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

6.5.1.2
лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы
шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
-

8.5.1.1 болжалдық және бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

8.5.1.2 еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану

8.5.1.3 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

8.5.1.4 күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану

8. 5. 1. 5
демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды
қолдану

10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану;

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

10.5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

10.5.1.5 мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану;

10.5.1.6 үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану.


«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА


5-сынып


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға қысқа жауап береді

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға орташа жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға толық жауап беру

Айтылым

берілген сұрақты дұрыс түсініп, қысқа жауап беру, шағын диалогке қатысу

берілген сұрақты дұрыс түсініп, орташа жауап беру, шағын диалогке қатысу

берілген сұрақты дұрыс түсініп, ашық сұрақтарға толық жауап беру, шағын диалогке қатысу

Оқылым

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын толық түсінбейді. Шығарма тақырыбын анықтай алмайды.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың жалпы мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтауда қателеседі. Өз ойын орташа деңгейде жеткізе алады.

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын түсінеді, тақырыбын анықтайды.


Жазылым

Эссе құрылымын сақтамайды, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттауда сөздерді орынсыз қолданады. 4-5 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазуда 1-2 қателіктер жібереді.

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады.

Тілдік бағдар:

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда 4-5 қате жібереді.

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда елеусіз 2-3 қате жібереді.

Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда еркін қолданады.


6-сынып


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып қысқа жауап беру

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып орташа жауап беру

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып толық жауап беру

Айтылым

коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, 1-2 сөзбен ойларын толықтырып отыру

коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, 4-5 сөзбен ойларын толықтырып отыру

коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын еркін айту

Оқылым

Орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда қиналады.

Орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда қателеседі.

орта көлемді

шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

Жазылым

Эссе тақырыбына қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай ғана қарастырылған. 4-5 грамматикалық қате кеткен. Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық сөздік қоры шектеулі.

Эссе тақырыбының желісі сақталғанымен, әрбір абзацтағы жүйе сақталмайды, қажетті мазмұнды толық аша алмайды. 2-3 грамматикалық қате бар. Өз ойын орташа деңгейде жеткізу қабілеттілігін көрсетеді

Эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын толық ашып жазылған.

Тілдік бағдар

Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажыратуда. жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануда қиналады. 4-5 грамматикалық қате жібереді.

Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, бірақ жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануда 1-2 қателіктер жібереді.

лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.




7-сынып


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікіріне қысқа жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру

тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып толық жауап беру

Айтылым

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын толық ауыстыра алмау

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыру

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Оқылым

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 4-5 қате жібереді.

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдауда 1-2 қате жібереді.

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына талдау жасайды.

Жазылым

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсете алмайды. 4-5 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін көрсетуде 1-2 қате жібереді.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша «келісу/келіспеу» себептерін айқын көрсетіп жазады.

Тілдік бағдар

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін толық меңгермеген, жазба, ауызша 5-6 қате жібереді.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін түсінеді, жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда 2-3 қате жібереді.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

8-сынып


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, жауап беру

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

тыңдалым
материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып,нақты дәлелді жауап беру

Айтылым

пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға қысқа жауап беру

пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға жауап беру

пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Оқылым

Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтауда, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беруде 4-5 қате жібереді.

прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтауда баяу жұмыс жасайды, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беруде 1-2 қателік жібереді.

Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына толық баға береді.

Жазылым

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынуға қиналады.

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді.

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады.

Тілдік бағдар

Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 4-5 қате жібереді.

Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 2-3 қате жібереді.

Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді, еліктеу сөздерді, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін, күшейткіш үстеулерді, демеулік шылаулардың қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда қате жібермейді.


10-сынып


Төмен деңгей 1-2 балл

Орта деңгей 3-4 балл

Жоғары деңгей 5 балл

Тыңдалым

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын 1-2 сөйлеммен дәлелдеу

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын дәлелдеу

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу

Айтылым

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

Оқылым

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді.

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді.

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

Жазылым

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 4-5 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады.

Тілдік бағдар

Тәуелдік, көптік жалғауларды қолдана алады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 4-5 қате жібереді.

Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 1-2 қате жібереді.

Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды орынды қолданады.

6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4.

Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.


р/с

Сыныбы

Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)

1

5

80-90

2

6

90-100

3

7

100-110

4

8

110-120

5

10 (ҚГБ, ЖМБ)

120-130


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.

7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.

8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу

9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 90 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.

10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау: Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.





2-кесте Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту өзге тілде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Тыңдалым

1-тапсырма – 3 балл

1

3

2

Айтылым

Билет бойынша оқушының жауабына қойылады

7

7

3

Оқылым

1-тапсырма – 3 балл

2-тапсырма – 3балл

3

3

6

4

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 4 балл

- мазмұны- 5 балл

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 3 балл

4

5


3

12

5

Әдеби тіл нормалары

ТБ бойынша оқу мақсатында берілген сөз таптарының түрлерін сөйлемнен 4 сөзді тауып жазады.

1

2





30


Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері


(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

аралық емтихан тапсырмаларын құрастыру бойынша нұсқаулық


Аралық аттестаттау тапсырмаларын орындау үшін барлық сыныптарға 90 минут уақыт беріледі. Оның ішінде:


  • Тыңдалым – 20 минут

  • Жазылым - 25 минут

  • Оқылым – 20 минут

  • Айтылым – 25 минут


Емтихан мазмұны:

Емтихан тапсырмалары - бір тақырыптың негізінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларына құрастырылады.

5-сынып. Тыңдалым оқу мақсаты:

5.1.6.1- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

  • Тыңдалымға бір мәтін алынады және 3 нұсқада емтихан тапсырмасы жасалады.

  • Әр нұсқаның тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар әртүрлі деңгейде құрастырылады.

Тыңдалым – жалпы 3 балл

5-сынып. Айтылым оқу мақсаты:

5.2.5.1 – берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Айтылым дағдысы бойынша мынадай тапсырмалар түрі ұсынылады. Айтылым дағдысында оқушылар өзара сұхбаттасады. [7 балл]

  1. Әр сыныптың оқу бағдарламасы бойынша берілген тақырыптар бойынша мұғалім алдын –ала 50 сұрақ құрастырады және оқушыларды дайындайды.

  2. 50 сұрақ бойынша -25 билет дайындайды.

5-сынып. Оқылым оқу мақсаты:

5.3.3.1- фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

1-тапсырма – әр тапсырмаға 1 баллдан / 3 балл

2-тапсырма – әр тапсырмаға 1 баллдан /3 балл

5-сынып. Жазылым оқу мақсаты:

5.4.2.1- эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

Жазылым жалпы балл – 12 балл

  • құрылымының сақталуы -4 балл

  • мазмұны -5 балл

  • лексика -грамматикалық норманы сақтауы – 3 балл

  • Т/Б - сөйлемнен 4 сын есімдерді тауып жазады -2 балл

5-сынып. Тілдік бағдар оқу мақсаты:

5.5.1.2 – лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.


Емтихан тапсырмасының үлгісі:

1 нұсқа

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

  1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз /1 балл/

А) балабақша

В) отбасы

С) мектеп

D) ата -ана

  1. Мәтіннен «дұрыс» немесе «бұрыс» ақпаратты анықтаңыз. «+» белгісін қой/1 балл/

Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталмайды.

Дұрыс

Бұрыс

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.



«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас.



3. Бала тәрбиесінің алғашқы ұжымын табыңыз /1 балл/

А) ата –ана

В) отбасы

С) Отан

D) адам


Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Отбасы – рухани жаңғырудың негізі, ұрпақ тәрбиесінің қайнары. Әр бала әкенің қанымен, ананың сүтімен туа біткен қасиеттерге ие болады. Бала ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіреді.

Қазіргі қоғамда отбасы баланың дүниеге келген күнінен бастап, өмірінің соңына дейін тәрбиеге ықпал ететін негізгі ошақ. 

Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеуге және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретеді. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасады. Әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас баланың бойында осындай тәрбие сезімдерін қалыптастырады.

1-тапсырма. Мәтіннен 2 негізгі ақпаратты анықтап жазыңыз. /2 балл/

1. ____________________________________________________________________

2. ____________________________________________________________________

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз /1 балл/

А) Отбасы – рухани жаңғырудың негізі, ұрпақ тәрбиесінің қайнары.

В) Қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптаспайды.

С) Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелейді.

D) Адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас баланың бойында осындай тәрбие сезімдерін қалыптастырмайды.

2-тапсырма. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыз. /3 балл/

1.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым. Жазылым дағдысы бойынша мынадай тапсырмалар түрі ұсынылады: Барлық сыныптарда эссе жазылады, 4 тақырып ұсынылады. Сын есімдерді қолданады Эссе: 80-90 сөзден тұрады.

Тақырыптар:

  1. Менің отбасым

  2. Отбасы дәстүрлері

  3. Отбасы – сыйластық ортасы

  4. Отбасының рухани құндылықтар

Айтылым. Айтылым дағдысы бойынша мынадай тапсырмалар түрі ұсынылады. Айтылым дағдысында оқушылар өзара сұхбаттасады. [7 балл]

  1. Әр сыныптың оқу бағдарламасы бойынша өтілген тақырыптар бойынша мұғалім алдын –ала 50 сұрақ құрастырады және оқушыларға алдын ала дайындыққа беріледі.

  2. 50 сұрақ бойынша -25 билет дайындалады. (Әр оқушы 1 билеттен алады)

Тілдік дағдылар

Тапсырма

Жалпы ұпай

Тыңдалым

1-тапсырма / 3балл

3

Айтылым

50 сұрақ бөлімдер бойынша / 25 билет (ауызша)

7

Оқылым

1-тапсырма /3 балл

2-тапсырма/3 балл

6

Жазылым

Эссеге 4 тақырып ұсынылады:

Жазылым жалпы балл – 14 балл

  • * құрылымының сақталуы - 4 балл

  • * мазмұны - 5 балл

  • * лексика -грамматикалық норманы сақтауы – 3 балл

* Т/Б - сөйлемнен 4 сын есімдерді тауып жазады – 2балл (Т/Б бойынша әр сыныпқа өтілген грамматиканың түрі бойынша тапсырма беріледі)

14


Ескерту:

Әр сынып бойынша аралық емтихан тапсырмасы осы нұсқаулықтар берілген тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша оқу мақсаттарына сәйкес бір тақырыпта барлық аралық емтихан тапсырмалары жасалады.


  1. Бағалау критерийлері:

(оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптар үшін)

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Тыңдалым

Мәтін тыңдап, сұрақтарға жауап береді

1

- сұрақтарға жауап береді;

3

Айтылым

Өтілген тақырыптар бойынша 50 сұрақ –құрастырылады және 25 билет жасалады.

1

оқушы алған билетінің сұрақтарына жауап береді

7

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

2

- әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (3 балл);

- сұрақтар құрастырады (3 балл).

6

Жазылым


- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

- жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (4 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (5 балл)

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (3 балл)



12


Әдеби тілдің нормалары

Сын есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында қолданады.

1

- мәтіннен 4 сын есімдерді

тауып жазады (1балл)


2








6. Байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасау


3-кесте - Байқау емтиханына қатысушылар туралы мәлімет

Өңірі (қаласы, ауданы, мектебі)________________________________


Сыныбы

Білім алушылардың саны

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны, себебі






4-кесте - Емтихан тізімдемесі


Сыныбы

Қатысқандар саны

Оның ішінде

«2»

«3»

«4»

«5»















5-кесте - Білім сапасы (пайыздық көрсеткішпен)

(оқыту өзге тілде)

Сөйлесім әрекеті

Қатысқан білім алушы саны

Оқу мақсаты коды

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны


Сапа %


Үлгерім %

төмен

орта

жоғары

0 - 39 %

40 - 84 %

85 - 100%

Тыңдалым








Айтылым








Оқылым








Жазылым








Әдеби тіл нормалары








Білім сапасы көрсеткішіне комментарий

Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар

Қиындық тудырған мақсаттар




ЕСКЕРТУ:

  1. Жоғарыдағы берілген тапсырмалар педагогтер басшылыққа алуы үшін үлгі ретінде берілген (қажеттілігіне қарай ауыстырып дайындайды).

  2. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай педагогтер тарапынан жасалуы керек.

  3. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылады. Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдары:

1) дайындалған мәтін бойынша тапсырманы орындау арқылы білім алушының тыңдалым дағдысы тексеріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

2) айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тапсырмалар беріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

3) оқылым бойынша білім алушыға дайын мәтін беріледі (өзге тілдерде оқытатын);

4) жазылым дағдысы бойынша білім алушы эссе жазады (оқылым мен жазылым бойынша берілетін мәтін мазмұны мен эссе тақырыбы бір-бірімен байланысты болу керек (өзге тілдерде оқытатын);


5) эссе мәтініне грамматикалық талдау жасайды.

4. Емтихан материалдарын білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімімен педагогтер әзірлейді.

5. Үлгі ретінде әр дағды бойынша оқу мақсаттары алына отырып, тапсырмалар берілді. Аралық аттестаттау тапсырмаларын дайындауда педагог (оқыту тіліне қарай) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының бөлімшелеріндегі оқу мақсаттарын сақтай отырып, тапсырмаларды түрлендіруіне болады немесе сыныптың білім сапасына қарай әр дағдыдағы бөлімшелер мен оқу мақсаттарын өзі таңдап ала алады.

6. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).

7. Күнделікке емтихан бағасын қою кезінде 30 балдық жүйеге ауыстырылады.

8. Емтиханның аяқталу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының талаптарына сай хаттама толтырылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі