Материалдар / "Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын дамыту жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын дамыту жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын дамыту жолдары" шебер сынып әзірлемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі











«Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын қалыптастыру жолдары»





/ шебер сынып /













Өткізген: арнаулы пәндер оқытушысы Ергазина Б.К.









2018-2019 оқу жылы

Шебер сыныптың тақырыбы: «Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын қалыптастыру жолдары»

Мақсаты: Білім алушылардың білімдері мен біліктіліктерін ұштастыру, өзара тәжірибе алмасу, мақсатқа бағытталған көрнекі ойлауын дамытып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, проектор, тасымалдаушы құралдар (флешка,дискі),шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар; түрлі бояулар, жіптер,боялған,желім,плакат, шар т.б.

Шебер сынып барысы:

Құрметті білім алушылар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Олай болса сабағымызды бастамас бұрын жаттығуы арқылы

Мотивациялық-қозғаушылық  «Мен қандаймын?»  жаттығуы
Қатысушылар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек: мәселен, оң қолымен де, сол қолымен де «1» санын, одан кейін «2» санын және әрі қарай жалғастырып. Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір-біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы керек. 
Оқытушы енді мұғалімдерге олардың жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын келесідей тізімді оқып береді: 
- егер «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар  эгоистер дегенді білдіреді және жаз мезгіліндегі жаңбырды ұнатады ; 
- «2» сандарының ұқсастығы бұл адамдар 
іскер адамдар, болашақ басшылар екендігін меңзейді және арыстанның ақырғанын ұнатады екен; 
- егер «3» сандары ұқсас келсе, онда бұлар - бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да  бітімге келе білетін адамдар және де ұшпайтын құстарды ұнатады екен; 
- егер «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар - өздері өз басына қиыншылық  туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар және құмырсқаның илеуін тамашалағанды ұнатады екен ; 
- «5» сандарының ұқсастығы бұл адамдар ақылды екендігін көрсетеді сондықтан да, қасқырдан қорықпайды екен ; 
- егер «6» сандары ұқсас келсе, онда бұлар өз қатарының озық өкілдері және де тауға саяхатқа шыққанды ұнатады екен ; 
- егер «7» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар жан-жақты дамыған және де алма жегенді ұнатады екен; 
- егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар қауіпті дегенді білдіреді және де ну орманға жалғыз барғанды ұнатады екен; 
- «9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға сенім артуға болады дегенді білдіреді, сондықтан үйдің шатырына мініп алып айналаға көз тастап отырғанды ұнатады екен.
Әрине, бұл жерде мұндай тесттердің барлығы да әзілге негізделгенін айта кеткім келеді
Енді бүгінгі шебер сынып бойынша жұмысымызды бастамас бұрын 4 топқа бөлініп алайық. Үстел үстіндегі суреттерді таңдаңыздар.
Таңдаған суреттер арқылы 4 топқа яғни 4 жыл мезгілдеріне бөлінейік.
1 - топ «Қыс» тобы (қардың суреті) 2 - топ «Көктем» тобы (құстың суреті)
3 - топ «Жаз» тобы (гүлдің суреті) 4- топ «Күз» тобы (жапырақтың суреті)
Әр топ өз орындарына барады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Бүгінгі шебер сыныбымыздың бағдарламасымен таныстырайын.
І тур. Тақырып бойынша билборд жасау және оны қорғау (10 мин)
ІІ тур. Конверт таңдау арқылы логикалық есептерді шешу. (5 мин)
ІІІ тур. «Жыл мезгілдер» ноутбугін әр топ өз ойларымен құрастыру және талдау. (10мин)
ІҮ тур. Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар. (әр топқа 3 суреттен)
Ү тур. Тілек «қуыршағын» жасау ( 5 минут )
І тур
1 - топқа «Ауламызға қараторғай келді!»
2 - топқа «Қостанай астықты өлке!»
3 - топқа «Науырзым қорығы »
4-топқа «Әр тамшы суды үнемдейік!»
ІІ тур
Алдарыңыздағы конвертті ашып ішіндегі логикалық есептерге жауап беріңіздер?
1 - топ
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
2 - топ
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
3 - топ
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

4 –топ

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?



ІІІ тур «Жыл мезгілдер» ноутбугін әр топ өз ойларымен құрастыру және талдау.
ІҮ тур
Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар. (әр топқа 3 суреттен)
І топ
Мысық жылы жерді паналаса - аяз болады.
Аспанда жұлдыз көп болса - күн суытады.
ІІ топ
Түтін аспанға тіке көтерілсе - аяз болады.
Ерте көктемде қарға суға шомылса - күн жылынады.
ІІІ топ
Қайыңнан аққан шырын көп болса - күн жылынады.
Сары шымшық ысқырса шынымен - күз болады.
ІV топ

Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.

Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды

Рефлексиялық – түзетушілік

V тур «Сыйлық қуыршағын ұсыну»

Алдымыздағы шардан қуыршақ жасау.
Шығармашылық жұмыстарымыз жалындап жана берсін деген ниетпен бүгінгі шебер сыныбымызды бір - бірімізге тілек «қуыршағымызды» беру арқылы қорытындылайық.
Қорытынды. Осы мен шебер сыныбымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!