БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ЖӘНЕ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
Ахметова
Айнұр
Шет агротехникалық
колледжінің
химия және биология пәндерінің
оқытушысы
Заман талабына сай білім беру
– бұл адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі
мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың
үздіксіз үрдісі, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған
негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін
білдіруге, оның тиімділігі мен сапасын арттыру, жаңа педагогикалық
идеялар мен технологияларды еңгізу және насихаттау болып
табылады.
Қазіргі заман оқытушыларынан
тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогика- психологиялық сауаттылық, саяси- экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен
жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын
шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Болашақта ұлттың табысты болуы
оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады. Сондықтан, әрбір білім алушының бойына функционалдық
сауаттылықты дарыту біздің басты міндетіміз болып
табылмақ.
Функционалдық сауаттылық – өмір бойы білім
алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп
отыру.
Әл Фарабидің «Ұстаз...
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген,
естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,
ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, шешен, өнер
білімге құштар, бәріне әділ, батыл болуы керек» деген сөзін әрдайым
жадымда ұстанамын!.
Сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана
отырып, білім
алушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде
қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана
білуге үйретеді.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай
міндеттерге
тоқталайық.
1.
Білім
алушының алған теориялық білімдерін практикамен
ұштастыра білу.
2.
Білім
алушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрету.
3. Кез келген проблемалық ситуациялардың
шешімін таба білуге
үйрету.
4.
Білім
алушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге
үйрету.
5.
Білім
алушылардың білімдерін Қазақстан Республикасындағы білім
беруді дамытудағы 2011 – 2022 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге ( TIMS, PISA және
PIRLS) қатыстыру.
Жаратылыстану-ғылыми
сауаттылықты қалыптастыру міндетін ескере отыра тиімді
әдіс-тәсілдер арқылы сабақты ашуға болады:
1. Сабақтың мазмұны төмендегі
сұрақтар арқылы тұжырымдауға мүмкіндік береді ме?; Баяндалған
фактілер қалай алынды? ... екенін қалай білуге болады? ... қатысты
қандай болжам айтуға болады?; Бұл болжамды қалай тексеруге болады?.
Мұндай тапсырмалар берілген сабақтың материалына ғана емес, сонымен
қатар, өткен сабақтарда ғылыми таным әдісін жүйелі түрде қолдануға
сүйенуі тиіс. Мысалы: білім
алушыларға К-W-L
тапсырмасы арқылы базалық білім
береміз. К-W-L
тапсырмасы арқылы алдына қойылған
мақсатты сипаттаймыз. Тыңдаушылардың PISA туралы бұрын білетінін
және тағы нені білгілері келетінін ойлауға мүмкіндік береміз. Бұл
стратегия білім
алушының қызығушылық деңгейін
жоғарылатады. Уақытты үнемдейтін
тапсырма.
2. Сабақтың оқу материалы
алынған білімді қолдану арқылы фактіні немесе құбылыстарды
түсіндіру ұсынылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкіндігін береді ме? Ол
үшін осы және осыған дейінгі сабақта фактілер мен құбылыстардың кей
топтарын түсіндіруде қолдануға болатын ойдың (алгоритмдер)
модельдері және схемасы қарастырылуы тиіс.
«Фрейер
моделі» әдісінде қолданған өте
тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді
сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін,
сөйлемде қалай орналасқанын
анықтайды.
«FILA» кестесісің І-ІІ
нұсқасымен жұмыс. Білім
алушылар топтарға бөлінеді. Барлығына
бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені
толтырады.
Мысалы: Сабақта білім алушылар
әртүрлі белсенді әдістермен оқиды. Кейбіреулер көзбен
бейнелеп шолу арқылы тезірек оқиды, басқалар ақпаратты естіген
кезде сақтай алады, бұл кезде басқалары практикалық тәжірибенің
көмегімен неғұрлым тиімді оқиды.
Біз шынайы өмірдегі
үйренгенімізді пайдаланған кезімізде, біз зерттейтін нәрсемізден
көбірек нәрселерді сақтай аламыз.
Тапсырмаларды әзірлеудің
бағыттары:
Жоспарлау - бағалауға арналған
тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті
құжаттарды анықтау.
Әзірлеу - оқу бағдарламасын,
спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу,
тапсырмаларды құрастыру.
Сараптама жасау - тапсырманың
сапасын талдау, материалды қайта қарау, өзгерту
енгізу.
Қолдану - тапсырманы
белгіленген уақыт пен шарттарға сәйкес
қолдану.
Талдау - нәтижеге шолу жасау,
кері байланысты ескеру, өзгерту енгізу.
«Сен білесің бе?», Венн
диаграммасын толтыру, Learning Apps,
Кроссенс сияқты тапсырмалар өте оңай
көрінгенмен, білім алушылардың ойлау дағдыларын
қалыптастырады. «Бағдаршам», «2 жұлдыз, бір
тілек» сияқты әдістер қолданылып,
білім алушыларға баға оқып- зерделенген материалдар бойынша
бағаланады.
Белсенді оқытудың
әдіс-тәсілдері: «Джигсо» әдісі, Эдвард де
Бононың
«Алты
қалпақ» әдісі, Жұппен
ойлаңыз,
Ақылмандар
сарабы, «БББ» кестесі, «Борт
журналы», Ойлан, жұптас,
бөліс сияқты және т.б тиімді
әдіс-тәсілдер сабақ беру барысында қолданған өте қолайлы және
нәтижелі.
Сондықтан бұл жұмыс білім
алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын
пайымдауға, осы бағыттағы кәсіптік оқуы және мектептің
әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және
әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен білім
алушыларға практикалық көмек болады деген
сенімдемін.