Материалдар / Білім алушылардың өздігінен орындайтын шығармашылық жұмыстарының педагогикалық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім алушылардың өздігінен орындайтын шығармашылық жұмыстарының педагогикалық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушыларына арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім алушылардың өздігінен орындайтын шығармашылық жұмыстарының педагогикалық негіздері



Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан

басқа еш нәрсе адамның өз игілігі

мен басқа адамдардың игілігіне

септігін тигізе алмайды.

Л.Н. Толстой

Білім алушыларды шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау- өте күрделі үрдіс. Оқу үрдісінің мақсаты болып білім алушының білім, ептілік дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, оларды өмірде қолдана білу, әрекет нәтижелілігін көздеу болып танылады. Тұлғаның өз қажеттілігі бойынша дамуы оның өзіндік оқу әрекетіне, дербестігіне, белсенділігіне байланысты болады. Сондықтан білім алушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі- олардың өздігінен орындайтын жұмысы. Оқу үрдісінде педагогтар оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістерді дұрыс қолдану мәселесіне көңіл бөлген дұрыс. Күнделікті бір нәрсені білу, құпия дүниенің сырын ашу- адамзат баласы үшін үлкен мерей, зор мәртебе. Баланың өз бетінше танып-білу біліктілігін дамыту идеясын француз философы Ж.Ж.Руссо зерттей келе «Баланың өз еркімен оқуға ынталануы ең бір тиімді әдіс»- деп есептеді. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы- оқытушының тапсыруымен, оның қатысуынсыз және білім алушылардың бұрын алған білімі мен дағдысы және икемділігін барынша жұмсауы арқылы орындаған жұмыстардың көрінісі. Кейінгі кезде оқытушылар дамыта оқыту идеясында білім алушылардың белсенділікпен өздігінен жұмыс істеу жағына кең көлемде мән беріп келеді. Оқу қызметінің жаңа жіктемелері пайда болды.

  1. Үлгі бойынша елестету, көз алдына келтіру арқылы өздігіене жұмыс істеу. Олар типтік тұрғыдағы тапсырмаларды орындау, оқулық мәтініндегі түрлі жауаптарды табады.

  2. Реконструктивті-вариациялық ( өзгеру, түрлену) өзіндік жұмыс, мұнда оқушылар қайта жасайды, түрлендіреді, жинақтайды.

  3. Тапқырлық өзііндік жұмыс (эвристикалық) Оқушылардың ойлау қабілеті оқытушы қалыптастырған проблемалық ситуацияны шешуге бағытталады. Нәтижесінде, оқушылар іздену, зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды.

  4. Шығармашылық (зерттеушілік) өздігінен орындалатын жұмыс барысында оқушы оқиғаның басқа жақтарын ашуды үйренеді, тапсырманы жан-жақты талдау жасау барысында баға беруді үйренеді. Жаңа проблемаларды аша біледі, оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынады.

Осы ұсынылған әдіс-тәсілдердің түрлері оқу үдеріс барысында аралас түрде қолдануы мүмкін. Өздігінен орындалатын жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап етеді. Өздігінен орындалатын жұмысты оқушының оқу нәтижесіне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімін, іскерлігін бекіте отырып, оның біліктілігін, белсенділігін, дербестігін танытады. Шығармашылық жолы- ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын талдай алу- білім алушының өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады. Сондықтан оқыту әрекетінде оқытушы мен оқушының тығыз байланысы болуы, оқытушы бар күш жігерін педагогикалық шеберлігін шәкірт бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

Ергазина Баглан Кабдолловна

Қостанай гуманитарлық колледжінің

«мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» циклінің арнайы пәндер оқытушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!