Білім алушылардың қабілеттерін дамыту: оқыту әдістерін қалй таңдауға болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім алушылардың қабілеттерін дамыту: оқыту әдістерін қалй таңдауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білім алушылардың қабілеттерін дамыту: оқыту әдістерін қалй таңдауға болады?" тақырыбындағы аттестацияға эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім алушылардың қабілеттерін дамыту және тиімді оқыту әдістерін қалай таңдауға болады?


Әрбір білім алушы – жеке тұлға, оның өзіндік қабілеттері, ойлау дағдысы және оқу стилі бар. Ұстаздың басты міндеті – өскелең ұрпақттың қабілеттерін ашу, дамыту және оларды өз бетінше білім алуға бағыттау,ХХІ ғасырдың дағдыларын оқушы бойына дарыту.
Білім алушылардың қабілеттерін дамыту үшін оқытудың қандай әдістерін таңдаймыз? Оқушының
жеке ерекшеліктерді ескеру -мақсатқа жетудің ең бір тиімді көзі. Әр оқушының зияткерлік және шығармашылық деңгейі әртүрлі. Біреулері ақпаратты визуалды қабылдаса, енді бірі тыңдау арқылы жақсы түсінеді,сондықтан мұғалім оқытуда дифференциация қағидатын қолдануы қажет.
Қазіргі заманауи білім беруде оқушылардың өз бетінше ізденуіне, талдау жасауына және тәжірибелік дағдыларын дамытуына басымдық беріледі. Осыған орай, белсенді оқыту әдістерін қолдану-сабақтың мақсатына жетіп,оқушының алған білімді өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастатыратыны сөзсіз.Өз сабақтарымда ХХІ ғасырдың дағдыларының бірі креативті ойлауды дамыту үшін,тапсырмаларды осы бағытта құрастырамын. Креативті ойлау арқылы оқушының шешім шығара беру,жаңа идеяны ұсына білу,мәселені жаңа қырына қарау қабілеттерін дамытады.Қарапайым сабақ тақырыбын болжау мақсатын жүзеге асыру үшін кілт сөздерді жазып,айта салғаннан гөрі миға шабуыл жасап,ассоцациялық ойлауды жүзеге асырған дұрыс.Балалардың кретивті ойлауын М.Жұмабаевтің сөзімен алаатын болсақ «Ойлау -өте бір қиын,терең ісі.Жас балаға ойлау тым қиын,сондықтан басқыштап істеу керек». Оқу материалдарын ойлау қабілеті жететіндей,жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып,қабілеттерін дамытқан дұрыс.Ерте жастан мұндай қабілетін дарытқан шәкірт ертеңгі өнертабыс иесі,озық идеяны жүзеге асыратыны сөзсіз.

Әдіс -мақсатқа жету көрсеткіші.Сабақтағы дұрыс таңдалған әдіс,оқушы қабілетін шыңдап,білім,білік дағдысын қалыптастырады.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту-әр ұстаздың басты мақсаты болуы шарт.Білім алушыларға ақпаратты тек қабылдап қана қоймай, оны талдауға, салыстыруға, өзіндік қорытынды жасауға үйрету маңызды. Мұны "Ой қозғау", "Бес жолды өлең", "SWOT-талдау" секілді әдістер арқылы жүзеге асыруға болады
Тиімді оқыту әдістерін таңдау – мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Білім алушылардың қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі тәсілдерді үйлестіріп, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру қажет. Мұғалім – оқушының бағыттаушысы, демек, білім беру үдерісі жан-жақты, қызықты әрі нәтижелі болуы тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі