Баяндама

Алматы облысы , Талғар ауданы
«№19 мектеп-гимназия» МКМ Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Таляу К. К
Білім беру бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау
Сабаққа дайындық – мұғалімнің күнделікті шешетін міндеті. Бұл үшін ол мұғалімнің кәсіби стандартында көрсетілген бірқатар әрекеттерді орындай алуы керек. Алайда сабақтарды жоспарлау кезінде практик-мұғалімдер белгілі бір қиындықтарға тап болады.
* Мақсат білім алушының нәтижесі емес мұғалім үшін алынған.
* Мақсаттарды тұжырымдаудың оңтайлы болмауы.
* Оқыту технологияларын таңдауда пәндік мазмұны бар оқу әрекеттерінің қалыптаспауы.
* Мақсатты белгілеу кезеңінде оқу тапсырмасын дұрыс анықтамау.
* Рефлексия кезеңінде оқу іс-әрекетінің мақсатқа және оған қол жеткізу жоспарына сай болмауы.
Сабақтың жоспары мұғалімнің жол картасы болып табылады. Сондықтан сабақты жоспарлау алдында оқу мақсаттарын дұрыс анықтап, ойлау дағдыларының деңгейі мен функционалдық сауаттыққа бағытталған, оқушылардың оқуы жайлы мәлімет алатындай стратегиялар қарастырған жөн.
Сабақ жоспарлауда алғышарттарды
* Оқыту шарттарын айқындау;
* Сабақ мақсатын белгілеу;
* Оқу әрекетін жоспарлау;
* Ой елегінен өткізу және бағалау қарастырып алу керек.
Оқыту шарттарын айқындау:
-Физикалық ортаны қалыптастыру шарттарын ескеру
(мысалы: оқушылар саны,оқу сыныбындағы қажетті жағдайлардың болуы немесе оны құру т.б.).
-Оқушылардың қызығушылықтары,білімі мен дағдылары, сонымен қатар жеке дара мүмкіндіктері немесе ерекше қажеттіліктерін ескеру.
Сабақ мақсатын белгілеу:
-Осы сабақта оқушылардың нені білгенін, түсінгенін және істей алғанын / орындай алғанын қалайсыз?
* Пәндік мазмұн;
* Метапәндік дағдылар / функционалды сауаттылық;
* Оқушы үшін өзекті болуы
Оқушыны тарту
Оқушының жеке-дара мүмкіндігінің ескерілуі.
Оқу мен сабақтың мақсаттары бағалаудың негізін құрайды.
Оқушылардың оқу мен сабақ масатына жеткендігін қалай бағалайсыз?
Сабақ мақсатының ОЙЛАУ дағдыларының деңгейіне сәйкестігі, функционалдық сауттылыққа бағытталуы:
Функционалдық сауаттылық адамның білім, білік және дағдылары негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты жұмыс істеу, нақты мәдени ортаға барынша тез бейімделу қабілеті ретінде айқындалады.
Оқу әркетін жоспарлау:
* Мазмүнды және тапсырманы таңдау;
* Сабақтың құрылымын нақтылау;
* Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау;
* Қажетті ресурстарды дайындау.
Ой елегінен өткізу және бағалау:
-Оқушылар оқу мақсатына қаншалықты қол жеткізді? (Қандай деңгейде?)
-Келесі сабақта нені жақсарту керек?
- Мұғаліммен қатар оқушылар да сабақ нәтижесін ой елегінен өткізу қажет!
Сабақ жоспарлау алдында сыныпта білімі мен жеке тәжірибесі түрлі оқушылар болғандықтан, олардың арасында кейбірі бұл тақырыппен таныс болуы мүмкін,міне осы себептен сабақты сұрақ қоюмен немесе оқушылардың сол тақырып аясындағы білімін анықтауға бағытталған іс-әрекеттен бастаған тиімді.
Мысалы, қарапайым сұрақ қоюды жүргізуге болады: «Сендердің бұл жайында не естулерің бар? Егер бұл жайында білетін болса, сол туралы әңгімелесіп көруге,сондай-ақ оқушыларға сабақ алдында белгілі бір тұжырымдарға комментарий жаздыруға болады. Осы мәліметтер мұғалімге сабақ жоспарлауда көп көмегін тигізері сөзсіз.материалдар т.б.
Бұл материалдар оқушылар назарын аударатындай ,сонымен қатар олардың түрлі оқу стильдерін ескеру керек. Уақытты тиімді пайдалану, түсіндірме жұмыстарына және сыныптық талқылауға жеткілікті уақыт бөлу, оқушылардың түсінгенін немесе түсінбегенін көре алатындай әдістер жоспарлау қажет.
Бұл кезеңде төмендегі сияқты сұрақтар көмектеседі.
-
Бұл тақырыпты оқушыларға түсіндіру үшін не істеген тиімді?
-
Барлық оқушылардың назарын сабақ тақырыбына қалай аудартуға болады?
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға тақырыпқа байланысты қандай тапсырма қарастыруға болады?
-
Бұл тақырыпты түсінуге көмектесетін қандай өмірлік мысалдар немесе жағдаяттар бар?
-
Оқушылар өздері осы тақырыпты жақсы меңгеру үшін не істеулері қажет?
Сабақ тақырыбын түсіндіріп, оны түрлі мысалдармен ұсынған соң оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру маңызды фактор. Оқу мақсатына оралып, оқушылардың түсінгенін тексеруге бағытталған сұрақтар қою керек. Сабақ жоспарлау барысында қандай сұрақ тиімді, қандай сұрақ оқушылардың зейінін шашырататынын қарастыру уақытты тиімді пайдалануға ықпалын тигізеді. Оқу мақсатының іске асуы мен оқушылар түсінігінің арасында тепе-теңдік сақталу керек.
Оқыту әрекетін жоспарлауда жаңа материалды түсіндірудің бірнеше тәсілдерін ойластырып алған жөн.Мысалы: Шынайы өмірден алынған,визуалды
Дәстүр бойынша, оқу тақырыбын зерттеу барысында мұғалім оқушылардың пәндік білім мен дағдыларды игеруіне баса назар аударды. Қазіргі сабақта үлгілік оқу бағдарламалары мұғалімді оқу материалымен әрекет ету тәсілдерін игеру бойынша жұмысты ұйымдастыруға және оқу дағдылары мен жеке қасиеттерін дамытуға бағыттайды. Сондықтан білім беру нәтижелерін қалыптастыру процесінің ерекшелігі неде және оны қалай жоспарлау керектігін білу қажет.
Заманауи сабақтың мақсаттарын жобалай білу – үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың жоспарланған нәтижелерін белгілей білу. Сабақ жоспарындағы мақсаттарды тұжырымдау мұғалімнің үлгілік оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы іс-әрекеттің мәнін түсінетіндігін көрсетеді: онда мақсаттар оқушылардың білім беру нәтижелері ретінде анықталады, мұғалімнің оларға жету үшін не істеуі керек екендігін сипаттайды, үлгілік оқу бағдарламаларында көрсетілмеген жағдайда, оны өзі анықтайды.
Нәтижелер арқылы оқушыларға арналған мақсаттарды белгілеу мұғалімге олардың жетістіктерін бағалау критерийлерін түсінуге, нені бағалау керек, оқушылардың сабақта қандай әрекеттерді көрсете алатынын түсінуіне мүмкіндік береді.
Б. Блум технологиясында мақсаттарды жоспарлауды тұйық етістік тұлғасындағы немесе үшінші жақтағы етістіктермен белгілеу ұсынылады.
Сабақтағы оқу іс-әрекетінде мақсат қою шынымен де маңызды кезең болып табылады, сондықтан жоспарланған нәтижелер мен педагогикалық тапсырмаларды сипаттағаннан кейін мұғалім оған мақсат қою процесін жүзеге асыруға және оқушымен бірге мақсаттарға жетуге көмектесетін технологияларды таңдайды.
Сабақтың мақсатын бірлесіп қою кезеңі формалды емес, мақсатты түрде болуы керек деп санайды А.Н. Леонтьев: «...қызығушылық тудыру үшін алдымен мақсатты көрсетіп, содан кейін берілген мақсатқа бағытталған әрекетке ынталандыруға тырысудың қажеті жоқ, керісінше, алдымен ынталандыра отырып, содан кейін белгілі бір пәндік мазмұннан оқу мақсатына қол жеткізу мүмкіндігін ашу керек».
Сонымен сабақта мақсат қою кезеңін жоспарлау барысында мақсаттарды анықтауда жоспарланған нәтижелерге бағдарлану қажет, оқушылар оларды өз деңгейінде тұжырымдайды, ал мұғалім мақсатты нақтылайды және бекітеді. Сабақта мақсаттың визуалды дизайны балаларға сабақ соңында жоспарланған нәтижеге қол жеткізуді түсінуге көмектеседі. Жаңа бастаған мұғалім үшін бұл да маңызды: сабақтың жүйесін – мақсаттан нәтижеге дейін сақтауға, іс-әрекет әдісін игеру бойынша өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыруға, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін және педагогикалық мәселелерді шешудің тиімділігін барабар бағалауға көмектеседі.
Сыныптың тақырыпты зерттеуге дайындық деңгейіне қарай мұғалім өз міндеттерін нақтылай алады, мысалы, егер оқушылардың оқу дағдысының қалыптасу деңгейі жоғары болса, алгоритм құрастыру бойынша өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға болады; ал егер оқу дағдысының қалыптасу деңгейі жеткіліксіз болса, онда алгоритм құруға дайындайтын диалог жүргізе отырып, топтық жұмысты ұйымдастыруға болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз