Материалдар / Білім беру мазмұнын жаңарту аясында...

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында...

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге білім беру жаңарту аясында эссенің көмегі мол
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Picture 1 Ашықбаева Мирамгүл Қостайқызы

жоғары кәсіби білімді

бастауыш сынып мұғалімі

«№ 4 ЖОББМ»КММ

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

ashykbaeva2018@mail.ru



Білім беру мазмұнын жаңарту аясында...


«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл,

білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»

Н. Ә. Назарбаев

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары ,зерделі,жан-жақты дамыған мұғалім болу –уақыт талабы.

Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.

«Жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздардың қолында» деп айтқандай ,қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп -үйрететін орта,оның жүрегі-мұғалім.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп,өткізе отырып,тұлғаның жүрегіне сара жол табуы,өмір бойы оқып жемісін көре білуінде.

Осы мақсатта жүзеге асыруда «Педагогикалық шеберлік орталығының» Ақтөбе қаласының филиалының үлесі ерекше. Аталмыш білім беру ұйымы әрбір оқу жылы сайын көптеген педагог кадрлардың біліктілік дағдылары мен білімдерін арттыра отырып, жаңа трендер бойынша бағыт беріп келеді.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»,деп бекер айтпаған да болар.

Елбасының мұндай терең айтылған ойларын 20 күндік курста алған білімдерімізбен ешбір кедергісіз дәлелдей аламыз. Осы тұста өмірлік қағидат ретінде мына сөзді естен шығармадым: «Әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жоғары болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Дамуға ұмтылған,жаңаға талпынған кез келген ұстазда бұл ұстаным болу керек. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім.Ал заманауи мұғалім жаңашыл идеяларды қабылдауға ,дәстүрлі оқыту әдістерін өзгертуге , кәсіби біліктілігін көтеруге дайын болуы керек.Тренеріміз Алма Болатқызының мол тәжірибесінің арқасында ,қазіргі таңдағы мұғалімнің балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі білімімізді жетілдіре түскенімізге сенімдіміз.

Осы курстан әрбір ұстаз жақсы оймен кететіні күмәнсіз.Өйткені қанша жаңа ақпарат алып,сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік.Мен өз іс-тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, шәкірттерімді жаңа қырынан таныта отырып, алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымызды жалғастырамыз деген ойдамыз.Қазақ елі осындай жаңа форматты ұстаздарды оқытып, білімдерін жетілдіріп,тәрбиелі,білімді шәкірттерімен мақтанып мәңгілік ел болуға ұмтылып талпынса ,нұр үстіне нұр болары сөзсіз дер едім.



ЖИ арқылы жасау
19 Қазан 2018
603
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі