Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етудің мақсат міндеттерін саралап сараптау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету.



Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ "Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру" кафедрасының аға оқытушысы.

 

Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгіңгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды.Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастырылып, енгізілуде.

Қазіргі заман талабына  сай сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Дәстурлі сабақ кезінде оқушы тек тыңдаушы, орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда  оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:

  • Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

  • Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;

  • Бір-бірінің білімін бағалауға;

  • Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;

  • Тез әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту:

  • Талабын ұщтап, қиялын дамыту;

Білім беру саласының ең басты мәселесі – оқушылардың білім беру дәрежесін жетілдіру.Оның басты мақсаты, балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сыни тұрғыдан ойлап нәтиже шығара алатын,ізденімпаз әрі саналы тұлға қалыптастыру.

Сондықтан жаңа технологияны қолданудың маңызы зор.Бұл бағдарламаның мідеттерінің бірі –оқушыларда және мұғалімдерде сыни тұрғыда ойлауды дамыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі әлем ғалымдарының бірлескен еңбегінің  нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламада оқытудың инклюзивті болуына үлкен мән беріледі. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі, қабілеті түрлі деңгейдегі балалардың бәріне  білімнің қолжетімді болуын көздейді. Мәселен мектепте оқушыларды үнемі бір-бірімен салыстырып отырамыз,үлгерімі төмен болса төмен баға қоямыз Негізінде бұл оқушыға моральдык тұрғыдан ауыр екендігін,оқуға деген уәжінің төмендеуіне әсер ететіндігін ескермейміз. Сондықтан инклюзивті білім адамның құндылығы  оның қабілеті мен жетістіктеріне  тәуелді емес, әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы, әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі мен қажеттілігі бар қағидаттарға негізделген.

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ мақсаттары:

  • сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілген

  • сабақ мақсаттары пәннің ерекшеліктеріне бағдарланған

  • сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырылған болу керек

Бастауыш, орта, жоғарғы сынып оқушыларында  кейбір балаларда сабақта білмегенін сұрап алу, түсінбегенін мойындау дағдысы нашар қалыптасқан.Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Кембридж бағдарламасы ұсынып отырған әдіс –тәсілдерді сабақта қолданудың маңызы зор.

Сабақ жоспарында белсенді және саралау әдістері көрініс тапқаны дұрыс.

Белсенді оқу әдістері бойынша:

  • әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған

  • әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етуге негізделген

  • әдістер оқушыларды оқуға тартуға бағытталған болуы керек.

Саралау әдістері бойынша:

  • тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған

  • саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған( тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.) болуы тиіс

саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.

Бағдарламаны игерген мұғалімдер оқушылармен кері байланыс жасаудың түрлі тәсілдерін үйренеді.«Екі жұлдыз,бір тілек», «3-2-1» т.б. түрінде  жүргізілетін  кері байланыс оқушылардың білу, түсіну деңгейін білуге көмектеседі.

Кез-келген сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталады.Осыған орай сыныпта міндетті түрде ынтымақтастық атмосферасын құру балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі, сабаққа деген қызығушылығын тұдырады.Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру мақсатында оқушылар бір-біріне  ілтипат білдіріп, жағымды сөздер айтады.

Оқушыларды ұйымшылдықа, ұжымдық жұмыс істеуге үйретуге топқа бөліп сабақ өткізу тиімді.Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен қарым қатынас жасап, бірін-бірі тыңдай білу іс-әрекеттері байқалады. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты түрлі іс-әрекет, идеялармен, сабақ тақырыбына байланысты, көрнекі-құралдармен топқа бөлуге болады.

Сабақ кезеңдерінде  модульдерді  кіріктіру мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегияларының тиімділігі мол. Атап айтқанда «Ой қозғау», «Ыстық орындық», «Семантикалық карта», «Кубизм»т.б.   Әр сабақта стратегияларды тиімді қолдану, әр баланың пәнге деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

Білім беру үрдісінде мұғалімнің оқушыны  дұрыс бағалауға көңіл бөлгені дұрыс. Баға –оқушының білімін көрсететін нәтиже. Сондықтан мұғалім жаңа форматта  сабақ тақырыбына байланысты критерийлері бойынша  немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға  болады.

Критериалды бағалау бойынша:

  • бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келуі

  • қалыптастырушы бағалау оқуды қолдауы

бағалау критерийлері қолданылуы тиіс.

Қазіргі заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, терең білім беру еліміздің басты мәселесі болып табылады. Яғни, сабақтың жемісті болу үшін үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа бағдарламаны меңгере отырып қолдану әр ұстаздың парызы деп есептеймін.



Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ "Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру" кафедрасының аға оқытушысы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2018
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі