жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру барысында білім беру жүйесін дамыту.
Теміртау қаласы
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың міндеті. «Болашаққа болжам жасау үшін өткен тарихыңа көз сал», – деген халық даналығына жүгінсек қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанға дейінде көптеген тар жол тайғақ кешулерді бастан кешірген. Намысы мен өресі биік ұлтжанды азаматтарының арқасында өз білімдерін жойған емес. Керісінше кез-келген қиындыққа қасқая тұрып ұлт сауаттылығы мен дәстүрін, тілі мен дінін қатар сақтаған. Ұлы ғұлама Ш.Уәлиханов айтқандай: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет». Бүгінде азаттығын алған қазақ елінде өзінің өркендеп өсуі үшін білім саласына көптеп назар аударуда.
Қазіргі кезде Республикамызда білім беру ісін жаңартудың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты – өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру барысында білім беру жүйесін дамыту.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану оң нәтижелер беріп,білім сапасы да көтерілуде. Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептер де жекелеген мұғалімдер сабақтарында критериалды бағалауды қолдануда.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
-
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
-
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
-
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы;
-
Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының дайындалуы;
-
Бағаның анық, әділ, айқындылығы;
-
Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі;
-
Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуіне мүмкіндіктің берілуі;
-
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
-
Критериалды бағалаудың әрбір баланың оқу үлгерімінің жоғарылауына, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі;
-
Бағалаудың негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуі;
-
Оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің күнделікті қадағалап отыруы.
Критерий арқылы бағалағанда оқушының оқу жетістіктері пән бойынша деңгейлі белгіленеді.Әрбір критерий бойынша дескриптор дайындалып, баллмен бағаланады.
Бағалаудың негізгі қызметі – оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Бағалаудың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Сонымен, сабағымның алғашқы кезеңінен бастап, сол сабаққа негізделген бағалау критерийін құрудан бастадым. Ол критерий сол сабақты жақсы меңгергендігін, сабаққа қалай қатысып отырғанын, сұрақты дұрыс қоя білу, мағынаны аша білу сияқты сабақты меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Балалардың өзін – өзі бағалауында көбірек көңіл бөлу арқылы жұбын, тобын бағалауды да қадағалап отырдым.
Формативті бағалаудың: «өзін өзі бағалау», «жұбынды бағалау», «жазбаша түсініктеме», «бір жолды эссе» және «екі жұлдыз, бір қалау» сияқты түрлерін пайдаландым. Мен оқушылардың түсінбеген жерлерін байқап, сол бойынша үйге тапсырма беріп отырдым. Ал, жалпы сыныпты кесте бойынша бағалау критерийлерін пайдаланып сабақты қалай меңгергенін бағаладым.
Осы тұрғыда балаларға жұптарын бағалауды ұсынып, өздерің осы критерийлерге алып қосатындарын айтып, жалпы оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге келтіріліп бағаланады.
«5» – 10 - 15 балл;
«4» - 8 - 10 балл;
«3» – 5 - 7 балл;
«2» - 1-4 балл осылай жасаған сыныпты бағалауымда алғашқы кезде қиындықтар туындады, өйткені уақыттың қысқалы және бағалауды тек осыған дейін мұғалім жүргізіп келсе, енді балалардың өздері қатысып өздерінің жұмыстарын бағалаған оларға едәуір ауырлау тиді. Сонымен қорытындысында 20 оқушының 8–і «4» деген баға алып, 10-ы « 3» ке қорғады, ал 2 оқушы «2» бағасының дәрежесін көрсетіп берді.Төмен баға алған оқушылармен қосымша түсінік жұмыстарын жүргізіп бағыт бағдар бердім.
Келесі сабағымда « жұбыңды бағала » деген бағытта: «Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?», «Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз?» (Өте жақсы, жақсы, орташа, төмен) «Осы бағаны неліктен таңдаңыз?» деген сұрақтар берілді. Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға , нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырдым.
Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолданамын. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін бағалы. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен «Үш шапалақ» тәсілін де тиімді қолдандым.Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім.Оқушының жетістігін қолдау оның өзіне деген сенімділігін, белсенділігін арттыра түседі.
Кері байланыс жасау –оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. Мен оқушылардың жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегенін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауды қолданған ыңғайлы деп таптым. Әр оқушыда үш түрлі түс болады. Сабақ барысында оқушының түсінгенін, не түсінбегенін осы түстермен көрсетуді сұраймын. Түсіндім-жасыл, сенімдіемеспін– сары, түсінбедім–қызыл белгілері мен көрсетіледі. Осыдан оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінбеген оқушылардан «сендерге не түсініксіз болды? Енді оны қалай түсініп аласың?»- деп жетелеу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың алға қарай жылжуына ықпал жасадым. Мен сабақты бағдаршам арқылы бағалауда оқушы бойына сенімділік ұялату арқылы әр сабақта белсенді, бар ынтасымен қатысады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ағылшын тілі сабағында бағалау критерийлерінің дескрипторын ауыстырып қолданып жүрмін және оқушыларды білім алуға ынталандыру мақсатында көбінесе төмендегідей бағалауды қолданамын. Мысалы:
а) Топты бағалау кестесі;
ә) топтағы оқушыларды жеке-жеке бағалау кестесі.
Оқушылардың оқуға белсенділіктерін арттыру мақсатында сабақ басталмас бұрын бағалау критерийімен таныстырып отыру қажет, себебі оқушылар алдын-ала орындалатын тапсырмаларды білу керек. Қандай тапсырмалар орындау керек екенін алдын-ала біліп отырған оқушылар уақытты үнемдеуге тырысып, жылдам ойлап, тез жауап беруге тырысады
Римдік философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз».Менде оқушыларымды үйрете жүріп, өзімде үйренемін деп айта аламын. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың ізденуі арқылы, тәжірибе барысында пайдалануы арқылы жүзеге асыра алады.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі – ынталандыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізеді.
Сабақ– шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те, терең білім беруге мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Сондықтанда ағылшын тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әр түрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға тырысамын.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын.Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған
жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын:
- Жас ұрпақтың қабілетін
ашу;
- Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;
- Мақсатты жүзеге асыру.
Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар
ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен
пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың ағылшын тілі сабақтарындағы белсенді іс -
әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын
қалыптас- тырып, дамытып оқыту.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың
бағдарлама- лық білімді меңгеруін жүзеге
асыру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру.
Оқушы алған білімін, сабақтың
мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды
жасай білу. Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер
материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға
көңіл бөлемін.Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді. Осылайша
физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен
байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай
тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана
қоймай, оларды өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге
мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын
көтеруге, оқушылардың білімге деген оқу- танымдық қызығушылығын
арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін
тигізеді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман, Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші басымдығында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады, оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді»,- деген болатын.
Мен биылға оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 а сыныбына сабақ беремін.Ақпан айында қалалық ашық сабақ бердім.Онда өзімнің іс тәжірибеммен бөлісу мақсатында 5«А» сыныбында тақырыбы: Шығыс Қазақстанның мал өсірушілері.Мақсаттың түсіндірілуі және оқылатын материалдың оқытылуы мақсатында.Сабақтың меңгерілуі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы проблемалық сұрақтар қою, бейнебаян және слайд, деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертілді. Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында интербелсенді тақтаны қолдана отырып, бейнебаян, слайд, тест, және сызбалармен жұмыс, REDEX конференция, Zipgrade.com.бағдарлама элементтері қолданылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұраларың басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету, баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру. Сабақ үстінде оқушылардың өзін-өзі орындаған тапсырмаларды тексеру, сканерден өткізу әдісі қолданылды. Сабақ барысында І,ІІ,ІІІ топтардың стикер арқылы ең үздік топ екендігін және әр топ ішінде ең көп смайлик жинаған оқушы топ белсендісі екендігін анықтау.
Біз мұғалімдер жалпы үнемі ізденіс үстінде жүретін халықпыз.Заманның қарқынды дамуына ілесіп, жас ұрпаққа сапалы білім беру жолында әр күн сайын еңбектеніп, жаңа нәрсені үйренуге, жаңашылдыққа ұмтыламыз. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген Ж. Аймауытов.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі,басты міндеттері мынадай:
-
әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
-
білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
-
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
-
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқушының дарындылық, ғылыми ойлау қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиет терін зерттеу – бүгінгі заманның талабы.
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан- жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген