жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Қарағанды қаласы КММ ЖББОМ № 34
Тіл – қай ұлтта қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз. Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен. Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Тіл білу – байлық. Әсіресе,өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Елбасының үш тұғырлы тіл саясаты бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызды. Қазіргі таңда әлемнің алпауыз мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштан дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі,бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек»,- деген болатын.
Үштілді оқыту – заман талабы.үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Қазақстанның білікті, білімді әр азаматының ғаламдық ақпараттар мен олардың инновациялық ағымына ілесуі ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Біз мемлекеттік тілді дамытып орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек.
Бүгін де ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл – өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген мектеп бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілді ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде. Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері өз білімін шетелдік ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет.
Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктететін, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақты оқытып, тәрбиелеу үшін мұғалім біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.
Қазіргі таңда оқушы – ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер – жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»,- деп Мағжан Жұмабаев айтқан, оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Міне, заманымыздың тілек- талабы үш тілді білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша ідіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Оқушы тілін үш тұғырлы тіл арқылы дамыту процесі бүгін де мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Себебі оқушыларды ана тілінде сөйлесу деңгейіне байланысты, шығармашылық жұмыстарының сапасы төмен дәрежеде екендігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Сондықтан үш тұғырлы тілді игеру жоспарлары – мектептерден бастау алуда. Ал, жоғарғы оқу орындарында тіпті биология, химия, физика пәндерін үш тілде оқыту әдістері жүзеге асырылып жатыр.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оқушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Қанша тіл білсең сен сонша мемлекетсің, яғни ұлы мақсаттарға жетелейтін – үштілділік саясатын меңгеру қажет. Өз тіліңді құрметтеп, өзге тілдің бәрін білгеніне не жетсін. Сондықтан, қорыта айтарым, тәрбие – тал бесіктен, яғни өскелең ұрпақ үштілділікті меңгеріп, біліп жетілсе, алдыңғы ұрпақ талай мақсаттарға жетеді. Болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса, бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік. Әрине, кез келген азаматтың үш тілде сөйлегені дұрыс, үш тілді қатар меігергеннен, тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары» (1-том);
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 14.12.2012ж;
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жлддауы 2007ж;
-
М.Жұмабаев «Педагогика», 1992ж;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген