Материалдар / Білім беру платформаларын тиімді қолдану – табысты оқытудың нәтижесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру платформаларын тиімді қолдану – табысты оқытудың нәтижесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда келесі кәсіби дағдылар бірінші орында қажет етеді: өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделу мүмкіндігі; қоғамда болып жатқан процестерге бағдарлану қабілеті; теле коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, ынтымақтастық жасау мүмкіндігі; сыни ойлау және тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті. Жаңа уақыт қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін жаңа оқыту мүмкіндіктерін ұсынды. Қашықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу және электрондық білім беру ресурстарын пайдалану педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың интернеттің ақпараттық және теле коммуникациялық желісіне сапалы қолжетімділігі болған жағдайда мүмкін болатыны айқын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
2657
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру платформаларын тиімді қолдану – табысты оқытудың нәтижесі



Адамзат қоғамында барлық салалардағы жаһандық және қарқынды өзгерістер қазіргі тарихи кезеңдегі білімнің ерекшелігін анықтады. Қазіргі қоғамның дамуында білім беру жүйесінің негізгі міндеті жоғары әлеуеті бар шығармашыл ойлайтын мамандарды тәрбиелеу болып табылады. Білім беру жүйесі қос функцияны орындайды: бір жағынан, бұл үйлесімді дамыған, белсенді, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру болса, екінші жағынан, қоғамның кадрлық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда келесі кәсіби дағдылар бірінші орында қажет етеді: өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделу мүмкіндігі; қоғамда болып жатқан процестерге бағдарлану қабілеті; теле коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, ынтымақтастық жасау мүмкіндігі; сыни ойлау және тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті. Жаңа уақыт қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін жаңа оқыту мүмкіндіктерін ұсынды. Қашықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу және электрондық білім беру ресурстарын пайдалану педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың интернеттің ақпараттық және теле коммуникациялық желісіне сапалы қолжетімділігі болған жағдайда мүмкін болатыны айқын.

Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану үшін әрбір білім алушы мен педагог қызметкерге ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарына еркін қол жеткізуді ұсыну қажет. Педагог қызметкер мен білім алушының жұмыс орны дербес компьютермен және компьютерлік перифериямен (веб-камерамен, микрофонмен, аудиоколонкалармен және (немесе) құлаққаптармен) жабдықталуы тиіс. Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту компьютерлік жабдыққа жоғары талаптар қоймайды, алайда қажетті ең төменгі шарт интернет-браузердің және Интернет желісіне қосылудың болуы болып табылады.

Компьютерлік телекоммуникациялар көмегімен жүзеге асырылатын қашықтан оқытуды мынадай нысандар бойынша ұйымдастыруға болады: чат сабақтар мен чат технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын оқу сабақтары. Чат сабақтары синхронды түрде өткізіледі, яғни барлық қатысушылар бір уақытта чатқа қол жеткізе алады. Веб-сабақтар – қашықтан өткізілетін сабақтар, конференциялар, вебинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар және телекоммуникация құралдары мен басқа да мүмкіндіктердің көмегімен өткізілетін оқу сабақтарының басқа да нысандары.

Виртуалды сабақтарды өткізу формалары әртүрлі, олар: дәріс (нақты уақыт режимінде  бейне элементтерімен, аудио элементтерімен); ресурстарды зерттеу (интернет-ресурстар, электрондық тасымалдағыштарда мәтіндер, иллюстрацияларды қосумен, бейнені қосумен, аудионы қосумен, анимацияны қосумен); сценарий бойынша өзіндік жұмыс (іздену, зерттеу, шығармашылық); чаттағы конференция, форумдағы конференция; ұжымдық жобалау жұмысы; жеке жобалау жұмысы; жаттығулар; арнайы оқыту жүйелерін пайдалана отырып тренинг; бақылау жұмысы (тестілеу, бақылау сұрақтарына жауаптар); консультация.

Онлайн оқыту жүйесі әлемде бұрыннан сұранысқа ие, өте тиімді және жақсы көрсеткіштер мен рейтингтерге ие. Заманауи сандық құралдар мен қызметтерді оқу процесінде зерттеу және пайдалану өте қиын емес және оқу, тестілеу, модельдеу немесе демонстрациялық бағдарламаларды тез жасауға мүмкіндік береді. Кейбір онлайн-платформалардың ашық білім беру ресурстарын тегін пайдалануға мүмкіндік берілді. Мұндай ресурстарды оқу процесінде тиімді қолдану білім беру жүйесіндегі ең өзекті және перспективалы үрдістердің бірі болып табылады.

Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға қолайлы оқу қарқынын, материалды ұсынудың ыңғайлы принципін, сабақтың ұзақтығын, қосымша ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің елімізде енгізіліп жатқан заманауи білім беру жүйесі өз бетінше оқуға кететін уақыт мөлшерін ұлғайтуды білдіреді. Оқу процесінде ақпараттық білім беру технологияларының рөлі артып, электронды оқулықтарға жетекші орын берілді. Қашықтықтан оқыту стратегиясының негізгі мақсаты-оқушыларға түрлі мүмкіндіктер беру және заманауи педагогикалық технологияларды іске асыру.

Білім беру ұйымдарының оқытудың стандартты нысанына осындай тез ауысуы цифрлық технологиялардың цифрлық ортада ыңғайлы және нәтижелі жұмысты ұйымдастыру үшін барабар құралдарды, ресурстар мен сервистерді ұсынуға және онда толыққанды білім беру процесін іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті ме деген сұрақтар туындайды. Оқыту мен жетістікке деген мотивация сыртқы емес, ішкі ынталандырудың арқасында жасалады, ол білім беру ұйымының тұжырымдамасын енгізу, көшбасшыларды тәрбиелеу және жұмыс орнында каскадты оқытуды қолдану арқылы қалыптасады.

Онлайн оқытудың қашықтан оқыту, аралас оқыту, мобильді оқыту және тағы да басқа қолданыстағы білім беру технологияларынан айырмашылықтарын түсіну оқытудың тиімділігіне әртүрлі форматтарда салыстырмалы талдау жүргізуге және қандай да бір технологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға мүмкіндік берді. Веб-технологияға негізделген қашықтан байланыс шұғыл қажеттілікке айналды және кез келген адамға әрқашан әр түрлі электрондық құрылғылар кез келген форматта қол жетімді болуы керек. 

Оқытуды кешенді іске асыруда Zoom, Skype, Microsoft Teams, Google Classroom әлеуметтік желілер және мессенджерлер сияқты интернет-коммуникация сервистерін тиімді пайдалану және білім берудің онлайн платформаларын дұрыс таңдау жасағанда толық жүзеге асырылады. Қашықтан оқытуды табысты жүзеге асыру виртуалды орта ерекшелігін ескеруден, ақпаратты тиімді ұйымдастырудан басталады. Бүгінгі күні педагог әртүрлі білім беру платформаларынан материалдарды таңдайды, тапсырмаларды, сандық ортадағы және әртүрлі сандық құралдармен оқушылардың жеке жұмысын, онлайн сабақтағы әртүрлі “бөлмелердегі” оқушылардың топтық жұмысын жобалайды.

Қашықтық оқытудың педагогикалық технологияларындағы басты мәселе – ойды, ақпаратты, білімді визуализациялау, педагогикалық қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін құру, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларын түзету болып табылады. Заманауи ғасырдың өскелең ұрпағы ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жетік меңгеруде, сандық технология жұмыстарын жетілдіруде, әлемдік ақпарат кеңістігінде ақпараттық білімдерін шыңдауда бұл жүйенің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Қашықтан оқыту бірлескен жұмыс нәтижесінде оң нәтижелерін беретіні айқын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!