Материалдар / Білім беру саласы: Қатынас Пән: Сөйлеуді дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру саласы: Қатынас Пән: Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2021
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған

ҰОҚ конспектісі 

Өткізу күні: 17.11.2020

Бала саны: 8
Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: Шаттық шеңбері, сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, сергіту, жаттығу.
Блингвальды компонент:
қыс-зима-winter
Суық-холодно-cold
Қар-снег-snow

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, апайлар,
Қайырлы таң, балалар.
Сәлем саған Алтын күн!
- Жарайсыңдар, балалар!
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Тәрбиеші: - Балалар қане бәріміз менің сұрағыма жауап беріңдерші.
Тәрбиеші: - Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- қыс.
Тәрбиеші: - Ал қыс мезгілі қандай болады?
- Суық, боранды, желді, аяз, адамдар жылы киінеді, шыршалар болады.
Тәрбиеші: - Қыста біз қалай киінеміз?
- Біз жылы киінеміз.
Тәрбиеші: - Балалар қыс мезгілінде неше ай бар?
- Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілінде 3 ай бар.
Тәрбиеші: - Ал қазір қай ай?
- Желтоқсан.
Тәрбиеші: - Балалар қандай қысқы ойындар білесіңдер ме?
- шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, қар лақтырып ойнаимыз, аққала жасаймыз.
Қане балалар Тақпақтартарымызға кезек берейік: Александра, Назым, Дильназ, Нұрсұлтан.

Сергіту сәті.

Жұмбақтар.
1) қыста ғана болады,
Ұстасаң қалың тонады.  
(қар)

2) Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?    (қыс)

3) Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.   (аяз)

- Аққала келеді қонаққа.

Аққала: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсізбе аққала.
Аққала: - Сендер мен жайлы айтып жатқандарыңды естіп сендермен бірге ойын ойнаиын деп келдім. Дала өте суық мен тоңып бара жатырмын бірге денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
- Әрине аққала.
Тәрбиеші: Қане бәріміз аққала мен жаттығу жасап бойымызды сергітейік.

Аққала: Балалар мен сендерге тапсырма әкелдім.
Тәрбиеші: Қане аққала қандай тарпсырма әкелдіңіз көрейік.
1-тапсырма
- Тіл ұстарту жаттығуларын орындаңдар. Бұл ойын түрде.
Тәрбиеші: Мен сендерге буындар оқып отырамын сендер сол буынға арнап сөйлем құрайсыңдар.
1) Ша-ша-ша
    Жап жасыл  шырша.
2) Ар-ар-ар
    Қандай аппақ қар.
3) Ыс-ыс-ыс
    Келіп қалды қыс.
4) Лар-лар-лар
    Далада ойнаиды балалар.
5) Ла-ла-ла
    Соғамыз қардан аққала.
Тәрбиеші: Міне аққала сіздің тапсырмаңызды орындап болдық.
Аққала: Ал балалар мен далаға бара берейін мен сендерді қысқы ойынға шақырамын.
- Жарайды аққала. Сіз ендеше еріп кетпей тұрғанда қайта беріңіз. Сабақ аяқталған соң біз сізге ойнауға барамыз. Сауболыңыз!
Тәрбиеші: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса алдарыңда жүрекше пішін тұр сол жүрекшені тақтаға жымиғыштарға жапсырамыз.
Тәрбиеші: Егер ұнамаса мұңайып тұрған тақтаишаға жапсырамыз.

Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болыңыздар!





















Picture 6

«Қыс қызығы»

Тәрбиешілер : Сыздкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты: Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

«Мичурин орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Балапан» тобында - «Еңбек елдің мұраты» бағыты бойынша «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен «Қыс қызығы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінде балаларға қыс мезгілі туралы ақпарат берілді, қыс мезгілі туралы балаларға әртүрлі сұрақтар қойылды. Балалар қыс мезгіліндегі Жаңа жыл мерекесіне арнап тақпақтар айтты.

Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат « Ұстаз » сайтында орналастырылған.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!