жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім беру саласындағы жаңа нышандар Мақала
Бишенова Айжан Аульбаевна
Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Білім беру саласындағы жаңа нышандар
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. Білім-қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп-еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы-ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көреді. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныптарда тілдерді деңгейлеп оқытуда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланған. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке дамуын анықтауға мүмкіндік беретін формативті бағалау мен суммативті бағалау түрлері белгіленген. Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында , жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтуде.Оқушылар табысты оқуы үшін мұғалімдер үш компонент – білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесі қалай үйлесетінін толық білуінің маңызды екені. Демек, білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.Яғни бұл үйлесім оқушылардың табысын арттырады. Бұл білім беру бағдарламасы мен бағалау моделі белгіленген деңгейде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететінін, ал бағалау тәсілдері оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. . Білім берудің 4 дағдысын тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыта оқытудың маңыздылығын біліп, бала жадысына жеткізудің әдіс-тәсілдерін үйрендік. Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілін оқыту мен оқудың арасындағы айырмашылық неге негізделетініне көңіл аударсақ ана тілін үйрену немесе өзге тілді үйрену ұзақ оқу үрдісіне негізделеді: бір ғана айырмашылық - оны үйрену жағдайлары оқушылардың бұған дейінгі білімі жаңа тілді қабылдауын қалай қалыптастыратыны болып табылады.Тіл үйрену - белгілі бір түсінік пен білім қалыптастырып, оларды түсіну және сөйлеу үшін қолдана білу. Шетелдік ғалым (Крашен) өзге тілді үйрену барысында «табиғи тәртіп» бар деп болжаған. Яғни грамматикалық құрылымды үйрену белгілі бір реттілікпен жүзеге асады делінген.Сонымен қатар ол екінші тілді үйрену түсінікті ақпараттың қолжетімділігіне негізделеді деп болжайды. Яғни оқушылар үйренетін ақпаратпен деректер олардың өз деңгейінен үнемі жоғары болып, әрдайым ілгерлеу болып отрылуы тиіс делінген.Екінші тілді үйрену барысында тілдік қабілетті сыйпаттауда Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CTFR) кеңінен қолданылуда.Тілді меңгеру деңгейлерінде үнемелі реттілік бар: тілді жаңа үйреніп жүргендер мен өзге тілде еркін сөйлеушіге дейін. Үш деңгейде бөліп топтайды. Бастапқы деңгей, тәуелсіз дееңгей, тәжірбиелі деңгей. Әр деңгейдің өзі екі деңгейшелерге бөлінеді. Мысалы бастапқы А1 деңгейде нені білуі тиіс. Белгілі бір бағытттағы қажеттілікті қанағатттандыруға бағытталған күнделікті өмірдегі таныс сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді, қолданады, өзі таныстыра алады, сұраққа жауап береді .А2 деңгейде сөйлемдер мен сөз тіркестерін түсінеді. Қарым – қатынас жасағанда ақпарат алмасуға қажетті қарапайым күнделікті міндеттерді шеше алады. В1 жұмыста, мектепте, демалыста.. т.б. жағдайларда тұрақты түрде талқыналатын таныс тақырыптарды түсінеді. Өзіне таныс немесе өзін қызықтыра алатын тақырыптарға байланысты хабарларды түсіне алады. Өзінің көзқарасы мен жоспарын түсіндіре алады. В2 Күрделі мәтіндердің, техникалық мазмұндағы мәтіндерді талқылаулардың негізгі идеясын түсінеді. Өз ойын еркін анық білдіре алады. С1 әр түрлі тақырыптардағы көлемді мәтіндерді түсінеді. Ойын тез жеткізе алады, тілді әлеуметтік, ғылыми, кәсіби қызметінде шебер және тиімді қолданады және грамматикалық бірлікткрді меңгергенін көрсетеді. С2 кез келген оқыған хабрламаларды оңай түсінеді және қорытып талдай алады.Ойын еркін жеткізеді. Міне, қазіргі таңда тіл үйренушілерді осы деңгейге сүйеніп тілдік деңгейін анықтайды.Орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың тілдік құзіреттілігін арттыруға көмектесу.Алайда тіл үйретуде өз еліміздің құндылықтарын тәрбиелік мақсат етіп ала жүргеніміз дұрыс.Тілді үйренуде жетістікке жету білім мен түсінік бірлескен уақытта ғана қолжетімді болады. Яғни ішкі түсінік, қажеттілік қалыптаспайынша тіл меңгеру қиынға соғады. Қазіргі уақытта үш тілді қатар алып жүру қажеттілігі туындап отыр. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары тіл үйренудің төрт дағдысына баса назар аудартуы.
-
Тыңдалым сөздер мен мәтіндердің мағынасын түсіну, ауызша хабарламаларды есте сақтауға негізделеді.
-
Айтылым сөздік қорды қолдану десе де болады. Өз ойын дәлелдеп жеткізе білуі.
-
Оқылым арқылы оқушылар мәтінді оқи отырып жан-жақты талдау жасай алады.
-
Жазылым грамматикалық және сөздік нормаларды., орфографиялық қағмдаттар мен пунктуациялық нормаларды білуге негізделеді
.Жаңашыл, өміршең идеялар мұғалімдерге тың серпіліс әкелді. Сонымен қатар, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлауға, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін бере отырып, мұғалімнің бағыт беруші, сабақты ұйымдастырушы менеджер-көшбасшылық рөлімен де таныстырып отырды.Тілді меңгертуде қолданылатын 4 дағды: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым жұмыстарына оқушы қатысады. Бұл оқушы үшін өте тиімді болды. Себебі, өз бойымыздан өткізіп барып, қалыптастырған дағдыны оқушыға жеткізу әлдеқайда тиімді.Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Президенті Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Мәңгілік ел болу - біздің жарқын болашағымыз екенін және барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті.Олай болса, бүгінгі төгілген теріміз, ертеңгі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ақталады. Біз, ұстаздар, жаңаша бағдарламамен оқытуға дайынбыз деп айта аламыз, бірақ біз білеміз әлі де оқитынымызды, тәжірбие алмасып шыңдала түсетіндігімізде.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
-
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
-
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік құрал – 2000ж.
-
Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990.
-
С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген