Материалдар / Білім беру саласы:Таным,Шығармашылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру саласы:Таным,Шығармашылық

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту. Оқыту: құстарды ажыратып атарын айтуға дағдыландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2022
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Екінші кіші тобының ұйымдастыру конспекті

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Таным,Шығармашылық

Пән:Жаратылыстану, Аппликация

Тақырыбы:Құстар біздің досымыз

Өтпелі тақырыбы: Табиғат әлемі

Мақсаты:

Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Дамытушылығы:  балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Оқыту: құстарды ажыратып атарын айтуға дағдыландыру

Педагогикалық технологиялар: Сюрприздік момент,көрсету, түсіндіру ойлану, сұрақ – жауап.

Ресурстармегн қамтамасыз ету:Суреттер,желім,акқағаз,үлгі

Билингвалдік компонент: 

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер – Ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман – есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста ауа–райы қандай болады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Кім қыс айларын атап береді?

- Бізді қоршаған орта қалай аталады?

- Оған не жатады?- Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз?

- Табиғат аясында не істейміз?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады?

- Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады?

- Осы екі табиғат бір–бірімен байланысты. Бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны

Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.

- Құстар ұша алады, өйткені ...

- Құстар қоректенеді ...

- Көктемде қайтқан құстар ...

- Аяздан қорықпайды ...

- Үй құстары ...

Құстар қорғайды ...

- Құстар бір–біріне ұқсайды, ....

«Құсты және ұясын құрастыр» ойынын ойнаймыз.

(Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру)

Фонетикалық жаттығу:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)

Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)

Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауысп:

- Мынау қандай құс?

- Қандай бөліктерден тұрады?

- Құстар қайда өмір сүреді, мекендейді?

- Құстар қояннан кіші, арадан үлкен.

- Түсі ақ, қара, қызыл.

- Құстарға өмір сүру үшін не қажет? - Құстардың пайдасы мен зияны.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп

Тоқылдақ боп шоқиық

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып – ұшып алайық

Орнымызға қонайық.



- Жарайсыңдар балалар, бүгін біз осы құстардың бірі торғайдың суретін жапсырайық. Біз кеше күннің екінші жартысында алдын ала жұмыс жасап торғайдың дене мүшелерін қиып қойған болатынбыз. Олай болса балалар, алдымыздағы ыдыстағы пішіндерді алып торғайды жапсырайық.



- Балалар торғайымызды жапсырмас бұрын, мені мұқият тыңдап алыңыз, желімді қолданған кезде желімді аузымызға салып жеуге болмайды, партаға немесе үстімізге жағуға болмайды, желімді қолданып болғаннан кейін желімді ішіне қарай бұрап, аузын жауып орнына қоямыз.

Балаларды мақтау мадақтау

























Балалар торғайдың суретін жапсырады.























- Кешіреміз.







Қорытынды:



- Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?



- Құстардың қандай пайдасы бар?



- Балалар сендерге үлкен рахмет. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.







- Құстар жайлы – құстар біздің досымыз.



- Құстар ағаштарды құрт – құмырсқадан, шыбын – шіркейлерден тазалайды.

















\



Құстар бізге не үшін ұшып келеді?
- Балалар құстар екіге бөлінеді: Үй құстары және дала құстары болып.
Үй құстарына тауық үйрек, тотықұс, қаз, үйрек, көгершін.
Дала құстарына: қарлығаш, карға, торғай, сауысқан жатады.
Құстар су, дән, бидаймен қоректенеді
Құстар біздің досымыз. Себебі ол ағаштардың өсуіне зиян келтіретін құрттарды, шыбындарды жейді.
Біздер құстарға әр қашан қамқорлық жасап, ұя салып, жемін шашып жүрсек құстар бізбен дос болады.
Қонаққа көгершін ұшып келеді.
Көгершін: Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар мен сендерді тәртіпті, ақылды, адал, еңбекқор, балалар деп естідім, сендер маған көмектесіңдерші. Сиқыршы құстар әлемін сиқырлап тастады, менің достарымды қатырып жіберіпті.
- Олай болса балалар қолымызды қанат қылып жайып ұшып барайық, көгершіннің артынан ілесіп отырайық.
- Мінекей балалар құстар әлеміне де келдік.
Балалар қараңдаршы аспанда балықтар ұшып жүр бұл дұрыс па?
- Ендеше балықтарды суға жіберейік құстар әлемін қалпына келтірейік.
- Қараңдаршы су астында кілт тұр не үшін суда тұр екен?
- Жарайды жата берсін алсақ құстар ренжіп жүрер.
- Балалар бұл торғай балапандары ғой, олар жерде жатыр, ұялары да бұзылып қалыпты, кәнекей балалар жөндеп, оны ағашқа ілейікші.
- Балалар ағашта тағыда кілт ілініп тұр, не үшін оны бұл жерге кім әкелген?
- Әрі қарай жүрейікші балалар,
Қараңдар жерде құс құлап қалыпты көмектесейік, бұл қандай құс?
Сәлеметсіз бе тауыс құсы сізге не болды?
Тауыс құсы: Сәлеметсіздер ме, мені сиқырша байлап құстар әлемін сиқырлап кетті, мені босатыңдаршы.
- Біз сізге көмектесеміз.
Қараңдаршы балалар құлып тұр ғой, қанатын байлап, құлыптап кетіпті енді кілттен қайдан табамыз?
Я - я сол кілт болуы мүмкін, олай болса алып келейік.
Құлыпты кілтпен ашады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!