Білім беру үдерісінде иновациялық технологияны
қолдану
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу -
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ
ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы
да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді.
Қазіргі кезде
біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты
барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар
қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып
отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар»
ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі
ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту
технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз
байланысты.
Инновациялық
технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің
барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне
айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына
экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық
қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі
тәуелді болады.
Заман ағымына
қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер
беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып
отыр.
Инновациялық
технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің
мақсаты:
• үйренушінің
шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге
қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын
қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін
дамыту;
• оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын
арттыру;
Ақпараттық
мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып
алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана
білуі керек. . Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі
емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге,
болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды
дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады.
Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде
дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және
өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында
білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім
қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы
керек.
Елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,
оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып
отыр.
Бұдан шығатыны,
ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі –
«Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына»
қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу
болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің
кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге
жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық
технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін
жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі
шығады.
Оқыту үрдiсiнде
технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы
қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын
үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім
– оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып,
мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай
жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен
бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi
талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ
ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып
табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне –
оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу
мүмкіндіктері жатады.
Оқу процесінде
қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше
жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі
ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып
табылады.