Материалдар / Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.



Мəдениетті қоғамның қазіргі кезеңі ақпараттандыру үрдісімен сипатталады. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз — глобалды əлеуметтік процесс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру — бұл білім беру ортасын оқытудың, тəрбиенің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына бағытталған ақпараттық технологияларды қолайлы пайдалану мен өңдеу тəжірибесімен жəне əдістемесімен қамтамасыз ету процесі.



Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.



Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.



Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.



Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету əдістері. В.А.Извозчиков ақпараттық технологияны мəліметтерді жіберу, тарату, машиналық (ЭЕМ-ның көмегімен) өңдеу, информатиканың есептеуіш жəне программалық құралдарын құрудың технологиясы деп анықтайды. В.Ф.Шолоховичтің айтуынша, бұл терминнің кең мағынасы: «Ақпараттық технология деп ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу, сақтау, жіберу, жинау жəне ұсыну əдістері мен техникалық құралдардың жиынтығы түсіндіріледі» [1].



«Ақпараттық технологиялар» ұғымына ақпаратты өңдеу əдістері, ұйымдастыру-басқару тұжырымдары жəне оқу-тəрбие процесін жүргізу тəсілдері, əр түрлі ақпараттық техниканың жиынтығы кіреді. Ақпараттық технологиялардың құралдары (АТҚ) деп И.В.Роберт микропроцессорлық, есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар ақпараттық алмастырудың қазіргі заманғы жүйелері мен құралдары деп айтады.



Ақпараттық технологияларды екі жақтан қарастыруға болады: техникалық жəне педагогикалық көзқараспен. Техникалық сипаттамасына келсек, ақпараттық технологияларға жататындар: ЭЕМ, ДЭЕМ, барлық класты ЭЕМ үшін терминалды жабдықтар, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, мəтіндік жəне графикалық ақпаратты манипуляциялау құралдары жəне қазіргі ЭЕМ-нің т.б. периферийлік жабдықтары; мəліметтерді графикалық немесе дыбыстық түрінен цифрлік түріне түрлендіру құралдары; аудиовизуалды ақпаратты басқару құралдары мен құрылғылары; қазіргі байланыс құралдары; жасанды интеллект жүйелері; программалық кешендер (программалау тілдері, трансляторлар, компилляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы программалар пакеті жəне т.с.с.) жəне т.б. Ақпараттық технологияларлың құралдарына оқу-əдістемелік, нормативті-техникалық жəне ұйымдастыру материалдарымен (АТҚ-ның педагогикалық мақсатта қолданылуын қамтамасыз ететін) қатар білім беруді ақпараттандыру құралдары жатады. Ал педагогикалық көзқараспен ақпараттық технологиялар мəліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен əдістерінің қолданылуымен ұйымдастырылатын дидактикалық процесс деп түсіндіріледі.



Білім беру мекемесінде ақпараттық технологияларды қолдану оқушы мен оқытушы рөлдерін жəне олардың өзара қарым-қатынастарын өзгертеді. Мұғалім енді оқушыларының алдында ақпараттың қайнар көзі ретінде шығып тұрмайды. «Ақпаратты қайдан алу керек?» деген сұрақ «Оқушы қанша мəлімет жəне оны қандай түрде қабылдай алады?» деген сұрақпен тұлғалардың дамуын бағыттау, шығармашылық ізденістерін қолдау жəне олардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.



Компьютерлер мұғалімге барлық əлемге ақпаратты ашылған оқу сыныбында жұмыстың жаңа шарттарын құруға жəне сонымен қатар бүгінгі күнгі оқушылардың ойлау тəсілін, ол ертеңгі күннің мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп өзгертуге көмектеседі.



Əлемдегі қазіргі қоғамда əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты өзгеріп тұратын еңбек жағдайларына тез бейімделе алатын, жұмысты қолайлы, ең аз шығындармен жасай алатын адамдар тапшылығы пайда болды.



Білім беру сапасын көтерудің тиімді əдістерінің бірі ретінде білім беру процесіне жоба əдісін ендіруді қарастыруға болады. Жоба əдісі дегеніміз — оқушылар біртіндеп қиындайтын практикалық тапсырмалар — жобаларды орындау жəне жоспарлау процесінде білім алатын оқыту жүйесі. Жоба (латын тілінен projectug – алға жылжыған) — алдағы ойлаған заттың реалистік дамуы. Оқушылар жобаларының тақырыптары сол сыныпта оқытылатын оқу материалының мазмұнымен анықталады. Жоба бірнеше сабақ барысында жасалады (ұзақтығы оқушылардың жасымен жəне жобалық кестенің қиындығымен анықталады) жəне өздік шығармашылық жұмыстың орындалуын ұйғарады.



Жоба əдісін жеткілікті меңгеру үшін, алдымен «Жобалар қандай болу мүмкін?» деген сұрақ төңірегінде əңгіме қозғау қажет. Жоба əдісін жасаушылардың бірі болып табылатын американдық профессор Коллинс оқу жобаларының əлемдегі ең бірінші классификациясын ұсынды.



Ойындар жобалары — əр түрлі ойындар, халық билері, драмалық қойылымдар. Мақсаты —балалардың топтық жұмысқа қатысулары.



Экскурсиондық жобалар — қоршаған ортамен жəне жəне қоғамдық өмірмен байланысты мəселелерді мақсатты түрде зерттеу.



Мазмұндық жобалар. Мақсаты — əр түрлі формадағы — ауызша, жазбаша, музыкалық (пианинода ойын), вокалды (əн) формалардағы əңгімеден лəззат алу.



Құрылымдық жобалар — нақты, пайдалы, қажетті бір өнім жасау. Жобалардың типологиялық белгілері [2]:



Жобадағы басымды бағыт: зерттеушілік, шығармашылық, қызық оқиғалы, рөлдік-ойындық, тəжірибелі-бағытталған т.б.

Пəн-мазмұндық бөлімі: əдеби-шығармашылық, табиғи-ғылыми зерттеулер, экологиялық, тілдік (лингвистикалық), мəдени, спорттық, географиялық, тарихи, əуенді.

Жобаның үйлесімділік сипаты: тікелей, жасырын.

Байланыс ортасы (бір мектеп, сынып, қала, аудан, мемлекет, əлемнің əр түрлі мемлекеттерінің қатысушылары арасында).

Жобаға қатысушылардың саны (тұлғалық, жұптық, топтық).

Жобаны орындау ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. Бірінші белгіге сəйкес жобалардың келесі типтерін көрсетуге болады:

Зерттеушілік. Бұндай жобалардың құрылымы нағыз ғылыми зерттеуге ұқсас. Олар толығымен зерттеу логикасына бағынады. Жобалар мақсаттардың анықталған болуын жəне жақсы ойластырылған құрылымды, əлеуметтік маңыздылығын, ойластырылған əдістерді, сонымен қатар нəтижелерді өңдеу əдістерді талап етеді.

Шығармашылық. Кез келген жоба шығармашылық тұрғыдан қарауды қажет ететінін айтып кету жөн, сондықтан бұл мағынада кез келген жобаны шығармашылық деп айтуға болады. Жобаның типін анықтағанда басымды аспект ерекшеленеді. Шығармашылық жобалардың нəтижелері сəйкесінше безендірілуі тиіс. Бұндай жобалардың əдеттегідей, алдын ала ойластырылған құрылымы болмайды, ол тек белгіленеді жəне əрі қарай жоба қатысушыларының қызығушылықтары мен логикасына орай дамиды. Жоспарланатын, қажет нəтижелер туралы келісуге де болады (бірлескен газет, шығарма, бейнефильм, спорттық ойын, экспедиция т.б.).

Рөлдік, ойындық. Бұндай жобаларда құрылым тек белгіленеді де жұмыстың аяғына дейін ашық болып қала береді. Қатысушылар жоба мазмұнымен анықталатын белгілі бір рөлдерді алады. Бұлар əдеби кейіпкерлер немесе ойдан шығарылған əлеуметтік қарым-қатынастардағы кейіпкерлер болуы мүмкін. Бұндай жобалардың нəтижелері жобаның басында белгіленуі мүмкін немесе оның аяғында ғана көрінуі мүмкін. Шығармашылық дəрежесі бұл жерде өте жоғары, бірақ жұмыстың басымды түрі рөлдік-ойындық, қызық оқиғалы болып табылады.

Ақпараттық жобалар. Жобалардың бұл түрі берілген объект бойынша ақпарат жинауға, жоба қатысушыларына бұл ақпаратты жеткізуге бағытталған. Бұндай жобалар зерттеушілік жобалар секілді жақсы ойластырылған құрылымды, жұмыс барысында жүйелік түзету мүмкіндіктерінің бар болуын талап етеді.

Жоба мақсаты — ақпарат көздері (əдебиеттер, көпшілік ақпарат көздері, мəліметтер қоры, сонымен қатар электрондық, интервью, анкета толтыру жəне т.б.) жəне ақпаратты өңдеу (анализ, белгілі фактілермен салыстыру, қорытындылар) — нəтиже (мақала, реферат, баяндама, бейне т.б.) — презентация (желіде жариялану, телеконференцияда талқылау т.б.) [3].



Бұндай жобалар көбінесе зерттеушілік жобаларға интегралданады жəне олардың бір бөлігі болады.



Тəжірибелі-бағытталған (қолданбалы). Бұл жобалардың басқалардан айырмашылығы — жобаға қатысушылардың жасайтын жұмыстарының нəтижесі басынан белгіленеді. Жəне де бұл нəтиже міндетті түрде əлеуметтік қызығушылықтарға, оқушылардың əлеуметтік қызығушылықтарына бағытталған болады (газет, құжат, бейнефильм, спектакль, заң жобасы, анықтама материалы т.б.). Бұндай жоба жақсы ойластырылған құрылымды талап етеді.

Екінші белгі бойынша — пəн-мазмұндық бөлімі бойынша жобалар келесідей болуы мүмкін:



Əдеби-шығармашылық. Бұл бірлескен жобалардың ең кең таралған түрі. Əр түрлі жастағы топтардың, əлемнің əр түрлі мемлекетінен, əр түрлі əлеуметтік деңгейдегі, əр түрлі мəдени дамудағы, əр түрлі діни бағыттағы балалар бірге қосылып бір əңгіме, повесть, бейнефильм сценарийін, газетке мақала, өлең жəне т.б. жазады.

Табиғи-ғылыми жобалар көбінесе зерттеушілік болады. Олардың зерттеушілік мақсаты, тапсырмасы нақты белгіленген (мысалы, белгіленген территориядағы ормандардың жағдайы жəне оларды қорғауға бағытталған шаралар; ең жақсы кір жуғыш ұнтақ; қыстағы жолдар жəне т.б.).

Экологиялық жобалар да көбінесе басқа салалардан зерттеушілік, іздеушілік əдістерді, интегралданған білімдерді қолдануды талап етеді. Олар бір уақытта тəжірибелі-бағытталған да болуы мүмкін (қышқыл жаңбырлары; біздің ормандарымыздың флорасы мен фаунасы; өндірістік қалалардағы тарихи ескерткіштер; қаладағы баспанасыз қалған үй жануарлары жəне т.б.).

Тілдік (лингвистикалық), кең таралған, себебі шет тілдерін оқыту мəселелерін қозғайды;

Мəдени жобалар əр түрлі мемлекеттердің тарихы мен дəстүрлерімен байланысты.

Спорттық жобалар спорттың бір түрімен айналысатын балаларды біріктіреді. Бұндай жобалар барысында олар сүйікті командаларының жарыстарын; жаттығу əдістемелерін; үлкен халықаралық жарыстардың нəтижелерін талқылайды жəне т.б.

Географиялық жобалар зерттеушілік, қызық оқиғалы жəне т.б. болуы мүмкін.

Тарихи жобалар қатысушыларға алуан түрлі тарихи мəселелерді зерттеуге, белгілі бір тарихи оқиғаларды, фактілерді талдауға мүмкіндік береді.

Əуенді жобалар əуенмен қызығатын серіктестерді біріктіреді. Бұл аналитикалық жобалар немесе шығармашылық жобалар (балалар бірігіп, бір музыкалық шығарманы ойдан шығарады) болуы мүмкін жəне т.б.

Сонымен қатар бұл жобалар моно- жəне пəнаралық деп екіге бөлінеді.



1. Моножобалар

Моножоба бір пəнмен ғана шектеледі. Бұл кезде қиынырақ бөлімдер немесе сабақтар сериясындағы тақырыптар (мысалы, физика, биология, тарих жəне т.б. курсынан) қарастырылады. Бірақ моножобалардағы жұмыс бір мəселені шешу үшін басқа салалардан да білімдерді қолдануды қажет етуі мүмкін. Бірақ мəселенің өзі физикалық немесе тарихи білімде т.б. жатыр. Бұндай жобалардағы жұмыс əдетте сабақтан тыс уақытта тұлғалық немесе топтық жобаларда жалғасуы мүмкін.



2. Пəнаралық жобалар

Пəнаралық жобалар əдетте сыныптан тыс уақытта өткізіледі. Бұлар — бірнеше пəнді қатыстыратын жобалар.



Үшінші белгі бойынша — үйлесімділік сипаты бойынша жобалар келесідей болуы мүмкін:



Тікелей (ашық). Бұндай жобаларда жоба үйлестірушісі өзінің функциясын орындай отырып, қатысушылардың жұмысын бағыттап отырады.

Жасырын. Бұл жобаларда жоба үйлестірушісі өзін айқындамайды. Ол жобаның тең құқылы қатысушысы ретінде шығады.

Байланыс ортасына сəйкес жобалар əр түрлі типті болады: ішкі немесе аймақтық (бір мемлекетте), халықаралық (жоба қатысушылары əр түрлі мемлекет өкілдері болады).



Жобаға қатысушылардың санына байланысты жобалар келесі типті болады:



Тұлғалық (əр түрлі мектепте, аймақта, мемлекеттегі екі адам арасында).

Жұптық (қатысушылардың жұптары арасында).

Топтық (қатысушылардың топтары арасында).

Жобаны орындау ұзақтығына байланысты жобалар келесідей болуы мүмкін:



Қысқа мерзімді.

Орта мерзімді (ұзақтығы бір аптадан бір айға дейін).

Ұзақ мерзімді (ұзақтығы бір айдан бірнеше айға дейін).

Əдетте қысқа мерзімді жобалар жеке пəн бойынша сабақтарда өткізіледі, кейде басқа пəн материалын қажет етеді. Ал орта мерзімді мен ұзақ мерзімді жобаларда — қарапайым немесе телекоммуникациондық, ішкі немесе халықаралық жобаларда үлкен бір мəселе немесе бір-бірімен байланысты бірнеше мəселелер қарастырылады.



Жобалық жұмыстың орындалуы оқушыларда белгілі бір қасиеттер, шеберліктер мен біліктіліктер жиынтығының бар болуын талап етеді. Олардың ең маңыздыларын атап өтелік [4].



Қасиеттер:



өзбеттілік;

бастамашылдық;

мақсатты дұрыс қоя білу;

креативтілік.

Шеберліктер мен біліктіліктер:



зерттеушілік: идеяларды генерациялау; жақсы, тиімді шешімді таңдау;

əлеуметтік өзара қарым-қатынас: оқу процесіндегі əріптестік, жолдастарға көмек көрсету жəне олардың көмектерін қабылдау, бірлескен жұмыстың жүруін қадағалау жəне оны керекті бағытқа түсіру;

бағалау: жүрісті жəне өзінің, басқалардың жұмыс нəтижелерін бағалау;

ақпараттық: қажетті ақпаратты өз бетімен іздеу; қандай ақпарат немесе қандай шеберліктер жетіспейтінін анықтау;

презентациялық: аудитория, көпшілік алдында сөз сойлеу; əртістік мүмкіндіктерді көрсету; жоспарланбаған сұрақтарға жауап беру; алуан түрлі көрнекілік құралдарды қолдану;

рефлекстік: «Мен не үйрендім?», «Маған нені үйрену қажет?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру; ұжымдағы өз рөлін дəл, пара-пар таңдау;

басқарушылық (менеджерлік): процесті жобалау; жұмысты, уақытты, ресурстарды жоспарлау; шешімдер қабылдау; ұжымдық жобаны орындау кезінде міндеттерді бөліп үлестіру.

Жоғарыда аталған қасиеттер, шеберліктер мен біліктіліктердің барлығы оқушыда бірден болмауы мүмкін. Олар белгілі бір жұмыс кезінде, біздің жағдайымызда жобалық жұмыс кезінде, қалыптасады. Яғни біздің мақсатымыз — жобалық жұмысты ұйымдастыру.



Бұл əдістің негізін салушылардың бірі — профессор Килпатриктің пікірінше, «жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын жəне оны орындай алатын, үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тəрбиелеу» болып табылады. Жобалық əдістің тартымдылығы, негізінен жұмыс процесінде (жоба бойынша) оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта түсуінде. Оқушылар өз жұмыстарының нəтижелерін бағалауға жəне жоспарлауға үйренеді. Бұл əдетте оқуға деген қызығушылықтың артуына əсер етеді жəне оқыту нəтижелерін жақсартады.



Жобалау кезеңдері:

Дайындық.



Мақсатты анықтау кезеңі.



Жұмыстың мазмұны: тақырыпты анықтау, бір немесе бірнеше мəселелерді анықтау, соңғы нəтиже мақсаттарын нақтылау, жұмыс топтарын таңдау.



Оқушылар əрекеті: ақпаратты нақтылайды, тапсырманы талқылайды, мəселелерді анықтайды.



Мұғалімнің əрекеті: оқушыларды ниеттендіреді, жоба мақсаттарын дұрыс анықтауға көмектеседі, бақылап отырады.



Жоспарлау кезеңі.



Жұмыстың мазмұны: мəселенің анализі, гипотезалар ұсыну, гипотезалардың əрқайсысын негіздеу, ақпараттың қайнар көздерін, оны жинау жəне анализдеу тəсілдерін анықтау, тапсырмалар қойылымы жəне нəтижелерді бағалау критерийлерін таңдау, топтағы рөлдерді бөліп, үлестіру.



Оқушылар əрекеті: мəселелерді шешу гипотезаларын ұсынады, тапсырмаларды қалыптастырады, ақпараттың қайнар көздерін анықтайды, өздерінің сəттілік критерийлерін таңдайды жəне дəлелдейді.



Мұғалімнің əрекеті: анализдеуге жəне синтездеуге көмектеседі, бақылап отырады.



Шешімдер қабылдау кезеңі.



Жұмыстың мазмұны: қабылданған гипотезаларды тексеру əдістерін талқылау, қолайлы нұсқасын таңдау, нəтижені ұсыну тəсілін анықтау, ақпаратты жинау — интервью, сұрақтар, бақылаулар, тəжірибелер.



Оқушылар əрекеті: тексеру əдістерін талқылайды, қолайлы нұсқасын таңдайды, ақпараттың қайнар көздерін нақтылайды.



Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, кеңес береді, ақыл айтады, жанама жүргізеді.



Негізгі.



Жобаны орындау кезеңі.



Жұмыстың мазмұны: гипотезаны растайтын немесе жоққа шығаратын қажет ақпаратты іздеу, жобаны орындау.



Оқушылар əрекеті: ақпаратпен жұмыс жасайды, зерттеулер жүргізеді, идеяларды синтездейді жəне талдайды, жобаны безендіреді.



Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, анализ процесін бағыттайды (егер бұл қажет болса). Əрбір оқушының жобалық жұмысының ағымдық бақылаудың жеке карталарын құрастырады жəне толтырады.



Қорытынды.



Жобаны қорғау кезеңі.



Жұмыстың мазмұны: а) баяндама дайындау жəне безендіру; б) жобалау процесін негіздеу; в) алынған нəтижелерді түсіндіру, жобаны ұжыммен қорғау.



Оқушылар əрекеті: жобаны қорғайды.



Мұғалімнің əрекеті: бақылап отырады, қорғау процесін бағыттайды (егер қажет болса), қатарлы қатысушы рөлінде сұрақтар қояды.



Нəтижелерді тексеру жəне бағалау кезеңі.



Бағалаудың негізгі критерийлері К е с т е



Жұмыстың мазмұны: жобаның орындалуын, қол жеткізген нəтижелерді (сəттіліктер мен сəтсіздіктер) талдау, қойылған мақсатқа жетуді талдау, нəтижелерді бағалау, жаңа мəселелерді айқындау.



Оқушылар əрекеті: жобаны ұжымдық түрде өз-өзін талдау жəне өз-өзін бағалау. Мұғалімнің əрекеті: жоба нəтижелерін ұжыммен талдауға жəне бағалауға қатысады.



Жобаны бағалау



Жобаны бағалау критерийлері түсінікті болуға тиіс, олар 7–10-нан аспауы керек. Презентация ғана емес, барлық жасалған жұмыстың сапасы бағалануы тиіс [5].



Мұғалімнің позициясы: энтузиаст, маман, кеңесші, жүргізуші, «сұрақтар қоятын адам», координатор; мұғалімнің позициясы жасырын болуы тиіс.



Егер педагогтың міндеті жобалауға үйрету, оқыту болып табылса, онда жоба əдісі бойынша жұмыста назарды ең басты оқушы мен мұғалімнің бірлескен əрекеттерінің нəтижесіне емес, сол нəтижеге қол қандай жолмен жеткеніне аудару керек.



Жобаны бағалау кезінде жобаның типін, оның тақырыбын (мазмұнын), өткізу жағдайларын ескеру қажет. Жоба нəтижесі көбіне жеке кезеңдерді дұрыс ұйымдастырғанға тəу

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!