Баяндама
тақырып: Білім
беруде электрондық оқыту жүйесін енгізу.
.
Проблемалық
тақырып:
Ұлы тұлғалар
есімдері арқылы оқушының әлеуметтік,ақпараттық
өзін-өзі дамыту құзыреттілігін
қалыптастыру және іс-тәжірибеде қолдану.
Өзектілігі:
Тарих туралы білім
негіздерінің мазмұнын айқындауға,
жетекші идея ретінде жалпы адамзаттың
және ұлттық құндылықтарды, олардың
өзара байланысын бірін-бірі толықтыруын
нақты өмірмен байланыстыру.
Мақсаты:
Дамыта
оқыту
үрдісіндегі
жаңа
ақпараттық-
технологиямен
оқыту
әдіс-тәсілдерін
қолдану
және
жан-жақты
шығармашылық
іс-әрекеттерін
жандандыру.
Міндеттері:
1.Танымдық
құзыреттілігін арттыра отырып,
шығармашылық қабілетін дамыту.
2.Тарихи әдеби
шығармаларды оқуға ынталандыру
3.Оқушылардың
шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын
қабілеттерді ашу,жан-жақты дамытатын
әр түрлі белсенді оқыту әдіс -тәсілдерді
кеңінен қолдану.
4.Тапсырмаларды
күрделі дәрежеде орындату арқылы,оқушылардың
білімін саралауды ұйым дастыру
Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында біздің
республикалық білім жүйесі әлемдік
деңгейімен үндеспей отырғандығына
көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына
биік міндеттер жүктейді.Оқушыға
білім,білік,дағдыларын беріп қана
қоймай,ол тез өзгеріп тұратын нарық
жағдайына бейімделе алатын,түрлі
ақпараттарды өзі іздеп тауып,оны тиімді
пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу
қазіргі заманның маңызды талабы.
Жаңа заман талабына
сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту,
технологиялық процестерді үздіксіз
қолдану арқылы ғана үйреткенде оқушылардың
алған білімі мен біліктілігі жаңаша да
шынайы, нақтылы қалыптасады.Қазіргі
өркениет ғылыми- техникалық революцияның
қарыштап дамуы, Елбасы жолдауындағы
мемлекет мәртебесінің дүниежүзілік
додада көш ілгері болып,мемлекетті
басқарудың электрондық жүйесін біртіндеп
іске асыру өмір талабы деп түсінсек,тарих
пәнін оқытуда ақпараттану құралдарының
алатын орны ерекше.
Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру,білім
сапасын көтеру-әрбір пән мұғалімінің
негізгі мақсаты оқушылармен қазіргі
заманға сай ақпараттық технологияны
меңгеріп,қашықтықтан оқыту,ғаламторға
шығу, сондай-ақ,электрондық кітапшалармен
жұмыс жасау арқылы үлкен нәтижеге жетуге
болатыны белгілі.
ХХІ ғасыр-ақпараттық
технология ғасыры.
Қоғамды ізгілендіру
оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту
процесінде ақпараттық технологиялар
маңызды рөл атқарады.
Оқытуда жаңа және
үнемі даму, жетілдіру үстіндегі
компьютерлік технологияларды қолдану
оқыту әдістемесінің формалары мен
әдістерін өзгертті.Ақпараттық
технологиялар практика жүзінде барлық
мамандық салаларына байланысты пәндерді
оқытуға қатысты.Олай болса,тарих пәнінің
мұғалімі де компьютерді жетік меңгеріп,
информатикадан хабары болу қажет.Тарих
ғылымы өте қызықты да күрделі.Пәнге
қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың
күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын
ұғындырып,сапалы білім беру мұғалімінен
үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен
техника жаңалықтарын, яғни жаңа
педагогикалық технологияларды әр
сабағында тиімді қолдануды талап
етеді.Бүгінгі таңда қолданылып жүрген
электронды оқулықтың оқушыны білім
қорымен қаруландырып қана қоймай,танымдық
белсенділігін арттыруда алатын орны
ерекше екендігі күнделікті сабақ
барысында байқалып жүр.Мектебімізде
тарих пәні бойынша 5-9 сыныптарға арналған
оқулықтар бар.Бұл оқулықтар білім
стандарты мен оқу бағдарламасының
талаптарына сай жасалынған.Осы оқулықтарды
өз сабақтарымызда пайдалану барысында
оның көптеген артықшылықтарына көзіміз
жетті.Қосымша тапсырмалары арқылы
электронды оқулық өз қолымыздағы оқу
құралдарын толықтырады.
Компьютерде
электронды оқулықты пайдаланып,шығармашылық
ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы өз
біліктілігін арттыратын ақпараттармен
танысып, ой өрісін кеңейтуге жол
ашады.Тарих пәні бойынша карталардың
жетіспеушілігі,ұлы тұлғалар туралы
мағұлматтар,олардың суреттерін табу
кейде қиындық келтіріп жатады.Міне осы
орайда электронды оқулықтың көмегін
пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту
желісі арқылы оқушыларымыз өз бетінше
жаңа фактілер ашып,жаңа ұғымдар
табады.Әрбір ізденіс жұмыстарын
жүргізгенде оқушы өзін жаңалық ашушы
ретінде сезініп, білімге деген құштарлығы
артады.
Жаңа ақпараттық
технологияны пайдалана отырып электронды
оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер
мыналар болмақ:
-түрлі анықтамалық
ақпараттар алады
-оқушылар өздігімен
білім алады
-пәнге қызығушылығы
артады
-оқушының шыармашылық
ізденісі жоғарлайды
-қосымша терең
білім алады және өзін-өзі тексереді
-тақырыпқа қажетті
бейне көріністі тамашалап,талдайды
-дидактикалық
материалды қолдану тиімділігі артады.
-деңгейлік тапсырмалар
орындайды.
-тесттік тапсырмалар
шешеді.
Жаңа ақпараттық
технологияның көмегімен ғаламтор арқылы
қашықтықтан өздігінен білім алуға
үйрету.Сондықтан оқушыларға «Ашық
энциклопедия» сайты, «Мен қазақпын»
сайты, «Алаш» kz,тарихи- этнологиялық
ғылыми порталы , «Абай» kz , «Адырна»
ұлттық- этнографиялық порталы сайттары
арқылы оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Бүгінгі заманның
ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиясын игеру орта мектеп
мұғалімдерінің басты міндеті.Оқытудың
компьютерлік технологиясының
мақсаты-ақпаратпен жұмыс істей білуді
қалыптастыру және қатынас қабілетін
дамыту, ғаламтор желісін пайдалана
білу, «ақпараттық қоғамға» түбегейлі
бет бұрыс жасау.Ғаламтор желісін
пайдаланып ақпараттық технологияның
бірнеше артықшылықтары бар:
1.Оқушылардың таным
дық мүмкіншілігін өсіреді
2.Оқыту үрдісінде
оқушының өзінің қатысуы оның ойлау
қабілетін арттырады
3.Оқушының өмірдегі
тарихи құбылыстарды, оқиғаларды өзінше
бағалауға, талдауға бейімдейді.
Ал тарих сабақтарында
көрнекі құралсыз оқушыларды сабаққа
ынталандыру олардың,алған білімдерін
тиянақты,баянды болуы қиын.
Қорыта айтқанда
«Өткен күннен алыс жоқ,келер күннен
жақын жоқ» -дейді халық мақалы.ХХІ
ғасырдағы тарих сабағы бізден жаңа
дәуірдің міндеттерін айқындап,шұғыл
іс-шаралар жүргізуді талап етеді.