Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім берудегі ақпраттық-коммуникациялық технологияларды дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама ақпараттық технология туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берудегі ақпраттық-коммуникациялық технологияларды дамыту.

Ақтөбе қаласы ,Ақтөбе облысы

«№19 мектебі» КММ

Косжанова Шамшия Маралбековна

Қазіргі заман талабына сай білім саласында да көптеген өзгерістер орын алуда.‹‹Заманның түлкі болса,тазы боп қу›› демекші,қоғамда өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылды.Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ‹‹XXI ғасыр-ақпараттандыру ғасыры›› деп аталады.Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Қоғамды ақпараттандыру-экономиканың,ғылымның,мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.Осы мәселені шешудегі басты рөл білім ордаларына жүктеледі.Себебі отанымыздың болашағы өскелең ұрпақта.Сол себептен де жаңа технологиялар арқылы білім мен тәрбие беру ісі қолға алынды.Білім беруді ақпараттандыру үрдісі білім,тәрбие беру идеяларын жүзеге асыруға,оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға,оның сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.Атап айтқанда,әр түрлі педагогикалық өнімдері,яғни электрондық оқулықтар,мультимедиялық оқыту,интерактивті тақтаны пайдалану әдісін белсенді түрде қолдана отырып,дәстүрлі жүйені жаңа жүйемен саналы турде байланыстыратын ізденісі күрделі мәселе.Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау,сақтау,өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.Коммуникация-ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.Міне,осы ұғымдарды біріктіре отырып оқушыларға инновациялық білім беру алдымен педагог кадрларға жүктелді,Осы ауыр жүкті алып жүру үшін ұстаздар ақпараттық технологиялардың қыр-сырын ашып,алдымен өз білімдерін шыңдай түсті.Соның нәтижесінде оқушылар білім ордаларында интерактивті тақтамен сабақ өтіп,интернет желісінен ақпарат алып,оңай тәжірибе алмасуға үйреніп келеді.Бірақ көптеген ауыл мектептерінде,тіпті кейбір қала мектептерінің өзінде де ақпараттық құралдармен жабдықталған оқу бөлмелері өз деңгейінде жұмыс жасамай отыр.Себебі,ақпараттық құралдармен жұмыс жасауда кейбір ұстаздардың білімінің жетіспеушілігінен.Бұл олқылықты жоймайынша еліміздегі барлық балалардың бәсекеге қарсы тұратын тұлға болып шығуына ешкім кепілдік бере алмайды.Ал,бұл мәселені шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға болады:



Бірінші-педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін,ақпараттық мәдениетін дамытуда бағытталған біліктілік көтеру курстары.Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып,сол бағдарлама бойынша білім беру ұйымдарының өзінде жұмыс бағдарламалары жасалып,облыстық,республикалық деңгейде жүруі керек.Мұғалідер білімін жетілдіру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет.Ол курстарды ұйымдастырушылар мен онда дәріс оқитын педагог кадрлардың біліктілігін көтеру-ол өз алдына бөлек әңгіме.



Екіншісі-білім беру ұйымдарындағы педагог –кадрларға әкімшілік тарапынан қойылатын талаптар.Талап қатаң,дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлік-библиографиялық сауаттылығы мәселесі,ұйымдағы педагогикалық қауымдастық,педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялауға деген ұмтылыс,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы психологиялық кедергілерді жою,қызығушылық мәселелері де өзінің оң шешімін табары сөзсіз.Тағы бір айта кететін мәселе-педагог-кадрларды мерзімді аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесіне ақпараттық мәдениет деңгейін есепке алуға негізделген талаптарды белгілеп,енгізу қажет.



Үшінші-білім беру ұйымдарында,оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы.Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді.Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей,білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды.Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.

Сондымен,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесінде қолдануға байланысты педагог-кадрлардың біліктілігін көтеру қазіргі кезеңде білім беруді ақпараттандырудың маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр.Бұл маңызды міндетті шешпейінше,білім беру ұйымдарының техникалық базасын нығайту,компьютерлерді желілерге қосу,электронды оқу құралдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейді.Әрине бұл қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамымай жатыр деген сөз емес.Қазірдің өзінде көптеген электронды оқулықтар шығарылып,мектептер ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықталуда.Бірақ толықтай деп айта алмаймыз.Оны толықтыру түсу үшін барлық педагогтар өз тәжірибелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өз дәрежесінде қолдана отырып,шығармашылықпен жұмыс жасап,әрі қарай дамыта түсу қажет.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12