Білім берудегі жаңа үдеріс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім берудегі жаңа үдеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Жоспарымды іске асыру мақсатында әр сабағымда жүйелі орындауға көп көңіл бөлдім. Бұл талаптарды орындау үшін бүгінгі таңда Кембридж тәсілінің теориялық негіздері қол жеткізген жетістігім болды. Әр сабақты тиімді ұйымдастыру барысында жан-жақты тәжірибе жинақтап, оқушы жүрегіне жол таба білетін әдістерді үйрендім десем артық айтпаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы

«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Спатаева Фарида Асқарқызы


Білім берудегі жаңа үдеріс


«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді.

Жоспарымды іске асыру мақсатында әр сабағымда жүйелі орындауға көп көңіл бөлдім. Бұл талаптарды орындау үшін бүгінгі таңда Кембридж тәсілінің теориялық негіздері қол жеткізген жетістігім болды. Әр сабақты тиімді ұйымдастыру барысында жан-жақты тәжірибе жинақтап, оқушы жүрегіне жол таба білетін әдістерді үйрендім десем артық айтпаймын.

Мектебімізде үш айлық курсты оқып келген ұстаздардың үйымдастыруымен «Ізденген жетер мұратқа» атты апталығы өтті. Апталық барысында бірнеше мұғалімдер әртүрлі іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ Арысбаева Айша сынып сағатын, Ануарбекова Ардақ ашық сабақ, Жұмахметова Айгүл ашық сабақ, Аймағамбет Таңшолпан мұғалімдермен коучинг, Култанова Жанар ашық сабақ, Базарбаева Камшат тренинг, Құрамбекова Гүлнар, Ақылбекова Қарлығаш, Шавенова Ләззат ашық сабақ өткізді. Осы ұстаздардың бойынан ерекше дарындылық пен шығармашылық қасиеттерді көруге болады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары арта түскенін байқауға болады.

Әрқайсының бойында Шульманның «Үш көмекші» - деп атаған қасиеттері, мұғалімге тән белгілері бар, бұл қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады, сонымен қатар нәтижесі де нақты, сапалы болмақ.

Сабақ барысында оқушыларды еркін ұстауға үйретумен қатар қызықтыра оқытпақпыз, келешекте шәкірттері сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жетуіміз қажет. «Бүгінгі сабақ қалай болар екен, ұстазымыз не айтар екен?»- деген құштарлық оқушы бойында қалыптасса еңбегіміздің жанғаны емес пе! Оқушыларды сабаққа қызықтыра білмесек, олардың білімге деген ынтасын жоғалтамыз.

Қорыта келгенде болашақта оқушылармен жұмысты жаңаша оймен, ерекше сезіммен, жақсы көңіл-күймен өткіземіз деген ойдамын.



Әріптестеріме сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.03.2018
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі