БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ- САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ- САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің мақсатымыз - келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік-бәрінен қымбат» атты мақаласынан
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ- САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ.

Ашимов Марат Жанысбекович, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы


Біздің мақсатымыз - келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік-бәрінен қымбат»

атты мақаласынан


Дене шынықтыру мен спорт тарихы үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға ие. Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тәрбиелейді, отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуын ілгерілетеді. Бүгінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде дайындалған білім беру бағдарламаларымен жас спортшыларды дайындайтын оқу орны «Мемлекеттік білім беру органдары айқындайтын білім беру стандарттарын сақтай отырып, дене шынықтыру және спорт саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жас спортшыларды даярлау» жұмыс миссиясына сәйкес, әрбір білім алушының өзіндік ерекшеліктерін дамыта отырып, оларға таңдаған спорт түрімен айналысуға қолайлы жағдай жасау, спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервке сапалы спортшыларды даярлау мақсатында жұмыс жасайды .

2024 жылы мектеп-интернат-колледжінің спортшылары ел чемпионаттары, республикалық және халықаралық ірі ресми жарыстарға қатысып, 51 спортшы әр деңгейдегі халықаралық және 94 спортшы республикалық , сондай-ақ 155 спортшы облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысты. Нәтижесінде жеңіс қоржынына 148 медаль, оның ішінде 55 алтын, 37 күміс, 56 қола жеңіп алды.

Осы жылы жазғы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын бекіту туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2023 жылдың 19 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес спорт түрлері бойынша мектеп-интернат-колледжінен Қазақстан Республикасының құрама командасына 40 спортшы енді. Оның ішінде 5 спортшы жастар құрамасына, 35 спортшы жасөспірімдер құрамасына енді. 2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 11 спортшы спорт түрлері бойынша «Спорт шеберіне кандидат» нормативтерін орындады.

Жыл сайын спортқа бейінді мақсатта қабылданған спортшыларға спорттың қыр-сырын үйретіп, кәсіби жаттықтыратын тәжірибесі мол кадрлардың рөлі өте маңызды. Себебі спорттың да әр түріне сәйкес әр қырынан игертудің өз қиыншылықтары бар. Спортқа баулитын жаттықтырушы мамандар үшін ортақ қасиеттер- арнайы теориялық білімі болуымен қатар спорттық шеберлікті қажет етеді,бұл қасиеттер жаттықтырушылардың өз бойларынан табылса ғана олар жас спортшыларды дайындауда кез-келген қиындықты жеңе алады және жеңіске де жетеді. Бүгінде осы саланың тәжірибелі мамандары спорт жеңімпаздарын дайындауды тиімді ұштастырып, еліміздің келешек чемпиондарын даярлауға қомақты үлестерін қосып отыр. Өздерінің күш-жігерін жастайынан спортқа арнап, «чемпион» болуды армандап келген жастардан «жеңімпаздар» қалыптастырып, спорттық дағдысын уақытылы шынықтырып жүр. Олар балаларды батылдық пен батырлықты қатар алып жүретін спорттық өмірге дайындайды. Сондай-ақ мектеп-интернат спортшы болуды қалаған баланы тек спортпен қаруландырып қана қоймай, оқу мен еңбекке деген жауапкершілігі мен шыдамдылығын қалыптастырып, төзімділігі мен шыншылдық қасиеттерін шыңдайды. Балалар таңнан жаттығуға дағдыланып, кешін жаттығумен жалғастыратын үлкен еңбекке ден қояды. Бала үшін өздерінің жаттықтырушылық лауазымына адал атқарып жатқан 18 жаттықтырушы бар. Олардың ішінде: ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы -1 , біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы –6, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы –3, сонымен бірге екінші санатты жаттықтырушы –6. Осылардың ішінен «Жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №100 бұйрығына сәйкес 15 жаттықтырушы аттестациядан өткен.

Спорттық мектеп-интернаттың жұмыс миссиясын жүзеге асыруда негізгі спорттық білімнің кілті «жаттықтырушыларда» деген ойдамын, себебі жас спортышылар даярлауға бағдарланған әр жұмысымыздың барысында мектеп-интернат ұжымы оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы туындайтын мәселелер туралы бірлесіп пікірлесу барысында анықтап, шешу жолдарын ұжымдық қарастыруға дағдыланған. Оқыту процесінде білім алушылардың білімді ізгілендіру, яғни жарыстан келген білім алушыларға қосымша сабақтар жүргізу, білім беруге қажетті пәндік құрал-жабдықтар мен оқулықтарының түгел болуы, олардың мектеп-интернатта жайлы білім алуына барынша қолайлы орта жасау, атқарылып жатқан жұмыстарды білім беру ұйымының тарапынан күнделікті бақылау талап етіледі.

Бүгінде болашақ спортшылардың тәрбие жұмысының сапалы ұйымдастырылуы да назардан тыс қалмайды.

Сапалы білім берумен қатар саналы тәрбие беру- білім саласында қатар жүргізілетін процесс. Дені сау ұрпақты спорттық біліммен қаруландыра отырып, еліміздің қарқында дамуына тамшыдай болса да үлес қосу- біздің азаматтық қасиетті борышымыз екендігін білеміз. Өйткені, кез-келген өркениетті елдің дамуы жастардың білімдері мен сол білімді күнделікті өмірде қолдануда жеткен жетістіктерімен өлшенеді.



Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік-бәрінен қымбат» атты мақаласы.

2.Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. - Алматы, 2016. – Б. 13-22.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі