БІЛІМ БЕРУДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ КӨЗҚАРАСЫМ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ КӨЗҚАРАСЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің өмірлік ұстанымым - халқыма адал қызмет ету. Сол мақсатта ұстаздық мамандықты таңдадым. Ұстаз деген ұлағатты ұғым, ол шәкіртерін аялап, өз уақытысын аямайды.Мен білім беруде әр балаға өзінің ерекшелігіне сай сабақты бойына сіңіруге тырысамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ КӨЗҚАРАСЫМ

Әділханова Назерке Абайқызы

«Көркем сурет балалар мектебінің»мұғалімі


Менің өмірлік ұстанымым - халқыма адал қызмет ету. Сол мақсатта ұстаздық мамандықты таңдадым. Ұстаз деген ұлағатты ұғым, ол шәкіртерін аялап, өз уақытысын аямайды.Мен білім беруде әр балаға өзінің ерекшелігіне сай сабақты бойына сіңіруге тырысамын. Сабағымды қазіргі заманауи ағымның заңдылықтарына байланысты жүргіземін. Сабақты мазмұнды және қызықты өткізу үшін мен көп ізденіс жасаймын.

«Ұстаз дегеніміз кім? » заманауи мұғалім қандай болуы керек? бұл мамандық несімен құнды? деген сұрақтарға әр кез жауап іздеп келемін. Ең бастысы, шәкірт жүрегіне жол табу, ұстаздық шыңның асқары болып саналады. Әр бала жеке тұлға, олардың әр-қайсысына әртүрлі тәсіл қажет.Бүгінгі таңда ұстаз шәкіртіне білім беріп қана қоймай, оны әлемдік білім, заманауи технология кеңістігіне шығаруға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу қажет. Себебі әлем қас-қағым сәтте өзгеріске ұшыраған кезде қоғам мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты талап етеді.

«Біз білім, ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ өз мақсатымызызға жете алмаймыз». «Барлығы мектептен,ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады». Ауыл мектебі- зиялылық пен зияткерліктің, дарындылықтың қайнар бастауы,ұлттың күре тамыры екенін біз әр кез ұмытпауымыз қажет. Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай «Білімдінің қолында - алтын шырақ»-демекші, қоғам талабына сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сай білімі бар ұрпақ тәрбиелеу қазіргі заман мұғалімінің басты міндеті.

Олай болса, тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбелейтін қазіргі заман ұстазы қандай болуы керек?

Ол терең кәсіби маман, барлық рухани күш-жігерін,парасат қуатын шәкірт бойына сіңіруге арнайды. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше күш-жігер. Сондықтанда ұстазды әр баланы жан дүниесін танып білуші, әрі оның жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, оның өз-өзін тануына жол ашу, бойындағы қасиетті зерделеп, жалпы жақсы нәтижеге жете білу үшін өз мамандығыңды өте жақсы көруің керек.Уақытпен санаспау қажет және төзімділік керек.Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.Мұғалім күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеуші. Осы қағидаларды ұстанған ұстаз, шәкіртінің сый – құрметіне бөленетіні сөзсіз.

Шәкірт тәрбиелеу білім саласының негізгі мақсаты. Осы орайда елімізде «Балалар жылы» болып жариялануы соның дәлелі.

Ақын Абай атамыз айтқандай-

Ақырын жүріп анық бас,

Ееңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға. -деген өлеңінде ұстаз еңбегіне орынды баға берген. Мен өзімнің ұстаз болғанымды да ,шәкірттерімді де үнемі мақтан етемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2023
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі