400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ ОЙЫН жайлы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Арқалық қаласы Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектеп









Shape1




Тақырыбы:

БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ ОЙЫН





Құрастырға:

Шыңғысова Шарбану Алпысбаевна



Балалық шақ –бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез.Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап ізгілік,мейірімділік,инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата аналар мен ұстаздардың міндеті .Балалардың жанжақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.Ойын –балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құралы.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп,таным белсенділігі арта түседі. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы өзгеріп отырған кезеңде тұлғаға бағдарланған ойын технологиясының алар орны ерекше.
Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор.
Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. Сондай ойындардың бірі – «Ойлан, тап!» жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады. Музыкалық-дидактикалық ойын. Ойын мақсаты. Тоқсан бойынша тыңдалған әндер мен күйлерді тыңдатып, сазгерлер мен шығармаларының аттарын ажырата білуге дағдыландыру. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген т.б.) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешімін дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн. Музыка сабағында әрбір оқушының жеке тұлғалық (психологиялық, мінез-құлық, қабілет, мүмкіндік т.б.) ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі музыкалық- дидактикалық ойындар қатарын таңдап алған жөн. Бұл ойындар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында негіз болатын оның өзін-өзі сезінуі, психикалық процестерінің дамуына бағытталып, сабақ үстінде, сергіту сәттерінде және сабақтан тыс кездерде жүргізілді.
Мысалы, жүйелі жүргізілген ойындар кезінде төмендегідей ойындар жүргізілді.
Эмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға
бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан”, “Ноталар”, “Кім немесе не үні екенін тап”,
“Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”, “Көңіл-күйді көрсет”,
“Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б.
Жеке тұлғаның адекватты өзін-өзі бағалауды дамытуға бағытталған ойындардан «Сақина»,
“Үндемес”, “Отырып-отырып жалықтым”, “Ертегі құрастырамыз”, “Ақындар бізде қонақта”,
“Судан балық аулайық”, “Би”, “Алма теру”, “Сазгерлер” т.б .
Қабылдауды дамытуға арналған ойындардан «Әуенге не жетіспейді?», «Не бейнеленгенін
анықта?», «Аспаптарды боя», «Шығарма әуенін сызықтар арқылы беру» т.б.
Есті дамытуға арналған ойындардан «Тыңда да таны», «Әуенді есте сақта» т.б.
Ойлауды дамытуға арналған ойындардан «Төртіншісі артық», «Музыканы салыстыр»,
«Әуенді аяқтау», «Артық нотаны тап», «Әуен құра» т.б.
Зейінді дамытуға арналған ойындардан «Не өзгерді?». Яғни,
ойын бала тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы.
Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.
Қорыта келе, бүгінгі таңда дидактика саласындағы негізгі мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгермегенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.10.2018
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі