Материалдар / БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңдатпа Мақалада əлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі əлемдік бəсекелестікті барынша күшейте түскендігі жəне педагогті толғандырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту мəселесі» жайлы айтылады. Осы мəселені шешуде Кембридж университетімен бірлесіп əзірленген бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі көрсетіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
778
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

Масакбаева С. С.

31жалпы орта білім беретін орта мектеп

Семей қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Мақалада əлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі əлемдік бəсекелестікті барынша күшейте түскендігі жəне педагогті толғандырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту мəселесі» жайлы айтылады. Осы мəселені шешуде Кембридж университетімен бірлесіп əзірленген бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі көрсетіледі.

Аннотация

В данной статье говорится о проблемах обновления содержания образования, что волнует учителей, когда в современном мире с огромной скоростью развивается тенденция глобализации и мировое соперничество. В решении этой проблемы важную роль сыграли курсы повышения квалификации учителей РК, проводимые по совместной программе с Кембриджским Университетом.

Abstract

In this article refers to the problems of updating the content of education, that teachers care when in modern world with great speed a growing tend of globalization and international competition. In solving this problem an important role, as they say in the present study, played a refresher course for teachers Republic of Kazakhstan, compiled by program of the Cambridge

University.

Қазыргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан əлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мəселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек жəне де екіншісі ол да маңыздылығы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1, 5- б].

Иə, бұл оңай сұрақ емес, жиырма төрт жылдан бері жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне араласып жүргендіктен, осы сұрақ тікелей маған қойылғандай əсер алдым. Өз тəжірибемді қалай жетілдірсем жұмысым нəтижелі болады деп жүрген жандардың бірі едім, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы көкейде жүрген көп мəселелерімнің шешімін табуға бағдар

бергендей болды

Əлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі əлемдік бəсекелестікті барынша күшейте түсуде. Көптеген дамыған елдер бұл идеяны басты назарда ұстап отыр.

Бүгінгі таңда, халықаралық ұйымдар əлем елдерінің бəсекеге қабілеттілігінің нақты рейтингін анықтауда. Менің ойымша, қазір адам қандай оқу орнынан болсын өзінің бүкіл өміріне жететін білімді бірден ала алмайды. Оның басты себебі қоғамның жоғары жылдамдықпен дамуы. Сондықтан білім беру саласында еңбектеніп жүрген қызметкерлер жүгі ауырлай түсуде.

Бұл мəселені шешудің бірден бір жолы ол кез келген адамға білімділер көшіне ілесу үшін, үнемі білім жетілдіру қажет екендігін жеткізу. Сол себепті бұл күнде «білім беру» ұғымы жеткіншек ұрпаққа ғана емес, еңбектеген баладан еңкейген кəріге дейінгі адамдардың бəріне қатысты айтылуы қажет.

Осы орайда, қазіргі кезде экономикасы қарқынды дамып жатқан мемлекеттерді қарайықшы. Олар Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, Қытай т.с.с мемлекеттер. Бұл мемлекеттердің жер көлемі шағын, қазба байлық мөлшеріде мардымсыз, не мүлдем жоқ.

Сингапурдың тіпті тұщы су мен құмды да Индонезиядан алатыны жөнінде ғаламтордан оқыдым. Осы сияқты мысалдарды аталған кез келген мемлекет жайлы айтуға болады.

Алайда олардың дамуы қарқынды. Сондай-ақ бұл елдерде тəрбие де өте жоғары деңгейде. Батыстағыдай жастардың нашақорлық сияқты жат əрекеттері туралы мүлде айтылмайды.

Сонда қалай? Бұлар ненің есебінен қарқынды дамып жатыр? Сарапшылар «бұл мəселенің кілті адам» деген қорытынды жасап отыр. Яғни ХХІ ғасырда экономиканың дамуы үшін ең негізгі фактор мемлекеттің қазба байлығының мөлшері, мемлекеттің географиялық ыңғайлы

орналасуы жəне т.б. мəселелер емес, экономиканың алға басуының негізі адам, оның денсаулығы, білімі, кəсіптік деңгейі, икемділігі... Адам капиталының дамып жетілуіне біз мұғалімдер, білім жүйесін реттеп отыратын жауапты адамдар тікелей қатыстымыз. Міне адам капиталының дұрыс қалыптасып, мемлекет дамыған елдер қатарына нық тұру үшін,

БІЗГЕ ӨЗГЕРІС КЕРЕК! Осы мəселеге тереңірек бойлау үшін, мен көптеген елдердің білім беру жүйелері жайлы оқып зерделедім. Қай мемлекетті алып қарасақта ондағы жүйе дайын күйінде алып қолдана салуға келе қоймас. Дегенмен «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» халық даналығын қағида етіп ұстай отырып, басқа елдердегі мəселелерге тоқталайын.

Педагогика ғылымының кандидаты, профессор Жанболат Қайыңбаев Thenews.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында төмендегідей ақпараттар айтты: – Жоғарыда білім беру саласы бүкіл əлем елдерінде

реформалануда дедік. Жəне мұның ең басты бағыты білім беру мəселесіне бөлінетін қаржы деп ойлаймыз. Мысалы, 2007 жылы бүкіл əлем бойынша білім беру жүйесіне 2 триллион АҚШ доллары мөлшерінде қаржы жұмсалды. Дамыған елдердегі білім сапасын сараптаған ғалымдардың (М.Барбер, М.Муршед) анықтаған мəліметіне қарасақ, 1970 жылдан бері бір оқушыға жұмсалатын қаржы Бельгияда – 65 пайызға, Ұлыбританияда – 77 пайызға,

Германияда – 108 пайызға, Францияда – 212 пайызға, Жаңа Зеландияда – 223 пайызға, Австралияда – 270 пайызға, Жапонияда – 103 пайызға, Италияда 126 пайызға өскен. Алайда осы уақыт аралығында білім сапасы Бельгияда – 5 пайызға, Ұлыбританияда – 8 пайызға,

Германияда – 5 пайызға, Францияда – 7 пайызға, Жаңа Зеландияда – 10 пайызға, Австралияда 2 пайызға төмендеген. Білім сапасы тек Жапонияда – 2 пайызға, Италияда 1 пайызға ғана өскен. Сол сияқты 1980-2005 жылдар аралығында АҚШ-та бір оқушыға шығатын шығын 73 пайызға өсті. Ал бір мұғалімге тиісті оқушылар саны 18 пайызға кеміді. Дей тұрғанмен, білім саласына бөлінген қаржының өсуі, сынып оқушылары санының азаюы,

мектептің материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне елеулі əсер етпейтіні нақтыланып отыр. Мысалы, білім беру саласы бойынша əлемдегі көшбасшылардың бірі Сингапур бастауыш білім беруге бөлген қаржысының мөлшері бойынша Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше 30 елдің ішінде

27-орында тұр. Мұнда да негізгі мəселе білім саласындағы адам капиталына, яғни педагогтердің денсаулығына, адамгершілігіне, білім-білігіне, кəсіптік деңгейіне, жұмысқа деген ынтасына, олардың материалдық жағдайына байланысты болып отыр [3]. Жүргізілген зерттеулердің нəтижелеріне қарағанда, кəсіптік деңгейі жоғары мұғалімдер оқытқан оқушылар кəсіптік деңгейі төмен мұғалімдер оқытқан оқушыларға қарағанда үш есе тез

дамиды. АҚШ-тың Теннесси штатында мынадай тəжірибе жүргізілген: сегіз жастағы оқушылар кəсіптік деңгейі жоғары жəне кəсіптік деңгейі төмен мұғалімдерге бөліп берілген. Үш жылдан соң кəсіптік деңгейі жоғары мұғалім оқытқан оқушылардың білім деңгейі 11 жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 90 пайызын меңгерсе, кəсіптік деңгейі төмен мұғалім оқытқан оқушылар 11 жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 37 пайызын ғана

меңгерген. Айырмашылық – үш жыл ішінде 53 пайыз. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Қорыта айтсақ, осындай жағдайларды ескере отырып, өз елдеріндегі сəйкес мəселелерді жүйелеген, əлемдегі білім саласы бойынша көшбасшы болып есептелетін Сингапур, Финляндия елдеріндегі педагог кадрларды іріктеу, оларға жалақы төлеу мəселесі

жəне ол елдердегі білім сапасы қазіргі кезде бүкіл əлемге үлгі болып отыр. Біз де осылардан үлгі ала отырып, олардағы жағдайды елімізге сəйкестендіріп (Сингапур – қала-мемлекет, ондағы білім жүйесін басқару, жүйелеу сияқты тəжірибелер жер көлемі үлкен, 50 пайыз халқы ауылда тұратын, 60 пайызға жуық мектебі шағын, жинақы мектеп болатын бізге

тікелей көшіруге келмейді), пайдалануымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды да. Себебі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты міндеттерінің бірі жəне бірегейі еліміздегі педагогтердің мəртебесін көтеру болып белгіленген. Жақын жылдарда-ақ педагогтердің жалақысы, педагогикалық мамандыққа оқуға түсу, педагогтерді əлеуметтік қорғау жағынан оң өзгерістердің болатыны айқын деген екен. Менің айтқым келетіні біздің мемлекетімізде дамыған елдердің жасампаз тəжірибесімен алмасуда аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Оның бірден бір дəлелі Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша əзірленген, Қазақстан

Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында мамандардың тегін білім алуы.

Мысалы: Италияның білім беру жүйесінің құрылымын оқып үйрену маған оңай соққан жоқ, себебі ол өте күрделі. Қазыр бұл елде, италия білім беру жүйесін европалық жүйемен үйлестіру үшін кезекті реформа жүріп жатыр. Италиядағы көптеген реформалар аяқсыз қалған болатын.

Орта мектеп: оқу үдерісі Италия бүлдіршіндері оқуды ерте бастайды. Көптеген италяндықтар балаларын үш жаста балабақшаға (scuola materna) беріп, мектепке дайындықты бастап кетеді. Балалар мектепке атақты педагог Мария Монтессоридің топтық əдісімен оқытылады. Балалар алты

жастан бастауыш мектепке қабылданады. Орта білім берудің алғашқы екі баспалдағы барлық балалар үшін тегін - scuola elementare 1жəне scuola elementare 2 деп аталады. Бұл кезеңде жалпы білім беретін – оқу, жазу, сурет,арифметика, музыка т.с.с негізгі пəндер міндетті

болып саналады, тек дін тану ғана ерікті түрде оқытылады сонымен қатар негізгі пəндер қатарына бір шет тілі де кіреді. Бағалау тəртібі біздің жүйеге ұқсас, мұндағы бір ерекшелік мүгедек балалар басқа денсаулығы жақсы балалармен бір мектепте оқытылады. Мектептер негізінен мемлекеттік жеке меншік мектептер барлық мектептердің 5% құрайды. Осы жағынан біздің саясатпен ұқсастығы бар.

Мұндағы менің көңіліме қонғаны, Қазақстан Республикасының педагог

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы қарастырған Инклюзивті оқыту, италияның білім беру саласында кеңінен қолданылып жүргендігі. Италия мектептерінде мүмкіндігі төмен балаларды, барлық басқа оқушылармен бірге оқыту жүзеге асырылған.

«Инклюзивті оқыту /Инклюзивное обучение / Inclusive education

- білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу» [1, 83- б.]. Міне осы мəселе италия білім беру саласында шешімін тапқан. Қазіргі кезде қытай елінің экономикалық дамуы жайлы білмейтіндер аз. Қытай мемлекеті «Мемлекттің гүлденуі білім мен ғылымға тəуелді», «Мызғымас мемлекеттің орнауы, ол адам капиталының дамуына байланысты...» деген ұранмен жүргізілген реформалар білім жүйесіне оң өзгерістер əкелді Бұл елдегі жүргізілген реформаларға, басқа

елдерде қызығушылық таныиуда. Атап айтар болсақ, Россиядағы білім жүйесінің қалыптасуына да елеулі əсер етті. Қытайдағы білім беру жүйесінде ерекше орын алатын ол, орта мектептің жоғарғы буыны - Жоғары Орта Мектеп. Бұл мектепте оқыған оқушылар жоғары оқу орындарына түсуге қаншалықты дайын болса, бірден өндіріске араласып еңбек етуге де соншалықты дайындалады. Кейінгі кезде Қытай реформасының пайдасы жөнінде Россияда да көптеген зерттеулер жүргізілуде. Мен осы реформа мен біздің елдегі жүзеге асырылуға дайын тұрған 12 жылдық білім беру

бағдарламасынан ұқсастық көргендей боламын.

Соңғы жылдарда əр қытай азаматы өз елінің жетістігін мақтанышпен айта алады. Таң қалам, 1949 жылы Қытайда 80 пайыз халқы яғни 500 – миллионға жуығы сауатсыз еді.

Жаппай мектептер аша отырып, мəселе тез шешілді. Əрине кеткен олқылықтар да болды дегенмен, бұл салада жасалған жұмыс ауқымды болды. Бұл елде білім алу бүтіндей ақылы түрде жүргізіледі, соған қарамастан Қытай елінде балалар жетістікке жете алмайды деп айтуға болмас. Мысалы халықаралық деңгейдегі спорттағы жасөспірімдер жетістігі, олардың

алғашқылардың қатарында мемлекет беделін көтеру үшін, жас ұрпақты тəрбиелеудің маңызды екенін түсінді. Қай елде болмасын жас ұрпақты тəрбиелеп білім беру ісі бірінші орынға қойылса сол ел қарқындап дамып, мызғымас ел болады деп ойлаймын. Жас ұрпаққа білім берудегі тəжірибемді жетілдіріп, білімімді шыңдау барысында ізденіп жүрмін.

«Білім – қоғамды əлеуметтік-мəдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру жəне кəсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына2007 жылғы 28 ақпанындағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Əр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігін атап көрсеткен болатын. Бүгінде бұл іс жүзеге асуда. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мəн- мағыналы, өнегелі тəрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы əзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді

бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы жəне оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тəжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап дифференциялап (саралап)

білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Əрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10- сыныптан бастап міндетті пəндер көлемі азайып, профилдік жəне оқушылардың өздері таңдаған пəндер көлемі көбейеді» дейді. Демек, ол елдерде жоғары дамуға негіз болып

отырған, бірбіріне соншалықты жақын əрі қатаң бірыңғай кəсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.

Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты əрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мəселелерінің бірі - əлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар

оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, əлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кəсіби сауаттылық.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке жəне жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тəжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы жəне өзіне ғана тəн

қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру жəне қолдану. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-баптың 1- бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі,

Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын жəне алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тəрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық

қабілетін дамытуды өзекті мəселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі.»

Міне осы мəселелерді шешуде, педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша əзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші денгей бағдарламасының алатын орны ерекше екенін атап айтқым келеді.

«Бағдарламаның мақсаты - Мектептегі еңбек тəжірибесі əртүрлі мұғалімдерді

қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан – жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.

Бағдарламаны игерген, мұғалімнің негізгі функциясы - Оқыту мен оқу тəжірибесіне жаңа тəсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын əзірлеу болып

табылады» [1, 4-б.].

Менде қолымнан келгенінше осы бағытта жұмыс жасап жатырмын.

Мен өзім еңбек ететін мектептегі мұғалімдердің білім кеңістігіндегі өзгерісті игі қабылдап, оқыту мен оқу тəжірибелерінің дамуына оң ықпал еткім келеді. Жас ұрпаққа білім беру ісінде барлық алған білімімді, күш қуатымды аямай еңбек етіп, əріптестеріме коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшылар қатарында жүрмін деп ойлаймын.



Əдебиеттер: тізімі

Əдебиеттер: тізімі

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

2012.

2. Масакбаева С.С. Білім берудің мазмұнын жаңарту //Открытая школа,

Информационно – методический журнал. 2010. №2. 8-10-б.

3. Қайыңбаев Ж. Білім берудің мақсаты адам капиталын дамыту болуы керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!