Материалдар / Білім додасы интелектуалды ойын 7-8 сынып

Білім додасы интелектуалды ойын 7-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
білімділер додасы интелектуалды ойын 7-8 сыныптар
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Масақ орта мектебі» КММ













«Білім додасы»


интеллектуалды ойын

7-8 сыныптар арасында



























2024-2025


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, сұрақтар, суреттер.
Түрі: интеллектуалды ойын-
жарыс

Ойын барысы
І Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? 
«
Білім додасы» атты интеллектуалды ойынды бастайық.

Ең алдымен жарысқа қатысушылармен танысып өтейік. 

1Әбдібай Айкерім

2.Есжан Аяна

3.Сергазина Салима

4.Турған Ернат


1.Ұзақ Мирас

2.Саитова Самира

3.Қанатқызы Ұлжан

4.Масимов Диас


1. Сматәлі Ерсін

2. Сатыбалды Әбдіғани

3. Бейсембек Ерасыл

4. Бақтәлі Әлижан


1. Абызалбек Еңлік

2.Орынбасаров Диас

3.Садирдин Диас

4.Тулебай Ақерке


1.Бақытжан Мансур

2.Нүсіпқожа Ақназар

3.Нұрахмет Каусар

4.Кеңес Сымбат


Жарыс десе жаныңыз,

Жасырғанды табыңыз.

Күш сынасып көріңіз,

Алғырлар мен тапқыштар,

Бар өнерін салады.

Білімді,көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады деп бүгінгі интеллектуалдық ойынның жүру тәртібімен таныстырып өтейік.Ойын 4 бөлімнен тұрады.

 
1.  «Кім шапшаң?» ойыны
2. «Дода»

3 Полиглот

4. «Ұшқыр ой»

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«Кім шапшаң?»

Ойынның шарты.

 Әр қатысушыға сұрақтан қойылады,Қатысушы жылдам әрі дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай иеленеді.
 Жауапқа 3 секунд уақыт беріледі.

1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? Мұзға

2-сұрақ. Интернетпен тікелей байланыс жасайтын құрылғы. (Модем)

3-сұрақ. Ноғай ордасының астанасы.

(Сарайшық)

4-сұрақ. Ең кіші планета?

Меркурий

5-сұрақ. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)

6-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі.

Бит

7-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы.

Ғабит Мүсірепов

8. Көлемі жөнінен екінші материк

(Африка)

9. Тұрлаулы мүшелерді ата

(Бастауыш,баяндауыш)

10-сұрақ .Қоспалар қаншаға бөлінеді (2 )


11. Алғашқы қазақ ғарышкері?

(Әубәкіров Т.)

12. Омоним дегеніміз не? (Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі)

13.  Жетінші  ғаламшар?

/ Уран.

14. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалым?

/ Ш. Уалиханов

15. Ғарыштық  денелер дегеніміз не? / Жердің шегінен басқа  денелерді атайды.

16. Ең кішкене құс? (Калибрий)

17. Натурал санға жатпайтын сан? (0)

18. Ең кішкентай жай сан? (2)
19. Қуаныш сөзінің антонимі?
(Реніш)
20. . Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)



2 кезең «Дода»


Қазақ тілі

1.Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім) 10

2“Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?  30  

                                (Тыныштық заман)

 

Математика

1Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32) 10

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома) 30

3. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? 20              (Планиметрия) 

4.Тік төртбұрыш пішінді суқойманың ұзындығы 18 м, ені 8 м. Тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? ( 144 м2) 40



Физика

1.     Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон) 10

4.     Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?(Архимед күші) 30

Тарих

1. Тарихтың атасы?(Геродот) 10

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев) 20



География

1.     Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм) 40

2.     Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км) 30

5. Тайланд астанасы?(Бангкок) 20

Информатика

     Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус) 20


Ғылым

Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих) 40

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым қалай аталады? (Генетика)40



Ш кезең. «Полиглот»

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Әртүрлі жұмбақтар беріледі оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілге аудару керек.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.





Бүгін киген ақ тоңым

Ертең болар қара тон.

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)

Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, star, звезда)

Қабат -қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

Құрғақ жерде сақтайсың

Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)

Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар, sugar)

Ұрсаң оны зулайды, Қарғып жерде тұрмайды (доп, мяч, ball)

Әрі қызыл, әрі тәтті татқан жанды таңырқатты (алма, яблоко, apple).

Көкке  шаншып  құйрығын,

Келеді  шауып жүйрігім.

(жылқы- лошадь- horse)

2. Ащыдан  басқа жемейтін

ыстықшөлде отаны

Шөлдесе су деймейтін.

(түйе-верблюд-camel)

3. Тастан тасқа секірген,

Ұзын салпаңқұлақты

Қойдан  маза кетірген.

(ешкі- коза- goat)

4. Екі айнасы  бар,

Екі найзасы бар.

(сиыр- корова – cow)

5. Аласа ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.

(қой- баран- sheep)

IV кезең Ұшқыр ой

логикалық тапсырмалар

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы

Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз? Бос ыдыстан

Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? Зебра

Мені ешкім түсінбейді, неге? (Өйткені ол ешкі ғой)

Король кімнің алдында тәжін шешеді? (Шаштараздың)

Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)



Сонымен бүгінгі ойынымыздың мәресіне де жеттік.
Жансын десең маңдайыңда шамшырақ,
Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ.
Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,
Жаусын бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі ойынымызды аяқтағымыз келеді. Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Үлкен жетістіктерден көрініңіздер!



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі