
БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН
Білім – адамзат дамуының алтын қазығы, өркениеттің іргетасы. Қай дәуірде болмасын елдің ең басты байлығы – білімді, адал ұрпақ. Сондықтан жас буынды адалдыққа, еңбекқорлыққа, кәсібилікке тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет.
Мен – Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысымын. Биыл ұстаздық жолдағы 25 жылдық белесіме қадам бастым. Осы уақыт ішінде талай шәкірт тәрбиелеп, олардың бірі қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек етіп жүрсе, енді бірі өз кәсібін ашып, ел экономикасына үлес қосып отыр. Бұл – ұстаз үшін ең үлкен мақтаныш.
Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – кәсіби-техникалық білімнің қоғамдағы орнын айқындай түсті. Шын мәнінде, мемлекеттің дамуы тек ғалымдар мен инженерлерге ғана емес, еңбек майданында жүрген адал жұмысшы мамандарға да тікелей байланысты. Осы тұрғыда колледждердің атқарар рөлі ерекше.
Мен шәкірттеріме тек кәсіби дағдыларды ғана емес, ең алдымен адалдық пен жауапкершілікті үйретуге тырысамын. Өйткені болашақ аспаз бен кондитер – тек дәмді тағам дайындаушы емес, ол – мәдениетті тұлға, адал азамат, кәсіби маман. «Тағамдағы ең басты ингредиент – адалдық пен жауапкершілік» деген ұстаным – менің ұстаздық кредом.
Ұстаз үшін ең үлкен бақыт – шәкіртінің жетістігі. Сондықтан әрбір студентіме мамандығын сүйіп, елге адал қызмет етуді аманаттаймын. Себебі елдің болашағы – адал азаматтар мен кәсіби мамандардың қолында.
Гульмира Еспенбетова
Избасаровна
Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінің арнайы пән
оқытушысы


жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН
БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН

БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН
Білім – адамзат дамуының алтын қазығы, өркениеттің іргетасы. Қай дәуірде болмасын елдің ең басты байлығы – білімді, адал ұрпақ. Сондықтан жас буынды адалдыққа, еңбекқорлыққа, кәсібилікке тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет.
Мен – Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысымын. Биыл ұстаздық жолдағы 25 жылдық белесіме қадам бастым. Осы уақыт ішінде талай шәкірт тәрбиелеп, олардың бірі қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек етіп жүрсе, енді бірі өз кәсібін ашып, ел экономикасына үлес қосып отыр. Бұл – ұстаз үшін ең үлкен мақтаныш.
Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – кәсіби-техникалық білімнің қоғамдағы орнын айқындай түсті. Шын мәнінде, мемлекеттің дамуы тек ғалымдар мен инженерлерге ғана емес, еңбек майданында жүрген адал жұмысшы мамандарға да тікелей байланысты. Осы тұрғыда колледждердің атқарар рөлі ерекше.
Мен шәкірттеріме тек кәсіби дағдыларды ғана емес, ең алдымен адалдық пен жауапкершілікті үйретуге тырысамын. Өйткені болашақ аспаз бен кондитер – тек дәмді тағам дайындаушы емес, ол – мәдениетті тұлға, адал азамат, кәсіби маман. «Тағамдағы ең басты ингредиент – адалдық пен жауапкершілік» деген ұстаным – менің ұстаздық кредом.
Ұстаз үшін ең үлкен бақыт – шәкіртінің жетістігі. Сондықтан әрбір студентіме мамандығын сүйіп, елге адал қызмет етуді аманаттаймын. Себебі елдің болашағы – адал азаматтар мен кәсіби мамандардың қолында.
Гульмира Еспенбетова
Избасаровна
Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінің арнайы пән
оқытушысы


шағым қалдыра аласыз













