Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім кілті - бастауышта

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп









Білім кілті - бастауышта













Сыныбы: 4 «Б»



Жетекшісі: Ш.Қарағойшиева















2015-2016 оқу жылы

Білім кілті – бастауышта

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған

білімніңнегіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды

құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы

мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен

шарлармен сахнаныбезендіру.

Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 б – сынып түлектерін ортамызға!

Сіздердің алдарыңызда Тәуелсіздігіміздің 25 - жылдығы қарсаңында бастауыш сыныппен қоштасып тұрған ҚР болашақ президенті, министрлері, академиктері, профессорлары және бизнесмендері!
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Білім кілті - бастауышта!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!деп Кисметова Зарина, алтын ұя мектебімізге арнап

«Мектебім» әнін шырқайды.

Ән: «Мектебім»

Ия, анамызға, ұстаздарға, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.

Келесі жырымыз: «Ана.Ұстаз.Біз»

Би: Ру-ру-ру

Ана тілім, дана тілім бақытым.

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын, -дегендей Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді. Бұл пікіріміздің растығын «Ана тілім тұғырым» әнімен дәлелдегіміз келіп тұр.

Нұрсәт пен Арсеннің орындауында «Ана тілім тұғырым» әні.

Сіздердің жамандықтарыңды жасырып, жақсылықтарыңды асырып жүрген әрине ата-аналарыңыз. Қатарларыңның теңі болып, тамағыңыз тоқ, көйлегіңіз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
              Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
              Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
              Ақылды балаларың оны білген.

Көрініс: Әке мен бала

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Ән: «Ұстазым». Орындайтын Қарақат пен Нұрсәт.

Мектептегі, бастауыштағы қызықты күндерден құралған көрініс.

Күлегеш.

Әу, демейтін қазақ жоқ дегендей келесі кезекте әзіл ән. «Алло» әнінің басқа нұсқасын тамашалаңыздар.

Ән: «Алло»

Әсемнің орындауында күй « ».

Күй: «»

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын халықпызғой. Бүгінгі қуанышты күнге арнап, домбыра шерте білмесекте, шоу айтысымызды ұсынып отырмыз. Ортаға Қарақат пен Әсетті шақырайық.

Шоу айтыс.

Айтыс болғасын біреу жеңеді, біреу жеңіледі демекші айтыскерлеріміздің ұпайын білейік. Аспанға қараймыз, жұлдызды санаймыз дегендей жоғарыдан Қарақаттың жұлдызын санайық. Енді Әсеттің жұлдызы. Бүгінгі айтыста достық жеңді.

Көркем сөз: «Ана». Оқитын Жоламан Камшат.

Келесі кезекте бүгінгі көңілді күнімізге арнап көңілді билер.

Бірінші биіміз «Көңілді күн»

Екінші биіміз: «Аман бол, халқым» әніне арналған жігіттер мен қыздар биі.

Көркем сөз: «Бастауышқа сағыныш». Оқитын Каримова Зарина.

Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді.

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                  Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                  Мәпелеген баласын аман болсын анашың! -деген ана туралы жыр жолдарын аналарымызға арнап, Айтуар Аружанның «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Аяулы анашым!»

Бастауышпен қоштасу вальсі.

Би: «». Бишіміз Досымова Дильназ.

Риза болшы ұстаз қауым ардақты,

Шәкір жүрек сізге арнау арнапты, деп шәкірттерімізге кезек береміз.

4 жыл бойы білім беріп, ой саналарын дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолдарына алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарына арнаған, өз жүректерімен жырлаған өлең-жырларын ұсынады. Қабыл алыңыздар.

Ұстаздарға арнау.


Бәрі: Білім берген біздерге,

Рақмет, ұстаз сіздерге.

Білім кілтін табыстау кезегі.

Ант беру.

4 «б» сынып балдырғандары бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын ба? Құрметті ұстаздар. Қабылдаймыз ба?

Қабылданбас бұрын ант берілсін.

Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрған түлектер. Ұстаздарыңыз соған тілекші. Қайда жүрсеңіздерде жолдарыңыз болсын. Әрқашанда күндеріңіз жарқырап, жұлдыздарыңыз оңынан тусын.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Қош бастауыш мектебім»

Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек талаптарың.

Мінекей, бүгін міне бәріңе де,

Қимастықпен қараймын

ШӘКІРТТЕРІМ!!!

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын,-деп бүгінгі «Білім кілті –

бастауышта» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де,-дей отырып сөз кезегін ұстаздарға

береміз. Алғашқы сөз мектебіміздің басшысы Айман апайға беріледі.

Сөз кезегі ұстаздарда.

Ана – деген ең асыл,

Мейірімі күнмен тең.

Анама айтам мың алғыс,

Мені әлдилеп тербеткен,

Осы күнге жеткізген, үлкен көмек көрсеткен ата-аналарымызға мың алғыс. Ризамыз сіздерге.

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Бәріңізге рахмет. Хош сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
1176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі