Материалдар / "Білім мазмұнын жаңарту -тәжірибеде"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім мазмұнын жаңарту -тәжірибеде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің барлық ұстаздары үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
221
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгінгі білім саласы жеке қажеттілігін және әлеуметтік қажеттілігінің үйлесімділігін қамтамасыз етіп, оның ой-өрісін дамытумен бірге, өз-өзін жетілдіру және тәрбиелеу қасиетін оятып, тұлғаның қоғамдық өзгерістерге дайын болуына ықпал беріп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға дайын болуға жетелейді.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

Оқыту мазмұны жаңартылып, бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»- деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында-жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауға өз үлесімізді қосу басты мақсатымыздың бірі.Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғары шегі-шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыруда көрінеді.Үйрете отырып, үйренуге дағдылану; бағыт-бағдар беруде түрлі амал-тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жету; мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жету-бұл менің негізгі мақсатым. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды, оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану ұтымды болады.Себебі топтағы оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады, соның нәтижесінде біз «оқушының үнін» естиміз.

Жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі дами түсетініне көзім жетті.Мектепте алған білімдерін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру көп шығармашылық ізденістерді талап етеді. Әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген орта білім беру жүйесінде танымал оқыту әдістемелері арасында сын тұрғысынан ойлау технологиясына негізделген теория кең тараған. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер модулінен өзіме алғаным:

«Дауыстап ойлау» әдісі.Жұптаса отырып берілген мәтінді біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір-біріне түсіндіреді. (СЛАЙД)

«Ашық микрофон» әдісі.Оқушы қолына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. (СЛАЙД)

«Ыстық орындық» әдісі. Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. (СЛАЙД)

«Сиқырлы дорба» әдісі. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады.

«Шаттық шеңбері» сергіту сәті. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. (СЛАЙД)

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі.Тақырып бойынша алған білімдерін чемоданның тұсына жазса, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады.Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша өткен сабақтан алған білімдерін білуге болады.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінен «Кубизм», «Миға шабуыл», әңгімелеу әдісінің диалогтік қатынас түрін қолданамын. (СЛАЙД)

«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, мәтінді,ертегіні, қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді. (СЛАЙД)

«Бір әріп шығармасы» ойыны-әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.

«Қазына іздеу»-сұрақтар құрастырылып, оқушылар сол сұрақтарға жауап беру үшін, кітап, журнал мәліметтерін қолданады. (СЛАЙД)

Белсенді емес, яғни пассивті оқытуда оқушылар материалды мұғалімнің айтқан сөздерінен, оқулық беттерінен игереді, оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасамайды, шығармашылық тапсырмалар орындамайды. Бұл модель ең дәстүрлі және де жиі қолданылады, дегенмен заманауи білім, қоғам, әлем белсенді әдістердің қолданылуын талап етеді.Белсенді әдістер оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады.

Оқу процесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған, барлық принциптерге сай өткізілетін болса да, оқушының білім алуға, тәрбиеленуге, дамуға құлқы жоқ болса, оқыту процесі осы оқушыға қатысты тиімсіз болып табылады. Сол себепті де әр мұғалімнің басты міндеті- әр бір оқушыда білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың оқу әрекеттерін басқару- бұл тек жоспарлау, материал дайындау мен сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әр бір оқушы сынып ұжымында қалыпты эмоционалды көңіл- күй алуы мен қажеттілік- мотивациялық ортасын қалыптастыру болып табылады.Сыныпта шеткері қалған оқушылар мен өзге де эмоционалды түрде алғанда сәтсіз оқушылар қалмауы керек. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыта оқыту» технологиясының стратегияларын үнемі сабақта тиімді қолданамын. Сын тұрғысынан дамыта оқыту жобасымен жұмыс жасау баланың қызығушылығын арттыруға, дүние-танымын кеңейтуге, өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайды.Мысалы: 1-сыныпта өткізген «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында оқушылармен пікірлесу жұмысы төмендегідей жүргізіліп, өз пікірлерін еркін жеткізе білуге дағдыланады, тілдік қорын дамытады.Сондай-ақ оқушылардың жарыса отырып, тіл байлықтары, қызығушылықтары артады.Деңгейлік тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындайды.

Shape1 Shape3 Shape2



Shape4

Отан







Shape5 Shape6





«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы1,2 жұпқа бөлу.

А) Жұптар тірек сызбаны толтырады.

Ә) Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.

Б) Отанға байланысты жұмбақтар ойдан шығарады.

Оқушыларымның деңгейлері әр түрлі, дамыта оқыту технологиясының негізінде әр оқушы сабаққа толық қатысып, жеке тұлғаның деңгейін анықтай аламыз.Жоғарыда келтірілген тапсырмалар нәтижесінде сауат ашу пәні бойынша 1-сынып оқушылары: Қалымова Диляра, Мейрамбек Мансұр, Ержанқызы Айзере өз қызығушылық қабілеттерімен көзге түсіп, сабақта жүйелі түрде күрделірек деңгейдегі жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

«Дамыта оқыту» идеясы көрнекті ұлы педагогтар Песталоцийдің, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. Ол-оқытудың дәстүрлі иллюстративті-түсіндірме түрін ауыстыратын, белсенді іс-әрекетке негізделген түрі. Бұл технология жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.Оқушының алдына саналы түрде белгілі мақсат қойып, оған жетуі ұйымдастырылады. Дамыта оқытудағы негізгі нәрсе-берілетін білімнің өзектілігі. Оқушы іс-әрекеттің толыққанды субъектісіне айналады.

Бастауыш сынып оқушысы- санасы, дамуы қуатты жүретін тұлға. Сондықтан бастауыш үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Осы мақсат- міндеттермен негізінде төмендегідей жүйеде жұмыс жүргіземін.



Shape7

ЖАҢАША ОҚЫТУ



Shape8

Shape9



Shape10 Shape11

Оқушының шығармашылығы, пәнге қызығушылығы артады

Пән бойынша білім көрсеткішін жоғары дәрежеге жетеді







Shape12 Shape13





Shape14 Shape15 Shape16

Тұлғаның тұқым қуалаушылық қасиеттерінің дамуына әсер етеді

Тұлғаның өзін-өзі басқаруы жүзеге асып,оқу қызметінің ұйымдастырушысына айналады









Shape20 Shape18 Shape22 Shape19 Shape21 Shape17

Мақсатым:

Оқытудың жаңа технологияларын сабақтарға енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру

Педагогикалық ұстанымым: ұстаз үйрету барысында ғана ұстаз, ал үйрету тоқтаған күні, ұстаздық та тоқтайды

Міндетім:

Жаңа сапаға ие ой-өрісі кең, шығармашылық тәрбиелеу







Shape24 Shape25 Shape23

Shape27 Shape26

Shape28 Shape29 Shape30



МЕНІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕМ

Ұстанған бағытым:

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу ,ойын, тілін дамыту

Білім беру әдісім:

Дамыта оқыту технологиясы.Тәжірибе арқылы өздігінен жұмысын ұйымдастыру





Shape32 Shape31 Shape33

Shape34

Shape35

Нәтиже:Қазіргі заман талабына сай білімді, ой-өрісі дамыған, қабілетті тұлға қалыптастыру









Мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Осы мақсатта бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын төмендегідей әдіс-тәсілдер негізінде жүзеге асырудамын. «Оқушы- толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хворвард айтқандай шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.

Қорыта келгенде, менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым- оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша және жазбаша жинақтай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру- әрбір ұстаздың абыройлы борышы.Біздің міндетіміз- оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.Әр оқушы дарынды бола алады.Ол үшін оқушыға сену қажет.

  • Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 6 (43),(39) 2017 жыл

  • Оқыту-тәрбиелеу технологиясы 8 2017 жыл

  • Әдіс-тәсілдер әлемі 5 2018

  • Бастауыш сыныптар 1-4 7 2017



































































2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!