«Білім мазмұнын жаңарту
аясында «Математика» пәнін
оқыту»
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Майтөбе ауылы
Шанханай негізгі мектебі КММ математика пәнінің мұғалімі Маймакова
Б.Н.
Баяндамамды Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Өмір бойы білім алу» әрбір
қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс» деген сөзімен
бастауды жөн көрдім. Өйткені, біз – мұғалімдер қауымы үздіксіз
білім алғанда ғана мұғалімдігіміз жалғасатынын білеміз.
Сонымен қатар, егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу
саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер
енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің
ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу жетекші
орын алады. Сондықтан, білім мазмұны жаңарту 2017 жылдан бастап
енгізіліп отыр. Бәләм мазмұнын жаңарту дегеніміз не? Жаңартылған
білім мазмұнына көшу аясында әзірленген негізгі білім беру
деңгейіндегі оқу бағдарламалары, «Математика», «Алгебра»,
«Геометрия» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны
аталған қасиеттерді дамытуды көздейді. Өздеріңізге мәлім, 2017-2018
оқу жылында 5-ші және 7-ші сыныптар білім мазмұны жаңартылған оқу
бағдарламалары бойынша оқытылды. Бұл үдеріс 2018-2019 оқу жылында
жалғасып, 6, 8 сыныптарда жүзеге
асуда.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық
ерекшеліктері:
— пән
мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен
біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту
(дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша
күрделендіру);
— пәндік
операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным
заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша
иерархиясы;
— білім беру
деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық
мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша
ескеруге мүмкіндік береді;
— білім
саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың
болуы;
— бөлімдер
мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы,
әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар
аудару;
— оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді,
қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып
табылады.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі –
олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең
ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының
жүйесі келесі кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып
табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін
қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,
қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей
алу, мәселелерді шешу және шешімдер
қабылдау.
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру аясында
сабақты жоспарлауда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Яғни, озық тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі
жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы
әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік өзара
іс-қимылды, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын,
«мұғалімдермен алмасуды», мектептегі пәндер бойынша оқытуда жаңа
технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды кеңейту
қажет.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған
үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы—оқу пәнінің базалық
мазмұны—оқыту мақсаттарының жүйесі—ұзақ мерзімді жоспар—орта
мерзімді жоспар—қысқа мерзімді жоспар бөліктерінен
тұрады.
Оқу жүктемесінің
көлемі:
Сынып
|
Оқу пәнінің
аталуы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Апталық
|
Жылдық
|
5
|
Математика
|
5
|
170
|
6
|
Математика
|
5
|
170
|
7
|
Алгебра
|
3
|
102
|
Геометрия
|
2
|
68
|
8
|
Алгебра
|
3
|
102
|
Геометрия
|
2
|
68
|
|
|
|
|
|
|
|
5-6-7-8 сыныптардағы оқу бағдарламасының
бөлімдері:
7-8 сыныптарда геометрия пәні оқытылатын
болғандықтан, геометрия бөлімі жеке қарастырылады. Бұл бөлімдер
бөлімшелерден, ал бөлімшелер тараулардан тұрады. Ал тараудан
оқушылардың алған білімдерін саралайтын бөлім бойынша, ал тоқсан
сайын тоқсандық жиынтық бақылау алынатыны
белгілі.
Енді сабаққа тоқталсақ, сабақ – бұл күрделі
процесс. Ол мұғалімнің шеберлігін көрсететін эталон десек те
болады. Өйткені, сабақтың әр бөлімінде әдіс-тәсілдерді оқу
мақсатына жету үшін үйлесімді пайдалану керек. Осы тұста білім
мазмұнын жаңарту бойынша сабақ жоспарлауда ең негізі нәрселерді де
атап өтуіміз керек. Олар:
-
бағалау критерилері,
-
тілдік мақсат,
-
«Мәңгілі Ел» бағдарламасы бойынша ұлттық
құндылықтарды дәріптеу,
-
Саралау.
-
Бағалау
Бұдан кейін сабақтың маңызды құрамдас бөлігі – ол
интербелсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы. Интерактивті
сабақтардағы мұғалімнің орны оқушылардың іс-әрекетін сабақ
мақсаттарына жету үшін бағыттаумен шектеледі. Ал оқушының бағалау –
ең жауапты нәрсе. Мұнда ескере кететін жайт – мұғалім оқушыны емес,
оның жетістіктерін сабақтың өн бойында бойында жүргізіп отыруы
тиіс. Бұл ретте мұғалім критериалды бағалаудың өзі қалыптастырушы
және жиынтық бағалаудан тұратынын білуі керек. Қалыптастырушы
бағалау – сабақтың кезеңдерінде жүзеге асып отырса, жиынтық бағалау
– тарау, бөлім, тоқсан сайын жүргізілетіні белгілі. Бұған қоса,
саралауға тоқталып өтсек, ол сабақтың мақсатының өзі сараланудан
басталады, өйткені мақсат оқушылардың басым бөлігі мен кейбір
оқушылар білуге міндетті болып келеді. Осыдан шығып, сабақ
үдерісінде сұрақтар мен тапсырмаларды да саралау жүріп
отырады.
Жалпы, критериалды бағалау, ол – білім
алушылардың оқу және дүниетанымдық біліктерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін нақты анықталған, бір-біріне сәйкес келетін
білімнің мазмұны мен мақсаты, сонымен қатар білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау үшін алдын ала анықталған
критерийлер.
Критерийлер – пәннен нақты тақырыпты меңгеру
барысында білім алушылардың орындайтын іс-әрекеттері, яғни оқу
мақсатын жүзеге асыруға арналған
өлшемдер.
Критериалды бағалау, ол – білім алушылардың
оқу-танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ететін, тиісті
білім беру мақсаты мен мазмұны, барлық процеске қатысушыларға
алдын-ала белгілі, ұжыммен әзірленген, анық айқындалған
критерийлері бар, білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға
негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың
қызметтері:
— оқытушылық;
— бақылаушылық;
— дамытушылық;