400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім нәрін құйған білім ордасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім нәрін құйған білім ордасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім нәрін құйған білім ордасы.


Тағылымды тарихы бар. Тамыры терең, үлгісі ерен ұлағат ұясынан осы уақыт аралығында 30 мыңнан астам заман талабына сай аса білікті мамандар даяндап, ел экономикасын дамытуға қомақты үлес қосқан тарихы бар оқу орыны.

Белгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу –өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,- түсіне білгенге бұл өте мағыналы, астарлы сөз. Әрбір баланың жүрегіне сәуле түсіріп, жұлдызын жаға білген адам ғана ұстаз деген атқа лайықты болады.

Бұл оқу орыны техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында білімді, білікті, сауатты, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда колледжі ұстаздарының сіңірген еңбегі шексіз деп айта аламын.

ҚР Тұңғыш Президнті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың тарихындағы терең мағыналы бағдарламалық құжатқа айналғаны қазақ халқы мақтанышпен айта алады. Ел келешегіне үміт артқан Елбасының мақаласында білім мен ғылымға айрықша назар аударып отыр. Бүгінгі таңда адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған оқу мен білімнің құрыштаған дәуірінде рухани жаңғырудың негізгі талабы. Адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы.

«Адам капиталы» терминнің өзі алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, американдық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т. Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады.

Мамандық тандау – мектепті енді бітірген оқушылардың өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі. Бұл маңызды шешім үлкен жауапкершілікті қажет етеді, себебі таңдаған мамандық – біздің келешегіміз. Колледжінің түлектері еліміздің көк байрағын желбіреткен әлемге танымал спортшылар Атланты және Сидней олимпиадасының жүлдегері Б.Жұмаділов, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері А.Таңатаров, қол күресінен әлем чемпионы В.Юрченко, Сурдлимпиадасының әлем чемпионы Ғ.Есжан, «Бином» ЖШС атқарушы директоры Қ.Баққараев, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа, «Nur Otan» партиясыоблыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы У.Болатбек сияқты алдыңғы толқын буындарының ағаларыма сабақ берген ұстаздардан бүгінгі күні дәріс алғаныма қуанамын.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға түсемін деген түлектерге тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, цифрлық білім беру ресурстарын оқу үрдісінде қолдану арқылы оны іс жүзінде іске асыру мақсатында заман талабына сай студенттергебілім беруде.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» жолдауына сәйкес оқу орыны интернет, компьютер, мультимедиа, информатика кабинеті қазіргі заман талабына сай толық жабдықталған мен өзімнің таңдаған «Есептеу техникасы және баңдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына түскеніме қуанамын, өйткені кіріктірілген оқыту тәсілі бойынша ағылшын тілінде информатика пәні жүргізіледі. «Информатика» пәнінен олимпиадаға және «IT технологияны меңгеру – бәсекеге қабілетті маман» тақырыбында жобалар байқауында ағылшын тіліндебаяндама жасадым.

Еліміздің болашағы – білімді жастар. Жастар білімді болса, тәуелсіз еліміздің болашағы – Ұлы дала елі көркейе беретіне кәміл мен сенемін! Болашағы баянды, келешегі кемел білім ордасының жетістіктері алдағы увқытта да еселене беретіні сөзсіз. Өмірдегі мамандығымды таңдағаныма және Жамбыл политехникалық жоғары колледжіңде білім алып жатқаныма мақтан тұтамын!

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі 2 ПВТ 18-2 тобының студенті

Асқарбек Аягөз

Жетекші: Жұмабаев Қ.Ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі