Білім негізі - бастауыш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім негізі - бастауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бойына білімнің нәрін сеуіп, кеуделеріне адамдықтың дәнін себетін, білімнің бастауы бастауыштан басталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім негізі – бастауыш сынып

Білім деген сөзді айтқан кезде, біздің барлығымыздың көз алдымызға мектеп, мұғалім және оқушының елестейтіні анық. «Мұғалім –мектептің жүрегі» деп ұлылар айтқандай мектептегі сапалы білім мен саналы тәрбие мұғалімнің әрекетімен іске асады. Мұғалім—оқушы үшін еліктейтін нағыз тұлға. Кез келген оқушы үйінде әкесіне, немесе шешесіне еліктесе, ал мектеп қабырғасында ол өзінің ұстазына еліктейді. Міне, бұдан шығар қорытынды, мұғалім бірінші кезекте өзінің шәкірті үшін еліктейтін тұлға бола білуі керек. Егер ол еліктейтін тұлға бола білмесе, оқушылар оның берген білімі мен тәрбиесін самарқау қабылдайтындары сөзсіз. Білімсіз мұғалім—оқталмаған мылтық іспетті. Оғы жоқ мылтық—пайдасы шамалы таяқпен тең. Білімсіз мұғалімнің оқушылар алдында беделі болмайды. Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламтор, әлеуметтік желілер, жаңа технологияның қарышты дамыған заманында оқушылар кез-келген ақпараттарды, кез-келген уақытта дем арада ала алады. Бұл - оқушылар білімінің қарқынды дамуларына ашылып отырған негізгі жол. Осы дәуірде мұғалімге қойылатын талаптардың өзі орасан зор. Өйткені заман талабының өзі осыған итермелеп тұр. Заман талабынан қалып қалса, мұғалім білімінің кенжелеп қалатынында дау жоқ. Соған сәйкес мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп отырғаны абзал.

Келесі кезекте мұғалімнің шығармашылық жағынан дамуы. Егер мұғалім заман талабына сәйкес өзін шығармашылық жағынан жетілдірмесе, ол жинақтаған білімінің өзін оқушы санасына жеткізе алмайды. Өйткені оның өткізген сабағы оқушының қызығушылығын оятпайды. Бұдан келіп оның сабағынан оқушылардың тартыншақтануы, тіпті, бас тартушылықтары пайда болады.

Балапан ұясынан ұшарынан,

Темірдің өткірлігі ұстасынан.

Жаһанда ғылым іздеп адам болу

Шәкірттің білімдісі ұстазынан - деп Омар Хайям айтқандай шәкіртке білім беріп, адамгершілік қасиетін қалыптастыру—мұғалім мойнындағы өте ауыр да жауапты жүк. Осы аталған жауапты жүкті ең бірінші арқалайтындар – мектептің ең негізгі іргетасы болып саналатын бастуыш сынып мұғалімдері. Кез-келген ғимараттың іргетасы мықты болмаса, оның құрылысының нашар да сапасыз болатыны рас. Міне, бастауыш сынып жоғарғы сыныпқа апарар іргетас болып саналады.

Бастауышта алған білім мықты болса, оқушылардың жоғарғы сыныпқа барғанда да алатын білімдері сапалы деген сөз. Осы іргетасты қалаушы бастауыш сынып мұғалімдерінің арқалап жүрген міндеттемелері мен жауапкершіліктері жоғарғы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге қарағанда он есе ауыр десек артық айтпаймыз. Әрине, жоғарғы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер де қол қусырып, қарап отырған жоқ. Ол мамандық иелерінің де өздеріне тән ауырпалығы мен қиыншылықтары бар. Дегенмен де, жоғарғы сыныпта оқитын балалар ақыл-естері қалыптасып, оң мен солдарын таныған балалар. Бұл балаларға сабақ беретін мұғалімдердің жалпы міндеттері -оларды ары қарай дамыту. Ал бастауыш мектепке келетін балалар негізінен ата-анасының бауырынан енді шыққан, немесе бала бақша ғимаратынан енді аттаған, оң мен солдарын танып үлгермеген, тілдерінің шығып үлгергендеріне небары үш - төрт жылдың жүзі болған, мектеп қабырғасына тарыдай болып кірген балалар келеді. Міне осындай балаларға сөйлеуді, жазуды, сызуды, оқуды, сурет салуды, өлең жаттауды, оң мен солын танытуды, қоғамға бейімделуді, сонымен қатар, өзгені бағалауды, еңбекке баулуды үйрететіндер - бастауыш сынып мұғалімдері.

Осындай нардың жүгін арқалап жүрген, бастауыш сыныпта сабақ беретін әр мұғалімге бір-бір ескерткіш қойса, мұның өзі аздық ететіні - даусыз нәрсе. Өйткені бастауыш мектеп мүғалімдерінің негізгі фунциялары - бастау мен қалыптастыру. Кез келген нәрсені жалғастырудан, бастау қиын. Дамытудан, қалыптастыру қиын екендігі – табиғи заңдылық.

Міне осындай табанды да, қажырлы мамандық иелерінің еңбектерін ескеріп, жазғы демалыс уақыттарында ақысыз демалыс орындарына кемінде он күн демалып, жүйкелерін тыныштандыруға жағдай жасалса, нұр үстіне нұр болар еді. Қорыта келгенде, бала бойына білімнің нәрін сеуіп, кеуделеріне адамдықтың дәнін себетін, білімнің бастауы бастауыштан басталатындығы ол шынайы факт.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2024
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі