БІЛІМ
НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ
Еркингалиева Гулим Жасуланкызы,
бастауыш сынып мұғалімі.
№ 13
жалпы орта білім беретін
мектебі.
Орал қаласы, Батыс-Қазақстан
облысы
Егеменді еліміздің өсіп келе
жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді,
интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат
етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны
айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік
практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің
есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз
салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең
бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы
баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы
баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды,
іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы
білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы
осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны,
оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып
отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің,
белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш
сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен
ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің
ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны
дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген
сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға
деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше,
осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты
ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре
алады.
«Ұстаз –жас ұрпаққа» өз өнерін,
тәжірибесінен, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші».
Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет оқытып,
білім беріп мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол
қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет
етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратынн
мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Бүгінгі мұғалім, әсіресе
бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы
тиіс. Мұғалім өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстағаны жөн.
Жоғалған абырой қайтып орнына келмейді. Бастауыш сынып оқушысы
сенгіш келеді. Баланың сенімін ақтау мұғалімнің
парызы. Мұғалімнің
қызметі қызықты да, бейнеті көп, ауыр жұмыс. Мұғалімдікке үлкен
жүрек,
балаға деген ыстық мейірімділік
керек. Мұғалім-мемлекеттің саясатын іс жүзіне асырушы
тұлға. Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін
таба білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне
қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін,
ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек.
Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы
тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы,
мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді
тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі
қарым-қатынаста болуымен және рухани араласымен сипатталады.
Ұстаздық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық
ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әркеттің,
білімділік пен іскеліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында
баламен арақатынасында, сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық,
ұстанымдылық, ілтипаттылық, кішірімділік, талап қоя білу, адамға
сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда
әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, түсіне білу
ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Ұстаздық әдептің негізі
оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар ұятына деген
адалдықта жатыр.
Ұстаздық әдеп көбінесе шәкірттермен бүкіл
оқу-тәрбие жұмысының барысында ұсынатын жөнге лайық шара ретінде
анықталады. Ұстаздық әдет шығармашылық, ақыл ой әрекеті
айрықша іскерлік әдепті ұстаздың әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп
қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып
өлшеп, орнымен пайдалана біледі. Ұстаздық әдеп әр
ұстазда әр түрлі және ар қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас
мөлшеріне темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа ерекшеліктеріне
байланысты. Ұстаздық әдеп әр ұстаздың дара
қасиеті.
- Жарнама -
Мен
бастауыш сыныптарының ұстазымын. Алғашқы ұстаз… Немесе,екінші
анамын деп айтса да болады.Қалай тәкаппар әрі мейрімді естіледі!
Бірақ, алғашқы ұстаз болу үлкен жауапкершілікті
сезіндіреді.
Өйткені, ата-аналар өздері үшін ең қымбатты
«қазыналарын» — балаларын маған сеніп тапсырады. Сондықтан баланың
мектептегі өмірі қалай қалыптасатыны алғашқы ұстаздан, менен
байланысты. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарау, оларға деген
шынайы сезім, құрмет пен сенім болған жағдайда ғана өзара
түсіністік қалыптасады. Бұдан екі мың жыл бұрын Сократ : «Әрбір
адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп
жазған болатын.Ұстанымым «Сенемін». Мен неменеге сенемін? Мен әрбір
баланың дарындылығына сенемін. Олар өздерінше дарынды.Менің ұстаз
ретінде міндетім әрбір оқушының бойындағы сирек кездесетін
күш-қуатын айқындау, баланың өзінің жақсы жақтарын ашып көрсетуіне
көмектесу. Баланың дамуы, оның жақсы жақтарының жетілуі тек қана
қызмет барысында өтеді. Сол себепте, менің педагогикалық
тәжірибемнің бастаушы идеясы әдістемелік жүйелерді өңдеп, тиімді
технологияларды, ұстаз бен оқушы қызметтерінің түрлері мен
құралдарын бірге таңдау. Әртүрлі іс-шараларға қатысу, сабақта
компьютерлік технологияларды, оқуда біліктілікті, зерттеу
қызметтерін ұйымдастыру, оқушыларды қызықтыратын тиімді тәсілді
пайдалану.Әрине,көп оқып, көп дайындалуға тура
келеді.
Бірақ, нәтижесін көргенде уақыттың, күштің
кеткеніне өкінбейсің.
Ал,
оқушылардың риза болғанын, қуанғанын көргенде нағыз марапат осы
екенін түсінесің. Менің оқушыларымның өмірде дұрыс шешім қабылдап,
өздерінің күштеріне сеніп және достасып, қуануды және күйіне білуді
үйренсе деймін.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген дана Абайдың өлең
жолдарын әрдайым жадымда ұстаймын. Егер шәкірт өмірде бір кірпіш
болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал
еңбектің ақталғаны емес пе?!
Әрине, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші менің де
мақтан тұтатын шәкірттерім бар. Бірнешеуі менің ізімді қуып мұғалім
болуда. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін
ұстазым деп атайды. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу,
арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол –өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген
қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге
жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір
емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып
қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөлінуі
өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен,
жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да
сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс –тұрысы, жинақы
іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
«45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңы дайындал» деген нақыл сөз,
менің ең басты ұстанымым болып табылыды