Білім саласы: Шығармашылық Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Жемістер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім саласы: Шығармашылық Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Жемістер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер» (алма, алмұрт)

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.

Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын түсіндіру.

Көрнекіліктер:жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.

Құрал- жабдықтар: ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көрме орнын даярлау.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Тәрбиеші бейнероликті қолдана отырып, балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретте не көріп тұрсыңдар? Күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?



Балалар шаттық шеңберін жасайды



-Күн суытады. Аспанда бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

-Күз мезгілі.

-Алма, алмұрт, жүзім.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында жемісі толы себеті бар.

-Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.



«Күз аруының» тапсырмасы: Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

-Мынау қандай жеміс? Мынау ше?

-Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

-Балалар енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартамыз, домалақ пішінге келтіреміз.

1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұбақшасынан жасаймыз.

Сергіту сәті:

Кәне кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық. (2 рет)

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанға салып жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналастырамыз. «Күз аруы мен тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.

Балалар «Күз аруымен» амандасады. Қонақтың сыйымен танысады.

















-Алма, алмұрт, жүзім.









Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











Балалар алмұртты мүсіндейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Күз аруы мен тәрбиеші сабақты қорытады:

  1. Балалар жұмысынан көрме;

  2. Алма, алмұрт туралы сипаттап айту;



Жылу берген күнге рақмет,

Тіршілік берген жерге рақмет,

Өсім берген суға рақмет.

Бізге жеміс әкелген,

«Күз аруына» рақмет.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады.

Балалар рақмет айтады.

«Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:жеміс-жидектер табиғаттың сыйы екенін;

Игереді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгереді: жемістердің өзара айырмашылықтарын ажыратуды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2021
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі