Материалдар / Білім саласында дизайн-ойлауды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім саласында дизайн-ойлауды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқытушыларға, факультатив өткізетын жоғарғы сыныпқа беретін мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2020
1222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім саласында дизайн-ойлауды пайдалану

Бүгінгі таңда педагогикалық тәжірибеге жобалық қызметтің білімді жаңаша пайдалануға, үйреншікті үрдістерге деген көзқарасты өзгертуге, инновацияларды құруға мүмкіндік беретін технологиясын енгізу қажеттілігі туындады. «Дизайн-ойлау» осындай технологияның бірі болып табылады.

Дизайн-ойлау дегеніміз - қызмет тәсілдемесі. Бұл тәсілдеменің мақсаты – қалыптасқан міндетті шешудің тәсілдерінен шығып, инновациялық және креативті тәсілдерді қолдану. «Дизайн ойлау» технологиясы 1980 жылдары пайда болғанымен, батыс елдерінің білім беру мен ғылым саласында 90-жылдары қолданыла бастады.

Аталған технологияның тиімділігі мен білім беру саласына кіріктірудің мүмкіндіктері мен маңыздылығы жоғары. Дизайн ойлаудың құралдары оқу үрдісі үшін керемет және жаңа, пайдалы және тиімді білім беру форматтарын табуға көмектеседі. Дизайн ойлау тәжірибесінде біз кез-келген жағдайда әрдайым білім алушы – студент тұрғысынан қараймыз. Оған не қажет? Нені жақсартуға болады? Қай тәсілдер нәтиже бермейді және қандай жаңа тәсіл ойластыруға болады? Оқушыларға назар салып, олардың оқу бағдарламасының әр кезеңін қалай оқып меңгеретіндігін көріңіз, оқу нәтижелерін тереңдету және жақсарту үшін не істеуге болады деп ойлайсыз?

Оқытушылар өз дәрістерін жақсарту, тереңдету және тиімділігін арттыру мақсатында, ал студенттер өздерін білім алуға үйрету және өз жобалары көмегімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін дизайн ойлаудың тәсілдемесін қолдана алады.

Көп жағдайда студенттік жобаларда креативтік сенімділік пен табандылық жетіспей тұрады. Жоба міндеттерін дұрыс белгілей алмау мен үрдістің барлық қатысушылары тарапынан қызығушылықтың жоқтығын байқаймыз. Қойылған міндеттің өзектілігіне, оны іске асыруға сенімділік болса, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ал студенттердің өз мүмкіндіктеріне, оқытушылардың қатысуы мен көмек беру дайындығына деген сенімділік болмаған жағдайда, ең қызықты жобалар да іске аспай қала беретіндігі анық.

Осыған орай, дизайн-ойлау арнайы тәсілдердің ойластырылған ауысуының көмегімен студенттік немесе мектеп жобасын ұйымдастыру тәсілі ретінде өз күшіне креативті сенімділік алуға және оқушыларды күрделілігіне қарамастан керемет жобаларға тартуға көмектеседі.

Дизайн-ойлау тәсілдемесін топта, командада пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұл дегеніміз, бір мақсат біріктіретін үрдіске қатысушылардың дизайн-ойлауды қолдану бағытында білімдері, күш-жігерлері үйлестіріліп, нәтижеге бағытталуы қажеттілігі.

Оқу үрдісін келесі сұрақтардан бастау керек: жаңа білім бізге не үшін қажет? Оны қайда қолданамыз? Білім мен дағдыларға деген қажеттілікті сезіну үшін дәл қазір нақты не істеуге болады?" Бұл жердегі мақсат оқуға деген мұқтаждықты, мақсатты анықтау. Көптеген оқушылардың оқуына, білім алу құштарлығын оятуға кедергі келтіретіні – айқын мақсатының болмауы. Көп жағдайда оқушылар оқуға ата-аналардың нұсқауымен немесе қалыптасқан "оқу керек" ұғыммен, немесе оқу сабақтарына қатысу форматындағы ойын-сауық үшін келеді. Сондықтан, дизайн ойлау тәсілдемесінің – қызметтің ойластырылған, мақсатқа бағытталған пайдалы үрдісінің тәжірибесі оқуға деген мұқтаждықты, мақсатты анықтаудан басталу қажет.

Нақты міндеттер мен мәселелерді анықтау, осы анықталған мәселелерді шешу үшін айқын мақсаттар қойылғаннан соң, жобаның нақты тұжырымдамалары анықталады. Келесі жұмыс - жобаны жүзеге асыру. Бұл кезеңнің мақсаты оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытудың, шығармашылық, техникалық, көшбасшылық қабілеттерін ояту мен жетілдіру. Соңғы кезеңдердің біреуі - алдыңғы кезеңдерден өткен инновациялық идеяларды толықтай аяқтап, жоба моделін жасау болып табылады. Жоба өмірде тұтынушылардың сынағынан өткізіліп, өңделуі тиіс.

«Дизайн ойлау» тәсілдемесін оқыту үрдісінде қолдану оқушылардың бойында шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді жаңаша тәсілдермен шешуге деген ынтасын арттыруға, білімге деген құштарлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Дизайн ойлаудың білім беру үрдісіне енгізілуі білім мен тәжірибемізді, технологиялардың дамуы, ең бастысы - нәтижеге қол жеткізу жолдарын жақсартатындығы сөзсіз.

Сондықтан, дизайн ойлауды пайдалы қызметті ұйымдастырудың тәсілдемесі ретінде оқытушылар да, студенттер де тәжірибелеріне енгізу қажет деп ойлаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!