Білім сапасын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар.Мақала мен ашық сабақ "Ана тілі"пәнінен.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім сапасын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар.Мақала мен ашық сабақ "Ана тілі"пәнінен.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім сапасын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар.

Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі - сапалы білім беру.

Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

  Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.

Білім сапасын арттыру бағытындағы бағдарламада:

бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;

дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;

педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу;

оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемаларды өздігінен шеше білуге тәрбиелеу;

гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;

сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;

пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;

математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;

2017-2018 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиет, математика пәні бойынша 4-сынып оқушыларымен білім сапасын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар өткізілді.

Мақсаты:Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Жұмыс түрлері: жеке,топпен жұмыс жүргізу.

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 4 Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі. С.Мұратбеков Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мәтінді түсініп оқуға, жүйелі мазмұндауға үйрету, негізгі идеяны түсіндіру.ә) Оқушыларға қиын кезеңдер туралы білуге, ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденістерін шыңдауға ықпал ету.б) Адамгершілігі мол, қайратты, ұлттық рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тапсырма және интерактивті тақтамен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Автор туралы мәлімет, суреттер, тірек-сызбалар Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа әзірлеу ІІ.Үй тапсырмасын сұрап бағалау «Алғашқы көмек» авторы Бедел Тұрсынбаев Бөлімдері 1. Қансонарға дайындау 2. Қансонарға шығу 3. Күдік пен үміт 4. Отбасының қуанышы Қосымша тапсырма «Ойлан, тап»

  1. Қансонар дегенді қалай түсінесің? Оның пайдасы мен зияны қандай?

  2. «Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?» ойды жалғастырып көр

  3. Ел басындағы ауыртпалықты әңгіменің қай сөздерінен аңғаруға болады?

  4. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті»

Бұл мақалдардың мәтінге байланысы бар ма? 5)Әңгіменің «Алғашқы көмек» деп аталу себебін түсіндір.

ІІІ. Жаңа сабақ «Жусан иісі» авторы Сайын Мұратбеков Кіріспе 1)Интерактивті тақта бойынша суреттер көрсету арқылы әңгімелеу а) 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды. ә) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Автор Сайын Мұратбековтың өмір деректері мен еңбектері туралы айту. Осындай ауыртпалық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның тағдыры арқылы баяндалады. 1)Оқулықпен жұмыс а) Оқушыларға мәтінді бөліп оқыту ә) Оқыған бөлімдерінің мазмұнына сәйкес ат қою Бөлімдері: 1. Соғыстың қасіреті 2. Қаралы қағаздың келуі 3. Аянның интернатқа кетуі 4. Аянды сағыну Соңын өзім оқып беріп, түсіндіремін. Жусанды төбе – ауыл, жусанның иісі Топтарға тапсырма:1) Аян қаралы қағазды алғанда не істеді? Үнсіз қабылдады, ежектеп оқыды, төрт бүктеп ішкі қалтасына салды, солқылдап жылады, жымиып күлді. 2)Елге әкелген соғыстың зардабы қандай еді?

Shape1 тұншығардай қапас

Shape2 тымырсық (ауа жоқ)

ҚShape4 Shape3 ора іші қандай? тастай қараңғы

балапан мен кұжынаған шыбын

  1. Аянның достары кімдер? Есікбай, Садық

Аянмен қоштасқандағы достарының көңіл күйлері қандай болды?



Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала лдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай? Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой. Әңгімені өз ойыңша жалғастыр Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін? Болжау кестесі _____________________________________ Шындығында не болды деп ойлайсың? Қамқорлыққа алынды, тәрбие алды, мақсатына жетті. Тапсырмалар: Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебін түсіндір. Кейіпкерді анықта

  1. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын»

  2. «Ерік-жігері мықты, сабырлы ....»

  3. «Ер жігіт елі үшін өледі, ...»

  4. «Мың досың болса да, біреуінің орны бөлек ...»

Тапсырма: Аянға хат жаз Мақалды жалғастыр Туған жердей жер болмас, ... Туған жердің түтіні де тәтті, Туған жердің қадірін .... Досыңның қадірін .... Аққуды атпа, .... «Бақытты балалық шақ» Интерактивті тақтадан қамқорлыққа алынған бақытты балалардың суретін көрсету Біздің тілегіміз: Бейбітшілік, тыныштық Бейбітшілік Соғысты сүймес адамдар Бақытты болсын балалар! Өркендей берсін қаламыз Гүлдене берсін даламыз! Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» ІҮ.Өзін - өзі бағалау парағы. Ү.Сабақты аяқтау, Үйге тапсырма 1. С.Мұратбековтың «Жусан ісі» әңгімесін түсініп оқу, бөлім бойынша мазмұндау, суретін салу 2. Аянға мінездеме жазу 3. Отан, ерлік, батылдық, туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу







Нәтижеге жету деңгейі Ашық сабақта берілген нәтижелерге оқушылар қол жеткізе алды,әсіресе Алмагамбетов Жәнібек,Мендыханов Думан,Аңсаған Дамир және Мендыханов Қаныбек мәтіннің мазмұнын түгел қамтыған. Әңгімені өз ойыңша жалғастыр Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін? Болжау кестесі _____________________________________ Шындығында не болды деп ойлайсың? Қамқорлыққа алынды, тәрбие алды, мақсатына жетті. Тапсырмалар: Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебін түсіндір. Кейіпкерді анықта

  1. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын»

  2. «Ерік-жігері мықты, сабырлы ....»

  3. «Ер жігіт елі үшін өледі, ...»

  4. «Мың досың болса да, біреуінің орны бөлек ...»

Оқушылар тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетті. Барлық жауаптары дұрыс.

Қосымша тапсырма «Ойлан, тап»Кейбір оқушылар берілген тапсырмалар бойынша проблемалардың шығу тегін анықтағанда қателер жіберді. Мәтінді бөлімдерге бөлуге тырысты,өздерінің ойлау қабілетін көрсете білді.

«Бақытты балалық шақ» Интерактивті тақтадан қамқорлыққа алынған бақытты балалардың суретін көрсету Оқушылар сурет бойынша тапсырмаларды дұрыс анықтай алды.Оқушылар тапсырманы тірек- сызба түрінде орындады.

Тапсырма: Аянға хат жаз Мақалды жалғастыр Оқушылар тапсырманы ұқыпты орындаған, мазмұнын түгел қамтыған.





Бастауыш сынып мұғалімі: Рахметова Г.К.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
905
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі