Бородулиха ауданы Новопокровка ауылының М.Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Мухатаева Айман Талаповна
Біз сауатты баламыз
( ертеңгілік)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.
Көрнекілігі: «Әліппеге мың алғыс!»,
«Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер,
әріптер, сөздер.
Барысы:
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 сынып оқушыларының әзірлеген «Біз сауатты баламыз!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 сынып оқушыларының «Біз сауатты баламыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе»
1-жүргізуші: Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
2-жүргізуші: Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды қошеметтеп ортаға шақырайық.
(Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.)
Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
(Балалар өздерін таныстырады.)
1.Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен Малика боламын
2. Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті.
Аружан деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
3. Дарасы болар даланың,
Ғалымжан деген баламын.
4.Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Әнуар жігіт мен болам.
5. Нұрұл деген баламын,
Есепті мен шағамын.
6.Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің боламын Даурен
7. Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Ханифа боламын.
8. Би билеймін айнала,
Менің атым Сабина.
9. Желдей жүйрік баламын,
Мен Нұрдаулет боламын..
10.Сурет салар сәулетті,
Мен Айбын боламын.
11. Үлкенге де, кішіге де,
Мейірімді болатын,
Мен Шыңғыс боламын.
12.Талабы таудай талапты,
Жалғас атты баламын.
13. Келешегі қазақтың,
Мен боламын Әділжан
14. Жақсы оқып сабақты,
Білімді боп өсетін,
Мен Айсу боламын
15.Білімнен бақыт табатын,
Мен Алуа боламын.
Ханифа: Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Айбын: Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Ә- әлемді Л- легімен І- ізгілікпен П- парасатпен П- паш Е- етеміз.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе! (Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Әнуар: Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
Айсу: Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма.
Жазылған ай қыркүйек.
Нұрұл: Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Нұрдаулет: Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Сабина: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
Ғалымжан: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
Алуа: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Шыңғыс: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Хор: «Әліппе»
Аружан: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әділжан: «Әліппе» деген - алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Даурен: Қош бол құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Малика: Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Жалғас: А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
Аружан: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Әліппе: «Әліппе» оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой
.
Әліппе: Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Хор: « Мұғалім ол біздің.»
Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға сауатымызды көрсетейік!
( Оқушылар кезекпен есеп шығарып, сөз құрайды )
Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
Ханифа: Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Айбын: Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
Нұрұл: Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
Айсу: Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Нұрдәулет: Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
Даурен: Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Аружан:«Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Малика:«Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
Шыңғыс: Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
Алуа: Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Әділжан: Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Жалғас: Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
Әнуар: Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
Санамақ айтылады.
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын»
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)
Даурен-Мен есепші боламын.
Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Айбын-Мен әкім боламын.
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Аружан-Мен білім министрі боламын.
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Айсу-Мен дәрігер боламын.
Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Ханифа-Мен мұғалім боламын.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Шыңғыс-Мен полиция қызметкері боламын.
Еліме адал қызмет етемін.
Нұрұл-Мен кәсіпкер боламын.
Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мұғалім: Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.
Махаббат:Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен
шыққан «Атамұра» баспасынан электрондық поштамызға жаңа ғана хат
келді. Сол хатты бірге оқиық.
Хат: «Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар». Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!» Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
Бәрі: Қош сау болыңыз.
ІІ бөлім Концерттік бағдарлама
-
Ұлдардың «Боз жорға» биін тамашалаңыздар
-
Ханифаның ортындауында «Бала тілегі» әнін тамашалайық.
-
Мың бұрала билейтін биші қыздарымыздың биін тамашалаңыздар
-
Қыздарымыздың әкелерімен, ағаларымен билейтін биін тамашалайық.
-
Нұрдаулеттің «Қошақан» әніне кезек берейік.
-
Әліппемен қоштасу вальсі
-
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білім сапасын арттыруда ата-ананың рөлі" баяндама

шағым қалдыра аласыз