Материалдар / Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметінің ролі

Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметінің ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың физика-математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1640
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың физика-математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар



Баяндама



Тақырыбы:Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметінің ролі





Дайындаған: Қараөткел ауылының №6 орта мектебінің физика пәнінің ұстазы Мукашева Сағдат Бопиқызы

















Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін – өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыпттастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаң әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда ғана өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе – жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
  • адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
  • белсенділікті, қабілетті тұлғаны
  • жоғары мәдениеттілікті көре аламыз
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болу керек.Қазақстанның білім беружүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық. Дарынды ұстаз К.Д.Ушинский айтқандай: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды» -деген екен.Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Қазіргі күні жаңа технология бойынша жиі қолданылып жүрген кейбір сабақ түрлерін нақты айтатын болсақ: зерттеу сабағы, сайыс сабағы, аралас сабағы, практикалық сабағы, конференция сабағы, жүйелеу-қорытындылау сабақтары.Осы сабақтарда мынадай әдістерді яғни стратегияларды қолдануға болады:
  • Топпен жұмыс;
  • Жұппен жұмыс;
  • Ұжыммен жұмыс;
  • Сұрақ – жауап арқылы бағалау;
  • Өз ойын еркін жеткізе білу;
  • Ой қозғау арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауды үйрету;
  • Демонстрация әдісі (бұл әдіс арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе ретінде қарастыру)
Осы әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
  • 1) Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады
  • 2) Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді
  • 3) Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді
  • 4) Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады
  • 5) Іздену іс-әрекеті қалыптасады
  • 6) Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады
  • 7) Зертханалық және эксперимент жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады
Мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданса да, оқушыларды түгел қамтуға, бей-жай күйде отыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл көріністер сабақтардан үзінді. (Слайдтағы сабақтан көрініс суреттері)Ұрпақ тәрбиесі – ел алдында мектеп пен ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Мұндай жағдайда оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Сөздікте технология қандай да болсын істегі, шеберліктегі, білім берудегі педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. Яғни педогогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асатын педогогикалық жүйенің жобасы. Олай болса, педагогикалық технологияны дамыту, практикада пайдалану шарт. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларының кең өріс алуы. Міндет – ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қадірлейтін білімді азамат тәрбиелеу. Оқушы талантын тауып, сапалы білім беріп, дарынын дамытар жұмысты кіші жастағылардан бастап жүргізу керек. Белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағарту қызметкерлерімен бір кездесуінде жас ұрпақ тәрбиесі туралы: «Қандай шәкіртке, қандай мұғалімге, қандай мектепке көңілің толар еді деген сауалға: Өзін-өзі жете танығысы келген шәкіртке, оған жеткізе жәрдем бере алатын мұғалімге сондай мұғалімге жеткілікті жағдай жасай алған мектепке көңілім толады» деп толғаныспен жауап берген. Ендеше, мектеп, ондағы жұмыстың бағыты жаңа кезеңге сай өзгеруі шарт екені түсінікті. Оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу бағдарламасын толық меңгеруді қамтамасыз етуге болады.Қазіргі кезеңде мектеп үшін де, ұстаздар үшін және оқушылар үшін ҰБТ – ның нәтижесі негізгі мәселе болып отыр. Менің жеке тәжірибемде әр жыл сайын «Ұлттық бірыңғай тестілеуге» мынадай сатылар бойынша яғни этап бойынша дайындаймын.
  • І. Диагностикалық саты
  • Байқау тестінің қорытындысы бойынша жұмыс;
  • Апталық жұмыс, соның ішінде
а) жеке тақырыптар бойынша түсінік беру; б) әңгімелесу (логикалық сұрақтар бойынша); в) осыдан кейін қайталап тест алу.
  • ІІ. Практикалық саты
  • а) есептер жинағы, тест жинақтары бойынша жұмыс
  • б) факультатив сабағы
  • ІІІ. Бақылау сатысы
  • а) жеке тақырыптар бойынша тест;
  • б) осы тест бойынша жіберілген қатемен жұмыс;
  • в) оқушылармен білім деңгейлеріне байланысты жұмыс жүргізу
  • ІV. Техникалық дайындық сатысы
  • Уақыттарын толық жазбаларға кетіре бермеу яғни уақытын үнемдеу
  • V. Методикалық саты
  • а) есеп шығаруға кіріскенде ең алдымен есептің мағынасын ұғынып, физикалық шама мен оның өлшем бірліктеріне көңіл бөлу.
  • б) есептеуге кіріспей тұрып, барлық берілген бастапқы шамаларды бір бірліктер жүйесіне көшіру қажет екенін түсіндіру.
  • VI. Психологиялық саты
  • а)ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыға психологиялық тұрғыдан үнемі қолдау көрсетіп отыру
  • б)оқушыны сенімділікке және жақсы нәтижеге жететіндігіне үміттендіру.
Осының нәтижесінде 2004 жылдан бері менің оқушыларымның нәтижелері аудан бойынша алдыңғы орындардың бірінде деп айтуға болады. Соңғы үш жылдың қорытынды нәтижесін мысалға алатын болсақ мынадай 2011 – 2012 оқу жылы: «Алтын белгі» иегері Өмірбек Байжігіт 5–ші таңдап алынған пәні «Физика» ЕҰУ - да «Байланыс және радиотехника» бөлімінің студенті; 2012 – 2013 оқу жылы: Грант иегрлері : Ерболат Асқар ЕҰУ – да «Ядролық физика» бөлімінің студенті; Жарасова Самал Агротехникалық университетінің «Физика-информатика» бөлімінің студенті; 2013-2014 оқу жылы: «Қазақ технология және бизнес» университетінде Магистранттар, студенттер мен оқушылардың арасында өткен ғылыми конференциясына «Радиоктивті сәулелер және олардан қорғану тақырыбымен 10 А сынып оқушысы Есірке Ақмаржан қатысып, алғыс хатқа ие болды; 2014-2015 оқу жылы: EXPO – 2017 жылда өтетін көрмеге байланысты Астана қаласында өткен ғылыми конференциясында «Киіз үйдің физикалық қасиеті» тақырыбымен 11 сынып оқушысы Дастан Сүйіндік – Мақтау грамотасымен марапатталды. Баяндамамды қорытындылай келе, «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан басталады», - деп ұлы Абай айтқандай, бүгінгі жас ұрпақтың өрелі болып өсуі жақсы ана, жақсы атамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Жас баланың ақыл-санасы ұстаз алдында қалыптасады. Білім сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін мұғалімнің күнделікті, әрбір сабағына жан-жақты ізденіспен тиянақты дайындығы қажет Сонымен бірге ұзақ жылғы педагогикалық тәжірибемде ұққаным тек мұғалім ғана емес, оқушыларға сапалы білім беру үшін алдымен, мектеп директоры теориялық білімді, кәсіби шебер болу керек. Ол басқарудың қыры мен сырын білімділігімен ұштастыра білсе, өмірдің жаңа талаптарын жақсы түсініп, қарамағындағы ұжым мүшелерінің әрқайсысының еңбегін жеке бағалай білсе ғана дұрыс басқару болмақ. Яғни мектепте отырған әрбір оқушы біреуге бала, ертеңгі ата-ана, маман басшы, тұтынушы сияқты әлеуметтік рөлдерді атқаратынын ескерсек, оқушыларға сапалы білім берудің маңызының қандай екенін түсіну қиын болмайды. Мектеп бітірген соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған сапалы ақыл көзімен қарай білсе, қорытынды жасап, өз көзқарасын, ойын сауатты да жан-жақты жеткізе білсе міне, мектепте берген білімнің сапасының айғағы.



2014-2015 оқу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ