400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Білімді ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық адамға керек, жастарға ұнайды,мазмұны тұсінікті ойын нақтылауға жүйелеуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді ұрпақ – табысты болашақ!



Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы


Қазіргі педагогика саласы сан тарауды қамтиды. Олай деуге негіз бар, өйткені ел тұтқасын ұстар азамат пен ат құлағында ойнайтын шабандоз да педагог алдындағы партадан білім алады. Қанатын қағып, болашаққа бағыт алады. Бүгінгі бала - болашақ дана екенін ескерсек, есті педагогтың ескерпесі саналы адамның жадында ғұмыр бойына жаңғырмақ. Демек, дұрыс берілген білім мен өнегелі үлгі, керек кеңес әдемі үйлесіп, қиындықсыз жымдасып жатуы керек. Педагог пен педагогика саласының пайдасы ұшан-теңіз екенін осыдан-ақ аңғару қиын емес.

Енді педагогтың негізгі көмекші құралы жайлы сөз өрбітсек. Заманауи үлгідегі түрлі техникаларды тілге тиек етпес бұрын, кітаптың құндылығын айтсақ артық етпес. Сан мыңдаған жылдардан бері білімдінің қаруы - кітап екені ақиқат. Бүгін де өміршеңдігін жоймаған қазынаның қайсысы өтімді? Қай бағыттағы басылымдарға басымдық беріліп жатыр? Жастардың сұранысы қандай? Осы тақылеттес сұрақтарға жауап іздеу арқылы да кітаптың құндылығын арттыруға әбден болады. «Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады». Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы бір ауыз сөзі бүгінгі күннің бүтін болмысын сипаттап тұрғандай. Бір ауық техникаға тәуелділік - жастарды кітаптан алшақтатқанмен, олықылықтың орны қайта толып жатқандай сипат алуда. Оған себеп – маркетингтік жүйе. Яғни, жарнамасы жер жарған жазбалар мен мазмұнды басылымдар, мұқабасы жаңа үлгіде жөнделген қазақ қаймақтарының қызықты шығармалары қайта сұранысқа ие болуда. Демек, бұл да бір дәурен. Осы оңтайлы уақытты ұтымды пайдаланып қалуды көздеген абзал. Сұраныс саны артқан кітаптарды дер кезінде қолда бар ету – біткен істің биігі дер едім. Әйтсе де, заманының заңғар тұлғасы М.Әуезов айтқандай, «Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді» демекші, жауапкершілікке ат үсті қараған жазушы жарнаманың соңына түскен пайдакүнем қаламгер атануы әп сәтте...

«Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей». (Л.Толстой) Әркез әңгіме дүкен құратын ақылды адам жаныңнан табылмаса да, сырыңды жұртқа шашпайтын сенімді серік, үнсіз ақылшы ретінде кітап көмекке келе алады. Ал, бүгін қітаптың қай нұсқасы өтімді? Электронды нұсқасы ма әлде, кітапханадағы шынайы үлгісі ме? Смартфон сөредегі кітапты алмастыра алмасы анық. Десек те, уақыттың тапшылығы, заманның талабы, жастардың талғамы электронды нұсқасын нұсқауы мүмкін. Хош делік. Таңдау қайсысына түссе де, қуануға болады. Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ. Бірақ жастарды бір ауық кітапханаға тартып тұратын, тыныштықта тамаша кұйге ендіретін, санасын жақсы ойға сендіретін кітаптарды қолға алса, педагог қауымының ұтқаны дер едім. «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», деп
Әбіш Кекілбаев айтқандай, нағыз қазынаның ордасы, адамзаттың асыл діңгегі, рухани байлықтың бастауы - кітапхана.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі