"Білімді ұрпақ, өнерлі өрен - ел келешегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білімді ұрпақ, өнерлі өрен - ел келешегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө¬лінеді. Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы десек, балаларға тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сахна мәдениетіне үйрету, жаңа технологияны тереңірек меңгертуде қосымша білім берудің маңызы зор. Қазіргі таңда кенттегі 4 мектептің оқушыларын қамтыған өнерлі ордадан қазақтың қарадо¬малақ балалары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, мекеме мерейін асыруда. Талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

«Балалар жылы»қорытынды мерекелік іс- шарасының сценарлық жоспары

«Балалар жылы: Білімді ұрпақ, өнерлі өрен- ел келешегі»

Өтетін орны: Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі, АКТ зал

Өтетін күні: -қараша, 2022 жыл

Сағат: 10.00-де

Алғы сөз: Директор Г.Құдайбергенова

Сценарийге жауапты: Г.Қапанова

Көрмеге жауапты: «Қолөнер» үйірмесінен А.Мырзаева , «Қылқалам» үйірмесінен Ұ.Зейлова

Жүргізуші: Алмас Әсел, Бақытбек Ержан

«Домбыра» үйірмесі күй тартады, жауапты: Г.Кожагулова, А.Молжігітов

Орындалатын күйлер: Әбенов Желдірме, халық күйі Тепеңкөк, Райымбергенов Секіртпе

Жеке номерде 1 оқушы күй орындайды

«Ән-терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі жауапты: А.Ерниязова

Орындалатын әндер: «Қызылқұмда ауылым», «Он алты қыз», «Домбыра», «Анамның тілі», «Гүлдерайым»

«Би» үйірмесі жауапты: К.Тажмағамбетова

Орындалатын билер: «Жанайым» би тобы «Өзбек» биі, «Қазақ» биі

«Вокал» үйірмесі жауапты: С.Кубжанов «Мерекем», «Мен қазақпын» әндері

Аппаратураға жауапты: С.Кубжанов

Техникалық қызметтерге жауапты: Д.Оралбаев

Желіге материал шығаруға жауапты: Бақытбек Ержан

«Жыл үздіктерін» Марапаттау

«Мектеп өмірінен көрініс» жауапты: Е.Бақытбек, Г.Қапанова















«Балалар жылы: Білімді ұрпақ, өнерлі өрен- ел келешегі» меркелік іс- шарасының сценарийі

ПРОЛОГ

Би: «Жанайым» би тобының орындауында «Қазақ» биі


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, өнерлі өрендер, достар!


Жүргізуші: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө­лінеді.


Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы десек, балаларға тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сахна мәдениетіне үйрету, жаңа технологияны тереңірек меңгертуде қосымша білім берудің маңызы зор. Қазіргі таңда кенттегі 4 мектептің оқушыларын қамтыған өнерлі ордадан қазақтың қарадо­малақ балалары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, мекеме мерейін асыруда. Талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды.


Ән: «Вокал» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Сыр жұлдыздары» тобының орындауында «Мен қазақпын» әні


Жүргізуші: «Балалар жылы: Білімді ұрпақ, өнерлі өрен- ел келешегі» атты мерекелік іс- шараның алғы сөзі Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі директоры Құдайбергенова Гаухар Отарәліқызына беріледі.

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ ТЕЗИСІ

Жүргізуші: «Балалар жылы Білімді ұрпақ, өнерлі өрен- ел келешегі» іс- шарасында арнайы өнер мен білімде топ жарып, үйірме сабағында үздік атанып, қоғамдық шараларға белсене қатысқан, көшбасшылық қасиеттерімен көзге түскен жыл үздіктерін марапаттауға кезек береміз.


МАРАПАТТАУ СӘТІ


Жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Орталарыңызда республикалық, облыстық, қалалық дәстүрлі ән байқаулардың жеңімпаздары «Ән- терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі

«Қызылқұмда ауылым», «Гүлдерайым», «Анамның тілі» әндерімен


Жүргізуші: Күй: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші күмбірлеген күй тартатын «Домбыра» үйірмесінің оқушыларын «Әбенов Желдірме, халық күйі Тепеңкөк, Райымбергенов Секіртпе» күйлерімен қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: «Мектеп өмірінен 1 күн» сахналық көрініс

(сахнаға мұғалім үстелі, тақта, оқушылар отыратын орындықтар кіргізіледі)

Бәрі өз орнына жайғасқан соң көрініс басталады:


Мұғалім сөзі: Балалар бәріміз бірге ойланып көрейікші «Бақыт деген не өзі...? осы тақырыпта әрқайсысымыз не ойлаймыз қағазға түсіреміз...


Баяу музыкалық фон беріледі


Мұғалім сөзі;


Бақыт деген не өзі?», –

деп бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп,

бірі қырдан әрі асты.


1-Оқушы : «Бақыт деген –

барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең,

бақыттысың емес пе?».


2-оқушы: «Жоқ, бақыт деген –

қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ерек,

соның өзі жақсы ат қой».


3-оқушы: «Бақыт деген –

жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен,

қарын тойса, доп ойнау».


4-оқушы: «Бақыт деген –

адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген,

ол да соған ермек қой».


5-оқушы:

Бекнұр шығады

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.

Біз өмірді түсінбейміз,

Сол — қайғы.

Туа сала таудай бақыт күтеміз,

Ал шынында бақыт үлкен болмайды.

Лүпілдеген тамырындай шекенің

Жеке сағат,

Жеке тәулік,

Жеке күн.

Үлгермейміз түсініп те,

Байқап та

Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!

Құс сияқты сезінбейтін қанатын

Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.

Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана

Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!

Ақындардың көмейінен жыр ақса,

Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.

Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,

Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!

Мүмкін емес бұл өмірден исіну.

Болу керек ән әдемі,

Күй сұлу.

Бақыт деген бұлтты күні — жадырау —

Бақыт деген жұмыс болса — сүйсіну!

Келтіретін адам болсаң елге мін,

Неге керек босқа өмірге келгенің!

Бақыт егер байлық болса — бергенің,

Керек болса — Отан үшін өлгенің!

Өмір мына лыпып тұрған ұстара.

Өлім келсе,

Қай туысың түсті ара?!

Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың

Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.

Біз өмірді түсінбейміз,

Сол — қайғы.

Бақыт үлкен болған емес шынында,

Ал қайғының кішкентайы болмайды!



Мұғалім сөзі:

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.

Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.


Безбеймін мен баладан да,

байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға

үлестіріп алғанда.


Үміт үзбей іздейді олар,

тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін,

жүректен тап бақытты!»


Музыкалық фон тоқтап «Бақыт деген сенің бала күндерің» әні қосылады, бишілер мен әншілер шығады


Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген - әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,

Бірақ, балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,

Мені білсең, бақытыңды білгенің.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім -

Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!



Би: Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық дәстүрлі би байқаулардың жеңімпаздары «Би» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Жанайым» би тобының орындауында «Өзбек» биі

Ән: Өмірбек Әлішер «Ақбұлақ» әні

Ән: Жанболатқызы Жанерке «Бипыл» халық әні



Жүргізуші: Мемлекет басшысы Балалар жылы бос ұранмен өтпеуі керек- деп бірқатар нақты тапсырмалар берді. «Балалар жылы» аясында арнайы жоспар бойынша жер- жерде, түрлі іс- шаралар өткізілді! Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ, өнерлі өрен. Ел іргетасын берік қалау үшін тәрбие мен білімді тал бесіктен бастауымыз керек. Балдырған балаларымыздың болашағы жарқын болсын десек оларға білім беріп тәрбиелеуден озық болуымыз керек. Ел ертеңі- білімді ұрпақ. Өнер мен білімде топ жаратын балдырғандарымыздың әр күні бақытқа толы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Жүргізуші: Балалардың құрметіне әсем ән жолдаймыз қарсы алыңыздар «Мерекем» әнімен


Жүргізуші: «Балалар жылы Білімді ұрпақ, өнерлі өрен- ел келешегі» іс- шарасы осымен тәмам. Барша балаларды бүгінгі марапаттарымен құттықтаймыз, болашақтарыңыз жарқын болсын! Келесі кездескенше, күн жақсы болсын!


Соңы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі