Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Білімді"интелектуалдық ойын.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Білімді» интелектуалдық ойын.
Мақсаты:Интеллектуалды ойын арқылы балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, бес сала бойынша жыл бойы білімдерін қайталату.
Міндеттері: Білімділік. Балалардың Білім беру саласының бірнеше бөлімдері бойынша тапсырмалар мен түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы білуге деген құштарлықтарын арттыру, екі тілді меңгеру қабілеттерін тереңдете түсу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік.Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, әуенді музыкалар.
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті. |
Мотивация лық қозғаушы. |
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, балалар!. Бүгінгі «Зерде» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін ортаңғы топ балалары арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.Балалар әуенмен залға кіреді орындарына жайғасады. Сайысымызды бастамас бұрын сарапшы сайлап алайық (әр бір тур бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап беріп отырады, ал балалардың әр тур бойынша балдары жинақталады) Тәрбиеші: Бүгін біздің ойынымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр екен. Қане солармен амандасып алайық. Шаттық шеңбер: Мынау менің жүрегім , Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды , Барлық істі басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым. Барлық істі басқарған. Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң қонақтар. Балалар орындарына жайғасады. |
Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды. (Қонақтармен амандасады шаттық шеңберін жасайды). |
Ұйымдастыру -шы Ізденістік. |
Тосын сәт:Осы кезде білім магистрі келеді. Тәрбиеші:Хош келдіңіздер қонақтар, балалар, Мен білім магистрімін. Білім магистірі: Мен осы «Ару-Бота» балабақшасында «Зерде» ойыны болайын деп жатқанын естіп арнайы келдім. Балалар осы ойынды сендермен бірге жүргізсек қайтеді. Балалардың білімін тексеріп көргім келді.Мағанда бұл ойын ұнайды. Тәрбиеші: Мен алдымен ойынның шартымен таныстырып өтейін.5 - білім саласы бойынша балаларға сұрақтар қойылады.Бесінші « денсаулық» саласына баға берілмейді. Қойылған сұрақтың жауабы дайын болған кезде тетікшені басып белгі береді де, жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріліп отырады. Ол жұлдызшаларды беріп, жеңген топты анықтайтын сарапшы сайлап алуымыз керек. Ал құрметті ойыншылар алдарыңызда өздеріңіз көріп отырғандай әр сала бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтарға 2 топтың да ойыншылары жауап береді. Дұрыс жауаптарға жұлдызшалар беріліп отырады Міне балалар 2-топқа бөлініп дайын отыр. Қазір олар өз топтарымен және топ мүшелері өздерін таныстырып өтеді. 1. «Жалын» тобы. Жалындап жайнаймыз, Жарыстан қалмаймыз. 2. «Алау» тобы. Алаулаймыз жанамыз, Біз білімді баламыз. Әр топқа сұрақтар беріледі. Ал енді ойынымызды бастайық. 1. «Коммуникация» саласы бойынша «Сөйлеуді үйрену» бөлімінен тапсырма. «Берілген суреттерге қарап әңгіме құрастырады» 1 минут ішінде көбірек сөз табу керек. «Коммуникация» саласы бойынша «Көркем әдебиет», «Драма» бөлімінен тапсырма. Интеративтік тақтадан ертегілерден көріністер көрсетіледі, балалар қандай ертегі екенін табады. 2.«Таным» саласы бойынша «ҚМҰҚ» бөлімінен тапсырма. Әр топқа үстел үстіне карточкалар беріледі, балалар жылдам қай сан жоқ екенін және пішіндердің ұқсастығын тауып сызықпен қосады. «Таным» саласы бойынша «Қоршаған орта» бөлімінен тапсырма. Теледидардан «Не артық?» ойыны. Мұнда балалар не артық екенін табады, және оның не үшін артық екенін айтады. 3.«Шығармашылық» саласы бойынша «Ән-күй» бөлімінен тапсырма. 1-сұрақ:Балаларға жыл мезгілдеріне байланысты әуендері қойылады, оның қандай мезгілінде айтылған ән екенін табу және өлеңнің сөзін айтады . 2-сұрақ:Жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтар айту.Көктем, жаз, күз, қыс туралы тақпақтар. 4.«Денсаулық» саласы бойынша көңілді сергіту сәтін жасату. «Көңілді күн».Бұл бөлім бағаланбайды. 5.«Әлеумет»саласы бойынша» 1-сұрақ «Топ бөлмелерін ата» 2-сұрақ:«Балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмысын атау».
«Кім жылдам?» ойыны. Мұнда балаларға әр түрлі бөлімдер бойынша 1 минут ішінде сұрақтар қойылады. Жылдам жауап берулері тиіс. І. «Жалын» тобы. 1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? – Төрт. 2. Бір аптада неше күн бар? – Жеті. 3. Қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын ата– Көктем. 4. Көкөністер қайда өседі? – Бақшада. 5. Домалақтың бұрышы бола ма? – Жоқ. 6. Тауық, әтеш, үйрек, қаз қандай құстарға жатады? – Үй құстары. 7. Қыста қардан не жасаймыз? – Аққала. 8. Үйдің төбесі қандай пішінге ұқсайды? Үшбұрышқа. 9. Жаңа жылда Аяз ата не береді? – Сыйлық. 10. Қасық, пышақ, кесе, тәрелке, шанышқыны бір сөзбен қалай атаймыз? – Ыдыстар. 11. Ұшақ, тік ұшақ, зымыран қандай көліктерге жатады? – Ұшатын көліктерге. 12. Бір жылда неше мезгіл бар? – 4 мезгіл бар. 13. Қазақстанның рәміздерін атап бер. – Ту, елтаңба, әнұран. 14.Сандарды өсу ретімен және кему ретімен сана. 15. Доптың пішіні қандай? – Домалақ. 16. Жемістер қайда өседі? – Ағашта. 17. Түлкі, аю, қоян, ата, әже, бауырсақ қай ертегінің кейіпкерлері? – «Бауырсақ». 18.Бағдаршамның қандай түсінде жолдан өтеміз? – Жасыл. 19. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?- сиыр, жылқы, қой, ешкі. 20.Аспазшы сөзінің орысша аталуын ата?-повар. «Алау» тобы. 1. Бір қолда неше саусақ бар? – Бес. 2. Аспанның түсі қандай? – Көк. 3. Дәрігер не істейді? – Емдейді. 4.Дәрігер сөзін 2 тілде айтып бер: Дәрігер- доктор. 5. Сопақшаның бұрышы бола ма? – Жоқ. 6.Бағдаршамда неше көз бар? – Үш. 7. Машина, ұшақ, автобус, троллейбусты бір сөзбен қалай атаймыз? – Көліктер. 8. Біздің балабақшамыз қалай аталады? – «Ару –Бота». 9. Суға жылдың қай мезгілінде шомыламыз? – Жазда. 10. Торғай, қарлығаш, көгершін, бүркіт қандай құстарға жатады? – Дала құстары. 11. Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?- Бәйшешек. 12. Бауырсақтың пішіні қандай? – Домалақ. 13. Ата, әже, әке, ана, баланы жалпы қалай атаймыз? – Отбасы. 14. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? – Үш. 15. Жемістер мен көкөністер жылдың қай мезгілінде піседі? – Күзде. 16. Тудың түсі қандай? – Көк. 17. Тауық, қаз, үйрек қандай құстарға жатады? – Үй құстары. 18. Малақай, қолғап, тон қай жыл мезгілінің киімдері? – Қыс мезгілінің. 19.Аспазшы сөзін 2 тілде айтып бер: Аспазшы- повар. 20. «Ана» сөзінің орысшасы. – Мама.
Сарапшы білімін бағалап, жұлдызшаларын санау арқылы қай топтың жеңгенін анықтап, оларды мақтау дипломдарымен марапаттайды. Білім магистрі: Жарайсыңдар балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Мен сендерге ризамын! Тәрбиеші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да жыл бойғы алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге. |
Балалар қызығып қарайды. Білім магистірімен амандасады. Тәрбиеші балалармен таныстырады. Балалар өз топтарын таныстырады. Әр топ өз ұрандарын айтады. Тетікшені баспай жауап қабылданбай- ды. Топ басшылары ұяшықтарды таңдайды. Берілген тапсырма бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қойылған сқрақтарға жауап береді. Әр топ сергіту сәтін өз тобымен орындайды. Балалар қойылға сұрақтарға жылдам жауап береді. Балалар топ мүшелерімен жылдам тауып айту керек. Балалар ойынға қызығып ойнайды. Қойылған сұрақтарға жауап бараді. Ойында не артық екенін тауып айтады. Балалар өз жетістіктеріне қуанады. Білім магистірімен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже.
Жаңғыртады:Бес сала бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін шыңдау.
Түсінеді:Сұрақтарға тез әрі жылдам дұрыс жауапты тауып тетікті басу.
Қолданады: Слайд.сурет,карточкалар,әуенді музыка пайдаланып жауап береді.