Тақырыбы : «Білімділер
бәйгесі»
Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын
арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін
дамыту.
Ойын
барасы: Ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ
қатысады.
Техникалық
құрал:компьютер, проектор, жылжымалы экран.
Бағдарламалық жабдық: MS Power Point-та жасалған
слайдтар.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен
білімге құштар
оқушылар! Бүгінгі сайысымызды Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Біз ХХІ ғасыр жаһандану
картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек,
әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тану
керек” Ендеше осы сайыста көрсеткен білімдерің
күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы
қадамдарың болып табылады. Олай
болса«Білімділер
бәйгесі» атты зияткерлік ойынға хош
келдіңіздер!
Ойын толқын, айналған қатты
ағысқа
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу
қалып жатады асығыста.
Ойын толқын, жатқандай
асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс
басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама
ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма
жасып
Ойынымызды бастамас бұрын әр топтың білімін
дұрыс бағалау үшін білім сайысының әділ қазыларын сайлап
алайық
(әділқазы төрайымы мен мүшелерімен
таныстыру)
-
Әдіскер және бастауыш сынып бірлестік
жетекшісі
Такабаева
Гулнара
-
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдикаримова
Шолпан
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға
берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Шақырамыз, келіңдер
жарысуға,
Күш, өнер,білімменен
алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки кім шығады сайысуға,- деп
алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.Ендеше кезек
оқушыларда .
Көрермен жиналған бұл
тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып
өтсін.
(Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
І топ:
«Болашақ»
тобы:
Ұраны:Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз алған білімді.
ІІ топ: « Білім
» тобы:
Ұраны:«Тапқырлық таныту-мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
Сонымен құрметті көрермендер, сайысымызды басталық.Ойынымыздың
өтілу тәртібімен
таныстырайық
- Бүгінгі зияткерлік ойын 6 бөлімнен
тұрады:
“Қас – қағым
сәтте”
“Тұлғаны тани
біл”
“Сандар сыры
”
“ Мақал - сөздің мәйегі
”
“Көкпар”
«Ойлы болсаң, озып
көр!»
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске
жет,
Білімді, әрі білікті жас
жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін
бастаймыз.
І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп
аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр
сұрақ 3 ұпаймен
есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра,
ойынымызды
бастаймыз.
1 -
тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің
жайын хабарлау мақсатында айтылған
сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең
фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы
бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін
ашқан)
2 -
тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар,
өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір,
мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін
сөз)
4. А. Құнанбаев кім?
(ақын)
5. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік,
үлестірімдік, орын
ауыстырымдылық)
- Қорытынды
жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
Өз ойыңды ашық
айтып,
Түйіндейміз
білімді.
Әр нәрсенің жауабын
тез
Айтайықшы
ұғымды.
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады
деп
“Тұлғаны тани біл”сайысын
бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз
білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс
жауапқа 3 ұпайдан
беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев,
Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Илья Ильин т.
б.
ІІІ – кезең «Сандар
сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің
мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма
ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2
ұпай.
16, 1, 22, 12, 9,
30
- Қорытынды
жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
IV - кезең. “Мың бір
мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады,
ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал
- мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1
ұпай.
Ананың көңілі балада,
…
Қына тасқа
бітеді,...
Досы көпті жау алмайды,
…
Ақыл – тозбайтын
тон,...
Өзге елде сұлтан
болғанша,...
Білекті бірді
жығар,...
Туған жердің күні де ыстық,
…
Еңбектің наны
тәтті,...
Бірлік
болмай,...
Туған жердей жер
болмас,...
- Қорытынды
жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
V бөлім –
«Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма
сұңқарға.
Білім күшті
оларда
Салсын барын
ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз
жасау. Әр сөзге 1 ұпай
беріледі.
- Қорытынды
жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
VІ кезең – «Ойлы болсаң, озып
көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ
басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3
ұпай.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады,
ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3
кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5
бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16
аяқ)
1. Ағаш үстінде 10 торғай отырады. Аңшы 10
торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10
торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа
қанша минутта піседі? (3
минут)
3. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан
отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше
мысық бар? (4мысық)
Қорытынды
жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
Тауды биік деме
сен,
Талаптансаң,
шығарсың.
Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып,
сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға
береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен
сыйлықтар табыс ету.
« Сам» мектеп – балабақша кешені
КММ-сі
Зияткерлік
ойын
Білімділер
бәйгесі
Бастауыш сынып
апталығы
Дайындаған: Гулнара
Ермекбаева