«Білімділер патшалығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білімділер патшалығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 бөбекжай- бақша тәрбиешісі
Сейткеримова Гүлжан Асылханқызы

Білім беру саласы:
«Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу, Көркем әдебиет, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Логика, Жапсыру, Бейнелеу өнері, Құрастыру.
Тақырыбы: «Білімділер патшалығы»
Мақсаты:
Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Әріптерден сөз құрауға, сандардан есептер шығаруға үйрету. Сөздік қорын, тілін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұжымдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Білімді
Билингвальды сыңары:
білімді- знаний
Заттық дамыту ортасы:
слайд, фетрден тігілген сандар, әріптер, түрлі- түсті шарлар, кеспе есептер.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер бойына тұрады.
-Көңіл- күйлеріңіз қалай?
-Оқу қызметіне дайынбыз ба?
-Ендеше бастайық.
(Ортада үлкен қорап тұрады, беті жабық)

-Балалалар бізге бүгін «Білімділер патшалығы» сәлемдеме жіберіпті.
Қорапты ашудың бір әдісі бар, ол сәлемдесу. Кәне сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн,
Амансың ба, Жер ана.
Амансың ба, достарым,
Сендерді көріп қуанам.
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
Қорапты ашу. Ішінен әуе шарлары және хат шығады.
-Балалар, бұл хатта не бар екен?
Хатта: «Сәлем балақайлар! Мен «Білімділер патшасымын». Мен сендерді білімділер қатарына қосқым келеді. Ол үшін сендер менің тапсырмаларымды орындап, білімдеріңді көрсете білулерің қажет. Мен сендерге тапсырмаларды шарларым арқылы жібердім. Іске сәт, балақайлар!
Ақ шардың тапсырмасы:
«Қонақтардың қолдарындағы әріптерді қосып оқыңдар»
-Яғни, біздің тапсырмамыз «Отаным- Қазақстан» сөйлеміндегі әріптерден сөз құрап жазу. Отан- Родина
Балалар қонақтардың қолындағы әріптерден «Отан» деген сөзді оқиды. Балалар тапсырманы орындарында және тақтаға шығып орындайды.
Балалар әріптерде сөз құрап жазады: ана, қазақ, маса, сақа, қазына, мақта, қазан, мата, орман т.б.
-Балалар, біз Отан туралы мақал- мәтелдер білеміз бе?
-Олай болса мен бастайын, сендер мақалды жалғастырыңдар:
-Отан оттан да (ыстық).
-Отан отбасынан (басталады).
-Отан үшін (отқа түс күймейсің).
-Отанын сатқан (оңбас).
-Отаны жоқтың (оты жанбайды).
Келесі шарда қандай тапсырма бар екен?
Слайдтан үй жануарларының суреті шығады.
- Балалар бұл шар арқылы біздің үй жануарлары туралы білімдерімізді тексермекші екен. Біз төрт түлік мал туралы не білеміз?
Сенім: Ең зор түлік- түйемін,
Тікенді шөп сүйемін.
Пайдалансаң сүтім шұбат,
Дертке дауа, жанға қуат.
Қу тышқанға алдандым,
Жыл басынан құр қалдым.
Асылхан: Арғымақ тұлпар жылқымын,
Мақтанышы жұртымның.
Қай түлік келер маған тең,
Сүтім- қымыз, етім-ем,
Білесің бе, сен оны.
А.Мадина: Мінезім жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Қажет болса сүт-қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ.
И.Мадина: Қой- ешкі бір түлікпіз,
Бірге өстік, еш күдіксіз.
Теріміз- тон, былғары,
Жүніміз- киім, тұр әне.
Еті тәтті, сүті бал,
Қой- ешкі ең құнды мал.
Бәрі бірге:
Түйе, жылқы, сиыр, қой,
Төрт түлік осы біліп қой.
-Төрт түлік малдың пірлері, қамқоршысы бар екен, атап берейік.
Балалар төрт түлік малдың пірлерін, қамқоршысын атайды.
1. Қой атасы- Шопан ата.
2. Сиыр атасы- Зеңгі баба.
3. Жылқы атасы- Қамбар ата.
4. Түйе атасы- Ойсыл қара.
Сергіту сәті.
Балалар би қимылы арқылы бойларын сергітеді.
-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді келесі шардағы тапсырманы көрейік.
«Логика әлемі» деп жазылған екен.
-Балалар біз ауызша логикалық есептер шығарайық.
1. Екі адамда неше қол? (4)
2. Үш мысықта неше құйрық бар? (3)
3. Екі түйеде қанша аяқ бар? (8)
4. Екі қолда қанша саусақ бар? (10)
5. Бес құста қанша тұмсық бар? (5)
-Енді балалар өздерің бір- бірлеріңе логикалық жұмбақ жасырыңдар.
Балнұр: Сүйегінің дәні бар,
Бір бұтақта бесеуі,
Бір бұтақта біреуі.
Баққа тұрар сән беріп,
Ал қанекей санап ал. 5+1=6
Мейірім: Мысық үйін саламын,
Үш терезе, бір есік.
Тағы бірін қосамын,
Отырсын деп жарықпен.
Айтшы өзің балақай,
Терезе көппе, есік пе? 3+1=4 терезе көп.
Айнара: Есік алдында ит отыр,
Күн көзіне жылынып.
Тағы келді төртеуі,
Жайғасуға қысылып.
Нешеу екен итіміз. 1+4=5
Асылхан: Екі күшік, жүгіре түсіп,
Үш досқы барып қосылды.
Барлығы қанша күшік,
Қайрат білмей тосылды. 2+3=5
Алдияр: Табақта бар бес алма,
Қолымда тұр үш алма.
Қоссақ егер барлығын,
Болады екен неше алма? 5+3=8
Арслан: анасы 9 шар алды. Соның біреуін мысық алды, біреуін күшік алды.
9-1-1=7
Амира: Тұмсығын көкке көтерген,
Қоянда бар алты сәбіз.
Сүрініп жерден,
Жоғалтып алды екі сәбіз.
Қолында қалды неше сәбіз? 6-2=4
-Балалар саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Бас бармағам атам,
Балаң үйрек апам,
Ортан терек әкем,
Шылдыр шүмек анам,
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
-Балалар келесі шардың тапсырмасын көрейік.
Слайдтан суретшінің суреті шығады.
-Сәлем достар! Мен де «Білімділер патшалығының» тұрғынымын. Білімділер патшалығына барар жолдың бірі өнерлі болу. Яғни сендердің шығармашылықты қалай меңгергендеріңді көргім келеді.
-Балалар тез арада үш топқа бөлініп, ермексазбен, түрлі- түсті қағазбен және бояумен бір туынды жасайық.
Балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ гүлдің сабағы мен жапырағын бояйды, екінші топ гүлдің күлтесін түрлі- түсті қағаздан қырқады, үшінші топ құмыраны ермексазбен мүсіндейді.
-Балалар жұмыстарымызды аяқтап,туындымызды құрастырып, жапсырып шығамыз.
-Енді балалар жасаған туындымызды тез арада «Білімділер патшалығына» жіберейік.
Рефлексиялық-түзетушілік:
-Балалар біз мына ең соңғы шардың тапсырмасын ашып көрейік.
(Хаттың ішінен кілт шығады. Экраннан қақпаның суреті шығады. Кілтті алып қақпаны ашқандай болады. Осы кезде «Білімділер патшасы» сөйлейді).
«Сәлем №13 балабақша түлектері. Сендер «Білімділер» яғни мектепке дайын екендеріңді көрсете білдіңдер. Әріптерді танып, буынға бөліп, оқи алады екенсіңдер. Логикалық есептерді жақсы шығара білдіңдер. Ал мынау шығармашылық жұмыстарыңды көріп қатты қуандым. Өнерлі екенсіңдер. «Білімділер патшалығының» кілті сендердің қолдарыңда. Қыркүйек айында мен сендерді асыға күтемін. Менің сендерге арналған сыйлығым үлкен шардың ішінде. Сау болыңдар, балақайлар!
-Балалар, ендеше біз үлкен шарды жарып көрейік.
Үлкен шарды жару, шардың ішінен балаларға арналған тәттілер шығады.
Оқу қызметін қорытындылау, балаларды мақтап, мадақтау.
-Балалар сендерге арналған менің де сыйлығым бар.
Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, балалар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
логикалық есептерді шешуді;
Меңгереді:
әріптерден сөз құрауды, сандардан есептер шығаруды;
Жасай алады:
берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі