Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Білімім Отаныма. Тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
Күні: |
|
||
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Білімім Отаныма |
||
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
Мақсаты |
оқушыларға білімнің Отан үшін қажеттілігін, күшін түсіндіру және олардың білімге деген құштарлықтарын арттыру. |
||
Бағалау критерийлері: |
Тәрбие сағатының барысы
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Кіріспе Бұл кезеңде Әнұран орындалады, қазақ халқының символы болатын ұлттық брендтер әкелінеді, қазақша би биленеді. Мұғалім: «Білім – күш» дедік. Шын
мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана
білсең ғана күш - қайратқа ие боласың. Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып
жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп
білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед
пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол
білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген
сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ
келеді. Бүгін біз 9а-сыныбының топ басшысы, яғни Президенті ұсынған 2017-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын талқылап, басылым шығармақпыз. Ол үшін бізге БАҚ өкілдері және Президентіміздің жолдауына өз пікірлерін білдіру үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса біз пресс-конференциямызды бастаймыз. Сыныптың топ басшысы – Президент: Саламатсыздар ма, құрметті жолдастар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін 9а-сынып – 2017: Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында даму стратегиялық жоспарымды ұсынамын. Неге мен 2017-жылды алдым? Себебі, дәл осы жылы Қазақстан үшін алтын тарих беттері ашылмақ. Осы жылы бүкіләлемдік ЕКСПО-2017 көрмесі Астанада өтеді. Тақырыбы да үлкен ізденіс пен білімді қажет ететін «Болашақ энергиясы» тақырыбы. Қазақстанға 100-ден аса қатысушы мемлекеттерден 5млн-дай қонақ келеді екен. Сол қонақтарға қазақ жастарының білімділігі мен мәдениеттілігін, көрегнділігін паш етуіміз керек. Құдай қаласа, біздер ол кезде студенттер болады екенбіз. Сол мақсатымызға жету үшін біз үш бағытта өз-өзімізді қарқынды дамытуымыз керек:
Енді осы үш бағытта даму нәтижесінде өзіміз қалаған мамандықты игеру үшін грант иегері-студент атанамыз, әрі еліміздің болашағына өз үлесімізді қосамыз. Әрбір бағыттағы жасалатын жұмыстар жайлы менің көмекшілерім сөз алады. Оқу секторы:
БАҚ өкілі: Білім туралы, ардақты ұстазымыз, сіз не айтасыз? Қазіргі оқушылардың білім деңгейіне көңіліңіз толады ма? (Ұстаз өз ойын айтады) БАҚ өкілі: Білім туралы дінде не айтылады? Дін
өкілі: ҮІІ ғасырда өмір сүрген
мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің
ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10
адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім
артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті.
Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты.
Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы: БАҚ өкілі: екінші бағыттағы жұмыстар жайлы сөз етсеңіздер? Тәртіп секторы: Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан. Қазақ зиялыларының бірі Міржақып Дулатов: «Мектептің мақсаты – құрғақ білім үйрету ғана емес, біліммен бірге тәрбиені қоса беру»,– деп жазады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзінде қаншалықты ұлттық тәрбие, болашақты болжаған көрегенділік жатыр. Ұлт боламыз десек, тәрбие ана сүтімен беріліп, ана тілімізбен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт. Олай болмаса, қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан дүдамал ұрпақ өсіп шығады. «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» деген екен батыр атамыз. БАҚ өкілі: бүгінгі жастардың тәрбиесі туралы не айтасыз? (әжеміз өз ойын айтады) Мүлікке жауапты көмекші:
БАҚ өкілі: Білім сені бағады деген сөзді оқушыларға қалай түсіндірер едіңіз? Өз біліміңіздің жемісі туралы айтыңызшы? (қонақ сөз сөйлейді) Басылымның бас редакторы: Құрметті қауым! 9а сыныбының 2017-жылға арналған стратегиялық даму жоспарын және бүгінгі конференциямыздың қонақтарының пікілерін біздің «Жастар» атты журналымыздан оқи аласыздар. (Журналдарды қонақтарға ұсынады).
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Мұғалім: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций. қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! (Патриоттық ән
орындалады) |
|