Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БИЛОГИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

БИЛОГИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Махметова Шынар Мықтыбаевна


Қарағанды облысыНұра ауданыТірек мектеп (РО) Киевка 3 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі



Бұрынғы әдіснама бойынша сыныпта мұғалім басқарушы және оқушыға дайын білім беруші болса, бүгінде мұғалім бағдар, бағыт беруші, оқушы білімге өздігінен жетуші.Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әр түрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ғана жете алады.Шығармашыл тұлға - өзін қоршаған ортаны түсіне алатын санасы жоғары, белгілі бір құбылысқа деген өзіне тән ғылыми көзқарасы бар тұлға. Қазір әр мемлекеттің алдында ғылым, білім саласында өзінің ұлттық, өзіне тән білімді адамның шығармашылық, тұлғалық модельін сомдап шығару мәселесі тұр.Сабақты бір сарынды өткізу оқушылардың пәнге деген қызығуынбілімге ұмтылысын төмендетеді. Сондықтан оқыту барысында сабақтың түрлерінәдіс-тәсілдерін өзгертіп отырған тиімдіОсыған орай биология пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыруөз бетінше ізденіскешығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу мақсатымызБұл мақсатқа жету үшін әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге көңіл бөлеміз. Сабақта оқушыларға өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойыладыәрбір мәселеге байланысты өзіндік көзқарасын қалыптастырып, ой түюге жетелейді.Инновациялық тәсіл оқу процесіне тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеудісан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.Оқушыларға мәтінді өз беттерімен оқып білуге жағдай жасау, өмірмен байланыстыру, ойларын жүйелеп жеткізе білуге үйрету. Еңбекқорлыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеуде сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдіс-тәсілін пайдалана отырып, «Қанайналым: үлкен және кіші қанайналым шеңберлері» атты сабақты 8-сынып оқушыларымен өткіздік.Адам тіршілігі үшін, организмнің тірегі қан және қан жасушаларының белсенділігі, өміршеңдігін оқушыларға медициналық тұрғыдан түсіндіре отырып, сабақта оқытудың жаңа технологиясы элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушының білім-біліктілігін дамыту. Сонымен бірге оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-санасын құрметтеуге үйрету, барысында сабақ өтілді.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды қан топтарына байланысты топқа бөлуҮй тапсырмасын сұрау- Қайталау сұрақтары:

Организмнің ішкі ортасы деген не?

Қан жасушаларын ата?

Агглютинация деген не?

Адамның неше қан тобы бар?

Қантамыр түрлерін ата?

Қанайналым деген не?

Жүректің бөліктерін ата?

Жүрек неше қабаттан тұрады?Терминдермен жұмыс Жүрек ойыны (донор, реципиент, кардиолог, гемофилия, эритроцит, иммунитет)

Тірек схемасымен жұмыс1 – қанның қызметі





2 – қан құрамы





«Сандар сыры» ойыны

120/80 мм

75/76 рет

4,5 – 5 млн

4-

4 топ

100 мың км

50 есе«Оқушының қызығушылығын ояту» мақсатында жұмбақтар шешілді.

Тарам тарам бір ғалам,Айқыш-ұйқыш шырғалаң.Толған ағыс тоқтаса,Жоғалады бар адам(.қан тамырлары.......)

Жанды мотор сынбайды,Күні-түні тынбайды.Кейде оның жүрісін,Дәрігерлер тыңдайды.(жүрекОй қозғау» кезеңінде оқушыларға өмірмен байланысты қызықты сұрақтар берілді.

«Қан өмір сыйлаушы» дегенді қалай түсінесің?

Қан арқылы берілетін тұқым қуалайтын ауруларды білесіз бе?

Адам жүрексіз өмір сүре ала ма?Жаңа сабақ (слайд материалдарымен түсіндіріледі):

Қанайналымының ашылу тарихы

Үлкен қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері

Қан қысымы

Қан қысымының аурулары гипертония, гипотонияҮлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа сала қантамырларынан басталады. Оттегіне қаныққан қан алдымен қолқаға одан ірі және ұсақ сала қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ сала қантамырлармен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады.Кіші қанайналым шеңбері жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе сала қантамырынан басталып, ондағы вена қаны өкпе сала қантамырлары арқылы өкпеге келеді.Өкпеде сала қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттегіне қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады давена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе көк қан тамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады.Бекіту кезеңінде сәйкестік тест жұмысы алынды.

Қанның мөлшері қанша литр?

Қан пластинкасы қалай аталады?

Оксигемоглобин деген не?

Лейкоцит қызметін ашқан ғалым кім?

Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі?

Қанды қабылдайтын адам?

Тромбоцит қызметі?

Егу арқылы қабылданатын иммунитет?

Жүрек құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым?

Қанның түссіз жасушалары?

И.И. Мечников

Қан ұю

Фагоцитоз

Реципиент

Лейкоцит

Оттегі гемоглобин

Жасанды иммунитет

Кардиология

4,5 –

Тромбоцит



V. Бағалау парағы

Ааты-жөні

Қайталау сұрақтары

терминдер

Тірек сызба

Сандар сыры

Сәйкестік тесті

Жұмбақ шешу

эссе

Топ басшысының бағалауы

қорытынды























Сабақ соңында рефлекция жасап, суммативтік бағалау жүргізілдіБүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналды.

Әдебиеттер тізімі:

Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013. -447 б.

Поляков С.Д. В поисках педагогической инноватики. – М.; 1993.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12