2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Биофизика

Биофизика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ДОМАЛАҚ ЕНЕАТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

_____ Р.Ү.Қойбағар

«__» ________ 2021 ж.

«Келісемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

_____ Г.Б.Райымқұлова

«__» ________ 2021 ж.

ӘБ отырысында қаралды:

ӘБ жетекшісі:

_____ К.Д.Жиренбаева

Хаттама №1

«___» ________ 2021 ж.









Күнтізбелік тақырыптық жоспар





Пәні: Физика

Пән мұғалімі: Досанова А.Х.

Сыныбы: 7,8,9,10,11












2021-2022 оқу жылы



Түсінік хат



«Биофизика» курсын оқу барысында оқушылар физика пәнінінің өзге пәндермен байланысын практика жүзінде жүзеге асуына көздерін жеткізе біледі. Бұл пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен қатар, алған білімдерін өмірде қай мамандық саласында пайдалануға болатынын байқатады. Курс оқушылардың өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға түрліше тапсырмаларды шешу арқылы бағыттайды.

«Биофизика» курсы:

  •  Дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • Қазақстандық медицина мен индустрияландыру пилоттық жобасы бойынша еліміздегі жетістіктер мен атқарылатын техника саласындағы зерттеулер бойынша оқушыларға ақпарат беруге көмегін береді ; 

  • Интернетпен жұмыс істеу, ақпаратты өңдей білуге үйретеді.

Курс барысында алынған білімдерін тексеру тестік жұмыс арқылы, кіші жоба қорғау, мультимедиялық презентация арқылы бағаланады. «Биофизика элементтері» курсы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытының, физика-технологиялық профилі бойынша 10 сыныпқа 34 сағаттық апталық оқытуға жоспарланды. Курс бағдарламасын құрастыруда оқушылардың өзіндік ой - пікірлері мен ұсыныстары және алынған сауалнамалар қорытындысы ескерілді.











Мақсаты:

Табиғаттағы физика, биология, информатика, химия пәндері арасындағы байланысты көрсете отыра дүниенің біртұтас бейнесін оқушылар санасында қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың өмірлік ұстанымдары нақтылап, білім сапасы арттыру;

  • физиканың теориялық материалдарын практикамен байланыстыру;



Мазмұны:

Қазіргі уақытқа тән белгі жеке ілімдердің бір-бірімен әсерлесіп, кешенді түрде дамуы болып табылады. Әсіресе, физика әр түрлі сабақтас ілімдер мен өнеркәсіптің дамуына жоғары дәрежеде әсер етуде. Ғылыми - техникалық революция болып өтті. Жаратылыстану ғылымының барлық циклында физикалық әсер ету (өріс, ультрадыбыс, элементар бөлшектер) кеңінен қолданылуы нәтижесінде биофизика ілімі пайда болды. Биофизика ― тірі ағзаларға физикалық факторлардың әсерін зерттейді.





















Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



1. Өзгені тыңдай білу, өз көзқарасын ашық айту.

2. Көпшілік алдында еркін, сауатты сөйлеу .


3. Графиктер мен кестелік мәліметтермен жұмыс жасау және өңдей білу.


4. Топтық жұмыстарда ынтымақты жұмыс істей білу, ақпаратты табу және оны өңдей білу.


  1. Табиғат пен техника арасындағы байланысты нақтылай білу.































«Биофизика элементтері» қолданбалы курсының бағдарламасы



Р/н

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Биофизика нені оқытады?

1

08.09


2

Қозғалыс және күш. Ауырлық күші. Үйкеліс күші және ағзадағы кедергі.

1

15.09


3

Газдар мен сұйықтардың қысымы. Архимед күші.

1

22.09


4

Тірі табиғат әлемінде ұшу. Тірі табиғаттағы реактивтік қозғалыс.

1

29.09


5

Тірі табиғаттағы жай механизмдер.

1

06.10


6

Тірі табиғат ағзаларындағы деформация.

1

13.10


7

Тірі табиғаттағы диффузия.

1

20.10


8

Капиллярлық құбылыс. Булану.

1

27.10


9

Тірі ағзалар үшін булану құбылысының ролі.

1

10.11


10

Тірі ағзаларда энергиялардың сақталу және айналу заңдары.

1

17.11


11

Тірі ағзалардағы биотоктар.

1

24.11


12

Жануарлардың нерв жүйесіндегі электрлік құбылыстар

1

08.12

01.12

13

Өсімдіктердегі электрлік құбылыстар. Электрлік балықтар.

1

08.12


14

Адамның дауыс аппараты. Адамның есту аппараты.

1

15.12


15

Жануарлар әлеміндегі дауыстар: балықтың биоакустикасы.

1

22.12


16

Жүрек пен өкпе дыбысын тіркеу.

1

29.12


17

Ультрадыбыс, оның биология және медицинадағы ролі.

1

12.01


18

Жарық. Жарықты қабылдау үрдісі.

1

19.01


19

Биолюменесценция. Инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелері.

1

26.01


20

Спектральды және рентген құрылымдық қорытындыны гемоглобин құрылысын оқу үшін қолдану.

1

02.02


21

Медицинадағы оптикалық құралдар.

1

09.02


22

Медицинадағы оптикалық құралдар.

1

16.02


23

Биология және медицинадағы радиоактивті изотоптар

1

23.02


24

Сәулеленудің биологиялық әсері.

1

02.03


25

Радиотелеметрия. Электромагниттік өрістің (ЭМӨ) тірі табиғат өміріндегі рөлі.

1

09.03


26

Медицинадағы лазерлер

1

16.03


27

Плазмалық скальпель.

1

06.04


28

Қолданбалы бағыттағы есептер шешу.

1

13.04


29

Қоршаған әлемнің материялылығы

1

20.04


30

Табиғат заңдарының жалпылығы

1

27.04


31

Табиғаттың танылуы

1

04.05


32

Биологияға физика және техника не береді?

1

11.05


33

Биофизика іліміндегі қызықты деректер

1

18.05


34

Қорытынды

1

25.05




Барлығы 34 сағат











Күтілетін нәтиже:

  1. Кез келген ақпарат көзімен жұмыс істеу, салыстыра білу.

  2. Айналадағы құбылыстарды ғылыми түрде тани білу.

  3. Табиғатта кездесетін биофизика элементтерін танып, өмірде қолдана білу

Қолданатын әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:

  1. Безденежных Е.А. Тірі табиғаттағы және медицинадағы физика. –Киев: Радяньска мектебі, 1976.

  2. Воронцова З. Таңғажайып өсімдік- Бейнелеу өнері, 1976

  3. Воронцова З., Семенцов-Ошевский А. Бейнелеу өнері,1981

  4. Галактионов С., Юрин В. Гальванометрлі ботаниктер. М.: Білім. 1979.

  5. Грегг Дж. Мектепте және үйде көзбен көру тәжірибелері,1970

  6. Дарвин Ч. Жаратылыстану таңдауы жолымен түрлердің пайда болуы. М.. Просвещение, 1987



Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балалар энциклопедиясы. Физика. Том 1,2. М. Аванта 2002

2. "Intel – болашаққаоқыту" құралы.

3. Жалпы физика энциклопедиясы.











Оқушылардың білімдерін бағалау шарттары мынадай:

Бағдарлы оқыту моделін құруға арналған әдістемелік көмекші құрал көрсететіндей қолданбалы курстар бойынша оқушылардың дайындық деңгейін бағалау (екілік) шкала бойынша жүргізіледі:

  • «меңгерді» немесе «меңгермеді» қорытынды сынақ

тапсырмаларының 50-100 пайызын орындаған оқушы «меңгерді» (сынақтан өтті), ал 0-50 пайызына дейін орындаған оқушы «меңгермеді» (сынақ өтпеді) деп бағаланады.



Рефераттар тақырыбы:

  1. Күш және оның түрлері

  2. Молекула кинетикалық теория негіздері

  3. Реактивтік қозғалыс

  4. Энергия және оның сақталу заңдары

  5. Электротерапия

  6. Ультрадыбыс

  7. Медицинадағы радиоактивті изотоптар

























Бағдарламаны құруға пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Дре Ф. Экология М.. Атомиздат, 1976.

  2. Енохович А.С. Физика және техника бойынша анықтамалық.

  3. Жайтапова А.Ә., Шамина Г.А.. Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан, 2007 жыл

  4. Жерарден Л. Бионика. М.: Мир, 1971.

  5. Кац Ц.Б. Биофизика на уроках физики. М.:Просвещение,1988

  6. Ливенский Н.М.. Физика курсы М. Высшая школа 1978

  7. Литинецкий И.Б. Бионика М. Прсвещение 1976.



30 Қаңтар 2025
75
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі