Биология

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биология

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологиядан өсімдіктерді зерттеуге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туыс: 24. Таспажапырақ Арыстанғалиев Syreitschikovia Pavl.


Себеттері гомогамды; гүлдерінің барлығы бірдей, түтікшелі, қосжынысты; гүлтабаны қылшықты; орам жапырақшалары жапсарласа орналасқан, жабысыңқы, ұшында қатты созылған, қайқиған тікенекпен аяқталады; гүлтәжісі жалаңаш, күлгін немесе көгілдір, төмендегі бөлігі жіптәрізді және қайырма 5 бөлікті; тозаңдықтағы түтікшесінің қосалқы мүшелері жоғарыда созыңқы, аздап сүйірленген және төмендегі қосалқы мүшелері 2 бөлікті, қылшықтәрізді, аталық жіпшелері жалаңаш; бағанасы бұтақтың түбінде жуандаған және қысқа қылшықтардың шоғырынан тұрады, жуандағаннан бастап түбіндегі бұтақтарға дейін көп бүртікті, бұтақ бағандары бітісе өскен, тек жоғарғы жағында жуандаған және қысқа жан-жаққа тарайды; айдары түсіп қалады, қылшықтары бірдей емес, кетілген, сақинаға біріккен, сыртқылары қылшықтәрізді, ішкілері жалпиған, ұшында сүйірленген; тұқымшасы созыңқы, жалпиған, жалаңаш, беку аймағы тік, жоғарыда тәжі-сауыты тісшелі, ішінде шірнелігі бар паппофоры орналасқан.

Сабағы тік, жапарықтанған, оңай түсіп қалатын түктелуден бастап біртұтам-өрмектәрізді және жапырақтары таспалы немесе созыңқы-жұмыртқатәрізді көпжылдық шөптер. Қазақстанда 2 түрі кездеседі.


1.

Жапырақтары жіңішке, таспалы; орам жапырақшалары жабысыңқы, үшкір ұшпен аяқталады, сирек жағдайда жапырақшалары аздап қайқиған; гүлдері көгілдір . . . . . . . . . . . Жіңішке таспажапырақ – S. tenuis (Bge.) Botsch.

+

Жапырақтары созыңқы-жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, бірақ таспалы емес, түбінде құлақшалы; орам жапырақшалары ұзын, доғатәрізді қайырылған үшкір ұшты; гүлдері қызыл-күлгін......Тікенді таспажапырақ – S. spinulosa (Franch.) Pavl.


1. S. tenuis (Bge.) Botsch.– (1963) 30; Фл. Казахст. ІХ (1966) 367; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 258 Жіңішке таспажапырақ Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 5-40 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы бұтақтанған тығыз шымқабат түзеді, күңгірт-қоңыр жарғақтанған қабыршақтармен және көптеген қосалқы мүшелі тамырмен тығыз жабылған; сабағы әдетте бірнеше, тік, бұтақтанбаған, аздап-қабырғалы, оңай түсіп қалатын түктелуден бастап біртұтам-өрмектәрізді; жапырақтары таспалы, жіңішке-созыңқы, бүтін-жиекті, сүйірленген, түбіне қарай аздап жіңішкерген, жоғарыда ашық-жасыл, аздап жылтыр, кейде аздап-өрмектәрізді, төменде ақкиізді, ұзындығы 1, 5-10 (13) см, ені 1-3 мм, бір созыңқы жүйкелі; себеттері дара, көпгүлді; орамы цилиндртәрізді немесе тостағаншатәрізді, ұзындығы 8-15 мм, жасыл, жалаңаш, түбінде аздап өрмектәрізді, орам жапырақшалары жабысыңқы, бірақ ұшы қайқиған, тікенектәрізді, сыртқылары және ортаңғылары кеметөсті-қырлы, қандауырлы, ішкілері қандауырлы сүйірленген, тік; гүлтәжісінің ұзындығы 9-15 мм, көгілдір, төменде жіптәрізді жіңішкерген, қайырма бөліктері 5 таспалы; тозаңдықтары қызылкүрең, жоғарыдағы қосалқы мүшелері сүйірленген, төменгі қосалқы мүшесі ұзындығы 2 мм болатын 2 қылтәрізді қылтанақтарға бөлінген, аталық жіпшелері жалаңаш; бағанасы жан-жаққа тараған бұтақты; айдары аздап гүлтәжісінен қысқа, ұзындығы 8-12 мм, қылшықтары кетілген, ұзындықтары бірдей емес, ең ішкілері жалпиған, жоғарыда жуандаған және ұшында ұзын үшкір ұшты, қылшықтары тұқымшасы жетілген кезде түсіп қалады; тұқымшасының ұзындығы 6-7 мм, жалаңаш, жіңішке-созыңқы, солғын түсті, бойлық жолақты, күңгірт-қызылкүрең таңбалы, түбінде тік (базалды) тұқымкіндікті, ұшында тәжі-сауыты жарғақтанған-тісшелі, ішінде ортасында шірнелігі бар жұмыр білікті паппофор дамиды. Гүлдеуі VІ-VІІ, жеміс беруі VІІ-ІХ. (ХL, 5)

- сурет. Жіңішке таспажапырақ


Экологиясы. Таулар мен қыраттардың тасты, дала беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 12. Зайсан, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы.

Жалпы таралуы. Орта Азия (Тянь-Шань), Батыс Қытай.


2. S. spinulosa (Franch.) Pavl. – (1933) 193; Фл. Казахст. ІХ (1966) 367; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 258 Тікенді таспажапырақ Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 15-35 см.

Морфологиясы. Сабағы бұрышты-терең жолақты, тік, оңай түсіп қалатын түктелуден бастап біртұтам-өрмектәрізді, сирек жағдайда түбінен бастап бұтақтанған, жапырақтанған; жапырақтары созыңқы-жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, тамырмаңы жапырақтары біртіндеп сағаққа қарай жіңішкерген, сабақтағы жапырақтары отырыңқы, жартылай сабақты орап тұрады, түбінде құлақшалы, барлық жапырақтары бүтін, жиегінде аздап толқынды, тікенекті, сүйірленген, біртіндеп тікенекке ауысады, жоғарыда жасыл, аздап жылтыр, кейбір жерлері жіңішке өрмектәрізді түктелген, соңында жоғалады, төменде ақшыл-киізді, жирен орталық жүйкесі шығып тұрады; себеттері дара, жәшіктәрізді, көпгүлді, диаметрі 25-40 мм; орамының ұзындығы 20 мм-ге жуық, жіңішке-өрмектәрізді; орам жапырақшалары таспалы, кенет шығып тұратын жүйкелі, біртіндеп жіңішке тікенекке ауысады, доғатәрізді сыртқы қарай майысқан; гүлтәжісі қызыл-күлгін, шашыраңқы безді, ұзындығы 15-18 мм, төменде біртіндеп 7-8 мм-ге жіңішкерген, қайырма бөліктерінің ұзындығы 3-4 мм, тозаңдықтарының төмендегі қосалқы мүшелері 2 қылтәрізді қылтанақтарға бөлінген, аталық жіпшелері жалаңаш; бағаны аздап жан-жаққа тарайтын қысқа бұтақты, аналық аузы көптеген бүртіктермен жабылған; айдары түсіп қалады, ұзындығы 14-16 мм, түтінді; қылшықтары біркелкі емес, сақинаға біріккен, ұсақ кетілген, сыртқылары қылтәрәзді, ішкілері жалпиған, жоғарылаған сайын жуандаған және ұзын үшкір ұшпен аяқталады; тұқымшасы жалаңаш, ұзындығы 6-8 мм, түбінде тік (базалды) тұқымкіндікті, жіңішке-созыңқы, жалпиған, аздап-төртқырлы, созыңқы-үзік сызықты, сұра, күлгін таңбалы, ұшында тәжі-сауыты біркелкі емес тісшелі, ішінде ортасында шірнелігі бар, жоғары көтерілген, сақинатәрізді паппофоры орналасқан. Гүлдеуі VІІ, жеміс беруі VІІІ-ІХ.

- сурет. Тікенді таспажапырақ


Экологиясы. Аршаның арасында, жартастың жарықтарында, тасты беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Орта Азия (Батыс Тянь-Шань).


Туыс: 25. Маралтамыр Арыстанғалиев Rhaponticum Adans.


Себеттері гомогамды, ірі, дара, көпгүлді, шартәрізді дерлік; орамы көпқатар, жапсарласа орналасқан, көнтәрізді жапырақшалардан тұрады, жапырақшаларының қосалқы мүшесі ұшында құрғақ жарғақтанған; гүлтабаны аздап дөңес, қылшықты; гүлдерінің барлығы қосжынысты, бірдей, күлгін-қызылкүрең, сирек жағдайда сары, гүлтәжісі түтікшелі, жоғарғы жартысында жуандаған, бес қайтара таспалы бөліктерге кертілген; аталық жіпшелері ұсақ бүртіктермен жабылған, тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде үлкен емес, жалпақ, доғал, бір-біріне жапсарласқан, жиегінде әдетте бірдей емес; аналық аузы қос қалақшалы, бүртікті; тұқымшасы жалаңаш, бүйірінде сығылған, созыңқы, қабырғалы және 4 қырлы, түбінде беку аймағы қиғашынан кесілген; айдары әрқашан тұқымшасынан асады, қос-көпқатар, қалып қалады, қысқа-қауырсынды.

Сабағы жай, жіңішке қабырғалы, ұшында аздап үрленген, жапырақтары бүтін және қауырсынды тілімделген тамырсабақты шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 5 түрі кездеседі.


1.

Айдары қоңырлау-ақсары немесе ақсары, қауырсынды; орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі қоңыр немесе сарылау, мөлдір емес; үлкен себетті ірі өсімдіктер . . . . .



2

+

Айдары жирендеу немесе ақ, кетілген немесе сақалды; орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі ақ, жартылай мөлдір....


3

2.

Жапырақтары қауырсынды тілімделген; биік тауларда өсетін өсімдік . . . . . . . . . . . . . . Мақсыр маралтамыры – R. carthamoides (Willd.) Iljin




+

Сабақтағы жапырақтары бүтін; сортаң ойпаттарда өсетін өсімдіктер . . . . . . . . . . . . .Түймебас маралтамыр – R. serratuloides (Georgi) Bobr.




3.

Орам жапырақшалары жұмыртқатәрізді, ұзындығы 3-4,5 см; гүлтәжісі сары; айдары жирендеу; жапырақтары мүлдем жалаңаш, көкшіл сұр; жазықта өсетін өсімдіктер . . . . . . Шайжапырақ маралтамыр – R.nitidum Fisch.





+

Орам жапырақшалары дөңгелек дерлік, ұзындығы 2 см-ге жуық; гүлтәжісі қызғылт-қызылкүрең; айдары ақ; жапырақтары шашыраңқы қылшықты; таулы өсімдік ...........



4

4

Көбінесе сабақсыз өсімдіктер; жапырақтары екі жағынан да жіңішке тығыз киізден бастап сұрлау, жапырақ жиегі бұйра, ұшындағы тісшелері шеміршекті . . . . . . .....Қаратау маралтамыры – R. karatavicum Rgl. et Schmalh.


+

Сабағы дамыған өсімдіктер; жапырақтары жасыл, жапырақ жиегі бұйра емес, шеміршекті тісшелері жоқ . . . . . . . . Әулиеата маралтамыры – R. aulietense Iljin



1. R. carthamoides (Willd.) Iljin (1933) 204; Фл. Казахст. ІХ (1966) 370; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 251 Мақсыр маралтамыры Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 50-180 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы ағаштәрізді, көлденең, өзіндік шайырлы иісі бар; сабағы жуан, тік, жіңішке-терең жолақты, аздап өрмектәрізді, жоғарыда себеттің астында қысқа-жүнді, қалған бөлігінде жалаңаш дерлік; жапырақтары қандауырлы немесе созыңқы бөліктерге қауырсынды тілімделген, жапырақ тақтасының ұзындығы 12-40 см, ені 5-20 см, сүйірленген, отырыңқы немесе сағақты жауып тұрады, жоғарғы бөліктері көбінесе ірілеу тілімделген бөлікке бірігіп кеткен, жиегінде ұсақ- және жиі-аратісті, екі жағынан жасыл, жұмсақ, жоғарыда жалаңаш немесе жалаңаш дерлік, төменде білінер-білінбес өрмектәрізді өңезді, сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, қалғандары отырыңқы, ең жоғарғылары кішірейген, бүтін дерлік; себеттерінің ені 4-6 см, дара; орамы жартылай шартәрізді диаметрі 4-6 см, қоңыр, қосалқы мүшеде ақ қылдармен жабылған, қосалқы мүшесі жарғақтанған, жалпақ-жұмыртқатәрізді, сүйіренген; гүлтабаны орамының ортасына немесе 1/3 бөлігіне дейін дерлік қылшықтармен қалың жабылған; гүлтәжісі қызылкүрең, ұзындығы 25-32 мм, ұзындығы 13-19 мм сағақта орналасқан, жіптәрізді қайырма бөліктерінің ұзындығы 6-8 мм, аталық жіпшелері созыңқы бүртіктермен қалың отырғызылған; тұқымшасының ұзындығы 6-8 мм, 4 қырлы, қабырғалы, аздап көлденең қыртысты, қоңыр, ұшында тәжі-сауыты қысқа тісшелі; айдары қоңырлау-ақсары, ұхындығы 15-18 мм, екіқатар, қысқа-қауырсынды қылшықтардан тұрады, түбінде сақинаға біріккен, ең ұзын ішкі қылшықтары ұшында салбырап тұрады. Гүлдеуі VІІ-VІІІ, жеміс беруі VІІІ-ІХ.

- сурет. Мақсыр маралтамыры


Экологиясы. Субальпі және альпілік шалғындарда өседі, көбінесе шалғындар арқылы орман белдеуіне түседі, ал альпі тундрасына өте сирек түседі.

Қазақстанда таралуы. 22. Алтай, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы.

Жалпы таралуы. Батыс және Шығыс Сібір, Моңғолия.



2. R. serratuloides (Georgi) Bobr. – (1960) 19; Фл. Казахст. ІХ (1966) 370; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 251 Түймебас маралтамыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 50-100 см.

Морфологиясы. Сабағы тік, жуандау, аздап өрмектәрізді; жапырақтары эллипстәрізді, үшкір, жалаңаш немесе аздап өрмектәрізді, әсіресе төменгі бөлігінде, төмендегілері сағақты, жапырақ тақтасының ұзындығы 8-30 см, ені 3-15 см, тісшелі, бүтін немесе түбінде 1-3 жұп созыңқы немесе қандауыртәрізді бөліктерге қауырсынды-бөлінген, жоғарыдағы жапырақтары отырыңқы, бүтін, ұсақтісшелі немесе бүтінжиекті; себеттерінің ені 3-7 см, ең сыртқы орам жапырақшалары созыңқы-жұмыртқатәрізді, қасықтәрізді, үшкір, ұшы созылған, жалаңаш дерлік, қатты-жарғақтанған, ортасында қанық қоңыр жолақты, үшкір ұшына қарай жіңішкерген, жиегінде аздап ашық түсті, ішкі жапырақшалардың қосалқы мүшесі өте жіңішке және үшкір, ұзын қылдармен жабылған, гүлтәжісі қызғылт-қызылкүрең, ұзындығы 2,5-3,5 см, ұзындығы 1,5-1,9 см болатын ұзын сағақта орналасқан, қайырма бөліктерінің ұзындығы 5-8 мм; тұқымшалары ашық-қоңыр, 4 қырлы, қабырғалы, аздап көлденең қыртысты, ұзындығы 6-8 мм, ұшының жиегі ұсақ тікенекті; айдары ақсары, ұзындығы 1,7-2 см, екі қос қатар, қысқа-қауырсынды қылшықтан тұрады, түбінде сақинаға біріккен, оңай бөлініп қалады, қылтәрізді қылтанақтары осінің енінен 5-6 есе асады. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІ-VІІІ. (ХLI, 1)

- сурет. Түймебас маралтамыр


Экологиясы. Дала өңірінде сортаң және сортаңды шалғындарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 5.Көкшетау, 6. Каспий маңы, 6а. Бөкей, 7. Ақтөбе, 7а. Мұғалжар, 8. Ембі, 9. Торғай, 10,11. Батыс және Шығыс Сарыарқа, 12. Зайсан, 18. Балқаш-Алакөл, 22. Алтай.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Батыс Сібір.



3. R.nitidum Fisch.– (1837) 664; Фл. Казахст. ІХ (1966) 372; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 251 Шайжапырақ маралтамыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 10-50 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы тік, жуандағы 3-5(15) мм, ұшында бұтақтанған, каудекстәрізді, 1-2 сабақ және кейде жапырақтар шоғырынан тұратын сабақсыз вегетативті өркендер шығарады; сабағы жалаңаш, көкшіл сұр-жасыл; жапырақтары қаттылау, жалаңаш, созыңқы, дөңгелек-қиғаш-жұмыртқатәрізді немесе созыңқы-жұмыртқатәрізді, аздап қалақшалы, жиегінде шеміршекті-тісшелі, ұзындығы 0,7-2,2 см, ені 1,2-1,5 см болатын бөліктерге терең-қауырсынды-бөлінген, тамырмаңы жапырақтары қысқа сағақта орналасқан, сабақтағы жапырақтары отырыңқы, ұзындығы 6-12 см, ені 1,5-4 см; себеттері ірі, дара; орамының ұзындығы 3-4,5 см, ені 2-3 см, сыртқы және ортаңғы орам жапырақшаларының қосалқы мүшесінің ені 6-9 мм, жалпақ-дөңгелек-жұмыртқатәрізді, ұшы аздап қана сүйірленген, қаттығ жіңішке жұқа жарғақтанған, мөлдір дерлік, қоңырлау реңкті, жиегінде ұсақ-кірпікшелі, ең ішкі орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі созыңқы-жұмыртқатәрізді-қандауырлы, сүйірленген, екі жағынан да ұшында жабысыңқы-қысқы-қылды; гүлтәжісі сары, ұзындығы 3-4,5 см, жуандаған бөлігінің ұзындығы 1-1,5 см; тұқымшалары күңгірт-ақсары, ұзындығы 8-10 мм, ені 2-3 мм, ұшының жиегі біркелкі емес-ірі доғал тісті; айдары жирендеу, ұхындығы 3 см-ге жуық, көпқатар, өте қатты, жоғарыда қылшықтары ұзындау қылдармен отырғызылған. Гүлдеуі ІV-V, жеміс беруі VІ-VІІ. (ХLI, 3)

- сурет. Шайжапырақ маралтамыр


Экологиясы. Шөлді және шөл далалы аймақтарда, тау беткейлерінде, тасты жағалауларда және құрғақ өзен арналарында өседі.

Қазақстанда таралуы. 5.Көкшетау, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 8. Ембі, 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 12. Зайсан, 14. Арал маңы, 15. Қызылорда, 16. Бетпақдала.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.



4. R. aulietense Iljin – (1933) 205; Фл. Казахст. ІХ (1966) 372; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 251 Әулиеата маралтамыры Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 15-40 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы тік, ұшында бұтақтанған; сабағы сирек жапырақтанған, жасыл, жіңішке түктелген; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары, қалғандары отырыңқы, барлығы жасыл, екі жағынан айтарлықтай жіңішке және бос түктелген, жұмыртқатәрізді немесе созыңқы-жұмыртқатәрізді, доғал немесе дөңгелек дерлік, біркелкі емес-ірі доғал тісті-тісшелі немесе бүтінжиекті дерлік бөлектерге қауырсынды-бөлінген, кейде екіге бөлінген, ұшында білінер-білінбес үшкір ұшт, жоғарғылары бірігіп кеткен және әрқашан қиғашынан жоғары бағытталған; себеттерінің орамы шартәрізді дерлік, ұзындығы 5-8 мм, 3-5 бөлікке бөлшектенген, ең ішкі жапырақшаларының қосалқы мүшесі созыңқы, бүтін; гүлтәжісінің ұзындығы 1,7-2 см, қызғылт-қызылкүрең, жуандаған бөлігінің ұзындығы 1 см; тұқымшалары созыңқы, тегіс, бұлыңғыр, сары, ұзындығы 5-6 мм, ұшының жиегі аздап-толқынды; айдары ақ, түбінде қылшық буындары ашық-сарғыш, ұзындығы 1-1,5 см, үш қатар. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІ.

- сурет. Әулиеата маралтамыры


Экологиясы. Қиыршық тасты және тасты тау беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. Орта Азия (Тянь-Шань).


5. R. karatavicum Rgl. et Schmalh. (1880) 320; Фл. Казахст. ІХ (1966) 373; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 251 Қаратау маралтамыры Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 6-12 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы тік, ұшында каудестәрізді; сабағы жапырақтанған, жабысыңқы сұр киізді түктелген; жапырақтары екі жағынан да жіңішке киізден бастап сұрлау, жұмыртқатәрізді, доғал, аздап ойықты-тісшелі бөліктерге қауырсынды бөлінгенұшында шеміршекті тісшелі және жиегінде аздап бұйра, төмендегілері ұсақтау, алшақ орналасқан, жоғарғылары көбінесе бірігіп кеткен, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, қалғандары қысқа сағақты; себеттері дара; орамы шартәрізді дерлік, ені 2-2,5 см, жалаңаш, орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі мөлдір, қатты, жіңішке жарғақтанған, аздап сарылау, сыртқы және ортаңғы жапырақшалары жалпақ-жұмыртқатәрізді, ені 4-6 мм, 3-5 бөлікке бөлшектенген, ең ішкі жапырақшаларының қосалқы мүшесі созыңқы-жұмыртқатәрізді, бүтін; гүлтәжісі қызғылт-қызылкүрең, ұзындығы 2-2,2 см, жуандаған бөлігінің ұзындығы 1-1,2 см; тұқымшалары сарылау, ұзындығы 6 мм, ені 1,5-2 мм, ұшының жиегі аздап-толқынды; айдары ақ, түбінде қылшық буындары ашық-сарғыш, ұзындығы 1-1,5 см, үш қатар. Гүлдеуі VІ, жеміс беруі VІ-VІІІ. (ХLI, 4)

- сурет. Қаратау маралтамыры


Экологиясы. 1300-1500 м биіктікке дейінгі таулардың қиыршық тасты беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.


Туыс: 26. Арқароты Арыстанғалиев Amberboa (Pers.) Less.


Себеттері гетерогамды, орташа көлемді немесе ірі, көпгүлді, дара немесе көптеген және ол кезде бір-бірден негізгі сабақтың ұшында және бүйір бұтақтарында орналасады; орамы ұзын-жұмыртқатәріздіден жалпақ-жұмыртқатәріздіге және шартәріздіге дейін дерлік жалаңаш немесе жіңіңшке өрмектәрізді киізбен жабылған, жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, көнтәрізді дерлік, жасылдау, жүйкелері білінер-білінбес, біртіндеп сыртқы жалпақ-жұмыртқатәріздіден ең ішкі созыңқыларға дейін жуандайды, сыртқы және ортаңғылары ұшында доғал, қосалқы мүшесіз, ішкілері кішігірім бүтінжиекті қосалқы мүшесі бар; гүлтабаны тегіс дерлік, қылшықты; гүлдері қосжынысты, тек ең жиегіндегілері түтікшелі, құйғыштәрізді, жыныссыз; гүлтәжісі қызғылт немесе сары; аталығының қосалқы мүшесі түбінде айтарлықтай ұзын, созыңқы, жоғарыдағы қосалқы мүшелері ұзын және біртіндеп сүйірленген, аталық жіпшелері аздап жалпиған, ұсақ бүртіктәрізді төмпешіктермен жабылған, ұзыныдығының жартысына дейін екіге бөлінген және әдетте тозаңдықтағы түтікшесінен шығып тұрады; тұқымшасы созыңқы, аздап жалпиған, қылды, жоғарыда кертілген, жиегінде тісшелі тәжі-сауыты жақсы білінеді, төмендегі беку аймағы бүйірлік, тұқымшасының басқа жерінен қатты асатын және ашықтау түсті, сақинатәрізді, қылдары жоқ жұмыр білікпен қоршалған; айдары тұқымшасына тең дерлік немесе 1,5 есе қысқа, түспейді, жай.

Сабағы тік, жай немесе бұтақтанған, біркелкі емес жапырақтанған; жапырақтары бүтіннен бастап тісшелі қауырсынды-бөлінгенге дейін қысқа бұйра қылшықтармен жабылған, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, жоғарғылары әдетте отырыңқы, сабақты жауып тұрмайтын біржылдық немесе екіжылдық шөптер. Қазақстанда 3 түрі кездеседі.


1.

Әдетте сабақсыз, біре немесе бірнеше себетті үлкен емес (биіктігі 3-30 см) біржылдық эфемер өсімдіктер; орамының ені 5-12 мм, ішкі орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі өте ұсақ, қандауырлы, тез солып қалады; гүлдері ашық-қызғылт, ашық-сары немесе сарылау-ақ; жиегіндегі гүлдердің гүлтәжісі 5-10 қалақшалы . . . . .






2

+

Ірілеу (биіктігі 70 см-ге дейін) екіжылдық немесе біржылдық өсімдіктер; орамының ені 9-24 мм, ішкі орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі салыстырмалы түрде ірі, жұмыртқатәрізді немесе жұмыртқатәрізді-қандауырлы; гүлдері сары; жиегінде гүлдердің гүлтәжісі 8-20 қалақшалы. . . . . . . Бұхар арқароты – A. bucharica Iljin.


2.

Жиегіндегі гүлдері ашық-қызғылт; Үстірт өсімдіктері . . . . . . . Аласа арқароты – A. nana (Boiss.) Iljin.


+

Жиегіндегі гүлдері сары немесе сарылау-ақ; . . . . . . . . . . Тұран арқароты – A.turanica Iljin.



1. A. nana (Boiss.) Iljin. – (1932) 113; Фл. Казахст. ІХ (1966) 374; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 222 Аласа арқароты Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 2-30 см.

Морфологиясы. Сабағы тік тұрады немесе түбінен бастап жоғары қараған, көп жағдайда қатты қысқарған, жай немесе бұтақтанған, қысқа бұйра қылдардан бастап шашыраңқы-қылды; жапырақтары қысқа бұйра қылдармен және жіңішке өрмектәрізді киізбен жабылған, әдетте жалаңаш дерлік, тамырмаңы жапырақтары сағақты, бүтін, тісшелі, кейде қауырсынды-қалақшалы, отырыңқы немесе отырыңқы дерлік; себеттері жұмыртқатәрізді, ені 10-11 мм; орам жапырақшалары көп емес, ені 5-12 мм, ұзындығы 10-16 мм, ұзарған-жұмыртқатәрізді немесе жұмыртқатәрізді, көнтәрізді, арқа жағында шашыраңқы-өрмектәрізді, ішкілері жалпақ-қандауырлы, жоғарыда қосалқы мүшесі қысқа, жарғақтанған, солады; гүлтәжісі ашық-қызғылт немесе ашық-сары, қызғылт реңкті, 5-10 қалақшалы, жиегіндегілері ортасындағы түтікшелі гүлдерден аздап қана асады; тұқымшалары созыңқы, ұзындығы 5-6 мм, қысқа-қылды; айдарының қылшықтары жіңішке кетіген, ұзындықтары бірдей емес, ішке қарай ұлғайған. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІ.

- сурет. Аласа арқароты


Экологиясы. Жартасты және қиыршық тасты беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 13. Үстірт, 13б. Маңғышлақ.

Жалпы таралуы. Солтүстік Күнгей Кавказ, Орта Азия, Иран.


2. A.turanica Iljin. – (1932) 110; Фл. Казахст. ІХ (1966) 374; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 222 Тұрар арқароты Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 2-30(50) см.

Морфологиясы. Сабағы тік тұрады немесе түбінен бастап жоғары қараған, көп жағдайда қатты қысқарған, қысқа бұйра қылдардан бастап қылды; жапырақтары жіңішке-көнтәрізді, жасыл, жалаңаш дерлік, жоғарыда кейде жабысыңөы-, шашыраңқы-, бұйра-қылды, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, жұмыртқатәрізді немесе эллипстәрізді, алшақ-ойықты-тісшелі, жиегінде бұйра-қылды, ортаңғылары сағақты, созыңқы, қауырсынды-қалақшалы, алақшалары жіңішке, сүйірленген, жоғарғылары отырыңқы, қандауырлы, түбіне қарай созылған, қауырсынды-қалақшалы; себеттері жұмыртқатәрізді, ені 12-14 мм; орам жапырақшалары көп емес, ені 5-12 мм, ұзындығы 10-16 мм, көнтәрізді, жоғарғы бөлігінде жүйкесі қызылдау, арқа жағында жңішке шатасқан қылдармен түктелген, сыртқылары жұмыртқатәрізді доғалдау, ең ұшында өте қысқа, жарғақтанғған, күңгірт солатын қосалқы мүшелі, ішкілері қандауырлы, ұсақ, қосалқы мүшесі тез солады; гүлтәжісі ашық-сары немесе сарылау-ақ, 5-10 қалақшалы, жиегіндегі құтышатәрізді гүлдері аздап жуандаған, көп емес; тұқымшаларының ұзындығы 4-5 мм; айдары тұқымшаларынан аздап қысқалау. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІ.

- сурет. Тұрар арқароты


Экологиясы. Сазды және тасты беткейлерде, малтатастарда, құмдарда және тұзды жалаптарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 6. Каспий маңы, 8. Ембі, 9. Торғай, 12. Зайсан, 13. Үстірт, 14. Арал маңы, 15. Қызылорда, 16. Бетпақдала, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл, 20. Қызылқұм, 24. Жетісу Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігінде, Кавказ, Орта Азия, Батыс Сібір, Иран.


3. A. bucharica Iljin. – (1932) 108; Фл. Казахст. ІХ (1966) 375; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 222 Бұхар арқароты Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық немесе екіжылдық, биіктігі 15-70 см.

Морфологиясы. Сабағы тік тұрады, жай немесе бұтақтанған, қысқа бұйра қылдармен, кейде жіңішке өрмектәрізді киізбен жабылған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары ұзын сағақта орналасқан, бүтін, азды-көпті тісшелі немесе терең емес-қауырсынды-қалақшалы, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырыңқы немесе қысқа сағақта орналасқан, тісшелі немесе қауырсынды қалақшалы; сабақтың ұшындағы себеттері дара, ұзын жапырақсыз сағақтарда орналасқан; орамы жалпақ-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 15-24 мм, ені 16-24 мм, көп өрмектәрізді киізді, жеміс бергенде жоғалады, ең ішкі орам жапырақшалары ірі, жұмыртқатәрізді-қандауырлы немесе созыңқы, көнтәрізді дерлік қосалқы мүшелі; гүлтәжісі сары, жиегіндегілері аздап үлкейген, аздап қана ортасындағы түтікшелі гүлдерден асып тұрады, 8-20 қалақшалы, жалаңаш немесе аздап-қылды; тұқымшаларының ұзындығы 4-6 мм; айдары тұқымшасына қарағанда ұзындау. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІ-VІІ.

- сурет. Бұхар арқароты


Экологиясы. Тау етегіндегі және төменгі тау белдеуінің тасты және сазды беткейлерінде, әсіресе ала-құсты гүлдер өсіндісінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 21. Түркістан (Сырдария өзенінің аңғары, Жаман-тоғай).

Жалпы таралуы. Орта Азия, Батыс Сібір, Иран.


Туыс: 27. Тұқаш Арыстанғалиев Chartolepis Cass.


Себеттері гетерогамды, көпгүлді, сабақтың ұшында және бүйір бұтақтарда дара, шоқшатәрізді немесе қалқантәрізді, бос, сирек жағдайда бір-бірден отыратын сыпыртқыға жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді, шартәріздіге дейін жұмыртқатәрізді, жапырақшалары жалаңаш, көпқатар, тығыз-жапсарласа орналасқан, көнтәрізді, жасылдау, тегіс, сыртқылары созыңқы-таспалыға дейін эллипс-жұмыртқатәрізді, ішкілері таспалы, орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі ірі, аздап жапырақшаларды жауып тұрады, жіңішке жарғақтанған, жартылай мөлдір, түбінде күңгірт-қызыл-қоңыр немесе қоңырлау таңбалы, дөңгелек дерліктен бастап жұмыртқатәріздіге дейін жиегінде мүжілген-тісшелі; гүлтабаны қылшықты; барлық гүлдері түтікшелі, сары, орамынан айтарлықтай асады, әртекті, жалаңаш, ортасындағы гүлдері қосжынысты, бірнеше қатарда орналасқан, жиегіндегі гүлдері жыныссыз, баған стаминоидтары және рудименттері жоқ, гүлтәжісі 5-6 бөлікті, бір қатарда орналасқан, үлкеймеген; тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде өте кішкентай, жоғарыдағы қосалқы мүшелері үшкір, аталық жіпшелері жалпиған, бүртіктәрізді қылдармен жабылған; аналық аузы өте қысқа-қылды, түбінде қылды жағалы, бөлінбеген немесе қосқалақшалы, тозаңдықтағы түтікшеден толығымен шығып тұрады; барлық тұқымшалары бірдей, созыңқы-эллипстәрізді немесе созыңқы, жоғарыда кертілген, тәжі-сауыты жиегінде ұсақ тісшелі; айдары тұқымшасынан ұзындау, жирендеу, көпқатар, қысқа сыртқы және ұзын ішкі қылшықтардан тұрады.

Жапырақтары бүтін, жауып тұратын, кезектесе орналасқан, бұдыр көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 1 түрі кездеседі.


1. Ch. intermedia Boiss. – (1856) 64; Фл. Казахст. ІХ (1966) 376; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 230 Орта тұқаш Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 50-100 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы ағаштәрізді, бұтақтанған, мойнында жуандаған; сабағы тік тұрады, жіңішке-қабырғалы, аздап өрмектәрізді түктелген, сирек жағдайда жалаңаш, отырыңқы, алтын түсті бездермен қалың емес отырғызылған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары созыңқы- немесе эллипстәрізді-кері-қандауырлыдан қандауырлығы дейін дерлік, кейде жиегінде айқын емес-тісшелі, ені 2-6 см, ұзындығы 4-20 см сағақта орналасқан, қалғандары созыңқы-қандауырлы, отырыңқы, сабақты ұзыннан жауып тұрады; сабақтың ұшындағы себеттері және бүйіріндегі бұтақтары дара, жан-жаққа кең жайылған шоқшатәрізді немесе шоқшатәрізді-қалқантәрізді бос сыпыртқыға жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 20-25 мм және ені 10-15 мм, жапырақшаларының қосалқы мүшесі жіңішке жарғақтанған, кейбір жерлері жапырақшаларының көнтәрізді бөлігін жасырады, түбінде солғын-қоғыр кішкентай таңбалы немесе түгелдей жартылай мөлдір; гүлдері сары; айдары қауырсынды, күңгірт-түтінді, ұзындығы 8-10 мм; тұқымшалары қоңырлау-ақсары, ұзындығы 5-6 мм және ені 2 мм. Гүлдеуі VІІ, жеміс беруі VІІІ.

- сурет. Орта тұқаш


Экологиясы. Ол сортаңды шалғындарда, өзен аңғарларында және көлдердің жағасында өседі.

Қазақстанда таралуы. 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 4. Семей, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 12. Зайсан, 14. Арал маңы, 16. Бетпақдала, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Орта Азия, Батыс Сібір, Батыс Қытай.


Туыс: 28. Укекіре Арыстанғалиев Acroptilon Cass.


Себеттері гомогамды, ұсақ немесе орташа, көпгүлді, шоқшатәрізді қылқанға немесе сыпыртқыға жиналған; орамы жұмыртқатәрізді, созыңқы-жұмыртқатәрізді немесе шартәрізді дерлік, жалаңаш; жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, жіңішке-көнтәрізді, жүйкесі айқын емес, орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі жарғақтанған, сыртқылары және ортаңғылары жалпақ, жартылай мөлдір, қысқа-қылды көмкерме сияқты, ең ішкі жапырақшалары өте жіңішке, таспалы-қандауырлы, қалың- және ұзын-қылды; гүлтабаны қылшықты; себеттегі барлық гүлдері түтікшелі, қосжынысты, қызғылт немесе күлгін-қызғылт, орамынан 1,5 есе асады, гүлтәжісі жалаңаш; тозаңдықтарының түбіндегі қосалқы мүшелері кішкентай, жоғарғы қосалқы мүшелері доғал, аталық жіпшелері жалаңаш; аналық аузы өте қысқа-жүнді, түбінде қылды жағалы, жартысына дейін қос бөлінген, тозаңдықтағы түтікшеден шығып тұрады; тұқымшалары бірдей, эллипстәрізді-кері-жұмыртқатәрізді, жоғарыда кенеттен дөңгеленген, сығылған, айқын емес созыңқы жүйкелі, жалаңаш, тұқымшаның беку аймағы аздап қиғаш; айдары тұқымшадан 3 есе ұзын, ақшыл, өте оңай түсіп қалады, жай, аратісті-қылшықты, жалпиған қылшықтардан тұрады, сыртында ішке қарай ұзарған және сақинаға бірікпеген, айдарының ең ішкі қылшықтары жоғарыда қысқа-қауырсынды.

Сабақтары тік тұратын, қатты бұтақтанған, қалың жапырақтанған және жапырақтары қауырсынды кертілген немесе бүтін, алшақ орналасқан-тісшелі көпжылдық шөптер. Қазақстанда 2 түрі кездеседі.


1.

Орамының ұзындығы 13-18(23) мм және ені 7-13(15) мм, сыртқы және ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі сүйірленген, жапырақшалардың көнтәрізді бөлігін түгелдей жауып және айтарлықтай ұзындығы жағынан асып тұрады. . . . . . . . . . . . Оңтүстік укекіресі – A. austral Iljin.

+

Орамының ұзындығы 10-13 мм, ені 5-7 мм; сыртқы және ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі доғалдан бастап үшкірге дейін, жапырақшалардың көнтәрізді бөлігінің кей жерлерін жауып тұрады және әдетте ұзындығы жағынан аспайды . . . . . . Жатаған укекіре – A. repens (L.) DC.


1. A. austral Iljin. (1937) 59; Фл. Казахст. ІХ (1966) 377; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 221 Оңтүстік укекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 30-70 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы өзекті, ұзын, атпатамырлары бүйір, көлденең немесе қиғашынан жоғары қараған, ұзын; сабағы біреу немесе бірнеше, тік тұрады, қабырғалы, түбінен бастап және жоғарылау қатты бұтақтанған, өрмектәрізді түктелуден бастап сұрлау, сабақтың жерасты бөлігі қара-қоңыр, қоңыр немесе қаралау қабыршақтармен отырғызылған; жапырақтары қатты, созыңқы немесе таспалы, ұшында кішкентай шеміршекті үшкір ұшты, қауырсынды кертілген және алшақ орналасқан тісшелі, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары бүтінжиекті, аздап өрмектәрізді түктелген, жиегінде ұсақ тісшеден бастап бұдырлау, нүктелі бездермен отырғызылған, отырыңқы; сабақтың ұшындағы және бүйіріндегі бұтақтардағы себеттері дара, жан-жаққа кең жайылған шоқшатәрізді-қалқантәрізді сыпыртқыға жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәріздіден шартәріздіге дейін ұзындығы 13-18(22) мм және ені 7-13 мм, жапырақшаларының қосалқы мүшесі жарғақтанған, сыртқы және ортаңғы жапырақшаларда ішкі жапырақшалардың көнтәрізді бөлігін түгелдей жауып және ұзындығы жағынан айтарлықтай асып тұрады, сүйірленген, бүтінжиекті, қысқа-қылды, ең ішкі жапырақшалары жіңішке, сүйірленген ұшқа созылған, қалың- және ұзын-қылды, ұзындығы 6-12 мм; гүлдері күлгін-қызғылт; тұқымшаларының ұзындығы 3-4,5 мм, ені 1,5-2 мм, жалаңаш, тегіс, жұмыртқатәрізді немесе кері-жұмыртқатәрізд; айдарының ұзындығы 8-12 мм. Гүлдеуі V-VІІ, жеміс беруі VІІІ. (XLII, 1).

- сурет. Оңтүстік укекіресі


Экологиясы. Шалғынды жерлерде, әсіресе сортаңды шалғындарда, тұзды көл жағаларында, құмды-түйінді өзен жағаларында және егістік пен тыңайған жерлерде арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 4. Семей, 6. Каспий маңы, 11. Шығыс Сарыарқа, 18. Балқаш-Алакөл, 21. Түркістан, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле-Күнгей Алатауы, 25. Кетменді Теріскей Алатауы, 29.Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Орта Азия, Батыс Қытай, Моңғолия, Иран.

Ескерту. Улы, ірі қара қоректенбейді. Зиянды атпатамырлы арамшөп.


2. A. repens (L.) DC. – (1837) 663; Фл. Казахст. ІХ (1966) 377; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 221 Жатаған укекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 15-60 см.

Морфологиясы. Тамыры өзекті, ұзын, бүйір, көлденең немесе қиғашынан жоғары қараған ұзын атпатамырлы; сабағы біреу немесе бірнеше, тік тұрады, қабырғалы, түбінен бастап немесе одан жоғары қатты бұтақтанған, өрмектәрізді түктелуден бастап сұрлау, сирек жағдайда жалаңаш дерлік, сабағының жерасты бөлігі қара-қоңыр, қоңыр немесе қаралау қабыршақтармен отырғызылған; жапырақтары қатты, созыңқыдан таспалы дерлікке дейін ұшында өте ұсақ үшкір ұшты, қауырсынды кертілген немесе алшақ орналасқан тісшеліден жоғарыдағы сабақтағы бүтінжиектіге дейін сұрлау өрмектәрізді түктелген, кейде түктелмеген дерлік, тек жиегінде үшкір, қысқа, тікенектәрізді қылдардан бастап бұдырлау, нүктелі отырыңқы бездермен отырғызылған, отырыңқы; себеттері сабақтың ұшында және бүйір бұтақтарда дара, жан-жаққа кең жайылған шоқша-қалқантәрізді сыпыртқыға жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді немесе жұмыртқатәрізді, ұзындығы 10-13 мм, ені 5-7 мм, жапырақшалардың қосалқы мүшесі жарғақтанған, сыртқы және ортаңғы жапырақшалары ішкі жапырақшалардың көнтәрізді бөлігін кей жерлерін жауып тұрады немесе ұзындығы бойынша аспайды, доғалдан үшкірге дейін, көбінесе аздап үзілген, қысқа-қылды, ең ішкілері жіңішке, қалың- және ұзын-қылды, аздап қайқиған; гүлдері қызғылт; тұқымшасының ұзындығы 3-4 мм, ені 1,5-2 мм; айдарының ұзындығы 8-11 мм. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІІ-VІІІ.

- сурет. Жатаған укекіре


Экологиясы. Сазды, құмды және тасты далаларда, сортаңды шалғындар мен сортаңдарда, өзендер мен көлдердің құмды және тасты жағалауларында, тасты және сазды тау беткейлерінде және арамшөп ретінде егістіктерде, тыңайған жерлерде, жол бойларында, тұрғын үйлердің жанында өседі.

Қазақстанда таралуы. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Батыс Сібір, Моңғолия, Иран, Түрік Армениясы.

Шаруашылық маңызы. Алдыңғы түрмен бірдей.


Туыс: 29. Сопаз Арыстанғалиев Schischkinia Iljin.


Себеттері гетерогамды, ұсақ, аз гүлді, бірнешеден қатты қысқарған бұтақтардың ұшында жиналған, өте қысқа сағақта орналасқан немесе отырыңқы, ұшындағы жапырақшалармен және жапырақтәрізді төмендегі орам жапырақшаларымен қоршалған; орамы созыңқы-цилиндртәрізді, жалаңаш, жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, шөптесін, жасылдау, сыртқылары жұмыртқатәрізд-қандауырлы, ішкілері таспалы-қандауырлы, жиегінде және ұшында ақ жарғақтанған, қатты жарғақтанған, тікенекті емес, бізтәрізді үшкір ұшпен аяқталады, көбінесе ұшында күлгін түске боялған; гүлтабаны терең-ұяшықты, ұяшықтары жиегінде жіңішке қысқалау кірпікшелі; барлық гүлдері түтікшелі, сары, орамынан аспайды, әртекті, ортасындағы гүлдері қосжынысты, гүлтәжісі бес бөлікті, түбінде аздаған қысқа безді қылдармен жабылған, жиегіндегілері бірқатар, жыныссыз, стаминоид пен рудименті жоқ, бағанында гүлтәжісі 4-5 бөлікті; тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде қысқа, аталық жіпшелері жалпиған, бүртіктермен жабылған; аналық аузы қысқа-жүнді, түбінде жағалы қылды, тозаңдықтағы түтікшеден шығып тұрмайды, қос қалақшалы, қалақшалары жа-жақа тарамаған, қысқа; тұқымшалары созыңқы-кері-жұмыртқатәрізді, түбінде жіңішкерген, жоғарыда кертілген, тәжі-сауыты тісшелі, жиегінде жалаңаш, тегіс, жылтыр, жиегіндегі дамымаған, көлденең-қыртысты; айдары тұқымшадана ұзындау, ақ немесе аздап сарылау, түспейді, қос, сыртқы қылшықтары көп, біртінде ортасына қарай ұзарған, ішкі айдары мүйізтәрізді сақинаға ұқсас, сыртқы жиектен жарғаққа қарай, сирек жағдайда 4-5 жарғаққа қарай созылған.

Сабағы өте қысқа, әдетте түбінен бастап бұтақтанған немесе сабақсыз және жапырақтары бүтін, жиегінде ақ, жіңішке, қатты қылшықтармен отырғызылған біржылдық шөптер. Монотипті түр.

1. Sch. albispina (Bge.) Iljin – (1935) 73; Фл. Казахст. ІХ (1966) 379; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 253 Ақтікен сопаз Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 2-6 см.

Морфологиясы. Кішкентай, жартылайшартәрізді бұта, сабақсыз немесе сабақсыз дерлік, сабағы төмен, түбінен бастап өте қысқа бұтақтанған; сабағы және бұтақтары ақшылдау, өте ұсақ ақшыл қылшықтармен түктелген; жапырақтары созыңқы-қалақшалы, доғал, сағаққа жіңішкерген, бүтінжиекті немесе дөңгеленген-ұсақ тісшелі, жиегінде ақ, қатты, жіңішке, саусақ сияқты-бұтақтанған қылшықтармен отырғызылған, тақтасы екі жағынан да жалаңаш, көбінесе төменде шашыраңқы, өте ұсақ, ақшыл қылдармен жабылған; себеттері отырыңқы немесе қысқа сағақта орналасқан, дара, ұшындағы жапырақтармен қоршалған, айтарлықтай себеттен асып тұрады; орамы созыңқы-цилиндртәрізді, ұзындығы 12-14 мм, ені 4-5 мм, жапырақшалары шөптесін, жиегінде және ұшында ақ жарғақтанған, қатты-жарғақтанған, тікенекті емес, бізтәрізді үшкір ұшпен аяқтлады, ең ішкі жапырақшалары ұшында күлгін түске боялған; гүлдері сары; тұқымшаларының ұзындығы 3,5-4 мм, ені 2-2,5 мм; айлдарының ұзындығы 6-7 мм. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі V-VІІ. (ХLІІ, 2)

- сурет. Ақтікен сопаз


Экологиясы. Шөлдерде және аласа таулардың шөл беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 15. Қызылорда, 16. Бетпақдаоа, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл, 20. Қызылқұм, 26. Шу-Іле таулары, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. Орта Азия, Иран.


Туыс: 30. Зейір Арыстанғалиев Stizolophus Cass.


Себеттері гетерогамды, көпгүлді, көп емес, сабақтың ұшында жіне бұтақтарында біреуден, кейде бос сыпыртқыға жиналған; орамы жалпақ-жұмыртқатәріздідіен шартәріздіге дейін дерлік өте қысқа, өрмектәрізді киізбен аралас бүртіктермен жабылған, кейде жалаңаш дерлік, жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, көнтәрізді, 3-7 білінер-білінбес жүйкелі, біртіндеп сыртқы жалпақ-жұмыртқатәріздіден ең ішкі созыңқыларға дейін жуандаған, орам жапырақшаларыдың қосалқы мүшесі жіңішке-көнтәрізді, жалпақ-үшбұрыштыдан қандауырлығы дейін, түбінде аздап жапырақшаларды жауып тұрадыжәне олардан алшақтаған, ұшында ұзын тікенекті үшкір ұшқа созылған, жиегінде тарақтәрізді-кірпікшелі; гүлтабаны қылшықты, қылшықтары көп, ақшыл; барлық гүлдері түтікшелі, сары, орамынан 1,5-2 есе ұзын, әртекті, ортасындағы гүлдері қосжынысты, бірнеше бұрыс қатарда орналасқан, гүлтәжісі 5 таспалы қалақшалы; жиегіндегі гүлдері бір қатарда орналасқан, жыныссыз, үлкеймеген, гүлтәжілері 4-5 таспалы қалақшалы және жұтқыншақтарынан стаминоидтары шығып тұрады; тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде қысқа, әдетте қос тісшелі, аталық жіпшелері жалпиған дерлік, жалаңаш; аналық аузы бүтін, жалаңаш, тек түбінде ғана қылды сақинасы бар; тұқымшалары созыңқы, бүйірінде жалпиған, жиегіндегілері әдетте айдарсыз, тәжі-сауыты жақсы дамымаған, қалғандары айдарлы және жиегінде тәжі-сауыты өте ұсақ тісшелі; айдары түспейді, көпқатар, тұқымшаға тең дерлік немесе аздап қысқалау, ақшыл, әдетте түтінді түсті, қос, сыртқылары көп, бірнеше жалпиған және өте қысқа-қылды қылшықтардың бұрыс қатарында орналасқан, ортаңғыларында және ішкілерінде жуандаған, ең ішкілері сыртқыларына ұқсас, бірақ ең ұзын және жіңішкелерінен 3-4 есе ұзын бір қатар қылшықтардан тұрады.

Сабағы тік тұратын, біркелкі жапырақтанған; жапырақтары кезектесе орналасқан, бүтін немесе кейде қысқа бүйра қылдардан бастап қауырсынды-қалақшалы, бұдырлау және нүктелі бездермен жабылған біржылдық шөптер. Қазақстанда 1 түрі кездеседі.

1. S. balsamita (Lam.) Cass. – (1945) 329; Фл. Казахст. ІХ (1966) 380; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 258 Бальзамды зейір Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 25-120(150) см.

Морфологиясы. Қысқа бұйра және тісшетәрізді қылдардан бастап бұдырлау, әдетте өрмектәрізді киізбен аралас; сабағы тік тұрады, жоғарыда бұтақтанған, қиғашынан жоғары бағытталған бұтақты, дара себеттермен аяқталады, кейде жай; жапырақтары созыңқы, жасыл, тамырмаңңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары тез құрғайды, қысқа сағақта орналасқан, жиегінде өте қысқа және бұрыс ірі доғал тісті, сирек жағдайда аздап қалақшалы, сабағының ортасындағы және жоғарыдағы жапырақтары отырыңқы немесе отырыңқы дерлік, ұшында ұзындығы 3 см-ге дейін сары тісшелі; себеттері салыстырмалы түрде ірі; орамының ұзындығы 15-23(25) мм, ені 16-23 мм, орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі үшбұрышты-қандауырлы, ашық-сарылау-қоңыр, ұшында ұзындығы 3-4 мм-ге жететін қайырылған, тікенекті үшкір ұшты, жиегінде екі жағынан да 5-8 сары кірпікшелі; гүлдері сары; тұқымшаларының ұзындығы 4-6 мм, жиегіндегілері әдетте айдарсыз, қалғандарының айдарының ұзындығы 4-5 мм. Гүлдеуі және жеміс беруі VІ-VІІІ. (ХLІІ, 3)

- сурет. Бальзамды зейір


Экологиясы. Тасты беткейлерде, көбінесе егістіктерде және жол бойында, таулардың төменгі белдеуіне дейін арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 21. Түркістан, 25. Іле Күнгей Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Кавказ, Орта Азия, Түрік Армениясы,Иран.


Туыс: 31. Әсемгүл Арыстанғалиев Hyalea (DC.) Jaub. et Spach.


Себеттері гетерогамды, айтарлықтай ұсақ, аз гүлді, сыпыртқыға немесе қалқанға жиналған, сирек жағдайда дара; орамы созыңқы немесе жұмыртқатәрізді, жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, жіңішке-көнтәрізді, жалаңаш, жасылдау, бір күңгірт түсті орталық жүйкесі бар, сыртқылары жалпақ-жұмыртқатәрізді, ең ішкілері таспалы-қандауырлы, орам жапырақшалардың қосалқы мүшесі бүтіндей дерлік жарғақтанған, түссіз, сыртынан қатты шығыңқы, бүтінжиекті, орам жапырақшаларын жауып тұрады және жалпақтау, әдетте орамының бетіне жабысыңқы, ең ішкілері жалпақ жарғақтанған көмкерме сияқты; гүлтабаны қылшықты, қылшықтары көп, ақшыл; гүлдері солғын-қызғылт немесе ақшыл, аздап қызғылт реңкті, орамынан 1,5 есе асады; ортасындағы гүлдері түтікшелі, қосжынысты, бірнеше бұрыс қатарда орналасқан, гүлтәжісі 5 қандауырлы-таспаоы қалақшалы, жиегіндегі гүлдері түтікшелі-құйғыштәрізді, жыныссыз, бір қатарда орналасқан, үлкеймеген немесе аздап үлкейген, стаминоидсыз, әдетте көлемі әртүрлі 3-4(5) таспалы қалақшалы, саны 5-15; тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде қысқа қос тісшелі, жоғарғы қосалқы мүшесі барлық жерде бітісе өскен, ұшында дөңгеленген, аталық жіпшелері арқа жағында жалпиған, екі жағынан шашақты; аналық аузы ұшында қысқа-қосқалақшалы, ұсақ бүртіктермен жабылған; тұқымшаларының барлығы бірдей, бүйірінде жалпиған, түбінде жіңішкерген, созыңқы қабырғалары шығып тұрмайды, біркелкі өте ұсақ қылдармен жабылған, кейіннен жалаңаш дерлік, тұқымшаның беку аймағы бүйірлік; айдары түспейді, көпқатар, тұқымшаға тең немесе аздап одан асады, ақшыл, қос, сыртқыларын ең ішкілерінен 3-3,5 есе ұзын.

Сабағы тік тұрады, біркелкі жапырақтанған, жапырақтары кезектесе орналасқан, бүтін немесе кей жерлері аздап қалақшалы, өрмектәрізді-киізді, кейіннен жалаңаш дерлік біржылдық шөптер. Қазақстанда 1 түрі кездеседі.

1. H. pulchella (Ldb.) C. Koch. (1851) 418; Фл. Казахст. ІХ (1966) 382; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 242 Жарқын әсемгүл Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 70-80 см.

Морфологиясы. Төменгі бөлігінде азды-көпті өрмектәрізді-киізді, жоғарыда жалаңаш дерлік; сабағы тік тұрады, жоғарғы бөлігінде, кейде түбінен бастап дерлік бұтақтанған, жіңішке, ақшыл, аздап жылтыр бұтақты, бір немесе бірнеше себеттен ұзын сағақта орналасқан; жапырақтары қандауырлыдан таспалы-қандауырлығы дейін отырыңқы, әдетте түбінде жуандаған және дөңгеленген, жиегінде бүтінжиектіге дейін дерлік ұсақ тісшелі, тамырмаңы жапырақтары тез солып қалады, қысқа сағақты, созыңқы-қандауырлы, жапырақ тақтасы көбінесе терең емес-қауырсынды-қалақшалы, қысқа бүртіктәрізді қылдармен аралас өрмектәрізді киізбен жабылған, ұшындағылары қатты кішірейген; себеттері бос сыпыртқыда немесе сирек жағдайда қалқанда орналасқан, кейде дара; орамы созыңқы, ұзындығы 10-12 мм, ені 4-6 мм, жапырақшалары ашық-жасыл, орталық жүйкесі күңгірттеу, орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі бүтіндей жарғақтанған, жалпақ-жарты ай тәріздіден бастап жұмыртқатәріздіге дейін қатты дөңес, бүтінжиекті, жапырақшалардың жиегін жауып тұрады, әдетте ортасындағы жолағы қоңыр; гүлдері қызғылттау немесе ақшыл, әлсін қызғылт реңкті; тұқымшаларының ұзындығы 3 мм-ге жуық, айдары оған тең дерлік. Гүлдеуі және жеміс беруі V-VІІ.

- сурет. Жарқын әсемгүл


Экологиясы. Жартасты беткейлерде, жартастарда, кейде құмда өседі.

Қазақстанда таралуы. 9. Торғай, 12. Зайсан, 13б. Маңғышлақ, 15. Қызылорда, 18. Балқаш-Алакөл, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Кавказ, Орта Азия.


Туыс: 32. Гүлкекіре Арыстанғалиев Centaurea L.


Себеттері гетерогамды, көпгүлді, ірі немесе ұсақ, орамы тығыз; орам жапырақшалары көнтәрізді, жалаңаш немесе өрмектәрізді түктелген, жапсарласа орналасқан, әртүрлі пішіндегі қосалқы мүшемен байланысқан, егер қосалқы мүшесі болмаса, онла доғал немесе үшкір ұшты; себеттері қалқанға, сыпыртқыға немесе шоқшаға жиналған, сирек жағдайда дара немес 2-6-дан бір жерге жиналған; гүлтабаны ұзын ақ қылшықты; гүлдері түтікшелі, әртүрлі түске боялған, айтарлықтай орамынан асып тұрады, гүлтәжісі жалаңаш, жиегіндегі гүлдері жалаңаш, жыныссыз, аталықтары (стаминоидтары) жетілмеген немесе өзгерген және гүлтәжісі 4-10 бөлікті, бірқатар, көбінесе үлкейген, түтікшелі-құтышатәрізді, ортасындағы гүлдері қосжынысты, бірнеше қатарда орналасқан; тозаңдықтарының түбінде қосалқы мүшесі кішкентай, аталық жіпшелері жалпиған, жабылған бүртіктәрізді қылды немесе бүртікті; аналық аузы өте қысқа-жүнді, қосқалақшалы немесе екі бөлікті; тұқымшаларының ұзындығы 2-8 мм, сығыңқы, ұшында тәжі-сауыты кертілген немесе кетілген, шашыраңқы-қылды, жетілгендері жалаңаш дерлік, сирек жағдайда мүлдем жалаңаш, тұқымшаның беку аймағы бүйірлік; айдары кейде ұзындығы бойынша тұқымшаға тең немесе 2 есеге дейін ұзын, кейде 1,5 есе немесе одан да көп қысқа, ақ, ақшылдау немесе қоғыр, түспейді (біздің өсімдіктерде), қос, сыртқы қатары бұрыс, бұдырлау, аратісті немесе кірпікшелі қылшықты, біртіндеп ортасына қарай ұзарған, ікші айдары сыртқыға тең, көбінесе 1,5-6 есе қысқа және жарғақтар немесе қылшықтардан тұрады, көп жағдайда ұштары қосылған, өте сирек жағдайда айдары жай немесе тұқымшалары айдарсыз.

Сабағы тік немесе жататын, кейде сабақсыз, жапырақтары бүтінжиекті, тісшелі және тілімделген, жалаңаш немесе барлық бетінде өрмектәрізді немесе киізді түктелген, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары көбінесе біртұтам тығыз талшықтардың шоғырынан тұратын көпжылдық, екіжылдық және біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда 27 түрі кездеседі.

Шаруашылық маңызы. Бірнеше әдемі гүлдейтін түрлері сәндік, көпшілігі жақсы бал өсімдіктері, бір түрі дәрілік және бояушы, бірақ көпшілігі арамшөптер, малға зиянды, улы немесе тікенекті өсімдіктер.

1.

Орам жапырақшалары қосалқы мүшесіз немесе қосалқы мүшесі бүтінжиекті, бірақ біркелкі емес, жырым, жарғақтанған көмкерме сияқты; тұқымшалары жалаңаш, жоғарғы бөлігінде көлденең-қыртысты; гүлдері сары; тамыры өзекті көпжылдық өсімдіктер (Centaurea (Cass.) туыс тармағы) . . . . . . . . . .






2.

+

Орам жапырақшалары тікенекті немесе жарғақтанған, көбінесе жақсы дамыған қосалқы мүшемен аяқталады, кейде қосалқы мүшесіз және ол кезде жиегінде аз кірпікшелі немесе ұшында қысқа тісшелі; тұқымшалары шашыраңқы қылды, жетілген кезде жалаңаш дерлік; гүлдері әртүрлі түске боялған, бірақ сары емес . . . . . .






10.

2.

Жапырақтары бүтін, ұсақ- және жиі-аратісті-тісшелі, сабақтағылары отырыңқы, сабақты қысқа жауып тұрады; сыртқы және ішкі айдары бір-біріне тең дерлік . . . . . . Түркістан гүлкекіресі – C. turkestanica Franch.


+

Жапырақтары қауырсынды тілімделген; ішкі айдары қысқалау . . . . . . . . . . .


3.


3.

Жапырақтары таспалы, өте жіңішке, шеміршекті-тісшелі бөліктерге екі рет қауырсынды тілімделген . . . . . . Салалы гүлкекіре – C. bipinnatifida (Trautv.) Tzvel.


+

Жапырақшаларының екінші қатар жіңішке-таспалы бөліктері жоқ. . . . . . . . . .


4.

4.

Орам жапырақшалары қосалқы мүшесіз, сирек жағдайда өте жіңішке, ені 1 мм-ге дейін жарғақтанған көмкермелі . . .


5.

+

Қосалқы мүшелері кірпікшелі емес көмкерме сияқты жетерліктей дамыған . . . . . . . . .


6.

5.

Сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының соңғы бөліктері қатты үлкейген; ішкі айдарының қылшықтары кей жерлерде сыртқы айдарының ең ұзын қылшықтарының жартысына дейін жетеді . . . . . . . . . . . . . Модест гүлкекіресі – C. Modestii Fed.


+

Соңғы бөлігі бүйіріндегілерден ірі емес, тек тамырмаңы жапырақтарында аздап үлкейген; ішкі айдарының қылшықтары ең ұзын сыртқы қылшықтардан көп есе қысқа . . . . . . Орыс гүлкекіресі – C. ruthenica Lam.


6.

Түгелдей немесе тек төменгі бөлігінде сирек тарбиған қылдармен жабылған өсімдік . . . . . . . . . . . . Талив гүлкекіресі – C. Talievii Kleop.


+

Жүнді киізден басқа тамырмаңы жапырақтарының қолтығында және кейде сағағында жалаңаш . . . .


7.

7.

Төмендегі жапырақша тақталарының сағағы және осі киізбен жабылған; айдары тұқымшадан аздап ұзындау . . . . Түктіаяқ гүлкекіресі – C. lasiopoda M. Pop. et Kult.


+

Тақтасының сағақтары және осі киізбен жабылмаған; айдары тұқымшадан қысқарақ немесе оған тең . . .


8.

8.

Барлық және барлық дерлік жапырақшалардың соңғы бөлігі түбінде сағаққа созылған . . . . . . . . . . . . . Сағақты гүлкекіре – C. phyllopoda Iljin


+

Соңғы бөлігі бүйір бөлігінің жақын жұбын жауып тұрады немесе олармен бірігіп кеткен . . . . . . .


9.

9.

Сабағы көп, қатты бұтақтанған; орамының ұзындығы 10-13 мм . . . Культиасов гүлкекіресі – C. Kultiassovii Iljin.


+

Сабағы дара, бұтақтары көп емес; орамы ірілеу, ұзындығы 17-23 мм . . . Қазақ гүлкекіресі – C. kasakorum Iljin.


10.

(1). Жиегіндегі гүлдері қатты үлкейген, көк немесе көгілдір, түтікшелі-құтышатәрізді, гүлтәжінің жиегінде бірдей емес бөліктерге тілімделген, ортасындағы гүлдері күлгін-қызғылт; бағанасы жан-жаққа тараған бұтақтармен 2-бөлінген; орам жапырақшалардың қосалқы мүшесі жарғақтанған, тікенекті емес, көмкерме сияқты жапырақшаларын ұзыннан жауып тұрады және онымен бірге жиегінде шашақты немесе бұрыс-тісшелі; біржылдық арамшөп (Cyanus (Juss/) Hayek. туыс тармағы) . . . . . . . . . . .









11.

+

Сипаттамаларының жиынтығы әртүрлі; біржылдық және көпжылдық өсімдіктер . . . . . . . .


12.

11.

Орамының ені 9-13 мм; тұқымшаларының ұзындығы 5-5,5 мм және ені 2,5-3 мм; айдары ұзындығы 6-8 мм, ішкілері жарғақтанған; сабағы түбінен бастап дерлік бұтақтанған, қаттылау . . . . . . .Қабысқан гүлкекіре – C. depressa M.B.


+

Орамының ені 5-9 мм; тұқымшаның ұзындығы 3-4(4,5) мм және ені 1,5-1,8 мм; айдарының ұзындығы 3-3,5 мм, ішкілері қылшықты; сабағы бұтақтанған, жіңішке . . . . . . . . . . . . Көк гүлкекіре – C. cyanus L.


12.

Себеттері ұшындағы жапырақтармен қоршалған; ортаңғы орам жапырақшалары ақ, қатты қайырылған, ұзын, ұзындығы 22 мм-ге жететін, жай тікенекті; сабағы ақ, ашалана бұтақтанып салпиған; сабақтағы жапырақтары бүтін, жиегінде тікенекті-тісшелі, отырыңқы, жалпақ-сабақты орап тұрады, жүрекшетәрізді (Tetramorphaea (DC.) Czer. туыс тармағы) . . . . . . . . . . . . Беланжер гүлкекіресі – C. Belangeriana (DC.) Stapf.


+

Себеттері еркін; ортаңғы орам жапырақшалары тікенексіз немесе сары, 3-7 саусақ салалы салпиған тікенекті; айдарының ұзындығы әртүрлі немесе жоқ; жапырақтары қауырсынды тілімделген, тікенекті-тісшелі болмайды, сабақтағы жапырақтары отырыңқы немесе сағақта орналасқан, бірақ сабақты орап тұрмайды . . . . . . . . .






13.

13.

Сыртқы және ортаңғы орам жапырақшалары ұшында (3)5-7 саусақ салалы салпған сары тікенекті, олардың ішінде ортасындағысы (ұзындығы 30 мм-ге жетеді) басқаларына қараған көп ұзын (Calcitrapa (Adans.) Hayek. туыс тармағы) . . . . . . . . . Торғайкөкбас гүлкекіре – C. iberica Trev.


+

Сыртқы және ортаңғы орам жапырақшалары тікенексіз немесе ұшының ортасында кішкентай тікенекті . . . . . .


14.

14.

Тамыры өзекті, тамырсабағы жоқ біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық өсімдіктер . . . . . . . . . . . .


16.

+

Тамырсабағы ұзын немесе қысқа көпжылдық өсімдіктер.......

15.

15.

Сыртқы айдары қылшықтар тұрады, ішкісі таспалы-қандауырлы, тегіс, ұштары конус сияқты бірігіп кеткен жарғақтан тұрады; орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі жиегінде шашақты кертілген, кетілген немесе кей жерлері бүтінжиекті; тамырмаңы жапырақтары қауырсынды тілімделген, сабақтағы жапырақтары қауырсынды-бөлінген немесе бүтін (Heterolophus (Cass.) Dobrocz. туыс тармағы)....







17.

+

Сыртқы және ішкі айдары бірдей құрылымды қылшықтардан тұрады, бірақ ішкілері сыртқыларына қарағанда 2 немесе 1,5 есе қысқа; қосалқы мүшесінің шашақты жиегі жіптәрізді, көбінесе ұзын кірпікшелерге тіімделген, ұшында бізтәрізді немесе құйрықтәрзді тікенекті емес ұшқа созылған; барлық жапырақтары жиегінде алшақ орналасқан-тісшелі (Jacea (Juss.) Hayek. туыс тармағы) . . . . . . . . . . . Түкбас гүлкекіре – C. trichocephala M.B.


16.

Себеттің орамының ұзындығы 14-28 мм, ені 9-35 мм; айдарының ұзындығы 3-9 мм; тамыры өзекті көпжылдық өсімдіктер; жапырақтары қауырсынды-бөлінген немесе қауырсынды қалақшалы, айтарлықтай жалпақ қалақшалы, сирек жағдайда бүтін немесе бүтінжиекті сағақта орналасқан (Lopholoma (Cass.) Dobrocz. туыс тармағы) . . . . . . . .






21.

+

Себеттің орамының өлгемі аздау; айдарының ұзындығы 4 мм-ден ұзын немесе мүлдем болмайды; жапырақтары жіңішке-таспалы немесе таспалы бөліктерге қауырсынды және екі қайтара қауырсынды тілімделген екіжылдық және біржылдық өсімдіктер; сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары отырыңқы, сабағы қатты бұтақтанған (Acropholus (Cass.) Dobrocz. туыс тармағы) . . . . . . . .







24.

17.

Қосалқы мүшесі өзінің жапырақшаларына қарағанда 2-4 есе қысқа және өзінен жоғары орналасқандарын жауып тұрмайды; себеттің орамы жұмыртқатәрізді немесе шартәрізді дерлік . . . . . . . . . . . . . . . . .




18.

+

Қосалқы мүшесі жапырақшаларынан ұзындау және жалпақтау және толықтай жоғарыда жатқандарын жауып тұрады, сондықтан орамының ортаңғы бөлігінде тек жапсарласа орналасқан шашақты қосалқы мүшелері ғана көрінеді; себет орамы шартәрізді дерлік, әдетте ұзындығына қарағанда жалпақтау . . . . . . . . . . . . . . . . .






19.

18.

Айдары жирендеу, тұқымшаға тең дерлік немесе аздап қысқалау . . . . Крылов гүлкекіресі – C. Kryloviana Serg.


+

Айдары түтінді-ашық-қоңыр, тұқымшадан екі және үш есе қысқа . . . . . . . Сергей гүлкекіресі – C. Sergii Klok.


19.

Сабағының биіктігі 10-50 см, әдетте көтеріңкі; себет орамының ұзндығы 14-22 мм және ені 17-25 мм, жапырақшаларының қосалқы мүшесі қоңырлау-сары . . . . . . . . . . . . . . .Сібір гүлкекіресі – C. sibirica L.


+

Сабағының ұзындығы 25 см-ден аспайды, көбінесе жатыңқы, сирек жағдайда жоғары қараған; орамының өлшемі кішілеу, ұзындығы 5-18 мм және ені 13-19 мм; жапырақшалардың қосалқы мүшесі басқа түсті . . . . . .




20.

20.

Тамырсабағы жоғары қараған бұтақтанған өсімдік, бір-бірінен алшақ орналасқан жапырақтар шоғырын береді. Борды және әктасты ашылуларда өсетін өсімдік . . . . . . . . . . . . . . . .Қара гүлкекіре – C. carbonate Klok.


+

Тамырсабағы тік, аздап-бұтақтанған және шоғырлары жақын орналасқан немесе дара өсімдік. Дала және тасты беткейлерде өсетін өсімдік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Торғай гүлкекіресі – C. turgaica Klok.


21.

(16). Барлық жапырақтары бүтін және бүтінжиекті, сирек жағдайда кейбіреуі тақтасының түбіне жақын 1-2 кішкентай қалақшалы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Бүтінжапырақ гүлкекіре – C. integrifolia Tausch.


+

Жапырақтары қауырсынды-бөлінген немесе қауырсынды-қалақшалы, сирек жағдайда төмендегілері бүтін . . . . .


22.

22.

Орталық орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі айтарлықтай ірі, ұзындығы 2-6 мм, кірпікшелері жиегінде жапырақшаларды жауып тұрады; жиегіндегі гүлдері білінердей үлкейген; тұқымшыларының ұзындығы 3,5-4,5 мм, айдары тұқымшаға тең дерлік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қотырот гүлкекіре – C. scabiosa L.


+

Орталық жапырақшалардың қосалқы мүшесі өте ұсақ, ұзындығы 1,5-1,8 мм-ге дейін, қосалқы мүше шекарасынан төмендеу кірпікшелері жақсы дамымаған немесе мүлдем жоқ; жиегіндегі гүлдері ортасындағылардан аспайды ...........




23.

23.

Қосалқы мүшесі өте кішкентай, ұзындығы 0,8-1 мм, немесе жоқ, жиегінде әдетте бірнеше қысқа кірпікшелі . . . . . . . . . . . . . Қатаңқабық гүлкекіре – C. adpressa Ldb.


+

Қосалқы мүшесінің ұзындығы 1,5(1,8) мм-ге жетеді, жиегінде айтарлықтай ұзын кірпікшелі . . . . . . . . . . . . . . . . . Тікенді гүлкекіре – C. apiculata Ldb.


24.

(16). Тек Қазақстанның қиыр батысындағы орманды далада және бор сілемдерінде кездесетін басқа жерден әкелген өсімдіктер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



25.

+

Құмды, құрғақ далалар мен жартасты беткейлердің, кейде егістіктерде, шабындықтарда және жайылымдарда арамшөптер ретінде өсетін өсімдіктер . . . . . . . . .



26.

25.

Орамы айтарлықтай ірі, жұмыртқатәрізді, ұзындығы 12-14 мм, ені 10-13 мм, орамының ортаңғы бөлігіндегі жапырақшалары күңгірт-қоңыр, ұзындығы 2,5-3 мм . . . . . . . . . Алаша гүлкекіре – C. pseudomaculosa Dobrocz.


+

Орамы ірілігі жағынан аздау, созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 10-11 мм және ені 7 мм-ге жуық, орамының орталық бөлігіндегі жапырақшалары солғын-жасыл . . . . . . . . . . . . .Ұсақгүл гүлкекіре – C. micranthos Gmel.


26.

Өзен жағалауындағы топырақтарда өсетін өсімдік; орамының қосалқы мүшесі 5 жүйкелі және айқын білінетін, жиегінде ұсақ кетілген құлақша болып жауып тұрады; айдары сарылау, тұқымшаға тең дерлік немесе сирек жағдайда айтарлықтай қысқалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Құм гүлкекіре – C. arenaria M.B.


+

Тасты жартастардың өсімдігі және жазықта, шабындықтарда және жайылымдарда арамшөп ретінде өседі; қосалқы мүшесі 3 құлақшалы немесе құлақшасыз; айдары тұқымшадан екі немесе 1/3 есе қысқа . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Тарбиған гүлкекіре – C. squarrosa Willd.


1. С. ruthenica Lam.– (1783) 663; Фл. Казахст. ІХ (1966) 385; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Орыс гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-140 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы өзекті және көп ақ киізді, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары қолтығында тығыздалған, қалғандары жалаңаш, жасыл, сирек кезде көкшіл-сұр; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, көбінесе жоғарғы бөлігінде бұтақтанған немесе жай; жапырақтары қауырсынды-бөлікнген, төмендегілері айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, қалғандары қысқа, түбіне қарай жұп бүйір бөліктермен жақындаған, жапырақ бөліктері созыңқыдан таспалығы дейін дерлік, әр жағынан саны 5-12-ден, ұшында сүйірленген, жиегінде шеміршекті-аратісті-тісшелі, кейде аздап қалақшалы, түбінде жіңішкерген, бірақ әдетте отырыңқы, жапырақтың соңғы бөліктері бүйіріндегілерге ұқсас немесе жіңішкелеу, сирек жағдайда жалпақтау; орамының ұзындығы 15-23 мм және ені 10-20 мм, жалаңаш, сыртқы және ортаңғы орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі жоқ, кейде өте жіңішке, ені 1 мм-ге дейін, жарғақтанған көмкермелі, ең ішкі жапырақшаларының қосалқы мүшесі кішкентай, жарғақтанған, қоңырлау; гүлдері сары; тұқымшасының ұзындығы 6-8 мм; айдары ақшыл немесе қоңырлау, ұзындығы 4,5-6 мм, ішкі жарғақтәрізді қылшықтары қысқарған, ең ұзын сыртқы қылшықтардан 5 еседей қысқа. Гүлдеуі V-VІІІ. (ХLIII, 1)

- сурет. Орыс гүлкекіресі


Экологиясы. Далада, тасты беткейлерде, бор мен әктастың үстіңгі қабаттарында, дала мен орман шеттеріндегі сазды топырақтарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 4.Семей, 6. Каспий маңы, 10. Батыс Сарыарқа, 10а. Ұлытау, 11. Шығыс Сарыарқа, 12. Зайсан, 18. Балқаш-Алакөл, 22. Алтай, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Орта Азия, Батыс Сібір, Орталық Еуропа (оңтүстік-шығыс бөлігі), Балқандар.

Шаруашылық маңызы. Сапасы төмен және тек жас кезінде азық болады.


2. С. bipinnatifida (Trautv.) Tzvel. (1963) 381; Фл. Казахст. ІХ (1966) 386; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Салалы гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-80 см.

Морфологиясы. Алдыңғы түрге ұқсас, бірақ өте жіңішке, шеміршекті-үшкір тісшелі бөліктерге екі қайтара қауырсынды тілімделуімен ерекшеленеді. Гүлдеуі VІІ, жеміс беруі VІІ-VІІІ.

- сурет. Салалы гүлкекіре


Экологиясы. Гранитті төбелердің беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 10а. Ұлытау.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.


3. С. Modestii Fed. (1948) 37; Фл. Казахст. ІХ (1966) 386; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Модест гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-120 см.

Морфологиясы. Сабағының түбінен басқа жалаңаш, жасыл; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, әдетте көп емес бүйір бұтақты; жапырақтары қауырсынды-бөлінген, төменгілері айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, қатты үлкейген, ұшты бөлігімен осі бойынша және аздаған кішкентай бүйір бөліктерімен жауып тұрады, ортаңғы және жоғарғы жапырақтары отырыңқы дерлік, бүйір бөліктері созыңқыдан таспалыға дейін, әр жағынан 3-8-ден, ұшында сүйірленген, аратісті-тісшелі, жиегінде тісшелердің ортасында шеміршекті тісшелі, түбінде жіңішкерген, жауып тұрады; орамының ұзындығы 15-23 мм және ені 12-20 мм, төменгі және ортаңғы жапырақшалары қосалқы мүшесіз, бірақ жіңішке, ені 1 мм-ге дейін жететін, жарғақтанған көмкермелі, ең жоғарғылары кішкентай жарғақтанған қосалқы мүшелі; гүлдері сары; тұқымшаларының ұзындығы 6-7 мм; айдары қоңырлау-сұр, ұзындығы 5-6 мм, айдарының ішкі бөлігіндегі жарғақтәрізді қылшықтарының ұзындығы кей жерлерінде ең ұзын сыртқы қылшықтардың жартысына дейін жетеді. Гүлдеуі VІ-VІІ. (ХLIII, 3)

- сурет. Модест гүлкекіресі


Экологиясы. Жартасты беткейлерде, таулы далаларда, бұталарда және орман жиектерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 23. Тарбағатай (?), 24. Жетісу Алатауы, 26. Шу-Іле таулары (Хантау), 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. Орта Азия (оңтүстік-шығыс таулары).


4. С. kasakorum Iljin. – (1937) 66; Фл. Казахст. ІХ (1966) 386; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Қазақ гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 50-80 см.

Морфологиясы. Тамыры өзекті, жалаңаш, ақ киіздің қалың шоғырлары бар төмендегі жапырақтардың қолтығынан басқа жерлері көкшіл сұр-жасыл; сабағы дара немесе аз, тік тұрады, жай немесе аздап-бұтақтанған; жапырақтары қауырсынды-бөлінген немесе қауырсынды-қалақшалы, тамырмаңы және сабақтыңтөменгі жағындағы жапырақтары айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, қалғандары түбіне қарай жақындаған төменгі бүйір жұп бөлікті, бүйір бөліктері созыңқы немесе созыңқы-жұмыртқатәрізді, сирек жағдайда жіңішке, таспалыға дейін, түбіне қарай жіңішкерген, ортаңғылары әдетте ең ірі, соңғы бөлігі бүйір бөлігіне ұқсас, ені жағынан да олармен тең дерлік немесе жіңішкелеу; орамының ені 12-20 мм және ұзындығы 17-23 мм, жалаңаш, сыртқы және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі жарпақ жарғақтанған көмкерме сияқты, ең ішкілерінің қосалқы мүшесі үлкейген немесе созыңқы; гүлдері сары; тұқымшасының ұзындығы 6-8 мм-ге жуық, сұр, жылтыр; айдары қоңыр-сұр, ұзындығы 5-7 мм, ішкі айдарының жарғақтәрзді қылшықтары әртүрлі ұзындықта, ең ұзындары сыртқы айдардың ең ұзын қылшығынан 1,5-2 есе қысқа. Гүлдеуі V-VІІ. (ХLIII, 2)

- сурет. Қазақ гүлкекіресі


Экологиясы. Жартасты жерлерде, бор мен әктастардың үстіңгі қабаттарында, құмды сазды далаларда, аласа таулардың дала беткейлерінде, бетегелі шөпті далаларда және тыңайған жерлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 7а. Мұғалжар, 8. Ембі, 10а. Ұлытау, 24. Жетісу Алатауы, 25а. Кетменді Теріскей Алатауы (Кетмен), 26. Шу-Іле таулары, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі (оңтүстік-шығыс), Орта Азия (Қырғызстан және Өзбекстан), Батыс Қытай.


5. С. Kultiassovii Iljin. – (1937) 68; Фл. Казахст. ІХ (1966) 388; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Культиасов гүлкекіресі Ильин.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 100-150 см.

Морфологиясы. Сабағының түбінен басқа жерлері жалаңаш, жасыл; сабағы бірнеше, кейде олар дара, тік тұрады, қатты бұтақтанған, көп себетті; жапырақтары қауырсынды-бөлінген, төмендегілері ұзын сағақта орналасқан, ортаңғы және жоғарғылары отырыңқы немесе қысқа сағақты, бүйір бөліктері созыңқы немесе созыңқы-жұмыртқатәрізді, әр жағынан 3-6-дан, ұшында өте қысқа шеміршекті үшкір ұшты, жиегінде сирек тісшелі немесе бүтінжиекті дерлік, түбіне қарай жіңішкерген, кейде қысқа сағақты, соңғы бөлігі созыңқы, әдетте бүйір бөліктеріне қарағанда жіңішкелеу, түбіне қарай жіңішкерген, бірақ сағақсыз; орамының ұзындығы 17-20 мм және ені 10-13 мм, жалаңаш, төменгі және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі жалпақ, әдетте жиегінде жырым көмкермелі, ең жоғарғыларының қосалқы мүшесі қатты ұзарған, жіңішке, созыңқы; гүлдері сары; тұқымшаларының ұзындығы 7-8 мм; айдарының ұзындығы 8-9 мм, қоңырлау-сұр, ішкі айдарының жарғақтәрізді қылшықтары әдетте сыртқыларына қарағанда ұзындау. Гүлдеуі VІ-VІІІ. (ХLУ, 1)

- сурет. Культиасов гүлкекіресі


Экологиясы. Орта белдеуге дейінгі аласа таулардың жартасты беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.

6. С. phyllopoda Iljin. – (1937) 67; Фл. Казахст. ІХ (1966) 388; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Сағақты гүлкекіре Арыстанғанлиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-100 см.

Морфологиясы. Төмендегі жапырақтардың түбінде киізді, қалған жерлері жалаңаш; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, аздап бұтақтанған; жоғарғы жапырақтары бүтін дерлік, төменде тақталары аздап қалақшалы, түбіне қарай жауып тұрады, ортаңғы және төменгілері қауырсынды-бөлінген, төмендегілері қысқа сағақта орналасқан, ортаңғылары түбіне қарай жақындаған жұп төменгі бүйір бөлікті, соңғы бөлігі айтарлықтай басқаларынан ірілеу, әрқашан айқын сағақшада орналасады, бүйір бөліктері созыңқы, ұшында сүйірленген, жиегінде ортаңғысы сияқты бұрыс-шеміршекті-үшкір тісшелі, кейде терең емес-қалақшалы, түбінде қысқа сағаққа созылған немесе отырыңқы; орамының ені 10-15 мм, жалаңаш, төменгі және ортаңғы орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі жалпақ, жиегінде жырым көмкерме сияқты, ең жоғарғыларының қосалқы мүшесі үлкейген, жұмыртқатәрізді немесе созыңқы; гүлдері сары; тұқымшаларының ұзындығы 7-8 мм, қоңыр-сұр айдары оған тең дерлік. Гүлдеуі VІІ-VІІІ.

- сурет. Сағақты гүлкекіре


Экологиясы. Таудың орта белдеуіне дейін тасты беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Орта Азия (Батыс Тянь-Шань, Піскем жотасы).


7. С. lasiopoda M. Pop. et Kult. (1928) 110; Фл. Казахст. ІХ (1966) 389; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Түктіаяқ гүлкекіре Арыстанғанлиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-80 см.

Морфологиясы. Сабақтың түбінде және төмендегі жапырақтардың сағағының осі бойынша жүнді түктелген (қолтығында қалың), басқа жерде жалаңаш немесе жалаңаш дерлік, жасыл; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, ортасынан жоғары бұтақтанған; жапырақтары қауырсынды-бөлінген, төмендегілері айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, қалғандары отырыңқы, төмендегі бүйір бөліктері түбіне қарай жақындаған, бүйір бөліктері көп, ұшында сүйірленген, жиеінде бұрыс, сирек жағдайда үшкіртісшелі немесе қауырсынды-қалақшалы, отырыңқы, жоғарғы бөлігі үшкір, бүйірдегіге ұқсас; орамының ені 12-15 мм және ұзындығы 19-24 мм, сыртқы және ортаңғы орам жапырақшалары арқа жағында жарғақтанған көмкермелі, ең ішкілерінің қосалқы мүшесі үлкейген, созыңқы; гүлдері сары; тұқымшасының ұзындығы 8 мм-ге жуық; айдарының ұзындығы 9-10 мм, ақшыл немесе қоңырлау, ішкі айдарының жарғақтәрізді қылшықтары сыртқы айдарының ең ұзындарына тең дерлік. Гүлдеуі VІ-VІІ.

- сурет. Түктіаяқ гүлкекіре


Экологиясы. Аласа таулар мен төменгі тау белдеулерінің тасты, көбінесе гипсті беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 21. Түркістан (Дарбаза), 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань (Қаржантау, Турбат тау етектері).

Жалпы таралуы. Орта Азия (Батыс Тянь-Шань).


8. С. Talievii Kleop.– (1927) 87; Фл. Казахст. ІХ (1966) 389; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Талиев гүлкекіресі Клеопов.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 80-100 см.

Морфологиясы. Сирек, қылшықтары айтарлықтай ұзын, тарбиған, мүшелі, жоғарғы бөлігінде жалаңаш немесе жалаңаш дерлік, жасыл; сабағы дара немесе бірнеше, тік, әдетте аздаған бүйір бұтақты; жапырақтары қауырсынды-бөлінген, төменгілері айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, қалғандары отырыңқы немесе отырыңқы дерлік, бүйір бөліктері созыңқы немесе таспалы, айтарлықтай көп, ұшында сүйірленген, жиегінде бұрыс-аратісті-тісшелі, әдетте қауырсынды-қалақшалы, түбіне дейін жіңішкерген, соңғы бөлігі бүйір бөліктеріне ұқсас; орамы ірі, ұзындығы 18-28 мм және ені 12-14 мм, жалаңаш, төмендегі және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі жалпақ көмкерме сияқты, ең жоғарғыларының қосалқы мүшесі ашық түсті, ұзындығы 10 мм-ге дейін жетеді, жұмыртқатәрізді немесе созыңқы; гүлдері сары; тұқымшасының ұзындығы 7-8 мм-ге жуық; айдарының ұзындығы 8-9 мм, қоңырлау-сұр, ішкі айдарының жарғақтәрізді қылшықтары сыртқы ең ұзын қылшықтарынан 4-6 есе қысқа. Гүлдеуі V-VІ.

- сурет. Талиев гүлкекіресі


Экологиясы. Далада, аласа таулардың тасты беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 9. Торғай.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі (оңтүстік және оңтүстік-шығыс).


9. С. turkestanica Franch. (1883) 325; Фл. Казахст. ІХ (1966) 390; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Түркістан гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 60-120 см.

Морфологиясы. Сабағының түбінен басқа жерінде жалаңаш, жасыл немесе көкшіл сұр; сабағы дара, сирек жағдайда бірнеше, тік тұрады, ортасынан жоғары аздап бұтақтанған; жапырақтары бүтін, созыңқыдан жалпақ-жұмыртқатәріздіге дейін ұшында қысқа ұшты, жиегінде ұсақ- және жиі-аратісті-тісшелі, ең төмендегілерінің сағағы қанатты, ортаңғы және жоғарғылары отырыңқы, әдетте аздап жауып тұрады; орамының ұзындығы 17-25 мм және ені 12-20 мм, жалаңаш, төмендегі және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі жалпақ жарғақтанған көмкерме сияқты, ең жоғарғыларының қосалқы мүшесі жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, ұзындығы 8 мм-ге дейін; гүлдері сары; тұқымшасының ұзындығы 7-8 мм-ге жуық; айдараның ұзындығы 8-9 мм, қоңырлау-сұр, ішкі айдарының жарғақтанған қылшықтары ішкі қатар қылшықтарының ең ұзындарына тең. Гүлдеуі VІ-VІІІ. (ХLIII, 6).

- сурет. Түркістан гүлкекіресі


Экологиясы. Төменгі және орта тау белдеулеріндегі жартасты беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Орта Азия (Батыс Тянь-Шань).


10. С. depressa M.B. (1808) 346; Фл. Казахст. ІХ (1966) 390; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Қабысқан гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 10-60 см.

Морфологиясы. Жабысыңқы өрмектәрізді түктелген, әрбір өрмектәрізді қылдарының түбі жіңішке, жуандамаған; сабағы дара, қатты, тік тұрады, ұзына бойы немесе аздап түбінен жоғары жай немесе аз-бұтақтанған бұтақтарға бұтақтанған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары созыңқы-кері-қандауырлы, кейде созыңқы-кері-жұмыртқатәрізді, ұшында доғал немесе үшкірлеу, бүтінжиекті немесе алшақ орналасқан, ұсақ, кетілген, кейде лиратәрізді қауырсынды кертілген, қысқа сағақты, қалғандары созыңқыдан қандауырлы-таспалығы дейін сүйірленген төбесінде кішкентай үшкір ұшпен аяқталады, бүтін жиекті, отырыңқы, сабақтың ортасындағы жапырақтарының ұзындығы 2,5-7 см және ені 0,5-1,2(2) см; себеттері сыпыртқыға немесе қалқанға дерлік жиналған; орамы жұмыртқатәріздіғ ұзынды,ы (13)15-17 мм және ені 9-13 мм, жалаңаш; төменгі және ортаңғы орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі дөңгеленген-үшбұрышты, жиегінде күміс түстем-ақ шашақты, ортасында үшбұрышты күңгірт теңбілді, жоғарғы жапырақшаларының (ішкі) қосалқы мүшелері ұсақтау, қоңырлау, жиегінде қысқалау шашақты; ортасындағы гүлдердің гүлтәжісі күлгін, жиегіндегілері – көк немесе көк-күлгін, 5-8 бөлікті, жиегіндегі гүлдердің гүлтәжілерінің бөлігі қандауырлы-жұмыртқатәрізді немесе қандауырлы, кейде гүлдері басқа түсті болады: көк, көгілдір немесе қызғылт; тұқымшалары кері-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 3-4,5 мм және ені 1,5-1,8 мм; айдарының ұзындығы 3-3,5 мм, ішкілерінің қылшықтары сыртқыларынан 3 есе қысқа және жіңішкелеу. Гүлдеуі V-Х. (ХLIII, 4).

- сурет. Қабысқан гүлкекіресі


Экологиясы. Тыңайған жерлерде және арамшөпті жерлерде, суару арықтарының шетінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 17. Мойынқұм, 21. Түркістан, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Қырым, Кавказ, Орта Азия (оңтүстік), Батыс Қытай, Тибет, Үндістан, Иран, Түркия, Балқандар, Кіші Азия, Жерорта теңізі.

Шаруашылық маңызы. Балды өсімдік, арамшөп.


11. С. cyanus L. (1963) 416; Фл. Казахст. ІХ (1966) 390; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Көк гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 25-100(115) см.

Морфологиясы. Сабағы дара, тіктұрады, әдетте ортасынан бастап, сирек жағдайда түбінен бастап дерлік жай немесе аз-бұтақтанған, жіңішке, ұзын бұтақтарға бұтақтанған, біртұтам өрмектәрізді түктелумен жабылған, әрбір қылының түбінде жуандаған жері жоқ; тамырмаңы және төменгіден ортаңғы жапыраққа дейін ұзын сағақты, ерте солады, созыңқы-кері-қандауырлы немесе қандауырлы дерлік, ұшында әдетте доғалдау, әртүрлі пішінді: бүтінжиектіден және ұсақ-алшақ орналасқан-тісшеліден лиратәрізді тілімделгенге дейін, бүйір бөліктері бүтін, саны 1-3(4) және ірі жоғарғы бөлікті, созыңқы-кері-қандауырлы немесе ұзарған-эллипстәрізді, жиегінде ұсақ кетілген, сабақтың ортасындағы жапырақтарының ұзындығы 3-15 см және ені 0,1-0,8(1,2) см, өрмектәрізді, кетіп қалатын қылдармен жоғарыда аздап, төменде көп жабылған; орамы жұмыртқатәрізді, ұзындығы 12-15 мм және ені 5-9 мм, аздап өрмектәрізді түктелген; төмендегі және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі үшбұрышты, жиегінде қысқа шашақты немесе шашақты-тісшелі, ақ, күміс түсті, қоңырлау немесе қара-қоңыр шашақты, жоғарыдағы жапырақшалардың қосалқы мүшесі жіңішке, ашық-қоңыр немесе қоңырлау, ұсақ тісшелі; ортасындағы гүлдердің гүлтәжісі көк-күлгін, сирек жағдайда басқа түсті, жиегіндегілері – көк немесе көгілдір, сирек кезде қызғылт немесе ақ, жиегіндегі гүлдердің қайырма бөліктері қандауырлы-жұмыртқатәрізді немесе қандауырлы; тұқымшасы эллипстәрізді-кері-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 3-4,5 мм және ені 1,5-1,8 мм; айдарының ұзындығы 3-3,5 мм, ішкілерінің қылшықтары сыртқыларынан 3 есе қысқа және жіңішкелеу. Гүлдеуі V-Х. (ХLIII, 5).

- сурет. Көк гүлкекіресі


Экологиясы. Жас тыңайған жерлерде, негізінен қара бидай егіп болғаннан кейін және оның егістігінде, сайлардың беткейлерінде, қалалар мен ауылдардың гүлзарларында, суармалы жерлерде және тұрғын үйлердің жанында арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 7. Ақтөбе, 7а. Мұғалжар, 10. Батыс Сарыарқа, 22. Алтай, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы (үй іргесіндегі телім), 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс.

Шаруашылық маңызы. Балды, дәрілік, майлы (тұқымы) және бояғыш (жиегіндегі гүлдері) өсімдік.


12. С. trichocephala M.B. (1803) 2286; Фл. Казахст. ІХ (1966) 391; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Түкбас гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 20-70 см.

Морфологиясы. Тамыры тік немесе қиғаш ағаштәрізді, көпбасты; біржылдық сабақтары бірнеше немесе көп, тік тұрады, кейде доғатәрізді жоғары қараған, қабырғалы-терең жолақты, себеттің астында аздап жуандаған, ортасынан бастап немесе жоғары бұтақты, тік тұратын бұтақтармен бұтақтанған, солғын-жасыл, сирек кезде қызылдау, қалың жапырақтанған, көпжасушалы торлы қылдармен түктелген; жапырақтары жіңішке-қандауырлы, сабақтың жоғарғы жағындағылары таспалы, кейде созыңқы, ұшында сүйірленген, бүтінжиекті немесе алшақ орналасқан тісшелі, айтарлықтай тығыз, нүктелі бездермен отырғызылған, қалыңдау, қысқа, қатты қылдардан бастап сұр-жасыл, төменгі жағында қалыңдау, төменгілері қысқа сағақты, қалғандары отырыңқы, аздап сабақты орап тұрады, түбінде кішкентай үшкір құлақшалы, жоғарғылары ұсақтау, жиегінде аздап жоғарғы жағына қарай оралған; бұтақтағы себеттері дара, сыпыртқыға немесе қалқанға дерлік жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 13-15 мм және ені 6-10 мм, төменгі бөлігінде аздап-өрмектәрізді, төмендегі және ортаңғы орам жапырақшалардың қосалқы мүшесі жарғақтанған, жирендеу немесе ашық-қоңыр, ортаңғы бөлігі таспалы-бізтәрізді, бүтін, ұшында ұзын, артқа қарай қайырылған, құйрықтәрізді ұшқа өтеді, соңғысымен бірге жиегінде ұзын, жіңішке,қауырсынды-қылшықты кірпікшелерге тарақтәрізді тілімделген, жоғары жапырақшалары төмендегілердің қосалқы мүшесімен жабылған, қосалқы мүшелерін дөңгелектен жұмыртқатәріздіге дейін шығарады, жиегінде шашақты кертілген немесе бұрыс-тісшелі; гүлдері қызғылт немесе қызылкүрең; тұқымшаларының ұзындығы 3-4 мм және ені 1,25 мм-ге жуық; айдарының ұзындығы 1,5-2 мм. Гүлдеуі VІ-VІІІ.

- сурет. Түкбас гүлкекіре


Экологиясы. Дала беткейлері мен сайларда, далалық шалғындар мен тыңайған жерлерінде, бұталарда, кейде жағалаудағы ормандардың шетінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 7. Ақтөбе, 7а. Мұғалжар.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Батыс Сібір.


13. С. carbonate Klok. (1948) 77; Фл. Казахст. ІХ (1966) 392; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Қара гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 10-25 см.

Морфологиясы. Тамырсабағы жоғары қараған, қосалқы мүшелі тамыры жуандау баутәрізді, бұтақтанған, жасыл, киізді түктелген жапырақтары бар қысқарған өркендер шығарады; гүл шығаратын сабақтарының саны 1-2, жіңішке, жоғары қараған, аздап бұтақтанған, жапырақтары сияқты қалың киізді түктелген; тамырмаңы жапырақтары ұзын сағақты, қауырсынды тілімделген, ұзындығы 4-25 см және ені 4,5 см-ге деін, бөліктерінің саны 1-5, отырыңқы, жауып тұрады, сабақтағы жапырақтарының ұзындығы 0,5-4,5 см және ені 1-10 мм, 1-2 бүйір, сағақты, созыңқыы-қандауырлы бөлікті, барлық жапырақтары бүтінжиекті, жоғарғы бөлігі үлкейген, кейде ұсақ тісшелі, төменгі бөлігі кішкентай сүйелтәрізді жуан жермен аяқталады; себеттерінің саны 1, сирек кезде 3, сабақтың ұшында және бұтақтарында иілген және себеттің астында аздап жуандаған; орамы шартәрізді дерлік, ұзындығы 15-18 мм және ені 13-19 мм; орам жапырақшалары түгелдей қоңыр-сары, жылтыр қосалқы мүшемен жабылған, төмендегі жапырақшалары жіңішке-таспалы, ұзындығы 11-16 мм, ені 1-2 мм, қосалқы мүшесінің ұзындығы 2-5 мм және ені 1,25-4 мм, түбінде қоңыр-қызылкүрең, үшбұрышты, таңбалы, ұшында немесе жиегінің барлық жерінде ұсақ тісшелі, ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі дөңгеленген немесе жұмыртқатәрізді, ұзындығы 6-8 мм, ені 6,5-8,5 мм, тегістеу, жиегінің барлық жерінде көп шашақты, ұзындығы 1,5 мм-ге дейін, бетінде қоңыр таңбасы бар, қызылдау жолақтармен алабажаланған, қосалқы мүшелерінің жиегі төменде ақшыл, жоғарғы бөлігінде сары, сыртқы жапырақшаларының ұзындығы 6 мм және ені 2 мм, қосалқы мүшесінің ұзындығы 4 мм және ені 2 мм, пішіні бойынша ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшесіне ұқсас, бірақ ұсақтау және ұзындығы бойынша созылған; гүлдері ашық-қызылкүрең, ұзындығы 17 мм-ге жуық; тұқымшаларының ұзындығы 4-5 мм, айдарының ұзындығы 1,5 мм-ге дейін. Гүлдеуі V-VІ, жеміс беруі VІІ.

- сурет. Қара гүлкекіре


Экологиясы. Борлы төбелерде, сирек әктас беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі (оңтүстік-шығыс).


14. С. sibirica L. – (1753) 913; Фл. Казахст. ІХ (1966) 392; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Сібір гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 7-55 см.

Морфологиясы. Тамыры жуан бұтақтанған; гүл шығаратын сабақтары тамырмаңы жапырақтар шоғырының қолтығынан шығып тұрады, саны 1-10, тік тұратындай дерлік немесе сирек жағдайда жоғары қараған, өрмектәрізді-үлпілдек немесе ақкиізді, сабақтың төменгі бөлігінде көбірек; тамырмаңы жапырақтарының ұзындығы 7-35 см, қауырсынды тілімделген, 1-5 жұп бүйір бөлікті, бөлек жапырақтары бүтін болады, бөліктері созыңқы-қандауырлыдан жұмыртқатәріздіге дейін дерлік, ұзындығы 7-40 мм, ені 1,5-15 мм, тісшелі-ірі доғал тісті, ұсақтісшелі немесе бүтінжиекті, ұшындағы бөліктерінің ұзындығы 9 см-ге дейін жетеді, ені 5-50 мм, сабақты жоғарғы жағындағы жапырақтары бүтін, барлық жапырақтары төменде ақкиізді, жоғарыда жасылдау-сұр; себеттері әрбір сабақта дара немесе саны 2; орамы шартәрізді дерлік, көбінесе жоғарыда аздап жалпиған, ұзындығы 14-22 мм және ені 17-25 мм, орам жапырақшалары қоңырлау-сары, аздап жылтыр, өзінен жоғары орналасқан жапырақшаларды және бір-бірін жауып тұрады, тек ең жоғарғыларынан басқалары жиегінде дұрыс-шашақты, төмендегі жапырақшалардың қосалқы мүшесінің бүтін бөлігі созыңқы-қандауырлы, ортаңғылары жалпақ-жұмыртқатәрізді-үшбұрышты немесе ромбтәрізді, жоғарыдағы жапырақшалардың қосалқы мүшесі жапырақшаны жалғастырады немесе аздап одан жалпақтау, созыңқы немесе созыңқы-эллипстәрізді, ұшында бұрыс кетілген, ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшесінің ұзындығы 5-7(9) мм, ені 5-7,5(8) мм, ортасындағы кішкентай, бізтәрізді сүйірленудің бүйірінде, әр жағынан ұзындығы 2-2,5 мм болатын 12-19 шашақты; гүлдері қызғылт-қызылкүрең; тұқымшаларының ұзындығы 4,5-5 мм, айдарының ұзындығы 1,5-2,5 мм. Гүлдеуі VІ-VІІ. (XLIV, 6)

- сурет. Сібір гүлкекіресі


Экологиясы. Жартасты дала мен тау беткейінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 4. Семей, 5. Көкшетау, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе. 7а. Мұғалжар, 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 10а. Ұлытау, 11. Шығыс Сарыарқа, 16. Бетбақдала, 18. Балқаш-Алакөл, 22. Алтай, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Батыс Сібір (оңтүстігі).


15. С. turgaica Klok. – (1963) 613, 470; Фл. Казахст. ІХ (1966) 393; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Торғай гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 5-25 см.

Морфологиясы. Тамыры жуан емес, тік дерлік және көп баутәрізді қосалқы мүшелі және бүйір тамырлы; гүл шығаратын сабақтары тамырмаңы жапырақтардың шоғырының қолтығынан шығып тұрады, саны 1-5(10), жатыңқы немесе жоғары қараған, жай немесе аздап бұтақтанған, көбінесе 1-2 бұтақты, ұсақ киізді түктелген, тамырмаңы жапырақтарының ұзындығы 3,5-12,5 см, терең, осіне дейін қауырсынды тілімделген, 2-7 жұп бүйір бөлікті, созыңқы-қандауырлы немесе эллипстәрізді, ұзындығы 1,5-20 мм, ені 1,5-7(11) мм, сүйірленген немесе доғал, сирек ұсақ тісшелі, ұшындағы бөлігінің ені 1,6 см-ге дейін, бүтін немесе 2 қалақшалы, сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары бүтін, барлық жапырақтары ақкиізді, жоғарыда аздап күңгірттеу; сабақтағы себеттерінің саны 1-3; орамы шартәрізді дерлік, ұзындығы 15-22 мм, ені 14-22 мм, сыртқы жапырақшалардың қосалқы мүшесі қандауырлы, төбесіндегі үшкір ұшының бүйірінде әр жағында 1-2 шашақты, ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі жапырақшаларды түгелдей жауып тұрады, дөңгелек дерлік немесе жалпақ-жұмыртқатәрізді-үшбұрышты, қоңырлау-күңгірт-сарыдан қоңыр-қызғылт сарыға немесе қоңырға дейін ұзындығы және ені 5-8 мм, жиегінде дұрыс-шашақты, төбесіндегі қысқа үшкір ұштың әр жағында 11-18 шашақты; шашақтарының ұзындығы 1,5-2(3) мм, үшкір ұштан асып тұрады; қосалқы мүшесінің орталық алаңы қоңырлау қандауырлы таңбалы, жоғарғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 1,5-3,5 мм, бұрыс тісшелі, төменде күлгін-қоңыр; гүлдері қызылкүрең; тұқымшаларының ұзындығы 5-6 мм, ені 1,75-3 мм, айдарының ұзындығы 1,5 мм-ге жуық. Гүлдеуі V-VІ.

- сурет. Торғай гүлкекіресі


Экологиясы. Дала және тасты тау беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 2. Тобыл-Есіл, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 9. Торғай, 10,11. Батыс және Шығыс Сарыарқа.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.


16. С. Kryloviana Serg. – (1949) 16; Фл. Казахст. ІХ (1966) 393; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Крылов гүлкекіресі Сергиевская.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 10-25 см.

Морфологиясы. Тамырсабағының қалыңдығы 5-15 мм, ақкиізді түктелген; жапырақтары қауырсынды тілімделген, ұзындығы 1,5-10 см және ені 1-3 см, 2-5 жұп жұмыртқатәрізді бөлікті, тамырмаңы жапырақтарының қолтығында жұмсақ қылдардан тұратын ақ киіздері көп; себеттері дара, салбыраған; орамы шартәрізді-жұмыртқатәрізді, аздап созыңқы, түбінде киізді түктелген, ең сыртқы орам жапырақшалары жұмыртқатәрізді-қандауырлы немесе жұмыртқатәрізді, сүйірленген, ортаңғылары созыңқы-жұмыртқатәрізді, зәйтүн түсті-қызылдау, жылтыр жүйкелері шығып тұрады, қосалқы мүшелері жұмыртқатәрізді- немесе үшбұрышты-дөңгеленген, ұзындығы және ені 2-3 мм, өз жапырақшасынан 2-4 есе қысқа, ақшыл, жарғақтанған, жиегінде шашақты, өзінен кейінгі жапырақшаларды жаппайды, жоғарғы жапырақшалары созыңқы, әрқайсысының қосалқы мүшесі дөңгеленген, созыңқы, қасықтәрізді ойыс немесе тегіс дерлік, біркелкі емес-тісшелі немесе бөлшектенген; гүлдері қызғылт; тұқымшалары ақшыл, ұзындығы 5 мм; айдары жирендеу, аздап тұқымшадан қысқалау. Гүлдеуі VІ-VІІ.

- сурет. Крылов гүлкекіресі


Экологиясы. Шөлді далада, аласа таулардың жартасты беткейлері мен тау етегіндегі жазық құмдарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 11. Шығыс Сарыарқа, 12. Зайсан, 22. Алтай.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.

Ескерту. Клоковтың айтуынша, бұл түр C.turgaicaC.Sergii гибридіне ұқсас, бірақ тұқымшасына тең немесе аздап қысқалау айдарымен ерекшеленеді.


17. С. Sergii Klok. – (1963) 614, 471; Фл. Казахст. ІХ (1966) 394; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Сергей гүлкекіресі Клоков.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 8-20 см.

Морфологиясы. Тамыры жоғары қараған, азадп бұтақтанған; гүл шығаратын сабақтары өткен жылғы тамырмаңы жапырақтар шоғырының қолтығынан шығады, саны 2-3, жатыңқы және жоғары қараған, жай немесе аздап бұтақтанған, 1-2 бұтақты, жапырақтармен бірге өрмектәрізді-киізді; тамырмаңы жапырақтары қысқа сағақты, ұзындығы 6-15 см, 7-13 бөліктермен қауырсынды тілімделген, бөліктері созыңқы-қандауырлы немесе жллипстәрізді, ұзыдығы 0,5 см-ден 3,5 см-ге дейін жетеді, ені 0,5-11 см, сүйірленеген, ұшында жалаңаш, сүйелтәрізді, доғалдау тісшелі, ұшындағы бөлігі бүйіріндегіге қарағанда ірілеу, ұзындығы 5 см-ге дейін жетеді ені 1,5 см, сабақтыңтөменгі жағындағы жапырақтары 5 бөлікке қауырсынды бөлінген, жоғарғылары бүтін, барлық жапырақтары ақшыл-өрмектәрізді-жүнді, жиегінде алшақ орналасқан- және ұсақтісшелі; сабақтағы себеттері 1-4; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 1,5-2 см, ені 0,7-1 см, түбінде өрмектәрізді-жүнді, жапырақшалары қосалқы мүшелерінен ұзындау және соңғыларымен жабылмаған, жабылған бөлігінде түктелген, қосалқы мүшелері жіңішке, сары-қоңыр, таспалы-қандауырлыға дейін жіңішке-қандауырлы, ұзындығы 3 мм-ге жуық, ені 1 мм, бүтінжиекті, аздап төмен қарай иілген, ортаңғы жапырақшалары созыңқы-жұмыртқатәрізді-қандауырлыдан бастап қандауырлы, ұзындығы 2,5-5 мм, ені 1-2 мм, жиегінде бұрыс-қысқа шашақты, орталық, әдетте ұзындау үшкір ұштың әрбір жағында ұзындығы 1 мм-ге дейін жететін шашақты, сирек кезде өте қысқа тісшелі немесе бүтінжиекті, жоғарғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі жұмыртқатәрізді немесе кері-жұыртқатәрізді, өте ұсақ тісшелі; гүлдері қызғылт-қызылкүрең; тұқымшасының ұзындығы 6,5-7 мм, ені 2 мм-ге жуық, айдарының ұзындығы 2-3 мм, қылшықтары ашық-қоңыр. Гүлдеуі VІ-VІІ.

- сурет. Сергей гүлкекіресі


Экологиясы. Жартасты және құмды сазды дала беткейлерінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 11. Шығыс Сарыарқа (?), 22. Алтай.

Жалпы таралуы. Батыс Сібір.


18. С. scabiosa L. (1753) 913; Фл. Казахст. ІХ (1966) 394; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Қотырот гүлкекіресі Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 80-100 см.

Морфологиясы. Тамыры өзекті, жуандамаған; бүтіндей және төменде ұсақ-біртұтам-өрмектәрізді өсімдік, қысқа бүртіктәрізді қылды, сондықтан бұдырлау, жасыл; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, ортасынан бастап бұтақтанған; жапырақтары қауырсынды-бөлінген немесе қауырсынды-қалақшалы, кейде екі қайтара қауырсынды тілімделген, төмендегілері ірі, айтарлықтай ұзын сағақта орналасқан, жоғарғылары кішірейген, отырыңқы, бүйір бөліктері созыңқы-қандауырлыдан таспалыға дейін, жиегінде бүтін немесе алшақ-тісшелі, жоғарғы бөліктері әдетте бүйірдегіден ірілеу; орамы жалаңаш, кейде өрмектәрізді киізбен жабылған, сыртқы және ортаңғы орам жапырақшаларының қосалқы мүшесі жіңішке-көнтәрізді, доғал-үшбұрышты, ұзындығы 2-6 мм, қара-қоңыр немесе қара дерлік, жиегінде тарақтәрізді-кірпікшелі, жапырақшалары жиегінде кірпікшелерден тұратын көмкермемен жабылған, ең жоғарғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі дөңгеленген дерлік, жарғақтанған, қоңырлау, жиегінде шашақты-кірпікшелі; гүлдері қызғылт, жиегіндегі гүлдері аздап үлкейген; тұқымшаларының ұзындығы 3,5-4,5 мм, сирек жабысыңқы қылдармен түктелген; айдары тұқымшағ тең дерлік, ішкі айдарының жарғақтәрізді қылшықтары сыртқы ең ұзын қылшықтарынан 4-5 есе қысқа. Гүлдеуі VІ-VІІ, жеміс беруі VІІ-VІІІ. (XLIV, 4).

- сурет. Қотырот гүлкекіресі


Экологиясы. Шалғындарда, бұталардың арасында, жол жиектерінде, жазықтан орта тау белдеуіне дейін өседі.

Қазақстанда таралуы. 11. Шығыс Сарыарқа (?), 22. Алтай.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Батыс Сібір, Батыс Еуропа, Балқандар.

Шаруашылық маңызы. Балды және сәндік өсімдік.


19. С. integrifolia Tausch. (1828) 485; Фл. Казахст. ІХ (1966) 395; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Бүтінжапырақ гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 100-120 см.

Морфологиясы. Алдыңғы түрге ұқсас, ең негізгі ерекшелігі – бүтін және бүтінжиекті, созыңқы жапырақтары, тек ең жоғарғылары ғана отырыңқы, тақтасының түбінде кішкентай қалақшасы бар. Гүлдеуі VІ-ІХ.

- сурет. Бүтінжапырақ гүлкекіре


Экологиясы. Қайың ормандарында және шалғындарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл.

Жалпы таралуы. КСРО-ның оңтүстік-шығыс еуропа бөлігі, Батыс Сібір.


20. С. apiculata Ldb. (1824) 3; Фл. Казахст. ІХ (1966) 395; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Тікенді гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 80-100 см.

Морфологиясы. C. scabiosa L. түріне ұқсас, бірақ аздау түктелуімен, ортаңғы орам жапырақшаларының ұсақ қосалқы мүшесінің қысқа, күңгірт, жиегінде ұзындығы 0,5-1,2 мм болатын кірпікшелерімен және ұшында ұзындығы 2-4 мм-ге дейін жететін тікенекті тісшелерімен, ең ішкі жапырақшаларда шашақты емес, жарғақтанған, өте жіңішке кірпікшелі, қабыршақтың жиегін жауып тұратын көмкермесімен ерекшеленеді. ішкі айдарының жарғақтәрізді қылшықтары сыртқы айдарының ең ұзын қылшықтарынан 5-7 есе қысқа. Гүлдеуі VІ-ІХ.

- сурет. Тікенді гүлкекіре


Экологиясы. Далада, бұталы, шалғынды және тыңайған жерлерде, жазық құмдарға және ұсақ шоқыларға бекітілген жерлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 2. Тобыл-Есіл, 5. Көкшетау, 6. Каспий маңы, 9. Торғай, 11а. Қарқара, 14. Арал маңы.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Қырым, Батыс Сібір, Батыс Еуропаның орталық бөлігі, Жерорта теңізі, Балқандар.


21. С. adpressa Ldb. (1824) 3; Фл. Казахст. ІХ (1966) 396; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Қатаңқабық гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 80-100 см.

Морфологиясы. Тамыры өзекті, жуандамаған; бұйра қылдармен аралас, қысқа бүртіктәрізді қылдармен жабылған және жіңішке өрмектәрізді түктелген, аздап бұдырлау, жасыл; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, жоғарғы бөлігінде бұтақтанған; жапырақтары қауырсынды-қалақшалы немесе қауырсынды-бөлінген, кейде кей жерлері бүтін, төмендегілері сағақты, жоғарғылары отырыңқы дерлік және отырыңқы, бөліктері және қалақшалары созыңқыдан таспалыға дейін, әдетте бүтінжиекті,соңғы бөлігі әдетте бүйір бөліктеріне қарағанда ірілеу; орамының ені 9-15 мм және ені 15-22 мм, жіңішке өрмектәрізді түктелумен жабылған немесе жалаңаш, қосалқы мүшесі өте кішкентай, ұзындығы 1 мм-ге дейін, төменгі және ортаңғы жапырақшаларынде кейде болмайды, сол кезде қабыршағы өте қысқа тісшемен аяқталады, қосалқы мүшесі жиегінде өте қысқа қоңыр кірпікшелі, ұзындығы 0,5 мм-ге дейін, сирек кезде 1 мм-ге дейін, ең ішкі орам жапырақшалары дөңгелек дерлік, жиегінде шашақты қосалқы мүше шығарады; гүлдері қызғылт, жиегіндегілері ортасындағы гүлдерге тең дерлік; тұқымшаларының ұзындығы 4-6 мм, сирек-, жабысыңқы- және қысқа-қылды; айдарының ұзындығы тұқымшаға тең. Гүлдеуі VІ-ІХ, жеміс беруі VII-IX (XLIV, 5).

- сурет. Қатаңқабық гүлкекіре


Экологиясы. Далада, тасты беткейлерде, далалар мен шөлдердің құмдарында, шалғындар мен тыңайған жерлерде және егін алқаптарында жазықтан орта тау белдеуіне дейін өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 4.Семей, 5. Көкшетау, 6. Каспий маңы, 7. Ақтөбе, 8. Ембі, 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 10а. Ұлытау, 11. Шығыс Сарыарқа, 11а. Қарқара, 12. Зайсан, 13б. Маңғышлақ, 14. Арал маңы, 17. Мойынқұм, 22. Алтай, 23. Тарбағатай (Саур), 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Батыс Сібір, Балқандар, Кіші Азия, Батыс Қытай.


22. С. pseudomaculosa Dobrocz. (1949) 73; Фл. Казахст. ІХ (1966) 396; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Алаша гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Екіжылдық, биіктігі 30-70 см.

Морфологиясы. Тамыры өзекті, мықты; сабағы тік тұрады, қабырғалы-терең жолақты, жапырақтарымен бірге үшкір-бұдырлау, аздап өрмектәрізді түктелген, бұтақтанған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, таспалы, сүйірленген, соңғы бөліктермен екі рет қауырсынды тілімделген, ұшындағылары бүтін дерлік және бүтін, созыңқы-қандауырлы, ұзындығы 1,5-2 см, барлық жапырақтары бетінде нүктелі безді; себеттері, ұзындығы әртүрлі, қалың жапырақтанған бұтақтардың ұшында дара, қалың, жалпақ сыпыртқыға жиналған; орамы жұмыртқатәрізді, ұзындығы 12-14 мм және ені 10-13 мм, орам жапырақшалары жасылдау, 5 шығып тұратын жүйкелі, сыртқылары жұмыртқатәрізді, ортаңғылары созыңқы-жұмыртқатәрізді, жоғарғылары созыңқы-қандауырлы, сыртқы және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі күңгірт-қоңыр, ұзынығы 2,5-3 мм, дұрыс-шашақты, жапырақшаның жоғарғы бөлігінің жиегін жауып тұрады, түбінде жарғақтанған құлақшалары айқын емес, қосалқы мүшесінің әр жағында 6-9 шашақты, орталық бөлігінен аздап ашықтау түсті, ұзындығы 2,5-3 мм, ішкі жапырақшалардың қосалқы мүшелері жұмыртқатәрізді, қысқа шашақты немесе бұрыс-тісшелі; гүлдері қызғылт, ұзындығы 15 мм-ге жуық; тұқымшаларының ұзындығы 3 мм-ге жуық, қоңыр, ашық түсті қабырғалы, айдарының ұзындығы 1-1,5 мм. Гүлдеуі VІІ-VIIІ.

- сурет. Алаша гүлкекіре


Экологиясы. Шөпті дала беткейлерінде, тасты жерлерде, көбінесе әктастарда, далалы аймақтағы орманды алқаптарда, кейде егістіктерде арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 2. Тобыл-Есіл.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігінің оңтүстігі және оңтүстік-шығысы.


23. С. micranthos Gmel. (1776) 135; Фл. Казахст. ІХ (1966) 397; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Ұсақгүл гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Екіжылдық немесе көпжылдық, биіктігі 20-75 см.

Морфологиясы. Алдыңғы түрге ұқсас, негізінен жапырақшалардың жіңішке-таспалы соңғы бөліктерімен, ені 1,5 мм, жіңішкелеу орамымен (ені 7мм) және ортаңғы жапырақшалардың күңгірт-қоңыр емес, жасыл, шашақтары азырақ (әр жағында 4-6) қосалқы мүшесімен ерекшеленеді. Гүлдеуі VІІ-VIIІ.

- сурет. Ұсақгүл гүлкекіре


Экологиясы. Бор және сазды солтүстік беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері (борлы таулар), 2. Тобыл-Есіл.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігінің оңтүстігі және оңтүстік-шығысы, Кавказ, Батыс Сібір, Орталық Еуропа, Балқандар.


24. С. arenaria M.B. (1803) 2278; Фл. Казахст. ІХ (1966) 397; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Құм гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Екіжылдық, биіктігі 25-80 см.

Морфологиясы. Сабағы 3-4, тік тұрады немесе жоғары қараған, айтарлықтай жіңішке, қырлы, тегіс және ортаңғы бөлігінде жалаңаш, төменгі бөлігінде аздап өрмектәрізді, бұтақтары бұдырлау, ортасынан төмен бұтақтанған, бұтақтары қиғашынан жоғары бағытталған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, екі рет қауырсынды тілімделген, аздап-өрмектәрізді, тегіс, жапырақтың соңғы бөліктері таспалы, жіңішке-таспалы немесе созыңқы-эллипстәрізді, ұзындығы 1-15 мм, ені 0,5-1 мм, ұшындағы жапырақтары бүтін, жіңішке-таспалы; себеттері дара, ұзын және жіңішке, ұзындығы 13 см-ге дейін жететін, аздап жапырақтанған бұтақтарда орналасқан, жан-жаққа кең жайылған қалқантәрізді сыпыртқыға жиналған; орамы созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 9-11 мм, ені 3,5-5 мм; орам жапырақшалары жұмыртқатәріздіден бастап таспалыға дейін ұзындығы 2-10 мм, ені 0,8-2 мм, 5 жүйкелі, ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшесі дөңгеленген-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 1,2-2 мм, ені 0,7-2 мм, жалпақ жарғақтана көмкерілген, ақшылдау, орталық алаңы сары түсті, аздап көнтәрізді және үшкір ұшы білінер-білінбес, ұзындығы 0,1-0,3 мм, жиегінде бұрыс шашақты, ұзындығы 0,6 мм-ге дейін, төменде бүтінжиекті жауып тұратын құлақшалары бар; гүлтәжісі қызғылт, жиегіндегі гүлдердің ұзындығы 15 мм-ге жуық; тұқымшасы созыңқы-сынатәрізді, ұзындығы 2,8-3,7 мм, ені 1,2-1,4 мм, ұсақ-қылды; айдарының ұзындығы 2-4,2 мм, сары қылды. Гүлдеуі VІІ-VIIІ.

- сурет. Құм гүлкекіре


Экологиясы. Көбінесе бор сілемдері мен құмдарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 1. Жалпы сырт сілемдері, 6. Каспий маңы, 8. Ембі.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігінің оңтүстік-шығысы, Кавказ.


25. С. squarrosa Willd. (1803) 2319; Фл. Казахст. ІХ (1966) 397; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Тарбиған гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Екіжылдық, биіктігі 35-70 см.

Морфологиясы. Сабағы дара, кейде бірнешеу, тік тұрады, қабырғалы-терең жолаұты, қабырғасында бұдырлау, қалың өрмектәрізді түктелген, салпиған-бұтақтанған; тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, екі қайтара қауырсынды тілімделген, тез солып қалады, ортасындағы жапырақтары отырыңқы, түбінде құлақшалы, 1-5 жұп бөліктермен қауырсынды тілімделген, өрмектәрізді, аздап бұдырлау, жапырақ бөліктері жылжыған, таспалы немесе созыңқы-қандауырлы, ұзындығы 2-18 мм, ені 0,5-2,2 мм, доғалдау сүйірленген немесе үшкір ұшты, ұшындағы жапырақтары бүтін, кері-жұмыртқатәріздіге дейін созыңқы, ұзындығы 2-22 мм, ені 0,4-3,7 мм; себеттері ұсақ, көп, қысқа бұтақтардың ұшында орналасқан немесе отырыңқы дерлік және бұтақтардың ұшында жиналған; орамы цилиндртәріздіге дейін созыңқы-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 9-11 мм, ені 2,5-3,5 мм, алабажақ, өрмектәрізді, орам жапырақшалары созыңқы-жұмыртқатәріздіден таспалыға дейін ұзындығы 2-10 мм, ені 0,8-2 мм, сарылау немесе күңгірт-қоңыр, үш білінер-білінбес жүйкелі, төменгі және ортаңғы жапырақшалардың қосалқы мүшелері жалпақ-жұмыртқатәріздіден бастап, жоғарғы жапырақшаларының қосалқы мүшелері созыңқы-эллипстәріздіге дейін, төмені және ортаңғы жапырақшаларының қосалқы мүшелерінің сары, тікенекті үшкір ұшы бар, ұзындығы 0,5-2 мм және ұзындығы 1,2-1,7 мм-ге дейін жететін сарылау, әрбір жағында 4-6-дан, қатты шашақты, қосалқы мүшенің орталық бөлігі өте қатты, сарылау немесе қоңырлау-күңгірт-қызыл, жоғарғылысы үшкір ұшымен және шашақтарымен бірге сыртқы қарай қайырылған және жиегінде кетілген; гүлдері қызғылт немесе қызылкүрең-қызғылт, гүлтәжісінің ұзындығы 9-14 мм; тұқымшаларының ұзындығы 2,4-4,2 мм, ені 1,3-1,7 мм, жасылдау-күңгірт-қоңыр, қабырғасында сарылау жолақты; айдарының ұзындығы 1-2,7 мм. Гүлдеуі VІ-VIIІ (XLIV, 1).

- сурет. Тарбиған гүлкекіре


Экологиясы. Шөлді далада, тасты және таяз беткейлерде, арамшөпті жерлерде және тыңайған жерлерде, шөпті тау жайылымдарында өседі.

Қазақстанда таралуы. 9. Торғай, 13. Үстірт, 13б. Маңғышлақ, 13. Үстірт, 13б. Маңғышлақ, 16. Бетпақдала, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Кавказ, Орта Азия, Батыс Қытай, Кіші Азия, Түрік Армениясы, Иран, Ауғанстан.


26. С. iberica Trev. (1826) 406; Фл. Казахст. ІХ (1966) 398; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Торғайкөкбас гүлкекіре Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Екіжылдық, биіктігі 20-100 см.

Морфологиясы. Сабағы тік тұрады, қабырғалы, ортасынан төмен қатты-, салпиған-, ашалана бұтақтанған, солғын-жасыл, әдетте сирек ирек мүшелі қылдармен жабылған, кейде кетіп қалады, ол кезде жалаңаш болады; жапырақтары жасыл, кейде алтын түсті нүктелі бездермен отырғызылған, ұсақ, айтарлықтай қатты қылдардан бастап бұдыр-үлпілдек, тамырмаңы жапырақтары ерте солады, терең-лиратәрізді-қауырсынды-бөлінген немее қауырсынды тілімделген, сағақты, сабақтағы жапырақтары қауырсынды тілімделген, отырыңқы, жоғарғылары бүтін, бүтінжиекті дерлік, бөліктері жіңішке-қандауырлы, таспалы дерлік немесе созыңқы-қандауырлы, жиегінде көбінесе сирек үшкір кетілген, ұшында жіңішке шеміршекті үшкір ұшты; бүйір бұтақтардың ұшындағы және қысқарған бұташықтағы себеттері дара, көп; орамы шартәрізді-жұмыртқатәрізді, ұзындығы 13-18 мм, ені 10-14 мм, сыртқы және ортаңғы орам жапырақшалары (3)5-7 саусақ салалы-салпиған тікенекті, олардың ішінде ортаңғылары қалғандарына қарағанда 10 есе дерлік ұзын және айтарлықтай жуан, түбінде ұзындығы 3 см-ге жетеді және ені 1,5-3 мм, жоғарыдағы жапырақшаларының қосалқы мүшесі жарғақтанған, жиегінде бұрыс-тісшелі; гүлдері қызғылт-күлгін; тұқымшаларының ұзындығы 3-4 мм және ені 1,2-1,5 (1,7) мм; айдарының ұзындығы 2-2,5(3) мм. Гүлдеуі V-VIIІ (XLIV, 3).

- сурет. Торғайкөкбас гүлкекіре


Экологиясы. Арық маңында, өзен жағасында, жол бойында, арамшөпті жерлерде және жайылымдарда, тау етегіндегі жазықтар мен аласа тауларда орта тау белдеуіне дейін жетеді.

Қазақстанда таралуы. 9. Торғай, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле Күнгей Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29. Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі (Қырым), Кавказ, Орта Азия, Батыс Қытай (Құлжа), Иран, Түрік Армениясы, Шығыс Жерорта теңізі, Балқандар, Кіші Азия, Үндістан.


27. С. Belangeriana (DC.) Stapf. (1885) 66; Фл. Казахст. ІХ (1966) 400; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Беланжер гүлкекіресі Декандоль.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 5-10 см.

Морфологиясы. Түбінен бастап дерлік қатты-салпиған-бұтақтанған; сабағы және бұтақтары ақ, жіңішке, жапырақтармен бірге қалың немесе сирек ирек мүшелі қылдармен жабылған; жапырақтарының барлық беті алтын түсті нүктелі безді, жиегінде сүйірленген-тісшелі, тамырмаңы және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтары ірілеу, ұзындығы 13 см-ге дейін, эллипстәрізді немесе созыңқы-кері-қандауырлы, бүтіннен лиратәрізді-қауырсынды-бөлінгенге немесе тілімделгенге дейін сағақта орналасқан, ерте солады, жоғарғы жапырақтары ұсақ, созыңқы-жұмыртқатәрізді, көбінесе бүтін, отырыңқы, жалпақ-жүрекшетәрізді, сабақты орап тұрады; себеттері ұштағы жапырақшалармен қоршалған, дара, қысқа бұтақтардың ұштарында орналасқан, бірақ өсімдікте көп; орамы жұмыртқатәрізді, тікенектерінің ұзындығын есептемегенде ұзындығы 9-10 мм және ені 6-7 мм, төмендегі орам жапырақшалардың қосалқы мүшесі ірі, жасыо, жапырақтәрізді, ортаңғы орам жапырақшалардың қосалқы мүшесі ақ, қатты қайырылған, ұзын (ұзындығы 10-22 мм), мықты тікенекті; жоғарғы жапырақшалардың қосалқы мүшесі ұсақ, жарғақтанған, жиегінде біркелкі емес-тісшелі; гүлдері күлгін-қызғылт; тұқымшасының ұындығы 2-2,5 мм және ені 0,8-1 мм; айдарының ұзындығы 2-3,3 мм. Гүлдеуі V-VIІ. (XLIV, 2).

- сурет. Беланжер гүлкекіресі


Экологиясы. Тау етегіндегі жазық және төменгі тау белдеуіндегі құрғақ, тасты және сары топырақты беткейлерде, егістіктер мен тыңайған жерлерде, жолдардың жанында арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 21. Түркістан (Арыс станциясының маңайы).

Жалпы таралуы. Кавказ, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан.


Туыс: 33. Алатұқым Арыстанғалиев Phalacrachena Iljin.

Себеттері гетерогамды, көпгүлді, орташа көлемді, сабақтың ұшында біреуден орналасады; орамы жалпақ-жұмыртқатәрізді немесе шартәрізді дерлік, ені 10-18 мм, жалаңаш немесе аздап түктелген; жапырақшалары көпқатар, жапсарласа орналасқан, шөптесін, көнтәрізді, 4-7 айқын емес жүйкелі, сыртқылары жалпақ-жұмыртқатәрізді, ішкілері (жоғарғылары) созыңқы, қосалқы мүшесі жалпақ жарғақтанған көмкерме сияқты, өз жапырақшаларының 1/3 немесе ½ бөлігін жауып тұрады, ұшында сүйірленген немесе қысқа тісшелі, жиегінде тарақтәрізді-кірпікшелі, ішкілері, ең жоғарғыларында ірілеу, созыңқы-жұмыртқатәрізді, қайырылған, жауып тұрмайды дерлік, ұсақ тісшелі немесе бұрыс-кірпікшелі; гүлтабаны көптеген ақшыл қылшықтардан бастап қылшықты; гүлдері қызғылт, жиегіндегілері жыныссыз, түтікшелі-құйғыштәрізді, гүлтәжісі 4-5 қалақшалы, стаминдиесыз, бір қатарда орналасқан, ортаңғы гүлдері түтікшелі, қосжынысты, орамынан 1,5-2 есе ұзын; тозаңдықтарының қосалқы мүшесі түбінде қысқа, жоғарғылары ұшында еркін, қандауырлы, аталық жіпшелері аздап жалпиған, қысқа бүртіктәрізді қылдармен қалың жабылған; аналық аузы қысқа немесе ортасына дейін қос қалақшалы; тұқымшалары созыңқы, ұзындығы 4-6 мм, өте аздап жалпиған, аздап доғатәрізді иілген, тек жиегіне жақын сирек қылды, пісуге жақындағанда жалаңаш дерлік, ұшында аздап жіңішкерген және айдарсыз тегіс аймақпен аяқталады, бірақ жиегі дөңгеленген тәжі-сауыты білінер-білінбес.

Тамырсабағы жіңішке бұтақтанған және сабағы тік тұратын, жіңішке, жай немесе аздап бұтақтанған; жапырақтары қысқа сағақты немесе отырыңқы дерлік, бүтінжиекті немесе қауырсынды-қалақшалы, қысқа бүртіктәрізді бездермен жабылған көпжылдық шөптер. Қазақстанда 1 түрі кездеседі.

1. Ph. calva (Ldb.) Iljin – (1937) 4; Фл. Казахст. ІХ (1966) 401; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 249 Қасқа алатұқым Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Көпжылдық, биіктігі 15-20 см.

Морфологиясы. Өте қысқа бүртіктәрізді қылдармен және жіңішке өрмектәрізді киізбен жабылған, кейде жалаңаш дерлік; сабағы дара немесе көп емес, тік тұрады, кейде көтеріңкі немесе жатыңқы дерлік, ұшында бір себетті; жапырақтары жіңішке, көбінесе қауырсынды-қалақшалы, алшақ орналасқан, жіңішке, әртүрлі ұзындықтағы жауып тұратын қалақшалы, кейде бүтін, жіңішке-таспалы, қанатты сағақты немесе отырыңқы дерлік, қалақшаның ұшында және соңында сұр-киіздіден бастап білінер-білінбес нүктелі безді, жоғарыдағы жапырақтары себеттің түбіне қарай жақындаған және одан асады; себеттері көпгүлді, тік тұрады, орамының ені 10-14 мм және ұзындығы 13-16 мм; орам жапырақашалардың қосалқы мүшесі жалпақ үшбұрышты көмкерме сияқты, қысқа жауып тұрады, ұшында сүйірленген, жиегінде 6-10 тегіс, ашықтау түсті кірпікшелі, жоғарыдағы жапырақшаларының қосалқы мүшесі ірілеу, жан-жаққа қайырылған, жиегінде тісшелі немесе бұрыс-кірпікшелі; гүлдері қызғылт; аналық аузы ортасында дейін дерлік қос қалақшалы; тұқымшасының ұзындығы 4-5 мм, айдарсыз. Гүлдеуі VІ-VІІ. (ХLIII, 3)

- сурет. Қасқа алатұқым


Экологиясы. Жағалаудағы құмды және тасты шөгінділерде, далалардағы сортаң ойпаңдарда, сазды және тасты беткейлерде өседі.

Қазақстанда таралуы. 2. Тобыл-Есіл, 3.Ертіс, 4. Семей, 5.Көкшетау, 9. Торғай, 10,11. Батыс және Шығыс Сарыарқа.

Жалпы таралуы. Жергілікті түр.


Туыс: 34. Мақсыр Арыстанғалиев Carthamus L.


Себеттері гомогамды, көпгүлді, дара немесе қалқантәрізді жиналған, шартәрізді, жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, айтарлықтай ірі (ұзындығы 2-6 мс, диаметрі 1,5-2,5 см), орамы көп қатар, бос; орам жапырақшалары әртүрлі, сыртқылары (төменгі) жапырақтәрізді, тікенекті-тісшелі, кейде жоғарғы бөлігінде жуандаған, жабысыңқы немесе тарбиған, гүлдерден екі есе ұзын немесе аздап олардан асады, немесе қысқалау, қалғандары жарғақтанған, сарылау-жасыл, ішкі жақ бетінде седепті (перламутр)-жылтыр, ортаңғылары жұмыртқатәрізді немесе жұмыртқатәрізді-қандауырлы, жоғарғылары қандауырлы, барлығы бүтін, ұшы тікенекті немесе ортаңғыларының қосалқы мүшесі тарақты-кірпікшелі немесе қосалқы мүшесіз, тарақты-тісшелі; гүлтабаны тегіс, әдетте ұзын жарғақты немесе қылшықты; гүлдерінің барлығы қосжынысты, өте сирек сыртқыларының арасында жыныссыз, сары, қызғылт сары, қызыл, сирек ақшылдары кездеседі; гүлтәжісі ұзын түтікшелі, дұрыс немесе дұрыс дерлік, терең-5 қалақшалы, аталық жіпшелері еркін, қысқа, жалаңаш немесе жоғарыда қылды; аналық аузы қысқа, бітісе өскен; тұқымшалары төртқырлы-жұмыртқатәрізді немесе кері-жұмыртқатәрізді, жалаңаш, ақшыл, кейде теңбілді, ұзындығы 3-6 мм, бүйір, әдетте қиғаш жиекті; барлық гүлдерде немесе тек жиегіндегілерде айдары болмайды, көбінесе ол бөлек жарғақтан немесе қылшықтар тұрады, айдарының жарғақтары бірдей емес, ең сыртқылары өте қысқа, ойықты, ақшылдау, ортаңғылары ұзындау, кейде тұқымшадан 2-3 есе ұзын, аратісті-тісшелі, сүйірленген, ақшыл, жирендеу немесе күңгірт-қызылкүрең, ең ішкілері көбінесе қысқарған, доғалданған немесе сүйірленген, сирек жағдайда ортаңғыларына тең немесе ұзындау, қылшықтары кірпікшелі-аратісті, сынғыш.

Сабағы дөңгелек, тік, салпиған-бұтақтанған, мықты, жоғарғы бөлігінде түктелген немесе жалаңаш дерлік, ашық түсті; жапырақтары кезектесе орналасқан, отырыңқы, төменгілерінен басқалары кейде сағаққа созылған, қатты, көнтәрізді, төмендегі жапырақтары көп жағдайда терең-қауырсынды-бөлінген, қалғандары қауырсынды-қалақшалы, тісшелі-тікенекті немесе жапырақтары бүтінжиекті дерлік, тікенекті емес, безді немесе жай түктелген, әдетте жалаңаш, тегіс немесе жалаңаш дерлік біржылдық, сирек кезде екіжылдық және көпжылдық (біздікі емес) өсімдіктер.

1.

Жабайы, қатты тікенекті, сары немесе ақшыл гүлді өсімдіктер . . . . . . . . . .


2.

+

Мәдени, кейде жабайыланған, жоғарғы бөлігінде аздап тікенекті және себеттің орамында қанық-қызыл, сирек кезде сары немесе қызғылт сарғыш-сары гүлді өсімдік . . . . . . . . . . Бояу мақсыр – C. tinctorius L.


2.

Жалаңаш, жылтыр, тікенекті себеті жіңішке және қысқа . . . . . . Гипсшіл мақсыр – C. gypsicola Iljin.


+

Түктелген өсімдіктер . . . . . . . .

3.

3.

Тамырмаңы жапырақтары лиратәрізді-қауырсынды-бөлінген, жоғарғы бөлігі жұмыртқатәрізді, барлық бөліктері және қалақшалары тікенекті-тісшелі, сабақтағы жапырақтары жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, қатты-тікенекті-тісшелі; тұқымшалары айдарлы, сыртқы және ішкі жарғақтары әдетте ортаңғыларынан қысқарақ . . . . . . . . . . Түкті мақсыр – C. lanatus L.


+

Барлық жапырақтары бүтін, созыңқы немесе жұмыртқатәрізді, тісшелі, жіңішке сары тікенекті; тұқымшалары әдетте айдарсыз, сирек жағдайда айдарлы, бірақ ол кезде ішкі жарғақтары сыртқылары мен ортаңғыларынан ұзындау болады . . . . . . . . . . . Тікенді мақсыр – C. oxyacanthus M.B.


1. C. lanatus L. – (1963) 583; Фл. Казахст. ІХ (1966) 402; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Түкті мақсыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, екіжылдық, биіктігі 1 м-ге дейін.

Морфологиясы. Қалың емес-жүнді, сұрлау-жасыл, жоғарыда аздап өрмектәрізді; сабағы тік, қатты, жоғарыда салпиған-қалқантәрізді-бұтақтанған; жапырақтары безді, аздап шайырлы, тамырмаңы жапырақтары қаттылау, лиратәрізді-қауырсынды-бөлінген, сабақтағы жапырақтары көнтәрізді, жартылай сабақты орап тұрады, жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, қауырсынды-қалақшалы, тікенекті-тісшелі, айқын жүйкелі; себеттері дара, ұшында және бүйір бұтақтарда орналасқан, ұзындығы 4 см-ге дейін және диаметрі 3 см-ге дейін; сыртқы және ортаңғы орам жапырақшалары жоғарыдағы жапырақшаларға ұқсас, гүлдерге тең немесе аздап асып тұрады, ішкілері жарғақтанған, қандауырлы, бүтін немесе ортасынан бастап тарақтәрізді-тісшелі, ұшында боялған, тікенекті, гүлдерден қысқа; гүлдері сары; тұқымшалары төртқырлы-жұмыртқатәрізді, ақшылдау немесе сарылау, күңгірт-жылтыр, ұшында нүктелі немесе қыртысты, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді; айдарының сыртқы жарғақтары өте қысқа, ақшыл, ойықты, ортаңғылары тұқымшадан 2-2,5 есе ұзын, жирендеу, ұсақ-аратісті, сүйірленген, ең ішкілері тең дерлік, ортаңғыларына тең дерлік немес қысқалау, ақшыл. Гүлдеуі VІІІ-ІХ. (ХLУ, 3)

- сурет. Түкті мақсыр


Экологиясы. Тыңайған жерлерде, егістіктерде, жол жиектерінде, шөпті жайылымдарда арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 21. Түркістан, 25. Іле-Күнгей Алатауы, 26. Шу-Іле таулары, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29.Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі.


2. C. oxyacanthus M.B. (1798) 108; Фл. Казахст. ІХ (1966) 403; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Тікенді мақсыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 35-70 см.

Морфологиясы. Сабағы тік, ашық түсті, ортасынан бастап және жоғары бұтақтанған, жалаңаш, тегіс, тек себеттің астында түктелген; жапырақтары жартылай сабақты орап тұрады, қаттылау, созыңқы немесе жұмыртқатәрізді, тісшелі, әрбір тісшеде және жапырақтың ұшында сары жіңішке тікенекті, тақтасының енінің жартысына тең немесе көбірек (жоғарғыларында), жүйкелері шығып тұрады, жалаңаш немесе жоғарғылары кейде безді түктелуден бастап сұрлау, бүтін немесе ең төмендегілері қауырсынды-бөлінген; себеттерінің ұзындығы 2,5 см және диаметрі 1,5 см, сабақтың және бұтақтың ұшында жалпақ қалқанға жиналған; сыртқы орам жапырақшалары төменде ақшыл, жоғарыда созылған және жапырақтәрізді, гүлдерге тең, ұзын, ашық-сары тікенекті, ішкілері жарғақтанған, қандауырлы, бүтін, ұшында тікенекті, кейде орамы өрмектәрізді түктелген; гүлдері сары; тұқымшалары кері-жұмыртқатәрізді, 4 қырлы, ұшында кертілген, тегіс, аздап жылтыр, ашық-сары, қара таңбалы, ұзындығы 6 мм-ге жуық; айдары жоқ немесе өте сирек қылшықтары аз, қысқа- және ұсақ-аратісті-кірпікшелі, бірдей емес, тұқымшадан қысқа. Гүлдеуі VІ-VІІ. (ХLУ, 5)

- сурет. Тікенді мақсыр


Экологиясы. Құмды жерлерде және егістікте, мақта дақылдарында және тыңайған жерлерде арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 17. Мойынқұм, 21. Түркістан, 29.Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. Кавказ, Орта Азия, Түрік Армениясы, Иран.


3. C. gypsicola Iljin. – (1932) 357; Фл. Казахст. ІХ (1966) 403; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Гипсшіл мақсыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 30-50 см.

Морфологиясы. Сабағы тік, жай, ұшында бұтақтанған, жалаңаш, ақ, тегіс; жапырақтары жартылай сабақты орап тұрады, қаттылау, қандауырлы немесе жұмыртқатәрізді, тікенекті-тісшелі, жүйкесі шығып тұрады, жалаңаш, жылтыр; себеттері дара, шартәрізді, диаметрі 2 см-ге дейін; сыртқы орам жапырақшалары жапырақтәрізді, тікенекті-тісшелі, жоғарғы бөлігінде көлденең қайырылған, гүлдерге тең, ішкілері жарғақтанған, жұмыртқатәрізді немесе қандауырлы, сары, ұшында тікенекті, жабысыңқы, гүлдерден қысқарақ, безді; гүлдері ашық-сары; тұқымшалары кері-жұмыртқатәрізді немесе созыңқы-кері-жұмыртқатәрізді, аздап сығылған, жоғарыда кішкене 4 қырлы, тегіс, жылтыр, ашық-сары, теңбілді, ұзындығы 6 мм-ге дейін; айдары жоқ немесе аздаған қылшықты, қысқа- және ұса-аратісті-кірпікшелі, тұқымшадан қысқа және бір-біріне тең емес. Гүлдеуі VІ-VІІІ. (ХLУ, 4)

- сурет. Тікенді мақсыр


Экологиясы. Құрамында гипсі бар саздар мен сортаңдарда, қалың сортаң саздарда өседі.

Қазақстанда таралуы. 7. Ақтөбе, 8. Ембі, 9. Торғай, 10. Батыс Сарыарқа, 16. Бетбақдала, 17. Мойынқұм, 18. Балқаш-Алакөл.

Жалпы таралуы. Кавказ (Армения).


4. C. tinctorius L. (1963) 586; Фл. Казахст. ІХ (1966) 403; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 229 Бояу мақсыр Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 40-100 см.

Морфологиясы. Сабағы тік, қалқантәрізді-бұтақтанған, жалаңаш, ақ, терең жолақты, жуандау; жапырақтары отырыңқы, жартылай сабақты орап тұрады, көнтәрізді, жұмыртқатәрізді-қандауырлы, тікенекті-тісшелі немесе бүтінжиекті дерлік, қылқансыз, жалаңаш, тегіс, аздап жылтыр; себеттері дара, жұмыртқатәрізді, ұзындығы 3 см және диаметрі 2 см; орам жапырақшалары ірі, бірақ гүлдерден аспайды, төменде жуандаған, жоғарыда созылған, кейіннен жапырақтәрізді тақтаға жуандаған, жалпақ-жұмыртқатәрізді қысқа тікенекті, қайырылған, ішкі жапырақшалары жарғақтанған, жұмыртқатәрізді-қандауырлы, бүтін, ұшында тікенекті; гүлдері қызғылт сары-қызыл, кейде сары-қызғылт сары, ұзындығы 4,5 см-ге дейін жетеді, орамынан асады, қосжынысты, сирек жағдайда жиегіндегілері жыныссыз; тұқымшалары кері-жұмыртқатәрізді, 4 қырлы, ұшында кертілген, қабырғалары шығып тұрады, тегіс, ақ, жалаңаш, ұзындығы 4,5-7 мм, айдарсыз немесе өте сирек көп емес қылшықты, бірдей емес, қысқа- және ұсақ-аратісті-кірпікшелі, тұқымшадан қысқа. Гүлдеуі VІ-VІІ. (ХLУ, 2)

- сурет. Бояу мақсыр


Экологиясы. Егістікте өседі, кейде елдің оңтүстігіндегі жас тыңайған жерлерде жабайы кездеседі.

Қазақстанда таралуы. 18. Балқаш-Алакөл, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле-Күнгей Алатауы, 27. Қырғыз Алатауы, 28. Қаратау, 29.Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Батыс Еуропа (оңтүстігі), Алдыңғы және Шығыс Азия, Африка, Аустралия.

Шаруашылық маңызы. Гүлдер - қызғылт сары мата және тағамдық бояу, шафран алмастырғыш. Тұқымнан сапасы жағынан қарасора мен күнбағысқа ұқсас май алынады; Ол тамақ ретінде, лак-бояу өндірісінде және парфюмерияда қолданылады.


Туыс: 35. Арқал Арыстанғалиев Cnicus L.


Себеттері гетерогамды, орамы жапсарласа орналасқан, сабақтың ұшында дара; жиегіндегі гүлдері көп емес, жыныссыз, түтікшелі-жіптәрізді, гүлтәжісі 2-3 бөлкті, қалғандары қосжынысты, гүлтәжі өос ерінді, бір ерні жіңішке, ұзын, бір тісшелі, екіншісі төрт тісшелі, қысқа тісшелі; тозаңдықтарының төмендегі қосалқы мүшесі жарғақтанған, созыңқы, аталық жіпшелері бүртіктермен қалың жабылған; бағана бұтақтары қысқа, доғалдау, көбінесе созыңқы-жұмыртқатәрізді, сыртында айтарлықтай қысқа бүртіктәрізді қылды және түбінде ұзындау қылдардың сақинасынан тұрады; айдарықалып қалады, қос, аздаған созылмалы қатты қылшықты, сыртқы қатарда ұзындау, ішкісінде өте қысқа; тұқымшалары жиегінде тісшелі, беку аймағы қиғаш және көптеген қабырғалары шығып тұрады.

Тікенекті біржылдық шөптер. Монотипті түр.


1. C. benedictus L. (1753) 826; Фл. Казахст. ІХ (1966) 404; Қазақ. өсімд.заманауи номенкл. (2017) 232 Аскөк арқал Арыстанғалиев.

Тіршілік формасы. Біржылдық, биіктігі 5-50 см.

Морфологиясы. Түбінен бастап дерлік тең, тік тұратын немесе жоғары қараған бұтақтармен бұтақтанған, терең жолақты, әдетте әр ұшта бір себетті, қызылдау және кейде себеті топырағында дерлік, бұтақтану орнында түсіп қалатын, ұзын, өрмектәрізді жабысып қалатын, кейіннен кетіп қалатын, айқын білінетіндей созылған қылдармен қалың жабылған; жапырақтары да осындай қылды және шашыраңқы, отырыңқы безді, ұшбұрышты немесе созыңқы-үшбұрышты үшкір ұщты бөліктерге қауырсынды бөлінген, жиегінде және ойықта сынғыш қаттылау тісшелі, жіңішке жүйкелері шығып тұрады, отырыңқы, сабақты жауып тұрады, төмендегі жапырақтары түбіне қарай қанатты және жауып тұратын сағаққа жіңішкерген, тамырмаңы жаырақтары сағақты, ең жоғарғылары отырыңқы, себеттің айналасында төменгі орам түзеді; себеті жұмыртқатәрізді, ұзындығы 20-25 мм және диаметрі 12 мм-ге дейін, сыртқы орам жапырақшалары созыңқы-жұмыртқатәрізді немесе созыңқы, жіңішке-көнтәрізді, безді, ұшында жіңішке тікенекті, ұзын, бұраң, жіңішке, әдетте айқын білінетін сағақтан алшақтайтын қылдармен қоршалған, ортаңғы жапырақшалары ұзындау, тарақтәрізді тілімделген, жирен немесе қоңырлау ткенекті, сондай қылды және білінер-білінбес тісшелі, кейде мүлдем болмайды, ішкі жапырақшалары аздап қысқалау, қандауырлы-таспалы, жиегінде жарғақтана көмкерілген, ұшындағы қосалқы мүшесі жақсы дамымаған, тарақтәрізді; жиегіндегі жыныссыз гүлдердің гүлтәжісі түтікшелі-жіптәрізді, солғын, қосжынысты ортасындағы гүлдерде сарылау, ұзындығы 13-17 мм, түтікшесінің ұзындығы 8-11 мм және қайырмасы бір бөлікті, басқаларына қарағанда (ұзындығы 3-3,5 мм) 2 есе ұзын; айдары қатты, созылмалы, 9-12 кетілген, жирен қылшықтардан тұрады, ұзындығы 4-11 мм, қалып қалады, сыртқы қатар қышықтары айтарлықтай қысқалау, өрмектәрізді түктелген; тұқымшалары созыңқы-цилдиндртәрізді, ұзындығы 7-8,5 мм, жуандау, жылтыр, жирен немесе күңгірт-қара, дұрыс, параллель қабырғалы және жоғарыда жиегі тісшелі. Гүлдеуі V, жеміс беруі VІ.

- сурет. Аскөк арқал


Экологиясы. Сазды шөлдерде, шөлейттерде, тыңайған жерлерде, арамшөпті жерлерде және егістіктерде арамшөп ретінде өседі.

Қазақстанда таралуы. 18. Балқаш-Алакөл, 23. Тарбағатай, 24. Жетісу Алатауы, 25. Іле-Күнгей Алатауы, 29.Батыс Тянь-Шань.

Жалпы таралуы. КСРО-ның еуропа бөлігі, Кавказ, Орта Азия, Жерорта теңізі, Балқандар, Кіші Азия, Түрік Армениясы, Иран, Индия, Батыс Қытай.

Шаруашылық маңызы. Тәбетті ашатын және майлы дәрілік өсімдік. Тұқымында 24-29% майлы май бар. Жақсы тұқым өнімін береді (1 га-дан 26 центнер), бірақ кең көлемде өңделмейді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2025
33
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі