Жаңа сабаққа кіріспе

|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен
тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Сыныптастырының пікірін
толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға
жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім
оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырады.
|
1. Жыныс дегеніміз
не?
2. Адамның жынысын қандай факторлар
анықтайды?
3. Түрлі топтағы омыртқалы жануарлардың аталық және
аналықтары бір-бірімен несімен
ерекшеленеді?
Осы тапсырманы орындау
арқылы оқушылардың айтылым дағдысы
қалыптасады
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды
түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық
дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын
көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
Саралау: Бұл жерде
саралаудың «Диалог және қолдау
көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс
мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық
сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші
сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы
бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|