Материалдар / Биология_9_сынып_Қорытынды_аттестаттау_спецификациясы

Биология_9_сынып_Қорытынды_аттестаттау_спецификациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология_9_сынып_Қорытынды_аттестаттау_спецификациясы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

«Биология» пәні бойынша
қорытынды аттестаттауға арналған спецификация
9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019

1

1.

МАЗМҰНЫ
Бағалау мақсаты ................................................................................................. 3

1.1 Оқу бағдарламасымен ӛзара байланысы ........................................................... 3
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы .................................................... 3
2.

Емтихан жұмысының сипаттамасы ................................................................... 3

2.1 Бағалау міндеттері (БМ) ..................................................................................... 3
2.2 Балдарды бӛлу .................................................................................................... 4
2.3 Емтиханды ӛткізу тілі ........................................................................................ 4
3.

Емтиханды ӛткізу үдерісін басқару ................................................................... 4

4.

Емтихан жұмысына балл қою және баға беру үдерісі ...................................... 4

5.

Бағалар сипаттамасы .......................................................................................... 5

6.

Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі .................................................... 6

2

1.

Бағалау мақсаты

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі –
МЖМББС) сәйкес «Биология» пәнінен білім алушылардың оқу бағдарламасының кӛлемін
меңгеру деңгейін анықтау.
1.1 Оқу бағдарламасымен өзара байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім беру мазмұны
бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін «Биология» пәнінен үлгілік
оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейі,
дағдылары МЖМББС-ның күтілетін нәтижелерімен анықталады.
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы
Қорытынды аттестаттау критериалды бағалау жүйесінің бӛлігі болып табылады, осы
жүйеге қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.

2.

Емтихан жұмысының сипаттамасы

Емтихан жұмысы екі бӛлімнен тұрады: А бӛлімі бір дұрыс жауабы бар кӛп таңдауды
қажет ететін, B бӛлімі қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады.
Орындау уақыты
2 сағат
Жұмыс екі бӛлімнен тұрады.
А бөлімі 15 бір дұрыс жауабы бар кӛп таңдауды қажет ететін сұрақтардан тұрады. Әр
тапсырма 1 балмен бағаланады.
B бөлімі 4-5 қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар 2-10
балл аралығында бағаланады.
Барлығы
50 балл
2.1 Бағалау міндеттері (БМ)
1-БМ

Білу және түсіну
Оқушылар:
• құбылыстарды, ғылыми фактілер, заңдар, анықтамалар, ұғымдар
теорияларды;
• ғылыми лексика, терминдер, шартты белгілерді (соның ішінде белгіленулер,
шамалар және ӛлшем бірліктерді);
• физикалық шамалар мен оларды анықтау тәсілдерін білуі және түсінуі тиіс.
3

мен

2-БМ

Ақпаратты өңдеу, бағалау және қолдану
Оқушылар:
• әр түрлі дереккӛздерден алынған ақпараттарды анықтауы, таңдауы, жүйелеуі;
• ақпаратты әр түрлі формада ұсынуы;
• сандық және әр түрлі мәліметтермен жұмыс жасауы;
• үлгілерді анықтау үшін акпаратты пайдалануы, жұмыс барысын сипаттауы және
қорытынды жасауы;
• құбылыстарға дәлелді түсініктеме беруі;
• сандық мәліметтері бар есептерді шығаруы тиіс.

2.2 Балдарды бөлу
Бағалау міндеттері бойынша баллдарды бӛлу.
Бағалау міндеттері

Барлығы
25
25
50

ЗO1 Білу және түсіну
ЗO2 Ақпаратты ӛңдеу, бағалау және қолдану
Барлығы

Оқу бағдарламасының бӛлімдері бойынша баллдарды бӛлу (7-9 сыныптар).
Тірі ағзалардың
кӛптүрлілігі,
құрылымы мен
қызметтері

Кӛбею, тұқым
қуалаушылық,
ӛзгергіштік.
Эволюциялық даму

Ағза мен
қоршаған орта

Қолданбалы кіріктірілген
ғылымдар

46% - 54%
(23-27 баллов)

21% - 30%
(11-15 баллов)

8% - 16%
(4-8 баллов)

8% - 16%
(4-8 баллов)

2.3 Емтиханды өткізу тілі
Емтихан оқыту тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады.
3.

Емтиханды өткізу үдерісін басқару

Емтихан «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды
аттестаттауды ӛткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары, сонымен қатар
Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен ӛткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес ӛткізіледі.
4.

Емтихан жұмысына балл қою және баға беру үдерісі

Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін балл қою кестесі негізінде аттестаттау
комиссиясы жүзеге асырады.
Білім алушыларға қойылған балл балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға
ауыстырылады.

4

Емтихан жұмысының
балдары
0-19
20-32
33-42
43-50
5.

Балдардың проценттік
құрамы, %
0-39
40-64
65-84
85-100

Баға
2 (қанағаттанарлықсыз)
3 (қанағаттанарлық)
4 (жақсы)
5 (ӛте жақсы)

Бағалар сипаттамасы

Негізгі бағалардың сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын
белгілі бір стандарт жӛніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде
оқушыға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты болады.
Баға

Сипаттамасы

5

Оқушы пәнді терең әрі жете біледі және пәннің қағидалары мен әдістерін нақты
түсінеді.
Қағидаларды таныс, сондай-ақ таныс емес жағдайларда қолданылады. Оқушының
жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты, сонымен қатар қиын
есептеулердің шешімі дәл және дұрыс берілген.
Оқушы:
• фактілерді қағидалармен және теориямен, керісінше теорияны фактілермен
байланыстыруды;
• бірнеше дереккӛздерден алынған ақпаратты жинақтауды, оны қолдана білуді және
айқын логикалық түрде ұсынуды;
• айнымалылардың кең таңдауы бар ситуациялық есептердің шешімін табуды;
• моделдеу мен бағытын анықтау үшін бірнеше ақпараттардан алынған мәліметтерді
ӛңдеуді біледі.
Оқушы пәннің түрлі салаларынан жақсы білімін кӛрсетеді, болмашы кемшіліктері
бар, пәннің негізгі принциптері мен әдістерін түсінеді. Қағидаларды таныс, сондайақ аса таныс емес жағдайларда қолдануы мүмкін;
Оқушының жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен
қатар есептеулердің шешімі жартылай дұрыс.
Оқушы:
• оқу бағдарламасында келтірілмеген фактілерді жағдаяттарда байланыстыра алуды;
• ақпаратты бірнеше дереккӛздерден таңдауды және оны айқын логикалық түрде
ұсынуды;
• айнымалылардың шектеулі саны бар ситуациялық есептерді шешуді біледі.

4

3

2

Бұл бағаны алған оқушы болмашы кемшіліктері бар, пән бойынша базалық білімін
кӛрсетеді және пәнге негізделген қағидалары мен әдістерін аса түсінбейді.
Қағидаларды негізінен белгілі жағдаяттарда ғана қолданады.
Оқушының жауаптары ішінен қажетті ақпаратпен қоса қажетсіз ақпарат та бар.
Қарапайым есептерді дұрыс шығарған, бірақ қиын есептерде қателер жіберген.
Оқушы:
• оқу бағдарламасында келтірілген фактілерді жаңғыртуды;
• бір амалымен болатын есепті шешуді;
• берілген ақпарат кӛзінен ақпараттың бір бӛлігін ғана таңдап ұсынуды;
• бір немесе бірнеше тәсілмен есептерді шығаруды;
• ақпаратты толығымен ӛңдемей, модельдер мен бағыттарды анықтауды біледі.
Білім алушыда пән бойынша базалық білімі жоқ.
5

6.

Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
А бөлімі

Әр сұрақтың соңында тік жақша [ ] ішінде осы сұрақтың жауабы үшін берілетін балл
саны келтірілген.
Нұсқама ретінде әр тапсырма үшін қойылатын балл саны кӛрсетілген балл қою
кестесі беріледі.
1. Адам сүйегінде нәруыз талшықтары бар.
Бұл талшықтардағы нәруыз қалай аталады?
A кальций
B шеміршек
C коллаген
D сүйек кемігі
[1]
2. Митоз фазаларының дұрыс реттілігі қандай?
A

анафаза



профаза



телофаза



метафаза

B

метафаза



телофаза



профаза



анафаза

C

профаза



метафаза



анафаза



телофаза

D

телофаза



анафаза



метафаза



профаза
[1]

3. Оқушы қол бұлшық еттерінің күшке тӛзімділігін зерттейді.
Оқушының құрылғының тұтқышын қаншалықты қысып және бос ұстаған уақытын басқа
оқушы анықтайды.

Оқушының бұлшық еттерінде оның күш тӛзімділігіне кедергі жасайтын зат пайда болады.
Ол қалай аталады?
A сүт қышқылы
B глюкоза
C оттегі
D су
[1]

6

4. Асқазан ферментінің белсенділігіне pH ортаның әсері қай графикте кӛрсетілген?

[1]
5. Тӛмендегілердің қайсысы ӛсімдікте транспирация жылдамдығын арттырады?
Барлық басқа факторлар тұрақты деп санаңыз.
A ылғалдың тӛмен болуы
B жарық қарқындылығының тӛмен болуы
C температураның тӛмен болуы
D жел жылдамдығының тӛмен болуы
[1]
6. Жасуша циклінің интерфазасында қандай үдеріс жүрмейді?
A ДНҚ репликациясы
B ядроның бӛлінуі
C нәруыз синтезі
D тыныс алу
[1]
7. Вирустардың қандай қасиеті бар?
A фотосинтезді жүзеге асырады
B тыныс алуды жүзеге асырады
C қоректік заттар алу үшін олар қоректену қажет
D ӛздерінің ӛмір сүру циклін аяқтау үшін иесінің жасушасын пайдаланады.
[1]
8. Қайсысы ұлпаға жатады?
A қан
B бүйрек
C ӛкпе
D тері
[1]
7

9. Аллельдер дегеніміз не?
A әр түрлі хромосомалар
B әр түрлі хромосомалардағы әр түрлі гендер
C бірдей хромосомалардағы әр түрлі гендер
D бір геннің әр түрлі нұсқасы
[1]
10. Рефлекторлық доғадағы нейрондардың (жүйке жасушалары) дұрыс реті қандай?
қозғалыс нейрон
аралық нейрон
сезгіш нейрон
A


B

қозғалыс нейрон



сезгіш нейрон



аралық нейрон

C

аралық нейрон



қозғалыс нейрон



сезгіш нейрон

D

сезгіш нейрон



аралық нейрон



қозғалыс нейрон
[1]

11. Қай сұйықтықтар құрамы жағынан өте ұқсас болып келеді?
A қан және лимфа
B қан және жасуша цитоплазмасы
C лимфа және ұлпа сұйықтығы
D ұлпа сұйықтығы және жасуша цитоплазмасы
[1]
12. Кейбір ӛсімдіктердің тамырында саңырауқұлақтар ӛседі.
Саңырауқұлақтар ӛсімдікке топырақтан минералды заттарды сіңіруге кӛмектеседі.
Саңырауқұлақтар ӛсімдік тамырынан қант алады.
Осы қарым-қатынас типі қалай аталады?
A бәсекелестік
B селбестік
C паразитизм
D жыртқыштық
[1]

13. Кӛп шіркейлер бір үлкен ағашпен қоректенуде.
Бірнеше кішкентай құстар шіркейлермен қоректенуде.
Пирамиданың қайсысы осы қоректену тізбегін кӛрсетеді?

[1]
8

14. Дем алған кезде ауаның ӛкпеге қарай қозғалуын не тудырады?
A Диафрагма кӛтеріледі.
B Кеуде қуысы тӛмен түседі.
C Ӛкпедегі ауа қысымы азаяды.
D Сыртқы қабырғаның аралық бұлшық еттері босайды.
[1]
15. Отбасында үш ұл бала бар.
Егер отбасы тағы бір баланы дүниеге әкелуді жоспарласа, тӛртіншісінің қыз бала болу
мүмкіндігі қандай?
A 0%
B 25%
C 50%
D 100%
[1]

9

B Бөлімі
16. 16.1-суретте адамның ас қорыту жүйесінің бір бӛлігі кӛрсетілген.

16.1-сурет


16.1-суреттен тӛмендегілерді кӛрсетіңіз:
бауыр



ащы ішек



ұйқы безі

(a)

[3]
(b) Ұйқы безі тамақ молекулаларын ыдырататын ферменттерді бӛліп шығарады.
Фермент терминіне анықтама беріңіз.
[1]
(c) Тӛмендегі заттарды ыдырататын фермент түрін жазыңыз:
(i) нәруызды
[1]
(ii) липидтерді
[1]
(d) Бауыр липидтерді қорытуға кӛмектесетін ӛт бӛліп шығарады.
Ӛттің липидтерді қорытуға қалай кӛмектесетінін сипаттаңыз.
[3]
[Барлығы: 9]

10

17. Адам жаттығу жасау барысында терең тыныс алады.
(a) Демді ішке тарту тынысалудың бір бӛлігі.
Демді ішке тартудың механизмін сипаттаңыз және түсіндіріңіз.
[4]
(b) Жаттығудан кейін бірнеше минут ӛткен соң адам бұлшықеттерінің шаршағанын
сезеді.
Бұлшықеттердің шаршау себептерін түсіндіріңіз.
[2]
(c) Жаттығу жасап жатқан кезде, адам кенет қатты шуды естиді.
Қатты шу адамның ойланбастан лезде секіруіне әкеледі.
(i) Осы жауап реакциясының түрін атаңыз.
[1]
(ii) Бұл реакция түрінің ерікті қозғалысқа қарағанда не себепті тез болатынын
түсіндіріңіз.
[2]
(d) 17.1-суретте – жүйке жасушасы бейнеленген.

17.1-сурет
(i) 17.1-суретте кӛрсетілген жүйке жасушасының түрін атаңыз.
[1]
(ii) 17.1-суретті пайдаланып, жүйке жасушасының құрылысы мен оның атқаратын
қызметінің қалай байланысатынын екі жолын сипаттаңыз.
[4]
[Барлығы: 14]

11

18. 18.1-суретте митоз сатысы бейнеленген.

18.1-сурет
(a) 18.1-суретте кӛрсетілген жасушаның бӛліну фазасын атаңыз.
[1]
(b) Берілген бос орындарға тиісті екі атауын жазып, 18.1-суретті аяқтаңыз.
[2]
(c) 18.1-суретте кӛрсетілген фазадан кейінгі митоздың келесі фазасында не болатынын
сипаттаңыз.
[2]
(d)

Кӛпжасушалы ағзаларда митозды қолданудың екі жағдайын кӛрсетіңіз.
[2]
[Барлығы: 7]

19 Кәдімгі сұңқар – Қазақстанда мекендейтін құс.

19.1-сурет
Кәдімгі сұңқар басқа құстармен қоректенеді. Кәдімгі сұңқар ӛсімдіктермен
қоректенбейді.
Кәдімгі сұңқар қоректенетін кӛптеген құстар ӛзендердің бойында тіршілік етеді және
балықпен қоректенеді.
12

Ӛзендерге фермалардан аз мӛлшерде су құйылады.
(a) Кәдімгі сұңқарлардың кейбіреулерінен фермаларда қолданылатын химиялық
пестицидтер табылды.
Бұл жағдайдың қалай орын алғанын түсіндіріңіз.
[3]
(b) Қолданылған пестицидтің әсерінен кәдімгі сұңқардың аналығының жұмыртқа
қабығының әдеттегіден едәуір жұқаруына әкелді.
Оның кәдімгі сұңқарлар санының азаюына қалай әсер еткенін ұсыныңыз.
[2]
[Барлығы: 5]

13

Балл қою кестесі

№ сұрақ

Жауап

Балл

1

C

[1]

2

C

[1]

3

А

[1]

4

С

[1]

5

A

[1]

6

B

[1]

7

D

[1]

8

A

[1]

9

D

[1]

10

D

[1]

11

С

[1]

12

В

[1]

13

C

[1]

14

C

[1]

15

C

[1]

14

Қосымша нұсқаулық

B Бөлімі
Сұрақ

Жауап

16(a)

Балл

Қосымша нұсқаулық

1

белгіленген сызықтар дұрыс мүшеге
тиіп ия кіріп тұруы керек.

1

егер белгіленген сызықтар екі
мүшеге тиіп тұрса қабылданбайды

1
[3]

16(b)

биологиялық катализатор / белоктан
жасалған катализатор

[1]

биологиялық катализатор
сипаттамасы, мыс: шығынсыз
реакцияны жылдамдататын
биологиялық молекула деген жауап
қабылданады
протеазаның дұрыс атаулары, мыс:
пепсин / трипсин / химотрипсин
қабылданады

1

16(c)(i)

протеаза

1
[1]

16(c)(ii)

липаза

1
[1]

16(d)

үшеуінің кез келгені:
эмульсияға айналдырады, (липиды /
май /(жир)/ май / воск) /мағынасы
липидтер суда ерімейді

1
(c)(ii) жауабындағы фермент атауы
дұрыс болмаса да, қабылданады

(липидтің) кішкентай (ӛте)
тамшыларын жасайды

1

(липидтің) бетінің кӛлемін үлкейтеді
/фермент / липаза тезірек әсерін
тигізуі мүмкін/ гидролизді
жылдамдатады
17(a)

ащы ішек тап асқазан астында тоқ
ішектің үстінен белгіленсе
қабылданады

1
[макс 3]

кез келген төртеуі:

пункттер басқа реттілікте тұруы
мүмкін

(сыртқы) қабырғааралық
бұлшықеттер жиырылады
қабырғалар / кеуде қуысы кӛтеріледі
және тӛмен түседі

1

1

кӛкет, кӛтеріледі / тӛмен түседі
тегістеледі

1

кӛлемі, кеуде қуысында /
ӛкпелерде,үлкейеді
қысым, кеуде қуысында / ӛкпелерде,
кемиді/ азаяды
ауаның ішке қарай ӛтуі

1

15

ауа жоғары қысымнан тӛменгі
қысымға қарай ӛтеді
17(b)

[макс 4]

кез-келген екеуі:
бұлшықеттерде оттегінің
жетіспеушілігі / анаэробты тыныс
алуы

1

сүт қышқылының (түзілуі) / С3Н6О3

1

қабылданбайды оттегі жоқ

[2]
17(c)(i)

рефлекс

17(c)(ii)

Мидың қатысуынсыз жүзеге асады/
рефлекстік доға бӛліміне ми
кірмейді/ жұлын арқылы
басқарылады

1

қабылданады автономды жүреді
немесе есте сақтауды/ шешімді
қабылдауды қажет етпейді

нейрондар / жүйке жасушалар/
аралық нейрондар аз

1

қабылданады ӛту жолы қысқарақ

1
[1]

қабылданады жүйке байланыстары
аз

синапстар аз
[2]
17(d)(i)

қозғалтқыш/ моторлы/ эфферентті/
орталықтан тебетін нейрон

17(d)(ii)

кез келген екі функионалдық
құрылымдық жұп:

1
[1]
Қызметінің баллы құрылысының
баллына тәуелді

(ұзын) аксон
импульстарды ұзын қашықтықтарға/
басқа жасушаларға ӛткізеді

1

миелінді қабықша/ шванн
жасушалары

1

изоляция/ импульстің ӛтуін тездетеді

1
1
[ 4]

Раньве қамтып алу
импульстің ӛтуін тездетеді
дендриттер
Нейрондар басқа нейрондардан
импульстарды ӛткізуге мүмкіндік
беред
18(a)

қабылданады жасушаның ұзын
өскіні

қабылданады жасушаның қысқа
өскіні

анафаза

1
[1]

16

18(b)

реттілікпен белгілеу
хроматида(лар)

1

қабылданбайды анықтамалар,
мысалы еншілес

ұршық (жіпше)/ахроматин жіпшесі/
хроматин жіпшелері

1

қабылданады микротүтікше/
микроталшық

[2]
18(c)

кез келген екеуі:
телофаза / хроматиндер полюсқа
жақын орналасады

1

ядро қабығы түзіледі / хромосомдар
деспирилденеді /
деконденсацияланады

18(d)

1
[max 2]

кез келген екеуі:
ӛсу / жасушалардың кӛп түзілуі /
(ӛлген) жасушалардың орнын
алмастыру / қайта қалпына келу
(зақымданған ұлпаның)/ регенерация

қабылданады цитокинез

1

жыныссыз кӛбею

19(a)

қабылданады мембрананың
орнына қабықша/кариокинез

1
[max 2]

қабылданбайды жасушалардың
қайта қалпына келуі

кез келген екеуі:
пестицид ӛзенге ӛтеді (пестицидтер)
тамақтану тізбегіне ӛтеді
(пестицидтер) ауланған балықта
болады

1

қабылданады биожинақталу = 2
балл

балықпен қоректенетін құстар
пестицидтерді жұтады

1

бірде бір ағза пестидцитттерді
ағзадан шығармайды
кәдімгі сұңқар пестицидтердің
жоғары концентрациясын жейді
(жемтігінде)

19 (b)

1
[3]

кез келген екеуі:
жұмыртқа жарылады балапандары
ӛліп қалады

1
1

келесі ұрпақта құстардың саны аз
[2]

17

қабылданады пестицидтер
қорытылмайды/ ыдырамайды
01 Сәуір 2024
466
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі